Аммофосқа кеден тарифiн тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 қыркүйек 1994 ж. N 1040. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

Күшін жойған

      Аммофосты экспортқа шығаруға жағдай жасау, оның өндiрiс көлемiн қолдау мақсатында, "Қазақстан Республикасының экспортталатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499 Жарлығының 4-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Аммофос экспортына кеден тарифi тоқтатылсын (код ТН ВЭД 3105 бойынша).
 
          Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi