Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерiн тiркеу және тiлшiлер пункттерiн ашу туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 29 мамырдағы N 903

Қолданыстағы

 

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шетелмемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерiн тiркеу жәнетiлшiлер пункттерiн ашу туралы ереже бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi


                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 29 мамырдағы
                                         N 903 қаулысымен
                                            бекiтiлген


         Қазақстан Республикасының аумағында
        шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат
        құралдарының тiлшiлерiн тiркеу және
            тiлшiлер пункттерiн ашу туралы
                         ЕРЕЖЕ

                    I. Жалпы ережелер

      1. Ақпарат тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастық жүйесiне сәйкес Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық өмiрi туралы дүниежүзiлiк қауымдастықты кеңiрек хабардар ету мақсатында республика аумағында Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанынан тұрақты немесе уақытша тiркелген, сондай-ақ республиканың басқа да органдары мен ұйымдарының желiсi бойынша келiп жатқан шетел мемлекеттерiнiң бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң (журналистерiнiң) қызметi жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының (соның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен) тiркелген тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және нормативтiк актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен Халықаралық шарттармен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледi.
      3. Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiн тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
 
                      II. Тiлшiлер пунктiн ашу
 
      4. Шетел мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлер пунктiнiң ашылуы және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанынан тiлшiнi тiркеу, сондай-ақ тiлшiнiң Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуы туралы шетелдiк мемлекеттiң мүдделi бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жазбаша түрде өтiнiш бередi.
      Өтiнiште мынадай құжаттар болуға тиiс:
      бұқаралық ақпарат құралының ресми бланкiсiнде оның басшысының қолы қойылған хат немесе тиiстi елдiң Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң тiркеу мерзiмi көрсетiлген дипломатиялық нотасы;
      бұқаралық ақпарат құралы туралы мәлiметтер;
      тiлшiнiң журналистiк қызметi туралы анықтама;
      тiркеу туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi өзге де құжаттар.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралының тiлшi пунктiн ашу (кеңейту) туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi барлық құжатты алған күннен бастап 1 айдың iшiнде қабылдайды.
      Тұрақты тiркелу келесi кезекте осындай мерзiмге ұзартылуымен 1 жылға жүзеге асырылады.
      Уақытша тiркелу - алты ай мерзiмге дейiн ұзартылады.
      6. Журналистер, олардың тұрақты мекен-жайына және азаматтығына қарамастан, шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасындағы тiлшiлерi ретiнде тiркеле алады.
      7. Шетел мемлекетi бұқаралық ақпарат құралының тiркелген тiлшiсi Қазақстан Республикасына келген бойда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде тұрақты немесе уақытша тiркелгенi туралы белгiленген үлгiдегi куәлiктi алады, оның отбасы мүшелерiне тiлшi отбасының мүшесi деген карточка берiледi.
      Тiлшi пунктiнiң техникалық қызметкерлерiне белгiленген үлгiде карточка берiледi.
      Куәлiктер мен карточкалардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бекiтедi.
      Тiркелу туралы куәлiктi, отбасы мүшесiнiң карточкасын немесе тiлшi пунктiнiң техникалық қызметкерi деген карточкасын жоғалтқан жағдайда, құжатты жоғалтқан адам бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне хабарлауға мiндеттi.
      Құжаттың дубликаты екi апта iшiнде берiледi.
      8. Шетел мемлекеттiң бұқаралық ақпарат құралының тiлшiсiн уақытша тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi. Мақсатты тапсырмамен Қазақстан Республикасына келген шетелдiк мемлекеттердiң бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi, сондай-ақ демалыста болған, науқастанған жағдайда және т.б. негiзгi тiлшiнi ауыстыруға келген журналистер уақытша тiркеле алады.
      9. Қазақстанда әр түрлi халықаралық және iшкi iс-шараларды (конгрестер, съездер, форумдар, семинарлар және т.б.) өткiзген кезде шет елдiк мемлекеттердiң бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi тиiстi елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы, ал аталған мекемелер жоқ болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы қысқа мерзiмдi сапарды ресiмдейдi және осы Ереженiң солардың құқықтары мен мiндеттемелерi туралы бөлiгiндегi мазмұнын оларға баяндайтын, аталған iс-шараларды өткiзiп жатқан ұйымдардың жанында уақытша тiркеледi.
 
          III. Шетел тiлшiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
 
      10. Қазақстан Республикасында тiркеген шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттармен көзделген құқықтар мен еркiндiктердi пайдаланады.
      11. Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерi Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және басқа да нормативтiк актiлерiн сақтауға мiндеттi.
      12. Шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделгендей заң жауапкершiлiгiне тартылады.
      Шет мемлекеттiң бұқаралық ақпарат құралының тiлшiсiн заң жауапкершiлiгiне тарту тiркеуден айыруға әкеп соғады.
      13. Шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен белгiленген, ақпарат тарату саласындағы ережелердi бұзған, конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың аумақтық тұтастығын бұзу, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, соғыс, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, сословиелiк және рулық артықшылық, қатыгездiк пен зорлық-зомбылық туралы үгiт-насихат жүргiзген жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң тиiстi шешiмiмен тiркеуден айырылады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелмемлекетi бұқаралық ақпарат құралының тiлшiсiн тiркеуден айыру туралышешiмi оның тiлшi ретiнде Қазақстан Республикасында одан әрi болуыныңмүмкiн еместiгiн бiлдiредi.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өз шешiмiтуралы Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарына,тиiстi елдiң дипломатиялық өкiлдiгiне, шетел мемлекетi бұқаралықақпарат құралының басшылығына және тiркеуден айырылған тiлшiге хабарбередi.

                  IV. Ақпарат көздерiне қол жеткiзу

     14. Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiнiңақпарат көздерiне қол жеткiзуi Қазақстан Республикасының тиiстiзаңдарымен және нормативтiк актiлерiмен, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
      15. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тiркелген тiлшiлерге ресми баспасөз конференцияларына және басқа да ресми iс-шараларға рұқсат алуға көмектеседi.

       V. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
      шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының
      тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiнiң жүрiп-тұруы

      16. Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға құқылы.