Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 22 желтоқсан N 1447. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.12.01. N 1219 қаулысымен. ~P981219

Күшін жойған
      Әртүрлi меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне қаржылық қолдау көрсету және олардың қызметiн сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

жанынан дербес заңды ұйым құқында ауыл шаруашылығын қаржылық
қолдаудың Мемлекеттiк қоры құрылсын.
     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.11.17. N 1590
              қаулысымен.  

P971590_

 
     3. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорына
және басқа да көздерден түскен мемлекеттiк бюджет қаржылары 
бағытталады деп белгiленсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
              1996.08.20. N 1029 қаулысымен.  

P961029_

 
     4.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.07.11.
              N 1097 қаулысымен. 

P971097_

 

     5. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорына:


      тәуелсiз аудиторлық фирмаларды тартып Қордың қаржысын мақсатты пайдалану шарттарын сақтау жөнiнде ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын тексеру, сауықтыруға жататын кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiн зерделеу;
      барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы кәсiпорындарынан және олардың қарызгерлерiнен, мемлекеттiк басқару және статистика органдарынан, қаржы және кредит мекемелерiнен қажеттi ақпарат пен есептер алу құқы берiлсiн.
      6. Үкiметтiң бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша орталықтандырылған кредит ресурстарының есебiнен берiлген және қайтарылуы қамтамасыз етiлмеген мерзiмi өткен кредиттерi бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң берешегi Қорды құру кезiнде Қор Кеңесiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық Банкiмен келiсуi бойынша, белгiленген тәртiпке сәйкес, ауыл шаруашылығын қолдаудың Мемлекеттiк қорына берiледi деп белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының АУЫЛ шаруашылығы министрлiгi ауыл

шаруашылығын қаржылық қолданудың Мемлекеттiк қорымен бiрлесiп бiр ай
мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi
бойынша Қордың шығындары мен берешектiк жай-күйi туралы есептiлiктiң
неғұрлым жетiлдiрiлген нысанын жүргiзсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қаулы 7-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
              N 1029 қаулысымен.
    
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                      Қазақстан Республикасы       
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 22 желтоқсандағы
                                         N 1447 қаулысымен
                                                Бекiтiлген

              Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың
                   Мемлекеттiк қоры туралы
                           ЕРЕЖЕ



      Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қоры /бұдан әрi- Қор/ туралы Ереже 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл жоспары сәйкес әзiрленiп және әртүрлi меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне қаржылық қолдаудың қалыптастыру мен беру тәртiбiн айқындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1029 қаулысымен.
      1. Қор ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қаржылық сауықтыру жүргiзу мен ауыл шаруашылығы дамыту бағдарламаларының орындалуын жағдай жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiгi берiлген мемлекеттiк орган болып табылады.
      Қорды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындаған президент басқарады.
      2. Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1029 қаулысымен.
      3. Қор заңды ұйым болып табылады, осы Ережемен белгiленген құқықтарды пайдаланады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз қызметiне байланысты мiндеттердi орындайды. Қордың дербес балансы, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған дөңгелек мөрi, Қазагроөнеркәсiпбанкiнiң операциялық басқармасында ашылған валюталығын қоса алғанда, есепшоты бар.
      4. Қордың негiзгi мiндеттерi:
      ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне қаржылық қолдау көрсету үшiн бюджеттiк, бюджеттен тыс, валюталық және басқа қаржыларды жинақтау;
      қаржы мiндеттемелерiн есепке алу және оларды ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң өтеу тәртiбiн айқындау;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң орталықтандырылған және директивтi кредиттер Қорға жатқызылған берешектерiне есеп жүргiзу және олардың қайтарылуын қамтамасыз ету. <*>
      (5-11-абзацтар) <*>
      1997 жылдан бастап мынадай бағыттарды:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi әзiрленген басымдықты технологиялар мен жобаларды игерудiң негiзiнде ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын дамытудың республикалық мақсатты бағдарламаларын конкурстық принциптерде;
      ауыл шаруашылығы секторында жекешелендiру кезеңiнде жүргiзiлген құрылымдық қайта құруларға қаржылық қолдау көрсетудi;
      шаруа (фермерлiк) қожалықтарын қоса есептегендегi шағын және орташа агробизнестiң қалыптасуына қаржылық көмек көрсетудi;
      мал тұқымын асылдандыру iсiн, тұқым шаруашылығын дамыту, жануарларды мал дәрiгерлiк қорғау жөнiндегi шараларға мемлекеттiк қолдау көрсетудi қаржыландыру жүзеге асырылсын:
      Қордың қаражаттары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тiкелей дотациялауға бағытталмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақта 4-абзац жаңа редакцияда берiлдi,
               5-11-абзацтар алынып тасталды және жаңа тараумен
               толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.N 1029 қаулысымен.
      5. Операциялық шығындарға бағытталған қаржылардан басқа ауыл шаруашылығын дамытуға бөлiнген мемлекеттiк бюджет қаржылары;
      ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын жекешелендiруден алынған қаржылар;
      <*>
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 3 және 4 абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1996.08.20. N 1029 қаулысымен. P961029_
      6. Қордан қаржыландыру Қор Кеңесi белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң төлем жасау қабiлетiн қалыпқа келтiру мен тиiмдi шаруашылық қызметiн қолдауды; мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын санациялау мен жою кезiнде олардың мүлкiн сатудан түскен қаржының жетiмсiздiгiне байланысты шығындардың орнын толтыруды көздейдi.
      7. 4-тармақта аталған шараларды қаржыландыру Қор мен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiсiнiң арасында жасалған шартқа сәйкес қайтарылатын және қайтарылмайтын негiзде жүргiзiледi. Қордың қаржысын пайдаланудан алған проценттер оны толықтыруға бағытталады.
      8. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға мемлекеттiк қаржылық қолдау жасауға:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiткен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру жөнiндегi шаралары кiретiн қаржылық сауықтыру жоспарының /бизнес-жоспар/ болуы; <*>
      Шығынды мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын санациялау мен жою жөнiндегi республикалық ведомствоаралық комиссияның шешiмi негiз болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1029 қаулысымен.
      9. Қор:
      үкiмет шешiмдерi бойынша орталықтандырылған кредит ресурстары бойынша берiлген және қайтарылуы қамтамасыз етiлмеген кредиттер бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң берешегiн; берешектiң көлемi және оны қайтарудың шарттары белгiленген тәртiпке сәйкес айқындалады;
      үкiметтiң шешiмдерiмен берiлген, Қазагроөнеркәсiпбанкi мен орталықтандырылған кредит ресурстары бойынша негiзiнен ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына қызмет көрсететiн басқа да банктердiң проценттерiн, айыппұлдарын, олар бойынша өсiмдерiн қоса алғандағы мерзiмi өткен берешегiн өз балансына алады.
      10. Қор:
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң берешектiк жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру, қарыздарды өндiрiп алу жөнiндегi тәртiптi айқындау және қолданылып жүрген заңдардың шеңберiнде шаралар қолдану;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен және олардың борышқорларынан қажеттi ақпараттар мен есеп берулер алу;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қызметiне және қордан бөлiнген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына аудиторлық тексерулер белгiлеу құқықтарына ие болады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1029 қаулысымен.
      11. 4-тармақта аталған шараларды қаржыландыру үшiн бөлiнген қордың қаржысын мақсатсыз және тиiмсiз пайдаланғаны, қарыздық мiндеттемелерiн жабу кестесiн орындамаушылығы, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға жету мүмкiншiлiгi жоқтығы анықталған кезде Қор осы әрекеттерiмен жол берiлген зияндар жөнiнде шаралар қолданылады. <*>
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1029 қаулысымен.
      12. Қордың қызметiне басшылықты құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң екi өкiлi, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазагроөнеркәсiпбанкiнiң, "ҚазАгро" Қазақстан фермерлерiнiң ұлттық федерациясының, Қазақстанның Аграрлық одағының, Қазақстан Республикасы Ғылыми министрлiгi - Ғылыми академиясының бiр-бiрден өкiлдерi кiретiн Республикалық ведомствоаралық кеңес жүзеге асырады; <*>
      Қор кеңесiн төраға басқарады, ол сонымен бiрге Қордың процентi болып саналады. Кеңестiң мүшелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. <*>
      Кеңес жылға жасалған жоспар бойынша жұмыс iстейдi. Жоспарлардың жобалары Кеңестiң мәжiлiстерiнде бекiтiледi, олар қажеттiгiне қарай жүргiзiледi.
      Қор кеңесi:
      Қордың қаржыларының негiзгi бағыттары мен бөлу шарттарын айқындап, шығындар сметасын бекiтедi;
      нақты ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қайтарылатын және қайтарылмайтын негiзде көмек көрсету мәселелерiн шешедi, оның қайтарылу мерзiмiн және пайдаланғаны үшiн проценттiк ставкасының мөлшерiн белгiлейдi.
      Қорды қалыптастыру көздерi бойынша қаржылардың дер уақытында және толық түсуiне, сондай-ақ бөлiнген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына және қайтуына бақылау жасайды;
      жүзеге асырылған шараларды Қор есепке алған қаржылық қамтамасыз ету көлемiнде берешектердi өтеу көздерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi; <*>
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша қаржылық көмек көрсетуге бағытталған қаржыны қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1029 қаулысымен.
      13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры кеңесi шешiмiнiң күшiн жою құқы берiледi.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аппараты Қордың атқарушы органы болып табылады; нақты орындаушыларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiлейдi.
      15. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң алдында өз қызметi туралы тоқсан сайын есеп берiп отырады.