Мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 449 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 118 Қаулысымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.07.27 N 325 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалауды және медициналық куәландыруды жетiлдiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалау туралы ережелер мен Дәрiгерлiк куәландыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 716 болып тiркелген, N 2727 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99  бұйрығымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      барлық мәтiн бойынша "IIББ, IIБ-нiң" деген аббревиатуралар "IIД-нiң" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде дәрiгерлiк куәландыру ережесiнде (бұдан әрi - Ереже) (бейбiт және соғыс уақытында):
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кейбiр жағдайларда медициналық куәландыру кезiндегi тексерiлушi адамды жалпы бағалауда маңызы бар қосымша ақпарат алу үшiн полиграфты пайдалана отырып, арнайы психофизиологиялық зерттеу тек өзiнiң келiсiмiмен ғана қолданылады.";

      Ережеге 1-қосымшада:
      5-тараудың жиырма сегiзiншi абзацында:
      "эхо-электроэнцефалографияны" деген сөзден кейiн ", арнайы полиграфты пайдалана отырып, арнайы психофизиологиялық зерттеудi" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры Қ.Б.Өскенбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тыл департаментiнiң Медициналық басқармасына (Н.И.Мельникова) жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзіледi.

       Министр