Қазақстан Республикасында отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 желтоқсан 1992 ж. N 1070

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң базалық салалары кәсiпорындарын отқа төзiмдi тапшы материалдармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы өнеркәсiбi базалық салаларының отқа төзiмдi материалдар және олардан жасалатын бұйымдар өндiретiн "Оттөзiм" акционерлiк өндiрiс корпорациясын құру туралы бастамасына қолдау көрсетiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасында отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамытудың мүдделi ұйымдармен келiсiлген бағдарламасы мақұлдансын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы "Оттөзiм" акционерлiк компаниясының Отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ететiн жаңа өндiрiстер құру және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту жөнiндегi ұсыныстарына мемлекеттiк қолдау жасау шараларын көздейтiн болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi 1993 жылы "Оттөзiм" корпорациясының өтiнiмдерi бойынша телефон және телекс байланысының қажеттi техникалық құралдары мен арналары бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. 
      5. <*>
      6. <*>
       Ескерту. 5,6-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N   964  қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi