ЕСКЕРТУ. Мәтіні мен тақырыбындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351 қаулысымен.
Этил спиртi мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) өндiрiсi және импорты саласында мемлекеттiк бақылауды күшейту, бюджетке салықтың толық түсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерi мен тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртібі бекiтiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Кеден комитетi осы тауарларды импорттауға лицензиясы болған жағдайда, оның iшiнде этил спиртiн және арақты Кеден одағына кiретiн мемлекеттердiң аумағынан әкелетiн жағдайларда да, әкелiнетiн этил спиртi мен алкогольді өнімдерге (сырадан басқа) акциз маркiлерiне өтiнiмдердi қабылдауды және берудi жүзеге асырсын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151
қаулысымен.
3. Импортталатын этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) үлесi оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында өндірудің жылдық көлемiнiң 20 процентiнен аспауы тиiс деп белгiленсiн. Бұл шарт осы қаулы күшiне енгенге дейiн жасалған және толық төленген келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша импортталатын этил спиртi мен арақтың көлемiне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) импортына лицензия берген кезде аталған арақатынастың сақталуын қамтамасыз етсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.01.27. N 39
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 3-абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
2000.07.27. N 1151
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72
қаулысымен.
4. 1997 жылға арналған этил спиртi мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) импортының конкурстың көлемi олардың осы қаулы күшiне енгенге дейiн жасалған және төленген келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша көлемдерi ескерусiз айқындалады.
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр айдан кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасында этил спиртi
мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) импортын
лицензиялаудың тәртiбi
ЕСКЕРТУ. Мәтіні мен тақырыбындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нің
1998.12.29. N 1351
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Ереже өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151
қаулысымен.
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімнің (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Тәртіптiң күшi ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген орнына қарамастан, шетелдiк тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (бұдан әрi - өтiнiм берушi) қолданылады.
3. Лицензиялар белгiленген нысандағы бланкiлерде ресiмделедi (1-қосымша).
Лицензия бланкiлерi ұсынушы үшiн бағалы қағаз деңгейiнде қорғалу дәрежесi, сондай-ақ есептiк сериясы мен нөмiрi бар, қатаң есептемелiк құжат болып табылады. Лицензия бланкiлерiн сатып алуды, есебiн жүргiзудi және сақтауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Лицензиар) жүзеге асырады. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72
қаулысымен.
4. Этил спиртi мен алкогольді өнімді (сырадан басқа) импорттауға лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiм берушi Лицензиарға мыналарды тапсырады:
а) лицензия алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш (2-қосымша);
б) сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келiсiм-шартының (шарттың) көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;
в) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк:
заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
г) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
д) этил спиртiн импорттау кезiнде алкогольдi өнiм өндiрiсiне немесе этил спиртін сақтауға және сатуға берiлген лицензиясы;
е)
ж) алкоголді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы.
"в", "д", "ж"-тармақшаларында аталған құжаттардың бiрiншi басшының қолымен, өтiнiм иесiнiң мөрiмен куәландырылған көшiрмесi.
Өтiнiм берушiге тапсырылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351
қаулысымен.
5. Өтiнiм берушiнiң тапсырған құжаттары Лицензиардың деректер банкiнде тiркелуге жатады.
Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiкпей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей қабылданады.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351
қаулысымен.
6. Лицензия шартқа кiргiзiлген тауарлар атауының санына қарамастан, ең кемi алты белгiсi бар коды көрсетiлiп, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бiр түрiне ресiмделедi.
Лицензия берiлген күннен бастап, ол берілген күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейінгі кезеңге, бiр мәмiле бойынша импортты жүзеге асыру үшiн лицензия берiледi.
7. Лицензия беруден бас тарту, күшiн тоқтату, лицензияны қайтып алу және кiдiрту "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200
Заңына
сәйкес жүзеге асырылады.
Лицензияны қайтып алу және оның қолданылуын кiдiрту туралы шешiм қабылданған күннен бастап 3 күн мерзiмде жазбаша түрде лицензиатқа және кеден органына жеткiзiледi.
8. Лицензиар этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) оларды Қазақстан Республикасында өндірудің жылдық көлемiнiң 20 проценті деңгейіндегі импортына лицензиялар беруді жүзеге асырады.
9. Лицензия иелiгiнен алынбайтын, яғни лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады.
Лицензия онда көрсетiлген мерзiмде тауардың бiр түрiн импорттауға берiлген рұқсат болып табылады.
Лицензиат этил спиртi мен алкогольді өнімнің (сырадан басқа) импортын кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болып табылатын лицензиялық түпнұсқаны Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырады.
10. Лицензияның күшiнде болатын мерзiмi өтiсiмен, өзiнде оның түпнұсқасы бар кеден органы, оның орындалуы туралы тиiстi белгi қойып, мөрмен және бiрiншi басшының қолымен куәландырылған лицензияның көшiрмесiн 10 күн мерзiмде Лицензиарға жiбередi.
12. Лицензиардың этил спиртi мен алкогольді өнім (сырадан басқа) импортын лицензиялауға байланысты шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72
қаулысымен.
__________________________________________________________________
|1. Лицензия N
|
|__________________________________________________________________
|2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны |_______________
|__________________________________________________________________
|3. Тапсырумен (ұйым |__________|7. Сатушы, оның мекен-жайы
|кәсiпорын, оның |
|мекен-жайы, телефоны) |
|_______________________________|__________________________________
4. Тұтынушы |8. Сатушының елi _____________
|_______________________________|____________________|_____________
|5. Баратын елi |9. Мерзiмi |Өтiнiш |лицензия
| _____________| |бойынша |бойынша
|_________________|_____________|____________|_________|___________
|6. Кеден |10. Мәмiленiң сипаты
| |11. Төлем валютасы
|_______________________________|__________________________________
|12. Тауардың |13. СЭҚ ТН |14. Өлшем |15. Саны |16.Тауардың
|атауы мен толық|бойынша тауар. |бiрлiгi | |жалпы құны
|сипаты |дың коды | | | (мың)
| | | | |төлем |тең.
| | | | |валю. |ге.
| | | | |тасымен|мен
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|_______________|_______________|____________|_________|___________
|17. Лицензия сұрау үшiн негiз |19. Келiсiлдi
|_______________________________|__________________________________
|18. Өтiнiм берушi ұйымнан |20.Қазақстан Республикасы Қаржы
|_______________________________|министрлігі, аты-жөнi, лауазымы,
| |қолы
| | М.О. күнi
|_______________________________|__________________________________
|21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы
|__________________________________________________________________
|22. Лицензияның айрықша шарты
|__________________________________________________________________
2-қосымша
ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72
қаулысымен.
Импортқа лицензия алуға арналған өтiнiш
__________________________________________________________________
|1. Лицензия N
|__________________________________________________________________
|2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны |________________
|__________________________________________________________________
|3. Тапсырумен (ұйым, |_________|7. Сатушы, оның мекен-жайы
|кәсiпорын, оның |
|мекен-жайы, телефоны) |
|_______________________________|__________________________________
|4. Тұтынушы |8. Сатушының елi ______________
|_______________________________|___________________|______________
|5. Баратын елi |9. Мерзiмi |Өтiнiш |лицензия
| _____________| |бойынша |бойынша
|_________________|_____________|____________|_________|___________
|6. Кеден |10. Мәмiленiң сипаты |___________
| |11. Төлем валютасы |___________