Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 29 қаңтардағы
№ 37 қаулысына       
қосымша       

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер
Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Селолық елді мекендерде жаңа әр шаруашылық бойынша кітаптардың толтырылуы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 6 наурыздағы № 45-ө өкімі.
      2. «Тұтыну бағаларының серпініне, инфляциялық процестерге және олардың халықтың тұрмыс деңгейіне әсеріне тұрақты статистикалық байқау ұйымдастыру және республикадағы әлеуметтік процестерді дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 11 қазандағы № 600 қаулысы.
      3. «Күші жойылды деп тану және мемлекеттік сақтандыру мәселелері жөніндегі Қазақ КСР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 ақпандағы № 149 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және мемлекеттік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 наурыздағы қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 7, 86-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі орталық аппаратының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1648 қаулысы.
      6. «1998 жылға арналған статистикалық және ұйымдастыру жұмыстарының жоспары мен 1998 жылы шығатын статистикалық материалдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы № 764 қаулысы.
      7. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылға арналған статистикалық және ұйымдастыру жұмыстарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 19, 208-құжат).
      9. «Экономикалық зерттеулер мен статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1439 қаулысы.
      10. «Халық санағының деректерін талдау және тарату жөніндегі халықаралық семинарды және ТМД Статистика қызметі басшылары кеңесінің 18-ші мәжілісін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1594 қаулысы.
      11. «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2000 жылға арналған статистикалық жұмыстарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 40 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 1, 13-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 маусымдағы № 974 қаулысы.
      13. «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Статистикалық жұмыстарының 2001 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 ақпандағы № 269 қаулысы.
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 және 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 тамыздағы № 1108 қаулысы.
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 952 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 1666 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 561-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Статистикалық жұмыстарының 2002 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 68 қаулысы.
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1434 қаулысы.
      18. «Статистикалық жұмыстардың 2003 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 ақпандағы № 165 қаулысы.
      19. «Статистикалық жұмыстардың 2004 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы.
      20. «Статистикалық жұмыстардың 2005 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 287 қаулысы.
      21. «Статистикалық жұмыстардың 2006 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 58 қаулысы.
      22. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы.
      23. «Статистикалық жұмыстардың 2007 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 82 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 40-құжат).
      24. «Статистикалық жұмыстардың 2008 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 17, 158-құжат).
      25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 918 қаулысы.
      26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 297 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы № 2 және 2004 жылғы 13 қарашадағы № 1191 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1056 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 489-құжат).