Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi сарапшылық кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк қоғамдастыққа одан әрi бiрiгуi, республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы мәселелерiн үйлестiру және тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн сақтауына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Мыналар бекiтiлсiн: 
      Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi сарапшылық кеңесi туралы Ереже /1-қосымша/; 
      Сарапшылық кеңестiң құрамы /2-қосымша/. 
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесіне оның қызметінде және оның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі барлық қажетті құжаттамамен және материалдармен қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.  
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң 1996 жылғы           
12 ақпандағы                
N 189 қаулысына               
1-қосымша                  

           Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен 
          ынтымақтастық жөнiндегi сарапшылық кеңесi туралы 
                              ЕРЕЖЕ 

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі (бұдан әрі - Сарапшылық кеңес) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіру, олардан шығу және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.  
      2. Сарапшылық кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің, Әдiлет министрлiгiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
      Сарапшылық кеңес жұмысына қажет болған жағдайда, сондай-ақ басқа ұйымдардың өкiлдерi де, жетекшi ғалымдар мен мамандар iшiнен сарапшылар тартылуы мүмкiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. N  1354 , 2007.04.23. N  324  қаулыларымен .  
      3. Өз қызметiнде Сарапшылық кеңес Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлер мен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2007.04.23. N  324  қаулысымен
      4. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының барынша тиімділігін және осы ұйымдарға қатысуға байланысты халықаралық міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.  
      5. Сарапшылық кеңесi: 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу туралы ұсыныстарын қарайды;
      Қазақстан үшін басым халықаралық ұйымдарды айқындау және Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруінің, олардан шығуы мен халықаралық шарттарға қосылуының ішкі рәсімінің тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгiне және олардың халықаралық, оның iшiнде қаржылық мiндеттемелерiн сақтауға байланысты ұсыныстар әзірлейді. Жыл сайынғы мүшелiк жарналарды төлеудiң кезектiлiгi мен мерзiмдiлiгi туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына бередi; 
      Осыған байланысты мемлекеттік органдар Сарапшылық кеңеске мынадай құжаттарды ұсынады:
      а) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіруі туралы Сарапшылық кеңес төрағасының атына ұйымның бірінші басшысы қол қойған өтінім-хат;
      б) мемлекеттік органның бірінші басшысы бұрыштама қойған халықаралық шарттың, халықаралық ұйымның тиісті құрылтай құжатының мемлекеттік, орыс тілдеріндегі, сондай-ақ түпнұсқа тіліндегі мәтіні;
      в) қосылудың, кірудің және мүшеліктің қаржылық шарттары туралы ақпараты бар, Қазақстан Республикасының халықаралық шартқа қосылуының, халықаралық ұйымдарға кіруінің орындылығының негіздемесі бар түсіндірме жазба, сондай-ақ жыл сайынғы ақпараттық және басқа да материалдар; 
     халықаралық ұйымдар жанындағы ұлттық үйлестiрушiлер мен тұрақты өкiлдердiң Қазақстан Республикасынан кандидатуралары туралы ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қамқорлығымен өткiзiлген халықаралық форумдарға, кеңестерге, конференцияларға Қазақстан Республикасының атынан баратын делегациялардың құрамдары бойынша ұсыныстар әзірлейді; 
      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және халықаралық шарттарға қатысуы туралы бұрын қабылданған шешімдерді қайта қарау жөнінде, сондай-ақ олардағы одан әрі мүшеліктің орындылығы жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. N  1354 , 2007.04.23. N  324  қаулыларымен .
      6. Сарапшылық кеңестiң мәжiлiстерi қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткiзiледi. Сарапшылық кеңесi мәжiлiстерiнiң аралығында төраға Сарапшылық кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кiруi туралы мәселенi қажет болған жағдайларда жеке шешедi.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. N  1354 , өзгерту енгізілді - 2007.04.23. N  324  қаулыларымен .
      7. Сарапшылық кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Сарапшылық кеңестің отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сарапшылық кеңес жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру мен Сарапшылық кеңес шығаратын шешімдер үшін дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.
      8. Сарапшылық кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады.
       Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.
      9. Сарапшылық кеңестің хатшысы Сарапшылық кеңес отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізген соң хаттамаларды ресімдейді.
      Хатшы Сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.
       Ескерту. 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.
      10. Сарапшылық кеңестің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және Сарапшылық кеңес мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      Сарапшылық кеңестің мүшелері ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген кезде ол жазбаша түрде баяндалуы және Сарапшылық кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
      Сарапшылық кеңес отырыстарының өту нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
       Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.23. N  324  қаулысымен.
      

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң 1996 жылғы       
12 ақпандағы             
N 189 қаулысына           
2-қосымша               

                  Сарапшылық кеңестiң құрамы

Тәжин                   - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат Мұханбетқазыұлы     министрі, төраға

Қазыханов               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы             министрінің орынбасары, төрағаның
                          орынбасары

                   Сарапшылық кеңестiң мүшелерi 

Аманжолова              - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Зүлфия Алтайқызы          министрлігінің Халықаралық-құқықтық
                          департаментiнің директоры     

Ерғожин                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы            вице-министрі

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы          бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Құсдәулетов             - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы            вице-министрі

Баталов                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Асқар Болатұлы            минералдық ресурстар министрлігінің
                          жауапты хатшысы

Мұқашев                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Жанат Базикенұлы          Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар
                          бөлімі секторының меңгерушісі

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы        және сауда вице-министрі

Әзімова                 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Эльвира Әбілқасымқызы     Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік
                          құқықтарын қорғау департаментінің
                          директоры

Тәшібаев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Мұрат Сейітжанұлы         министрлігі Халықаралық ұйымдар және көп
                          жақты ынтымақтастық департаментінің
                          директоры

Сарыева                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Жұмагүл Қансейітқызы      министрлігі Валюта-қаржы департаментінің
                          директоры

Кенжина                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Әнел Дәуленқызы           министрлігі Халықаралық ұйымдар және көп
                          жақты ынтымақтастық департаментінің
                          атташесі, Сарапшылық кеңестің хатшысы
      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2002.08.09. N  891 ,   өзгерту енгізілді - 2007.04.23. N  324 , өзгерту енгізілді - 2007.12.28.  N 1342  Қаулыларымен.