Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 25 наурыздағы N 412

Жаңартылған

      Қазақ мемлекеттiк заң университетiнiң студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жүйесiне запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп: 
      әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн; 
      әскери кафедраны профессор-оқытушылар құрамы мен қосымша-оқу қызметкерлерiмен толықтырылсын; 
      әскери даярлық бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн; 
      әскери кафедраның оқу-материалдық базасын жинақтасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлық бейiнiне және оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiктермен қамтамасыз етсiн. 
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi