Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 529 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90
қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Халықаралық ғылыми-техникалық
орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi
үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосынов А.О. - Қазақстан Республикасының Ғылым
министрi - Ғылым академиясы
президентiнiң орынбасары, төраға
Ахметов Т.З. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-
Ғылым академиясы халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастық
басқармасының бастығы, төрағаның
орынбасары
Бәкiрова С.Б. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-
Ғылым академиясы халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастық
басқармасының бөлiм бастығы, ғылыми хатшы
Әбiшев Ж.Н. - Минералды шикiзатты кешендi ұқсату
жөнiндегi ұлттық ғылыми орталықтың
бас директоры
Ахметов С.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi
мемлекеттiк техникалық комиссия
төрағасының орынбасары
Гамарник Г.Н. - Қазақстан Республикасы Бiлiм
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Демин А.Б. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгi халықаралық құқықтық
қамтамасыз ету басқармасының бастығы
Елеукенов Д.Ш. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрлiгiнiң халықаралық қауiпсiздiк
және қару-жараққа бақылау жасау
басқармасының бастығы
Жантемiров М.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi бас басқармасы бастығының
бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)
Жантикин Т.М. - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы
жөнiндегi агенттiгiнiң бас директоры
Қарабаев М.К. - Қазақстан Республикасы Биотехнология
жөнiндегi ұлттық орталығы бас
директорының орынбасары
Қаудыров Т.Е. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрлiгi патент ведомствосының
төрағасы
Құлжанов М.К. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрiнiң орынбасары
Сафрыгин М.М. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрiнiң әскери-техникалық саясат
жөнiндегi кеңесшiсi
Д.К.Дәукеев, В.Е.Жүсiпбеков, Ж.Н.Қадыров, Ж.Ж.Жақыпбеков, Б.К.Нұрғалиев, В.Н.Околович, Ю.А.Шаповалов аталған құрамнан шығарылсын.
Аталған қаулымен бекiтiлген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережедегi:
5-тармақтың 5.1.-тармақшасының үшiншi абзацындағы және 8-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы" деген
сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа
технологиялар министрi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ғылым
министрi - Ғылым академиясының президентi" деген сөздермен
ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi