Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 Қаулысы

Жаңартылған

      Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) құру туралы Келiсiмге қосылу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қажеттi үйлестiру жөнiндегi алғашқысының қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құрылсын.
      Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа ұсыну үшiн кәсiпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзiрлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, аталған жобалар бойынша басым мәнi бар ұсыныстарды iрiктеп, жинайды, жобаларды Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа жiберудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды, осы жобалар бойынша жұмыстың орындалуын бақылайды, ұлттық қауiпсiздiк мүдделерi талаптарының сақталуын, мемлекеттiк және коммерциялық құпияны құратын ақпарат пен интеллектуалдық меншiктiң қорғалуын қамтамасыз етедi.
      2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң құрамы берiлiп отырған қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңеске үй-жай бөлiп, оның ұйымдастыру-техникалық қызметiн қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы 
Министрлер Кабинетiнiң 
1995 жылғы 25 қаңтардағы
N 90 қаулысымен   
бекiтiлген      

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1058 Қаулысымен.

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы         министрі, төраға

Орынханов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Мұрат Қадесұлы             вице-министрі, төрағаның орынбасары

Ыбырайым                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрлан Мұхтарбекұлы        министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы,
                           хатшы

Жантикин                 - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы
Тимур Мифтахұлы            агенттігінің төрағасы

Өмірияев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Мүслім Тайырұлы            вице-министрі

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ербол Зинаддинұлы          министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
                           орынбасары

Кәрібжанова              - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Ғалия Тоқтарбекқызы        қорғау министрлігі Стратегиялық жоспарлау
                           және мониторинг департаментінің директоры

Мұқанов                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Талғат Асқарұлы            технологиялар министрлігі Жаңа
                           технологиялар және энергия үнемдеу
                           департаментінің директоры

Сағымбеков               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Талғат Тұрғанбекұлы        министрлігі Әскери білім және ғылым
                           департаментінің бастығы

Садықов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы          министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                           департаментінің директоры

Телеуов                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Мұрат Қойшыбайұлы          министрлігі Ғылым және адами ресурстар
                           департаментінің директоры

Бектұрғанов              - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы           холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                           төрағасы (келісім бойынша)

Мұқанов                  - «Ұлттық биотехнология орталығы»
Қасым Қасенұлы             республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас
                           директорының орынбасары (келісім бойынша)

Байсынов                 - «Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы»
Әсет Ыбырайымұлы           акционерлік қоғамы Департаментінің
                           директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Министрлер Кабинетiнiң 
1995 жылғы 25 қаңтардағы
N 90 қаулысымен    
бекiтiлген       

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын
жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi
Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2039 Қаулысымен.

      1. осы Ережеге Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң (бұдан әрi - Кеңес) негiзгi мiндеттерi мен қызметiн белгiлейдi.
      2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының мүдделерiнiң тұрғысынан ХҒТО тарапынан қаржыландырылатын жобалар бойынша басым мәнi бар ұсыныстарды жинақтау мен iрiктеу, Қазақстан Республикасы өкiлiнiң ХҒТО Басқарушылары Кеңесiндегi келiсiлген көзқарасын қалыптастыру, iрiктелген жобаларды ХҒТО-ға тапсыру болып табылады.
      3. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Кеңес ХҒТО-ға табыс ету үшiн кәсiпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзiрлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, қорытындылар жасайды, жобаны ХҒТО-ға жiберуге рұқсат бередi, жобалар бойынша жұмыстардың орындалуын бақылайды, мемлекеттiк, коммерциялық құпияларды құратын Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн, ақпаратты, интеллектуалдық меншiктi қорғау талаптарын қамтамасыз ету мәселелерiн қарайды.
      4. Ғылыми-техникалық жобаларды қарау және iрiктеу жөнiндегi өз қызметiнде Кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталықты құру туралы Келiсiмнiң ережелерiн ХҒТО-ның жарғысы мен нормативтiк құжаттарын, мемлекеттiк, интеллектуалдық және коммерциялық құпияларды қорғау саласында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiн басшылыққа алады.
      5. Ғылыми-техникалық жобаларды ХҒТО-ға жiберу үшiн оларды әзiрлеу мен қараудың мынадай тәртiбi белгiленедi:
      5.1. Кәсiпорындар мен ұйымдар жобаларды әзiрлеудi ХҒТО мiндеттерiне, мақсаттарына, қабылданым өлшемдерiне, нормативтiк талаптары мен процедураларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ғылыми-техникалық жоба туралы ұсыныс Кеңеске осы жұмысты жүргiзудiң пайдалылығы мен орындылығы, оның ғылыми-техникалық деңгейi, мемлекеттiк және коммерциялық құпиялардың сақталуы, интеллектуалдық меншiктi қорғауы туралы кәсiпорынның ҒТК (НТС) қорытындысымен, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялардың сақталуы туралы кәсiпорынның тұрақты түрде жұмыс iстейтiн техникалық комиссиясының қорытындысымен бiрге жiбередi.
      Жекелеген ғалымдар мен шығармашылық ұжымдар жобалар туралы ұсыныстарды Кеңесте қарау үшiн Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы табыс ете алады.
      5.2. Жоба туралы ұсынысты Кеңес ұсынысты алғаннан кейiн 15 күннен кешiктiрмей қарайды, оны талқылауға жобаның ғылыми жетекшiсi немесе оған өкiлеттi адам табыс етедi.
      5.3. Кеңеске жоба осы Ереженiң 4-тармағының талаптарымен сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүддесiн, салалар мен ведомстволардың мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, ұсынылған жобаны пысықтауға қайтаруға, жобаның ХҒТО-ға жiберуге мүмкiн еместiгi туралы қорытынды беру немесе жобаның жiберiлу мерзiмiн кейiнге көшiру құқы берiлген. Кеңес мақсаты жағынан жақын жобаларды үйлестiру, тиiстi кәсiпорындар мен ғылыми ұйымдарды жобаларды орындауға тарту, олардың ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану жөнiнде ұсыныстар бере алады.
     Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.02.12 N 201, 2001.05.24 N 703 Қаулыларымен.
      6. Кеңестiң қорытындысы жоба бойынша жұмыстарды жүргiзуге және жоба туралы ұсынысты ХҒТО-ға жiберуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келiсiмiн рәсiмдеуге арналған негiз болып табылады.
     Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.24 N 703 Қаулысымен.
      7. Жүзеге асыру үшiн жобалар бойынша ұсыныстарды ХҒТО-ға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі табыс етедi.
     Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.02.12 N 201, 2001.05.24 N 703 Қаулыларымен.
      8. Кеңес өз қызметiн Кеңес төрағасы бекiткен жұмыстардың тәртiбi мен жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
      Кеңес шешiмдерi төраға мен ғылыми хатшы қол қойған хаттамалармен рәсiмделедi.
      Кеңестiң ұйымдастыру-техникалық жұмысын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қамтамасыз етедi.
     Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.02.12 N 201, 2001.05.24 N 703 Қаулыларымен.