Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған: 
      Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереже; 
      Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн;

     2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

     3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 30 шiлдедегi      
N 949 қаулысымен         
бекiтiлген             

  Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы
ЕРЕЖЕ

       1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) әдебиет, өнер және сәулет саласындағы отандық мәдениеттi дамытудағы құнды үлес деп танылған шығармалар үшiн мемлекеттiк көтермелеу нысаны болып табылады.

       2. Мемлекеттiк сыйлық беру дегенiмiз оған тағайындалған адамдарға ғұмыр бойына "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" атағын берудi, диплом, құрмет белгiсiн, белгiленген нысандағы куәлiктi тапсыруды және бiр жолғы атауды ақшалай сыйақы төлеудi бiлдiредi. 

      3. Мемлекеттiк сыйлықты тапсыру салтанатты жағдайда өтедi. Мемлекеттiк сыйлықты тапсыру салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады. 

      4. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерiн Мемлекеттiк сыйлық берiлетiн жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      5. Мемлекеттiк сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi. 
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.12.24. 
N 1599  қаулысымен .

         6. Мемлекеттiк сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейiн бес жылдан аспайтын уақыт бұрын және кемiнде бiр жыл бұрын ашық жарияланымға арналып орындалған жеке және ұжымдық авторлардың дайын интеллектуалдық өнiм бiрлiгi түрiндегi шығармалары ұсыныла алады. 

      7. Мемлекеттiк сыйлық алуға бiр жұмыс қайтадан ұсынылмайды. Бiр кандидатура Мемлекеттiк сыйлыққа бiр саладан артық, сондай-ақ жұмыстар жиынтығы бойынша ұсынылмайды. Авторлар ұжымы құрамына кiретiндердi қоспағанда, авторлар қайтыс болғаннан кейiн Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылмайды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.11.08. N 1599  қаулысымен .

      8. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстардың авторлары ұжым болса, ұсынылатын адамдардың құрамына тек негiзгi және шын мәнiндегi авторлар енгiзiледi және олардың саны 5-тен аспауға тиiс.

      9. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары шығармашылық одақтар, ұйымдар Мемлекеттiк сыйлықты алуға ұсыну құқығына ие. 

      10. Шығармалар мен жұмыстарды ұсыну тәртiбi, оларды қабылдау, сараптамадан өткiзу мен iрiктеу, талқылау мен Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыну туралы шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.

      11. Мемлекеттiк сыйлық алу конкурсына қатысатын жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлуге және талқылануға жатады. Талқылау материалдары Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комиссиясына жiберiледi және конкурстық iрiктеу кезiнде ескерiледi.

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1996 жылғы 30 шiлдедегi      
N 949 қаулысымен         
бекiтiлген            

  Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары
жөнiндегi комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

       1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады және әдебиеттiң, өнер мен сәулеттiң беделдi қайраткерлерiнiң арасынан құрылып, өз қызметiн қоғамдық бастамашылық негiзiнде жүзеге асырады. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi Мемлекеттiк сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi. 
      Комиссияның құрамы 60 адамнан аспауға тиiс.

      2. Комиссияның жұмысын оның төрағасы басқарады.

      3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: 
      Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала қаралуын, оларды ұсыну тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi; 
      жұмыстарды iрiктейдi және оларды конкурсқа қатысуға жiберу туралы ұсыныстар енгiзедi, баспасөзде авторлары мен ұсынған ұйымдарын көрсете отырып, конкурсқа жiберiлген еңбектердiң тiзiмiн жариялайды, жұмыстардың кең және ашық талқылануын ұйымдастырады; 
      конкурсқа жiберiлген жұмыстарды қарайды, Комиссияға түскен материалдар мен құжаттарды зерделейдi, сыйлықтарды тағайындау туралы шешiм қабылдайды; 
      Мемлекеттiк сыйлық лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерi мен құрмет белгiлерiн ресiмдейдi.

      4. Комиссияға: 
      Мемлекеттiк сыйлық беруге ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзiрлеу үшiн әдебиет, өнердiң, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясының жекелеген салалары бойынша секциялар мен сараптау комиссияларын құруға; 
      жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясы саласынан мамандар тарту; 
      Комиссия мүшелерiн, сарапшылар мен сараптау комиссияларын сахна қойылымдарымен, монументальдық өнер, сәулет туындыларымен және басқа да жұмыстармен орналасқан жерiнде танысу үшiн жiберу құқықтары берiледi.

      5. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжiлiсiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды. 
      Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi Комиссия жай көпшiлiк ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. 
      Мемлекеттiк сыйлық беру туралы шешiм жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Мемлекеттiк сыйлық беру үшiн мәжiлiске қатысушылардың кемiнде 3/4-i жұмысты жақтап дауыс беруге тиiс. Комиссия мен оның секцияларының мәжiлiстерi олардың құрамының кемiнде 2/3-i оған қатысқанда заңды болып табылады. 
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1996.12.24. N 1599 қаулысымен.  

      6. Комиссия мүшесiнiң жұмысы Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жағдайда, оның авторы секциялар мен Комиссияның мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайды.

      7. Комиссия бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттiк сыйлық алуға жұмыстарды ұсыну тәртiбi мен мерзiмдерi туралы хабарландыруларды, авторлары мен ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, конкурсқа қабылданған жұмыстардың тiзiмiн жүйелi түрде жариялайды, сондай-ақ өзiнiң ағымдағы жұмысы туралы хабарлап отырады.

      8. Мемлекеттiк сыйлық беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен соң күшiне енедi. Мемлекеттiк сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы баспасөзде Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Күнiне қарай жарияланады. 

 Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
1996 жылғы 30 шiлдедегi   
N 949 қаулысына        
1-қосымша           

        Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1998.10.27. N  1085 , 2000.10.16. N  1529 , 2002.10.09. N  1099 , 2004.10.28. N  1110 , 2004.12.08. N  1283 , 2006.06.27. N   588 қаулыларымен. 

      Қазақстан Республикасы Yкiметінiң жанындағы Әдебиет,
өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегi комиссияның құрамы

Төралқа:

Ертiсбаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы     және ақпарат министрi, төраға

Әлиев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арыстанбек Мұхамедиұлы   және ақпарат вице-министрi, төрағаның
                         орынбасары

Күзембаев              - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Валерий Әлiбекұлы        ақпарат министрлiгi Өнер
                         департаментiнiң директоры, хатшы

Қирабаев               - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Серiк Смайылұлы          академиясының академигi, Қазақстан
                         Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының
                         лауреаты (келiсiм бойынша)

Молдағалиев            - Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Тұманбай                 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Мұсаходжаева           - Қазақстан Республикасының халық әpтici,
Айман Қожабекқызы        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Оңғарсынова            - Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Фариза                   Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Оразбаев               - Қазақстан Республикасының халық әртiсi,
Сәбит Қоңырбайұлы        Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Оразалин               - Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының
Нұрлан Мырқасымұлы       төрағасы, Қазақстан Республикасы
                         Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты (келiсiм
                         бойынша)

Щеголихин              - Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Иван Павлович            Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Әдебиет секциясы

Қасқабасов             - әдебиеттанушы, Қазақстан Республикасы
Сейiт Асқарұлы           Ұлттық ғылым академиясының академигі,
                         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты секция төрағасы
                         (келiсiм бойынша)

Абдрахманов            - жазушы-публицист, филология ғылымдарының
Сауытбек Абдрахманұлы    кандидаты (келiсiм бойынша)

Асқаров                - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әлібек Асылбайұлы        сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Есдаулетов             - ақын, "Қазақ әдебиетi" газетiнiң бас
Ұлықбек Оразбайұлы       редакторы, Қазақстан Республикасы
                         Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келiсiм
                         бойынша)

Кәкiшев                - профессор, филология ғылымдарының
Тұрсынбек                докторы (келісiм бойынша)

Күлкенов               - жазушы, "Ана тiлi" газетiнiң бас редакторы
Мереке                   (келісiм бойынша)

Мағауин                - Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Мұхтар                   "Жұлдыз" журналының бас редакторы,
                         Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Мамраев                - әдебиеттанушы, филология ғылымдарының
Бейбiт Баймағамбетұлы    докторы (келiсiм бойынша)

Медетбеков             - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Темiрхан                 сыйлығының лауреаты (келісiм бойынша)

Михайлов               - ақын, "Простор" журналының бас редакторы
Валерий Федорович        (келiсiм бойынша)

Мұқай                  - жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы
Баққожа                  Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты (келiсiм
                         бойынша)

Мұртаза                - Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Шерхан                   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Мырза-Әли              - Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Қадыр Ғинаятұлы          ақын (келiсiм бойынша)

Нұрғалиев              - әдебиет сыншысы, Қазақстан Республикасы
Рымғали                  Ұлттық ғылым академиясының академигі
                         (келiсiм бойынша)

Нұрпейiсов             - Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Әбдіжәмiл                Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Раушанов               - ақын (келiсiм бойынша)
Есенғали

Сарай                  - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әнеc                     сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Шапай                  - әдебиет сыншысы (келiсiм бойынша)
Тұрсынжан

Червинский             - "Казахстанская правда" ашық акционерлік
Олег Чеславович          қоғамының президентi (келiсiм бойынша)

Музыка, театр және кино секциясы

Әубәкiрова             - Қазақстан Республикасының халық әртiсi,
Жәния Яхияқызы           профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ
                         ұлттық консерваториясының ректоры,
                         Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты, секция төрағасы

Тiлеухан               - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
Бекболат Қанайұлы        әртiсi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Әбдiрашев              - Қазақстан Республикасының халық әртісi,
Төлепберген              Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік
                         филармониясы Мемлекеттік академиялық
                         симфониялық оркестрiнiң көркемдiк жетекшісi
                         және бас дирижерi, Қазақстан Республикасы
                         Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты

Ахмедияров             - Қазақстан Республикасының халық әртiсi,
Қаршыға                  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
                         консерваториясының профессоры, Қазақстан
                         Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының
                         лауреаты

Дүйсекеев              - Қазақстан Республикасының еңбек
Кеңес                    сiңiрген қайраткерi, композитор,
                         "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк-
                         концерттік бiрлестігінің көркемдiк
                         жетекшiсi

Yсенбаева              - Қазақстан Республикасының халық әртiсi,
Нұржамал                 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Клушкин                - Қазақстан Республикасының халық әртісi
Юрий Степанович          (келісiм бойынша)

Рахмадиев              - композитор, КСРО халық әртiсi, Қазақстан
Еркеғали Рахмадиұлы      Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының
                         лауреаты (келiсiм бойынша)

Андриасян              - Қазақстан Республикасының халық әртiсi,
Рубен Суренович          М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік орыс
                         академиялық драма театрының көркемдiк
                         жетекшісi, Қазақстан Республикасы
                         Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты

Әшімов                 - Қазақстан Республикасының халық әртiсi,
Асанәлі                  Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                         сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша)

Капустин               - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
Юрий Николаевич          әртiсi (келiсiм бойынша)

Обаев                  - Қазақстан Республикасының халық әртiсi,
Есмұқан                  профессор, М.Әуезов атындағы Қазақ
                         мемлекеттік академиялық драма театрының
                         директоры - көркемдiк жетекшісi (келісiм
                         бойынша)

Тарази                 - жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы
Әкiм                     Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келiсiм
                         бойынша)

Бөпежанова             - әдебиет сыншысы (келiсiм бойынша)
Әлия

Нарымбетов             - кинорежиссер, Қазақстан Республикасы
Сатыбалды                Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты (келісiм
                         бойынша)

Апрымов                - Қазақстан Республикасының еңбек сіңiрген
Серiк                    қайраткерi, Кинематографистер одағының,
                         ТМД және Балтық елдерi кинематографистерi
                         одақтары конфедерациясының мүшесi,
                         Халықаралық кинофестивальдердiң лауреаты,
                         Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық
                         компаниясының кинорежиссерi

Құмарова               - өнертанушы, Қазақстан Суретшілер одағының
Сәбила Бекжанқызы        мүшесi, секция төрағасы (келiсiм бойынша)

Ибрагимов              - Қазақстан Республикасы Президенттiк мәдени
Ұлықбек Шарахынұлы       орталығының директоры, педагогика
                         ғылымдарының кандидаты, өнертану
                         профессоры

Әлиев                  - кескіндемеші, Қазақстан Республикасы
Дулат Қапбарұлы          Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты (келiсiм
                         бойынша)

Дүзелханов             - кескiндемеші, Қазақстан Республикасы
Ағымсалы                 Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісiм
                         бойынша)

Ерғалиева              - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Райхан                   академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет
                         және өнер ғылыми-зерттеу институты
                         өнертану бөлiмiнiң меңгерушiсi, өнертану
                         докторы (келісiм бойынша)

Әбiшев                 - мүсiнші, Қазақстан Суретшілер одағының
Бақыт                    мүшесi (келiсiм бойынша)

Петрова                - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
Альбина Анатольевна      сәулетшiсi (келiсiм бойынша)

Рүстембеков            - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
Серiк Исаұлы             сәулетшісi (келісім бойынша)

Ли                     - өнертанушы, Қазақстан Суретшiлер одағының
Камилла Витальевна       жауапты хатшысы (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1996 жылғы 30 шiлдедегi     
N 949 қаулысына        
2-қосымша           

                Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
                  жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
                              ТIЗБЕСI

       1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереженi және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 841 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 583-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитеттiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қыркүйектегi N 1036 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 39, 425-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қыркүйектегi N 1036 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 541-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 841 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 543-құжат).