Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және мәденидамуына өз қызметiмен елеулi үлес қосып жүрген жас дарындар мен шығармашыл және ғылымдағы талантты жастардың, өндiрiс пен басқа да салалар өкiлдерiнiң сiңiрген ерекше еңбегiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы тағайындалсын.
2. "Дарын"Мемлекеттiк сыйлығы туралы және оны беру жөнiндегi Комитет туралы ережелер бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк бюджетте ақшалай сыйлықты төлеуге қажеттi қаржы бөлудi көздесiн.
4. "Дарын"Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комитеттiң адам құрамы бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 11 тамыздағы
N 666 қаулысымен
Бекiтiлген
"Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы
Е Р Е Ж Е
1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы (бұдан былай "Дарын" сыйлығы делiнедi) шығармашылықтағы, ғылымдағы, өндiрiстегi және еңбек қызметiнiң басқа да салаларындағы елеулi еңбегi үшiн, материалдық және рухани мәдениеттi жасағаны және ұлғайтқаны үшiн, республикамыздың әлеуметтiк-экономикалық базасын нығайту iсiне қосқан үлесi үшiн 30-ға толмаған жас адамдарға берiледi.
2. "Дарын" сыйлығы 2 жылда бiр рет 5 сыйлық мөлшерiнде берiледi. Сыйлықтың мөлшерi - әрқайсысы 40 мың сомнан.
Жеке адамдарға немесе заңды ұйымдарға "Дарын" сыйлығы екi рет берiлмейдi.
3. "Дарын" сыйлығына жұмыстарды министрлiктер, ведомстволар, шығармашылық одақтар, ғылыми мекемелер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдар, газет және журнал редакциялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасына елеулi еңбек сiңiрген жеке адамдар ұсынады.
4. "Дарын" сыйлығына қызметi қоғамда танылған әрi әлеуметтiк-қоғамдық маңызға ие болған жекелеген шығармашылық және еңбек ұжымдары, адамдар ұсыныла алады.
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына аса зор еңбек сiңiрген Қазақстанның азаматтары емес адамдар да үмiткер бола алады.
5. "Дарын" сыйлығына ұсынылған жұмыстарды конкурс шарттары баспасөз бетiнде жарияланғаннан кейiн "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комитет жыл сайын 1 қыркүйекке дейiн қабылдайды. Үмiткер жөнiнде:
ұсыныс-кепiлдеме;
ұсынып отырған ұйымның немесе жеке адамдардың шешiмi.
жеке басының парағы, 4х6 көлемдi 2 фотосурет табыс етiледi.
"Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комитет үмiткердiң өндiрiстiк, шығармашылық қызметiн сипаттайтын басқа да материалдарды қосымша сұратып алуы мүмкiн.
6. Қоғамдық пiкiрдi кеңiнен зерделеу мақсатында "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комитет қарауға қабылдап алған жұмыстардың тiзiмi авторлары мен оларды ұсынған ұйымдар көрсетiлiп, жұмыстар қабылданып болғаннан кейiн баспасөз бетiнде жарияланады. Әрбiр жұмыс сарапшылық бағалаудан өткiзiледi. Жұмысты бағалағанда қоғамдық пiкiр, баспасөз беттерiндегi рецензиялар, шығармашылық одақтардың, көркем және редакциялық-баспа кеңестерiнiң, еңбек ұжымдарының және қоғамдық ұйымдарының пiкiрлерi ескерiледi. Неғұрлым лайықты жұмыстар талқыланып, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беруге ұсынылады.
Кино, телефильмдер бағдарламаларын көрсетудi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн, спектакльдер көрсетудi, концерттер тыңдауды ұйымдастыру, сонымен бiрге басқа жұмыстарға сарапшылық баға беру "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комитетке жүктеледi.
7. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комитеттiң мәжiлiсiнде жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен қабылданады.
8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру туралы Комитеттiң шешiмi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне сыйлық берiлетiн жылы 1 желтоқсанға дейiн тапсырылады.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру туралы қаулысы жыл сайын Қазақстан Республикасы Күнiне орай баспасөзде жарияланады.
9. "Дарын" сыйлығына ие болған адамдарға "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты" атағы берiледi, куәлiгi, кеудеге тағатын белгiсi және ақшалай сыйлық тапсырылады.
10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын авторлардың немесе орындаушылардың ұжымына бергенде ақшалай сыйлық олардың арасында тең бөлiнедi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 11 тамыздағы
N 666 қаулысымен
Бекiтiлген
"Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы
жөнiндегi комитет туралы
Е Р Е Ж Е
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi комитетi (бұдан былай Комитет делiнедi) мемлекеттiк-қоғамдық ұйым болып табылады, ол шығармашылық одақтардың, ғылыми және мәдени мекемелердiң, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары ескерiле отырып, әдебиет пен өнердiң неғұрлым дарынды шеберлерiнен, жетекшi ғалымдардан, өндiрiстiк және техникалық интеллигенция өкiлдерiнен 3 жыл мерзiмге құрылады.
Комитеттiң сандық құрамы 25 адамнан аспауға тиiс.
2. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды қабылдайды, құжаттар негiзiнде ұсыну тәртiбiнiң дәл сақталуын белгiлейдi, жұмыстардың авторлары мен ұсынған ұйымдар көрсетiлген тiзiмдi баспасөзде жариялайды;
конкурсқа қатыстыру үшiн неғұрлым лайықты жұмыстарды iрiктеп алып, баспасөзде жариялайды;
жiберiлген жұмыстарды кеңiнен талқылау негiзiнде қарап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы лауреаттары атағын беру туралы шешiм қабылдайды.
3. Комитеттiң:
келiп түскен жұмыстар мен материалдарды алдын-ала қарау үшiн секциялар мен сараптау комиссияларын құруға;
комиссия мүшелерi мен сарапшыларды жұмыспен танысу үшiн жер-жерге жiберуге;
жұмыстарды қаратып алу үшiн шығармашылық одақтарға Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы құрылымының мекемелерiне, мәдениет және бiлiм беру мекемелерiне, сондай-ақ жетекшi мамандарға өтiнiш жасауға хұқы бар.
4. Комитет мәжiлiсi оның құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқанда өкiлеттi деп саналады. Қазақстан РЕспубликасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру туралы Комитеттiң шешiмiн Комитет жасырын дауыс беру арқылы қатысушылар санының (кемiнде төрттен үшiнiң) дауысы артық болған жағдайда қабылдайды.
5. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын алуға Комитет мүшесiнiң жұмысы ұсынылып отырған жағдайда, оның авторы сол жылдың сыйлықтарын алуға ұсынылған шығармаларды қарайтын Комитеттiң секциялары мен мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайтын болады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 11 тамыздағы
N 666 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң "Дарын"Мемлекеттiк жастар
сыйлығын беру жөнiндегi комитеттiң
Қ Ұ Р А М Ы
Жүкеев Т.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
орынбасары (төраға)
Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасының Жастар iстерi
жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң төрағасы
(төрағаның орынбасары)
Бекмахамбетов А.Қ. - Қазақстан Республикасының Жастар iстерi
жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң мәдениет
және бiлiм бөлiмiнiң бастығы (жауапты хатшы)
Ғылым, бiлiм, спорт пен техника секциясы
Әубәкiров Т.О. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң
бiрiншi орынбасары, ұшқыш-ғарышкер
Ахметов Ә.Қ. - Алматы шетел тiлдерi институтының ректоры,
филология ғылымының кандидаты
Бәйменов Ә.М. - Жезқазған облысы әкiмiнiң орынбасары, техника
ғылымының кандидаты
Досымбетов Т.Қ. - Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетiнiң
вице-президентi
Жұмадiлдаев А.С. - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
теориялық және қолданбалы математика институты
лабораториясының меңгерушiсi, физика-математика
ғылымының докторы
Зайцева А.М. - АММК акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
Кузнецов А.Ю. - "Контакт" ғылыми-техникалық жастар орталығының
директоры, философия ғылымының кандидаты
Орынбеков М.С. - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
философия және хұқық институты бөлiмiнiң
меңгерушiсi, философия ғылымының докторы
Уваров В.Н. - ҚазДМИ-дiң кафедра меңгерушiсi, заң ғылымының
докторы
Халманов К. - ҚарПТИ-дiң кафедра профессоры, техника
ғылымының докторы
Шабельников В.К. - Абай атындағы ҚазМПУ-дың кафедра меңгерушiсi,
психология ғылымының докторы
Мәдениет, әдебиет, сәулет және өнер секциясы
Бейсенбаев Ж. - журналист, "Ана тiлi" газетiнiң бас редакторы
Долматова Н.В. - М. Ю. Лермонтов атындағы республикалық
академиялық орыс драма театрының актрисасы
Жолжақсынов Д. - актер, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
артисi, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының
лауреаты
Исабеков Д. - жазушы, Қазақ теледидарының бас директоры
Қасейiнов Д.К. - Алматы мемлекеттiк консерваториясының ректоры,
Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
қайраткерi
Монтахаев Қ. - сәулетшi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
сыйлығының лауреаты
Серiкқалиев З. - әдебиет сыншысы
Теменов Т. - кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер
одағының хатшысы
Төлепбаев Е.Т. - кескiншi, Қазақстан Республикасының еңбек
сiңiрген өнер қайраткерi
Омаров Н.С. - Қазақстан Жастар одағының бiрiншi хатшысы
Шаханов М. - ақын, Қазақстан Республикасының халық депутаты,
"Жалын" журналының бас редакторы
Ескерту. Комитеттiң құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРКМ-нiң
16.05.1994 ж. N 525 қаулысымен.