1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қажеттi үйлестiру жөнiндегi алғашқысының қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құрылсын.
Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа ұсыну үшiн кәсiпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзiрлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, аталған жобалар бойынша басым мәнi бар ұсыныстарды iрiктеп, жинайды, жобаларды Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа жiберудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды, осы жобалар бойынша жұмыстың орындалуын бақылайды, ұлттық қауiпсiздiк мүдделерi талаптарының сақталуын, мемлекеттiк және коммерциялық құпияны құратын ақпарат пен интеллектуалдық меншiктiң қорғалуын қамтамасыз етедi.
2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң құрамы берiлiп отырған қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңеске үй-жай бөлiп, оның ұйымдастыру-техникалық қызметiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 қаулысымен бекiтiлген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң ҚҰРАМЫ <*> Школьник - Қазақстан Республикасы Премьер- Владимир Сергеевич Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға; Нефедов - Қазақстан Республикасының Петр Петрович Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төрағаның орынбасары; Түсіпбаева - Қазақстан Республикасының Мағрипа Әубәкірқызы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ТМД, Таяу Шығыс, Азия және Африка елдерімен халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, хатшы; Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер- Тілеукен Зейнекенұлы Министрінің орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар министрінің кеңесшісі; Әбсәметов - Қазақстан Республикасының Білім Малис Құдысұлы және ғылым министрлігі Ғылым департаментінің директоры; Ескендіров - Қазақстан Республикасының Тұрсынғали Қажымұратұлы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы; Жантикин - Қазақстан Республикасының Тимур Мифтахұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрағасы; Жәрменов - "Қазақстан Республикасының Әбдірасул Алдашұлы минералдық ресурстарын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры; Жотабаев - Қазақстан Республикасының Амантай Балтабайұлы Қорғаныс министрлігі Қару-жарақ департаментінің бастығы; Қазыханов - Қазақстан Республикасының Ержан Хозеұлы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры; Калюжный - Қазақстан Республикасының Әділет Вячеслав Афанасьевич министрлігі Халықаралық құқық және хаттама департаментінің директоры; Кәрібаев - Қазақстан Республикасының Ержан Ғаббасұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасары; Нүсіпов - "Республикалық инновациялық қор" Саят Нұрмұхаметұлы жабық акционерлік қоғамының вице-президенті, Санаткерлік меншік департаментінің директоры (келісім бойынша); Сапелкин - Қазақстан Республикасы Ұлттық Александр Александрович қауіпсіздік комитетінің бөлім бастығы (келісім бойынша); Шарбақов - Қазақстан Республикасы мемлекеттік Алтай Жиенбайұлы бас дәрігерінің орынбасары. ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 201 қаулысымен. P970201_ ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.05.24. N 703 қаулысымен. P010703_ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 қаулысымен бекiтiлген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. осы Ережеге Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң (бұдан әрi - Кеңес) негiзгi мiндеттерi мен қызметiн белгiлейдi.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының мүдделерiнiң тұрғысынан ХҒТО тарапынан қаржыландырылатын жобалар бойынша басым мәнi бар ұсыныстарды жинақтау мен iрiктеу, Қазақстан Республикасы өкiлiнiң ХҒТО Басқарушылары Кеңесiндегi келiсiлген көзқарасын қалыптастыру, iрiктелген жобаларды ХҒТО-ға тапсыру болып табылады.
3. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Кеңес ХҒТО-ға табыс ету үшiн кәсiпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзiрлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, қорытындылар жасайды, жобаны ХҒТО-ға жiберуге рұқсат бередi, жобалар бойынша жұмыстардың орындалуын бақылайды, мемлекеттiк, коммерциялық құпияларды құратын Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн, ақпаратты, интеллектуалдық меншiктi қорғау талаптарын қамтамасыз ету мәселелерiн қарайды.
4. Ғылыми-техникалық жобаларды қарау және iрiктеу жөнiндегi өз қызметiнде Кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталықты құру туралы Келiсiмнiң ережелерiн ХҒТО-ның жарғысы мен нормативтiк құжаттарын, мемлекеттiк, интеллектуалдық және коммерциялық құпияларды қорғау саласында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiн басшылыққа алады.
5. Ғылыми-техникалық жобаларды ХҒТО-ға жiберу үшiн оларды әзiрлеу мен қараудың мынадай тәртiбi белгiленедi:
5.1. Кәсiпорындар мен ұйымдар жобаларды әзiрлеудi ХҒТО мiндеттерiне, мақсаттарына, қабылданым өлшемдерiне, нормативтiк талаптары мен процедураларына сәйкес жүзеге асырады.
Ғылыми-техникалық жоба туралы ұсыныс Кеңеске осы жұмысты жүргiзудiң пайдалылығы мен орындылығы, оның ғылыми-техникалық деңгейi, мемлекеттiк және коммерциялық құпиялардың сақталуы, интеллектуалдық меншiктi қорғауы туралы кәсiпорынның ҒТК (НТС) қорытындысымен, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялардың сақталуы туралы кәсiпорынның тұрақты түрде жұмыс iстейтiн техникалық комиссиясының қорытындысымен бiрге жiбередi.
Жекелеген ғалымдар мен шығармашылық ұжымдар жобалар туралы ұсыныстарды Кеңесте қарау үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арқылы табыс ете алады. <*>
5.2. Жоба туралы ұсынысты Кеңес ұсынысты алғаннан кейiн 15 күннен кешiктiрмей қарайды, оны талқылауға жобаның ғылыми жетекшiсi немесе оған өкiлеттi адам табыс етедi.
5.3. Кеңеске жоба осы Ереженiң 4-тармағының талаптарымен сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүддесiн, салалар мен ведомстволардың мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, ұсынылған жобаны пысықтауға қайтаруға, жобаның ХҒТО-ға жiберуге мүмкiн еместiгi туралы қорытынды беру немесе жобаның жiберiлу мерзiмiн кейiнге көшiру құқы берiлген. Кеңес мақсаты жағынан жақын жобаларды үйлестiру, тиiстi кәсiпорындар мен ғылыми ұйымдарды жобаларды орындауға тарту, олардың ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану жөнiнде ұсыныстар бере алады.
ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 201
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақша өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.05.24. N 703
қаулысымен. P010703_
6. Кеңестiң қорытындысы жоба бойынша жұмыстарды жүргiзуге және жоба туралы ұсынысты ХҒТО-ға жiберуге Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің келiсiмiн рәсiмдеуге арналған негiз болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.05.24. N 703
қаулысымен. P010703_
7. Жүзеге асыру үшiн жобалар бойынша ұсыныстарды ХҒТО-ға Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі табыс етедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 201
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.05.24. N 703
қаулысымен. P010703_
8. Кеңес өз қызметiн Кеңес төрағасы бекiткен жұмыстардың тәртiбi мен жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Кеңес шешiмдерi төраға мен ғылыми хатшы қол қойған хаттамалармен рәсiмделедi.
Кеңестiң ұйымдастыру-техникалық жұмысын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қамтамасыз етедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 201
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.05.24. N 703
қаулысымен. P010703_