Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 27 қазандағы N 1085. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14. N 806 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 30-31 қазанынан Өзбекстан Республикасына ресми сапарының барысында екiжақты келiсiмдерге қол қойылатынына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасынан Энергетика, индустрия және сауда министрi Мұхтар Қабылұлы Әблязовке Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы өндiрiстiк кооперация туралы келiсiмге қол қою үшiн өкiлеттiк берiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi