Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 250 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiне төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 9 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiне 4
қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1817 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1648 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Статистикалық жұмыстарды үйлестiру және халықаралық ынтымақтастық бас басқармасы Статистикалық ақпарат жүйесi бас басқармасы Ұлттық шоттар мен төлем балансы бас басқармасы Ауыл шаруашылығы статистикасы бас басқармасы Өнеркәсiп және құрылыс статистикасы бас басқармасы Товар рыноктары, сауда және әлеуметтiк инфрақұрылым бас басқармасы Халық, еңбек және үй шаруашылығы статистикасы бас басқармасы Бағалар мен халықаралық салыстырулар статистикасы бас басқармасы Кадр және арнаулы жұмыс бөлiмi Қаржы бөлiмi Бухгалтерлiк есеп және есептеме жүргiзу бөлiмi Жалпы бөлiм