Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi сарапшылық кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 ақпан N 189

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк қоғамдастыққа одан әрi бiрiгуi, республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы мәселелерiн үйлестiру және тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн сақтауына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мыналар бекiтiлсiн:
      Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi сарапшылық кеңесi туралы Ереже /1-қосымша/;
      Сарапшылық кеңестiң құрамы /2-қосымша/.
      2. Сарапшылық кеңестiң жұмысына жалпы басшылық жасау осы Кеңестiң функциялары мен жұмысының негiзгi бағыттарын айқындау құқығын оған бере отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
      3. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне республиканың халықаралық ұйымдарға кiруi, олардан шығуы жөнiндегi, халықаралық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi, сондай-ақ Сарапшылық кеңесте қарау үшiн халықаралық Конвенцияларға, Шарттарға, Келiсiмдерге, Пактiлерге қосылу жөнiнде ұсыныстар берiп отырсын;
      Сарапшылық Кеңестiң қызметiне оның талап етуi бойынша өздерiнiң халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына байланысты барлық қажеттi құжаттамалар мен материалдарды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Сарапшылық кеңес бұрын қабылдаған халықаралық ұйымдармен Келiсiмдердiң және Шарттардың барлығына бiр ай мерзiмде түгендеу жүргiзсiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы ұйымдарға мүшелiк жарналарды төлеудi ретке келтiру жөнiнде, сондай-ақ олардың кейбiреуiне Қазақстан Республикасының мүшелiгiнiң дұрыстығы туралы нақты ұсыныстар берсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына 1-қосымша


          Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен
          ынтымақтастық жөнiндегi сарапшылық кеңесi туралы
                              ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi Сарапшылық кеңесi /бұдан әрi - Сарапшылық кеңес/ Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және атқарушы органдарының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын үйлестiру жөнiндегi Қазақстан Республикасының бiрыңғай ведомствоаралық органы болып табылады, халықаралық ұйымдарға кiру, олардан шығу және халықаралық Конвенцияларға, Пактiлерге, Келiсiмдерге, Шарттарға қосылу тәртiбiн айқындау мен реттеу мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
      2. Сарапшылық кеңестi Сарапшылық кеңес төрағасының - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Сарапшылық кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң (келiсiм бойынша) сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң өкiлдерi енгiзiледi. <*>
      Сарапшылық кеңес жұмысына қажет болған жағдайда, сондай-ақ басқа ұйымдардың өкiлдерi де, жетекшi ғалымдар мен мамандар iшiнен сарапшылар тартылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1354
               қаулысымен. P981354_
      3. Өз қызметiнде Сарапшылық кеңес Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, басқа да нормативтiк актiлер мен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Сарапшылық кеңестiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн ескере отырып, республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының барынша тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету және осы ұйымдарға қатысуға байланысты халықаралық мiндеттемелердi сақтау болып табылады.
      5. Сарапшылық кеңесi:
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық және атқарушы органдарының көпжақты Конвенцияларға, Пактiлерге, Келiсiмдерге, Шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кiру және олардан шығу туралы ұсыныстарын қарайды, Қазақстан Республикасының Үкiметiне аталған ұсыныстардың дұрыстығы туралы сарапшылық қорытындылар бередi;
      Қазақстан үшiн басымдықта болатын халықаралық ұйымдар тiзбесiн айқындайды, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кiруi, олардан шығуы және көпжақты Шарттарға, Конвенцияларға, Пактiлер мен Келiсiмдерге қосылуының iшкi процедуралары тәртiбiн әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгiне және олардың халықаралық, оның iшiнде қаржылық мiндеттемелерiн сақтауға байланысты Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық және атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi және талдайды. Жыл сайынғы мүшелiк жарналарды төлеудiң кезектiлiгi мен мерзiмдiлiгi туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына бередi;
      осыған байланысты аталған ұйымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне мынадай құжаттарды тапсырады:
      а) Қазақстан Республикасының Конвенцияға, Пактiге, Келiсiмге, Шартқа қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кiруi туралы Сарапшылық кеңес төрағасының атына ұйымның бiрiншi басшысы қол қойған өтiнiм-хат;
     б) Конвенцияның, Пактiнiң, Келiсiмнiң, Шарттың, Жарғының - ұйымның бiрiншi басшысы визасын қойған, мемлекеттiк, орыс тiлдерiндегi, сондай-ақ түпнұсқа тiлiндегi мәтiнi;
      в) қосылудың, енудiң және мүшелiктiң қаржылық шарттары туралы ақпараты бар, Қазақстан Республикасының Конвенцияға, Пактiге, Келiсiмге, Шартқа қосылуының, халықаралық ұйымдарға кiруiнiң орындылығының негiздемесi бар түсiндiрме жазба, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға қатысуы мәселелерi бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн мониторингiн ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеуi мақсатында жыл сайын ақпараттық және басқа да материалдар; <*>
     Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықаралық ұйымдар жанындағы ұлттық үйлестiрушiлер мен тұрақты өкiлдердiң Қазақстан Республикасынан кандидатуралары туралы ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қамқорлығымен өткiзiлген халықаралық форумдарға, кеңестерге, конференцияларға Қазақстан Республикасының атынан баратын делегациялардың құрамдары бойынша ұсыныстарды енгiзедi;
      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ Заң күшi бар Жарлығының 19, 29, 30 және 32-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының кейбiр халықаралық ұйымдарға мүшелiгi туралы бұрын қабылданған шешiмдердi қайта қарау мақсатында халықаралық ұйымдармен бұрын жасалған шарттарды, келiсiмдердi түгендеп, сарапшылық қорытындының жиынтығы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне бередi.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.12.29.
               N 1354 қаулысымен. P981354_
      6. Сарапшылық кеңестiң мәжiлiстерi жұмыс жоспарына сәйкес үш айда бiр рет өткiзiледi. Сарапшылық кеңесi мәжiлiстерiнiң аралығында төраға Сарапшылық кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының көпжақты Конвенцияларға, Пактiлерге, Келiсiмдерге, Шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кiруi туралы мәселенi қажет болған жағдайларда жеке шешедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1354
               қаулысымен. P981354_

      7. Егер оларды Сарапшылық кеңес мәжiлiсiне қатысушылардың жалпы құрамының үштен екiсi көпшiлiк дауыспен қабылдаса, Сарапшылық кеңестiң шешiмдерi өкiлеттi болып саналады. Дауыс тепе-тең бөлiнген жағдайда Сарапшылық кеңес төрағасының даусы шешушi күшке ие болады. Сарапшылық қорытындыға төраға қол қояды, әрi Сарапшылық кеңестiң әрбiр мүшесiнiң қорытындыға айрықша пiкiр жазуға құқығы болады.
                                         Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына 2-қосымша


                     Сарапшылық кеңестiң құрамы

     Тоқаев Қ.К.         - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
                           министрi, Сарапшылық кеңестiң төрағасы

     Әбiшев Д.Р.         - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрi,
                           төрағаның орынбасары
<*>


                   Сарапшылық кеңестiң мүшелерi

     Аманжолова З.А.     - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                           министрлiгiнiң Шарт-құқық басқармасының
                           бастығы
<*>


     Сәрсенбай Н.А.     - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
                          жоспарлау және реформалар жөнiндегi
                          агенттiгi төрағасының орынбасары
                          (келiсiм бойынша)
<*>


     Жарбосынова Б.Ж.   - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                          вице-министрi
<*>


     Жақсыбекова Л.Н.   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
                          Кеңсесiнiң  Қаржы экономикалық сараптама
                          бөлiмi бюджет секторының меңгерушiсi
<*>


      Досаев Е.А.       - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия
                          және сауда вице-министрi
<*>


      Қалиева Р.М.      - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
                          Кеңсесiнiң Сыртқы экономикалық байланыстар
                          және протокол бөлiмiнiң консультанты
<*>


      Дауылбаев А.Х.    - Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi,
                          төрағаның орынбасары
<*>

      Смағұлов Ә.С.     - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
                          министрлiгiнiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымы
                          бөлiмiнiң бастығы
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1354 қаулысымен.
               

P981354_