Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.11 N 2091 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Бишімбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы және сауда вице-министрі;
"Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич, Ахметов Тілеукен Зейнікенұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі