"Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылға арналған шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 10 ақпан N 145.
     Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      LМI, S.А. Switzerland (Indipendance S.А.) компаниясы тарапынан Суздаль, Мизек, Светинское, Думан-Шуақ, Гагаринское, Шатыркөл, Жайсаң, Родниковое, Шәймерден, Варваринское, Павловское және Самарское алтын, күмiс және түстi металдар кен орындарын барлау, игеру және дамыту үшiн кредит беру жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалмауына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (С.Дәукеев) "Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнына аталған кен орындарына берiлген лицензияларды қайтарып алсын және тау-кен бөлiктерiн берудi рәсiмдеудi тоқтатсын.
      2. Светинское, Думан-Шуақ, Гагаринское, Шатыркөл, Жайсаң кен орындары Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 22 қыркүйектегi N 420 өкiмiмен жарияланған тендер тiзiмiнде қалпына келтiрiлсiн.
      3. Семей, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының

әкiмдерi тиiстi аумақтардағы аталған кен орындарына "Байбұлақ"
бiрлескен кәсiпорнына жер бөлiп берудi рәсiмдеудi тоқтататын
болсын.
     4. "Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнымен алтын және полиметалл кен
орындарын барлау және игеру туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң  1995 жылғы 20 қаңтардағы N 29 қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi