Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 106

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, бiрыңғай кеден саясатын жүзеге асыру, кедендiк бақылау мен ресiмдеудi жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кеден қоймаларын құру жөнiндегi iс-қимылдарды тәртiпке келтiру мақсатында қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Алматы қаласының Сүйiнбай даңғылы, 353 үйде орналасқан терминал аумағында "Темiр-Жол-Терминал" кеденiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Темiр-Жол-Терминал" кеденiн ұйымдастыру үшiн 40 адамға қосымша штат бөлсiн және оны ұстауға қажеттi қаражат көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi кеден органдарымен бiрлесiп, Алматы қаласына темiр жол көлiгiмен "Темiр-Жол-Терминал" кеденiне кедендiк ресiмдеу үшiн әкелiнген жүктердiң жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
    Қазақстан Республикасының
    Премьер-Министрi