"SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қоры туралы

Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2345

      Жетiм балаларға қараусыз қалған және қайғы-қасiретке душар болған балаларға, сондай-ақ оларды "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтарында" тәрбиелеушi аналарға көмек берудi қамтамасыз ететiн қайырымдылық қызметiн қолдау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "SOS Киндердорф

Интернациональ" Халықаралық Қорының арасында 1993 жылғы 22
қарашада жасалған Шарт мақұлдансын.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "SOS -
Қазақстанның балалар қалашықтары" қорына жан-жақты көмек және
қолдау көрсетсiн.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi