Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыз N 983

Жаңартылған

      Жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038   қаулысымен .
      2.<*>
       Ескерту. 2-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 1998.10.27. N  1086   қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен сыйлық беретiн жылы мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесiн.
      4. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
1996 жылғы 7 тамыздағы  
N 983 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы
ЕРЕЖЕ

      1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы (Бұдан әрi - сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.<*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038   қаулысымен .
      2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі. <*>
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берiлетiн жылы белгiлейдi. 
      4. Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады. 
      Бiр кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатураны бiр саладан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды. <*> 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      5. Конкурстық құжаттарды қабылдау, iрiктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешiмдер қабылдау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады. <*>
      Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      6. Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады. 
      Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады. <*>
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      7. Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады. <*>
      Сыйлыққа ұсынылған адамға мынадай құжаттар керек:
      Ұсыныс-мiнездеме;
      Ұсынушы ұйымның шешiмi;
      Жеке iс парағы;
      2 сурет (көлемi 4Х6).
      Ғылым" атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі. <*>
      Комиссия сыйлыққа ұсынылған адамның қызметiн сипаттайтын қосымша материалдар сұратуға құқылы.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      8. Сыйлық алу конкурсына қатысушы кандидаттардың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануы керек. Талқылау материалдары Комиссияға жiберiледi. <*> 
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      9. Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн қарауды, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйымдармен бiрге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясына жүктеледi. <*> 
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038   қаулысымен .
      10. <*>
       Ескерту. 10-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      11. Сыйлық алған адамдарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты" атағы берiлiп, диплом, омырауға тағатын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
      12. Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi. <*>
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      13. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, наградтау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
      14. Лауреаттың омырауға тағатын белгiсi мен дипломның сипаттамасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясының төрағасы бекiтедi.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң          
1996 жылғы 7 тамыздағы   
N 983 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038   қаулысымен .

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (Бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады, ол өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде атқаратын мәдениеттiң, өнердiң, ғылымның беделдi қайраткерлерiнен, орталық атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерiнен құрылады. 
      Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жүзеге асырады. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038 , 2004.08.26. N  897 , 2005.09.29. N  964   қаулыларымен .
      2. Комиссияның жұмысын төраға бастаған төралқа басқарады. 
      Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi. 
      Комиссияның сандық құрамы 28 адамнан аспауға тиiс. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038 , 2004.08.26. N  897   қаулыларымен
      3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерi бойынша: 
      сыйлыққа ұсынылған кандидатуралардың конкурстық құжаттарын қабылдап, алдын ала қарайды, оларды ұсыну тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi; <*> 
      кандидатураларды iрiктеп алып, конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы ұсыныстар енгiзедi, конкурсқа жiберiлген жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, олардың тiзiмiн баспасөзде жариялайды; 
      конкурсқа жiберiлген кандидатуралардың қызметін кең және ашық талқылануын ұйымдастырады; 
      сыйлықтарды беру туралы шешiм қабылдайды; 
      сыйлық лауреатының дипломдары мен омырауға тағатын белгiсiн ресiмдейдi. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      4. Комиссия сыйлыққа ұсынылған кандидатураларды алдын ала қарау үшiн секциялар мен сараптау топтарын құрады. 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038 , 2005.09.29. N  964   қаулыларымен .
      5. Сыйлыққа ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншiсiнде - Комиссия сыйлыққа ұсыну конкурсына қатысатын кандидатураларды таңдап алады, екiншiсiнде - сыйлықтар беру туралы шешiм қабылдайды. <*> 
      кандидатураны конкурсқа қатыстыру туралы шешiм жәй көпшiлiк дауыспен ашық түрде қабылданады. <*> 
      Сыйлық беру туралы шешiм әрбiр кандидатура бойынша бөлек жасырын дауыспен қабылданады. 
      Кандидатқа сыйлық беру үшiн оған мәжiлiске қатысушылар санының кемiнде 3/4-i дауыс беруi тиiс. 
      Комиссияның және оның секцияларының құрамының кемiнде 2/3-i қатысса, олардың мәжiлiстерi заңды деп есептеледi. 
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      6. Егер де сыйлыққа Комиссия мүшесiнiң кандидатурасы ұсынылған болса, оның авторы Комиссияның секциялары мен мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайды. 
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N  1038  қаулысымен.
      7. Мемлекеттiк сыйлықты беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткеннен кейiн күшiне кiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Мемлекеттiк сыйлықты беру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орай баспасөзде жарияланады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
1996 жылғы 7 тамыздағы   
N 983 қаулысымен     
қосымша      

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

      1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 тамыздағы N 666  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 489-бап).
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 тамыздағы N 666 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 888  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 34, 374-бап). 
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 мамырдағы N 525 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 229-бап). 
      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 888 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 желтоқсандағы N 1462  қаулысы