Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 106. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi  N 2368  Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, бiрыңғай кеден саясатын жүзеге асыру, кедендiк бақылау мен ресiмдеудi жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кеден қоймаларын құру жөнiндегi iс-қимылдарды тәртiпке келтiру мақсатында қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Алматы қаласының Сүйiнбай даңғылы, 353 үйде орналасқан терминал аумағында "Темiр-Жол-Терминал" кеденiн құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Темiр-Жол-Терминал" кеденiн ұйымдастыру үшiн 40 адамға қосымша штат бөлсiн және оны ұстауға қажеттi қаражат көздесiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi кеден органдарымен бiрлесiп, Алматы қаласына темiр жол көлiгiмен "Темiр-Жол-Терминал" кеденiне кедендiк ресiмдеу үшiн әкелiнген жүктердiң жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi