Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1447 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 тамыз N 1029. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.01. N 1219 қаулысымен. ~P981219

      Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорының функциясын нақтылау, оның қаражаттарын жұмсаудың ашықтық тетiгi мен есептiлiк жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1447 P941447_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 542-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-тармақтағы "мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын жекешелендiруден" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорымен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қордың шығындары мен берешектiк жай-күйi туралы есептiлiктiң неғұрлым жетілдiрiлген нысанын жүргiзсiн";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қоры туралы ережеде:
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына" деген сөздер "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакциямен берiлсiн:
      "Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады";
      4-тармақта:
      төртiншi абзац мынадай редакциямен берiлсiн:
      "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң орталықтандырылған және директивтi кредиттер бойынша Қорға жатқызылған берешектерiне есеп жүргiзу және олардың қайтарылуын қамтамасыз ету";
      Бесiншi - он бiрiншi абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
      "1997 жылдан бастап мынадай бағыттарды:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi әзiрлеген басымдылықты технологиялар мен жобаларды игерудiң негiзiнде ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын дамытудың республикалық мақсатты бағдарламаларын конкурстық принциптерде;
      ауыл шаруашылығы секторында жекешелендiру кезеңiнде жүргiзiлген құрылымдық қайта құруларға қаржылық қолдау көрсетудi;
      шаруа (фермерлiк) қожалықтарын қоса есептегендегi шағын және орташа агробизнестiң қалыптасуына қаржылық көмек көрсетудi;
      мал тұқымын асылдандыру iсiн, тұқым шаруашылығын дамыту, жануарларды мал дәрiгерлiк қорғау жөнiндегi шараларға мемлекеттiк қолдау көрсетудi қаржыландыру жүзеге асырылсын;
      Қордың қаражаттары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тiкелей дотациялауға бағытталмайды";
      5-тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтары алынып тасталсын;
      8-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакциямен берiлсiн:
      "Қор:
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң берешектiк жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру, қарыздарды өндiрiп алу жөнiндегi тәртiптi айқындау және қолданылып жүрген заңдардың шеңберiнде шаралар қолдану;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен және олардың борышқорларынан қажеттi ақпараттар мен есеп берулер алу;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қызметiне және қордан бөлiнген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына аудиторлық тексерулер белгiлеу құқықтарына ие болады";
      11-тармақтағы "Қор бұл шараларды қаржыландыруды тоқтатады" деген сөздер "Қор осы әрекеттермен жол берiлген зияндар жөнiнде шаралар қолданады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац алынып тасталсын;
      12-тармақта бiріншi сөйлем мынадай редакциямен берiлсiн:
      "Қордың қызметiне басшылықты құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң екi өкiлi, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазагроөнеркәсiпбанкiнiң, "Қазагро" Қазақстан фермерлерiнiң ұлттық федерациясының, Қазақстанның Аграрлық одағының, Қазақстан Республикасы Ғылыми министрлiгi - Ғылым академиясының бiр-бiрден өкiлдерi кiретiн Республикалық ведомствоаралық кеңес жүзеге асырады";
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269 P940269_ қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiм) көзделген ұйымдық-құқықтық нысанға қайта құруды қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi