Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереже;
      Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн;
     2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және
сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары
жөнiндегi комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
     3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған
тiзбеге сәйкес (2-қосымша) кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп
танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 30 шiлдедегi
                                          N 949 қаулысымен
                                             бекiтiлген

          Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
            Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы
                             ЕРЕЖЕ



      1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) әдебиет, өнер және сәулет саласындағы отандық мәдениеттi дамытудағы құнды үлес деп танылған шығармалар үшiн мемлекеттiк көтермелеу нысаны болып табылады.
      2. Мемлекеттiк сыйлық беру дегенiмiз оған тағайындалған адамдарға ғұмыр бойына "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" атағын берудi, диплом, құрмет белгiсiн, белгiленген нысандағы куәлiктi тапсыруды және бiр жолғы атауды ақшалай сыйақы төлеудi бiлдiредi.
      3. Мемлекеттiк сыйлықты тапсыру салтанатты жағдайда өтедi. Мемлекеттiк сыйлықты тапсыру салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
      4. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерiн Мемлекеттiк сыйлық берiлетiн жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      5. Мемлекеттiк сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.12.24.
               N 1599 қаулысымен. P961599_
      6. Мемлекеттiк сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейiн бес жылдан аспайтын уақыт бұрын және кемiнде бiр жыл бұрын ашық жарияланымға арналып орындалған жеке және ұжымдық авторлардың дайын интеллектуалдық өнiм бiрлiгi түрiндегi шығармалары ұсыныла алады.
      7. Мемлекеттiк сыйлық алуға бiр жұмыс қайтадан ұсынылмайды. Бiр кандидатура Мемлекеттiк сыйлыққа бiр саладан артық, сондай-ақ жұмыстар жиынтығы бойынша ұсынылмайды.
      8. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстардың авторлары ұжым болса, ұсынылатын адамдардың құрамына тек негiзгi және шын мәнiндегi авторлар енгiзiледi және олардың саны 5-тен аспауға тиiс.
      9. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары шығармашылық одақтар, ұйымдар Мемлекеттiк сыйлықты алуға ұсыну құқығына ие.
      10. Шығармалар мен жұмыстарды ұсыну тәртiбi, оларды қабылдау, сараптамадан өткiзу мен iрiктеу, талқылау мен Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыну туралы шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттiк сыйлық алу конкурсына қатысатын жұмыстар

бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлуге және талқылануға жатады.
Талқылау материалдары Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң жанындағы
Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы
Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комиссиясына жiберiледi және
конкурстық iрiктеу кезiнде ескерiледi.


                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 30 шiлдедегi
                                          N 949 қаулысымен
                                             бекiтiлген

          Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
               Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары
                     жөнiндегi комиссиясы туралы
                               ЕРЕЖЕ



      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады және әдебиеттiң, өнер мен сәулеттiң беделдi қайраткерлерiнiң арасынан құрылып, өз қызметiн қоғамдық бастамашылық негiзiнде жүзеге асырады. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi Мемлекеттiк сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
      Комиссияның құрамы 60 адамнан аспауға тиiс.
      2. Комиссияның жұмысын оның төрағасы басқарады.
      3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала қаралуын, оларды ұсыну тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      жұмыстарды iрiктейдi және оларды конкурсқа қатысуға жiберу туралы ұсыныстар енгiзедi, баспасөзде авторлары мен ұсынған ұйымдарын көрсете отырып, конкурсқа жiберiлген еңбектердiң тiзiмiн жариялайды, жұмыстардың кең және ашық талқылануын ұйымдастырады;
      конкурсқа жiберiлген жұмыстарды қарайды, Комиссияға түскен материалдар мен құжаттарды зерделейдi, сыйлықтарды тағайындау туралы шешiм қабылдайды;
      Мемлекеттiк сыйлық лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерi мен құрмет белгiлерiн ресiмдейдi.
      4. Комиссияға:
      Мемлекеттiк сыйлық беруге ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзiрлеу үшiн әдебиет, өнердiң, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясының жекелеген салалары бойынша секциялар мен сараптау комиссияларын құруға;
      жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясы саласынан мамандар тарту;
      Комиссия мүшелерiн, сарапшылар мен сараптау комиссияларын сахна қойылымдарымен, монументальдық өнер, сәулет туындыларымен және басқа да жұмыстармен орналасқан жерiнде танысу үшiн жiберу құқықтары берiледi.
      5. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжiлiсiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды. <*>
      Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi Комиссия жай көпшiлiк ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
      Мемлекеттiк сыйлық беру туралы шешiм жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Мемлекеттiк сыйлық беру үшiн мәжiлiске қатысушылардың кемiнде 3/4-i жұмысты жақтап дауыс беруге тиiс. Комиссия мен оның секцияларының мәжiлiстерi олардың құрамының кемiнде 2/3-i оған қатысқанда заңды болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1996.12.24. N 1599 қаулысымен.
      6. Комиссия мүшесiнiң жұмысы Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жағдайда, оның авторы секциялар мен Комиссияның мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайды.
      7. Комиссия бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттiк сыйлық алуға жұмыстарды ұсыну тәртiбi мен мерзiмдерi туралы хабарландыруларды, авторлары мен ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, конкурсқа қабылданған жұмыстардың тiзiмiн жүйелi түрде жариялайды, сондай-ақ өзiнiң ағымдағы жұмысы туралы хабарлап отырады.
      8. Мемлекеттiк сыйлық беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен соң күшiне енедi. Мемлекеттiк сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы баспасөзде Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Күнiне қарай жарияланады.
                                           Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949 қаулысына 1-қосымша <*>


       ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.10.27. N 1085

               қаулысымен.  

P981085_

           
      ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 2000.10.16. N 1529
               қаулысымен.  

P001529_

 
     
     Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер 
      және сәулет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
                   сыйлығы жөніндегі комиссияның құрамы
     
                                 Төралқа:
     
Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы      - Қазақстан Республикасының          
                                        Мәдениет, ақпарат және қоғамдық    
                                        келісім министрі, төраға
     
Әбдіков Төлен                         - Қазақстан Республикасы Президенті  
                                        Әкімшілігінің Қоғамдық-саяси       
                                        бөлімі меңгерушісінің орынбасары   
                                        (келісім бойынша)     
     
Асқаров Әлібек Асылбайұлы             - Қазақстан Республикасы Мәдениет,   
                                        ақпарат және қоғамдық келісім      
                                        министрлігінің департамент         
                                        директоры, жауапты хатшы     
     
Қабдолов Зейнолла Қабдолұлы           - Қазақстан Республикасы Ұлттық      
                                        ғылым академиясының академигі      
                                        (келісім бойынша)     
     
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы          - Қазақстан Республикасы Парламенті  
                                        Сенатының депутаты 
                                        (келісім бойынша)     
     
Мұсақожаева Айман Қожабекқызы         - Қазақ ұлттық музыка академиясының  
                                        ректоры (келісім бойынша)     
     
Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы            - Қазақстан Республикасының халық    
                                        артисі (келісім бойынша)
     
Щеголихин Иван Павлович               - Қазақстан Республикасының халық    
                                        жазушысы (келісім бойынша)     
     
Төлепбаев Ерболат Тоғысбайұлы         - суретші, Қазақстанның еңбек        
                                        сіңірген қайраткері 
                                        (келісім бойынша)

                      Әдебиет секциясының мүшелері     
     
Қасқабасов Сейіт Асқарұлы             - әдебиет зерттеуші, Қазақстан       
                                        Республикасы Ұлттық ғылым          
                                        академиясының                      
                                        корреспондент-мүшесі, секция       
                                        төрағасы (келісім бойынша)
     
Әкім Тарази (Әшімов)                  - жазушы (келісім бойынша)

Елеукенов Шерияздан Рүстемұлы         - әдебиет зерттеуші, филология       
                                        ғылымдарының докторы, профессор    
                                        (келісім бойынша)     
     
Ыбыраев Шәкір                         - әдебиет зерттеуші, филология       
                                        ғылымдарының докторы, Қазақстан    
                                        Республикасы Білім және ғылым      
                                        министрлігі М. Әуезов атындағы     
                                        Әдебиет және өнер институтының     
                                        директоры 

Қирабаев Серік Смайылұлы              - әдебиет зерттеуші, Қазақстан       
                                        Республикасы Ұлттық ғылым          
                                        академиясының академигі            
                                        (келісім бойынша)

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы               - Қазақстан Республикасының халық    
                                        жазушысы, "Жұлдыз" журналының бас  
                                        редакторы (келісім бойынша)       

Мұртаза Шерхан                        - Қазақстан Республикасының халық    
                                        жазушысы, Қазақстан Республикасы   
                                        Парламенті Мәжілісінің депутаты    
                                        (келісім бойынша)   
     
Молдағалиев Тұманбай                  - Қазақстан Республикасының халық    
                                        жазушысы (келісім бойынша)     
     
Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы             - Қазақстан Республикасының халық    
                                        жазушысы (келісім бойынша)     
     
Сәрсенбаев Оразбек                    - жазушы (келісім бойынша)

Серікқалиев Зейнолла                  - әдебиет сыншысы (келісім бойынша)

Петров Ростислав Викторович           - жазушы, "Простор" журналының бас   
                                        редакторы (келісім бойынша)     
     
Бельгер Герольд Карлович              - жазушы, Президенттің бейбітшілік   
                                        және рухани келісім сыйлығының     
                                        лауреаты (келісім бойынша)     
     
Шапаев Тұрсынжан                      - әдебиет сыншысы (келісім бойынша)

          Музыка, театр, кино және теледидар секциясының мүшелері     
     
Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы           - Қазақстан Республикасы Мәдениет,   
                                        ақпарат және қоғамдық келісім      
                                        министрлігі Мәдениет комитетінің   
                                        төрағасы, секция төрағасы     
     
Андриасян Рубен Суренович             - Қазақстан Республикасының халық    
                                        артисі, Қазақстан Республикасының  
                                        Мемлекеттік сыйлығының лауреаты    
                                        (келісім бойынша)
     
Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы   - мәдениет зерттеуші, филология      
                                        ғылымдарының кандидаты 
                                        (келісім бойынша)     
     
Әбдірашев Төлепберген                 - Қазақстан Республикасының халық    
                                        артисі, Қазақстан Республикасы     
                                        мемлекеттік академиялық            
                                        симфониялық оркестрінің бас        
                                        дирижері (келісім бойынша)     
     
Әубәкірова Жәния Жақияқызы            - Құрманғазы атындағы Алматы         
                                        мемлекеттік консерваториясының     
                                        ректоры, Қазақстан Республикасының 
                                        халық артисі (келісім бойынша)
     
Апырымов Серік                        - кинорежиссер, Қазақстанның еңбек   
                                        сіңірген қайраткері 
                                        (келісім бойынша)     
     
Баяхунов Бәкір Жақиянұлы              - сазгер, Қазақстан Республикасының  
                                        халық артисі (келісім бойынша)     
     
Рахмадиев Еркеғали Рахмадиұлы         - сазгер, Қазақстан Республикасының  
                                        халық артисі, Қазақстан            
                                        Республикасы Мемлекеттік           
                                        сыйлығының лауреаты                
                                        (келісім бойынша)     
     
Ысқақов Қалихан                       - драматург, Қазақстан Республикасы  
                                        Мемлекеттік сыйлығының лауреаты    
                                        (келісім бойынша)
     
Капустин Юрий Николаевич              - Қазақстан Республикасының еңбек    
                                        сіңірген артисі 
                                        (келісім бойынша)
     
Клушкин Юрий Степанович               - Қазақстан Республикасының          
                                        халық артисі (келісім бойынша)     
     
Сейтметов Райымбек                    - режиссер, Қазақстан Республикасы   
                                        Мемлекеттік сыйлығының лауреаты    
                                        (келісім бойынша)     
     
Нарымбетов Сатыбалды                  - кинорежиссер, Қазақстан            
                                        Республикасы Мемлекеттік           
                                        сыйлығының лауреаты                
                                        (келісім бойынша)     
     
Райбаев Зәуірбек Ғалиұлы              - Қазақстан Республикасының халық    
                                        артисі, балетмейстер 
                                        (келісім бойынша)
     
Сығаев Әшірбек Төребайұлы             - театр сыншысы, Қазақстанның еңбек  
                                        сіңірген қайраткері 
                                        (келісім бойынша)     
     
               Бейнелеу өнері және сәулет секциясының мүшелері     
     
Ералиев Тоқтар Ералыұлы               - еңбек сіңірген сәулетші, секция    
                                        төрағасы (келісім бойынша)        

Әлиев Дулат Қапбарұлы                 - сұңғатшы, Мемлекеттік сыйлықтың    
                                        лауреаты (келісім бойынша)  
     
Есенбаев Асқар Нариманұлы             - мүсінші, Суретшілер одағының       
                                        мүшесі (келісім бойынша)     
     
Құмарова Сәбилә Бекжанқызы            - өнер зерттеуші, Суретшілер         
                                        одағының мүшесі (келісім бойынша) 

Петрова Альбина Анатольевна           - еңбек сіңірген сәулетші    
                                        (келісім бойынша)
     
Псарев Владимир Федорович             - сұңғатшы, Суретшілер одағының      
                                        мүшесі (келісім бойынша)   
     
Романов Сахи                          - сұңғатшы, халық суретшісі
                                        (келісім бойынша)

Рүстембеков Серік Исаұлы              - еңбек сіңірген сәулетші    
                                        (келісім бойынша)

Сергебаев Ескендір Аманжолұлы         - мүсінші, Қазақстан Республикасы    
                                        Мемлекеттік сыйлығының лауреаты    
                                        (келісім бойынша)    
     
Чувылко Борис Иванович                - сұңғатшы, Суретшілер одағының      
        

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 30 шiлдедегi
                                          N 949 қаулысына
                                             2-қосымша

              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
                  жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
                             ТIЗБЕСI



      1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереженi және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 841 P920841_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 583-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитеттiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қыркүйектегi N 1036 P941036_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 39, 425-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қыркүйектегi N 1036 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 541-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 841 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 543-құжат).