Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 шiлде N 1097. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.01. N 1219 қаулысымен. ~P981219

      1. Табиғи апаттар, авариялар, катастрофалар кезiнде тiрi жануарларды, тез бөлiнетiн тауарларды, радиоактивтi материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарына қажеттi хабарлар мен материалдарды кедендiк ресiмдеу оңайлатылған және басым тәртiппен жүргiзiледi. Бұл ретте гуманитарлық жәрдемнiң желiсi бойынша жөнелтiлетiн жүктер шұғыл жеткiзiлiм ретiнде кедендiк ресiмдеуге жатады.
      2. Шұғыл жеткiзiлiм кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеудi оларды УСҚ (уақытша сақтау қоймаларына) орналастырмастан және тауар жолдау құжаттары мен тауарларды өткiзетiн қазақстандық тұлғаның өтiнiшiнде көрсетiлген мәлiметтерi негiзiнде кеден органы бастығының рұқсаты бойынша ҚР кеден органдары жүргiзедi. Өтiнiште тауарларды жетiлдiрушiлер мен алушылар, тауарларды жөнелтетiн және қабылдайтын елдер туралы мәлiметтер, тауарлардың атау, сипаттамасы, мөлшерi, салмағы мен құны (оның үстiне ақпараттарды электронды күйде тасығыштардың құны ескерiле отырып), тауарларды пайдалану мақсаты, сондай-ақ олардың кеден режимдерi туралы мәлiметтер, белгiленген мерзiмде кедендiк жүк декларациясын, кеден мақсатына қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну туралы мiндеттеме қамтылуы тиiс.
      3. Кеден мақсатында тауар жолдау құжаты мен өтiнiш уақытша кедендiк декларация ретiнде қаралады. Тауарлар шығарылған күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей осы бұйрықтың 2-тармағында көрсетiлген тұлға ҚР кеден органына белгiленген тәртiппен толтырылған кедендiк жүк декларациясын және кеден мақсатына қажеттi өзге де құжаттар мен мәлiметтердi берудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл ретте ҚР кеден органының уақытша кедендiк декларацияны қабылдаған күнi қолданылып отырған кеден iсi туралы нормативтi актілер қолданылады.
      4. Өздерiне қатысты кеден төлемдерi мен салықтары алынатын тауарларды аталған кеден төлемдерi мен салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда ғана осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес ресiмдеуге болады.
      5. Табиғи апат, авария немесе катастрофа салдарынан төтенше жағдай туындаған күннен бастап бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы кеден шекарасына әкелiнетiн және осы аумақтан әкетiлетiн және оның салдарын жою жөнiндегi кезек күттiрмес шараларды (құтқару және медициналық жабдықтар, дәрi-дәрмектер, уақытша тұрғын жай ж.т.б.) жүргiзуге арналған тауарларды ҚР ТМЖК-нiң ҚР МКК-не төтенше жағдайдың пайда болған күнi және кеден мақсатына қажеттi басқа да жағдаяттар туралы мәлiметтердi ұсынған кезiнде осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес ресiмдеуге болады.
      6. Халықаралық туристiк шараларды (авторалли, мотовеложарыстары ж.т.б.) жүзеге асыру барысында өткiзiлетiн құрал-жабдықтар бiрыңғай спецификация бойынша және қайта әкету мiндеттемесiмен рәсiмделедi.
      7. Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн және мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк кедендiк бақылаудың басқа да түрлерi бойынша бақылауға жататын тауарларды оларды өткiзетiн тұлға тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың рұқсаттарын алғанға дейiн осындай тауарларды пайдаланбайтындығы немесе Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды пайдалануға қажеттi процедураларды толық көлемде орындайтындығы туралы мiндеттемесiн ұсынған жағдайда ғана осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес ресiмдеуге болады.
      8. Әкетiлуiне қатысты шектеулер қойылған және өзге де ұйымдар тарапынан бақылауға жататын тауарларды оларды өткiзетiн тұлға тиiстi ұйымдардың осындай тауарларды әкетуге рұқсатын ұсынған жағдайда ғана осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес рәсiмдеуге болады.
      9. Тауарларды кеден төлемдерi мен салықтарын босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      10. Осы тәртiптi бұзу Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.