Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1648

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 250 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiне төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 9 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiне 4

қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1817
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                   Қазақстан Республикасы
                                        Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                       N 1648 қаулысына
                                           қосымша

           Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика
                 агенттiгi орталық аппаратының
                           ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Статистикалық жұмыстарды үйлестiру және халықаралық
     ынтымақтастық бас басқармасы
     Статистикалық ақпарат жүйесi бас басқармасы
     Ұлттық шоттар мен төлем балансы бас басқармасы
     Ауыл шаруашылығы статистикасы бас басқармасы
     Өнеркәсiп және құрылыс статистикасы бас басқармасы
     Товар рыноктары, сауда және әлеуметтiк инфрақұрылым бас
     басқармасы
     Халық, еңбек және үй шаруашылығы статистикасы бас басқармасы
     Бағалар мен халықаралық салыстырулар статистикасы бас басқармасы
     Кадр және арнаулы жұмыс бөлiмi
     Қаржы бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп және есептеме жүргiзу бөлiмi
     Жалпы бөлiм