Аммофосқа кеден тарифiн тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 қыркүйек 1994 ж. N 1040

Қолданыстағы

     Аммофосты экспортқа шығаруға жағдай жасау, оның өндiрiс 
көлемiн қолдау мақсатында, "Қазақстан Республикасының экспортталатын
тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499  

U941499_

  Жарлығының 
4-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 
қаулы етедi:
     Аммофос экспортына кеден тарифi тоқтатылсын (код ТН ВЭД 3105
бойынша).
       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi