1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, құрылысқа бақылау жасауы үшiн және жергiлiктi қызметкерлерге нақты көмек көрсетуi үшiн "SOS-KDI" тартылатын мамандарға тегiн визалар, оның iшiнде ұзақ мерзiмдi визалар, тұруы мен жұмыс iстеуiне рұқсат қағаздар берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорына және оған қызмет көрсететiн объектiлерге Қазақстан Республикасында балалар мекемелерi үшiн көзделген барлық жеңiлдiктердi беретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне қолданылып жүрген заңдарға "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының тәрбиешi аналарын көп балалы аналарға теңестiрудi, оларға мемлекеттiк жеңiлдiктi зейнетақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жеңiлдiктердi беретiн өзгертулер енгiзу туралы ұсыныстар енгiзсiн.
4. Алматы, Батыс Қазақстан, Тың темiр жол басқармалары мен "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" құрылысымен байланысты барлық жүктердi темiр жолмен және ұшақтармен еш кедергiсiз қабылдауды және жөнелтудi қамтамасыз етсiн.
5. SOS - объектiлерiнiң құрылысы жүргiзiлетiн облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бiрiншi кезекте жер учаскелерiн бөлсiн және жергiлiктi жарна ретiнде осы объектiлердiң шекарасына дейiн сыртқы коммуникациялар мен инженерлiк тораптар жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
6. "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қоры "Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылға арналған шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 ақпандағы N 145 P950145_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 6, 68-бап) бекiтiлген Әуежайдың, теңiз айлақтарының транзиттiк аймақтарында, темiр жол, автомобиль және әуе көлiктерiнде қолдағы шетел валютасына тауарлар сатуға (жұмыс атқаруға, қызмет көрсетуге) құқық берiлген кәсiпорындар мен ұйымдар тiзбесiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi