Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 25 наурыздағы N 412

Қолданыстағы
      Қазақ мемлекеттiк заң университетiнiң студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жүйесiне запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп:
      әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      әскери кафедраны профессор-оқытушылар құрамы мен қосымша-оқу қызметкерлерiмен толықтырылсын;
      әскери даярлық бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн;
      әскери кафедраның оқу-материалдық базасын жинақтасын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлық бейiнiне және оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiктермен қамтамасыз етсiн.
      4. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғарғы оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелер және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 P941094_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат)

бекiтiлген запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң
(курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының
тiзбесiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     Университеттер бөлiмi мынадай жолдармен толықтырылсын:
     "Қазақ мемлекеттiк заң университетi".

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi