Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008 N 3; 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "80" деген цифрлар "76" деген цифрлармен; "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен; "хұқығы", "хұқықты", "хұқықтары", "хұқыққа", "хұқықтарын", "хұқығынан", "хұқығына" деген сөздер тиісінше "құқығы", "құқылы", "құқықтары", "құқыққа", "құқықтарын", "құқығынан", "құқығына" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбiрленген адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн регламенттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасын талқылап және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Соттардың назары олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк жасаған жәбiрленушінің жеке басына, оның саяси, еңбек, тұрғын үй және басқа жеке және мүлiктiк құқығы мен мүдделерiне қоғамға қауiптi қол сұғушылықтарды қарау жөнiндегi қызметтерiнде жәбiрленушiлердiң құқықтық қорғауын қамтамасыз ету деңгейiн төмендететiн түйiндi кемшiлiктер бар екенiне аударылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Соттар жәбiрленушiлердiң оларға жүктелген, шақыру бойынша келу және шындықты айтып жауап беру мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қатал және дәйектiлiкпен сақтау iс бойынша шындықты анықтауға және заңды, дәлелдi әдiл шешiм қабылдауға көмектесетінін ескерулерi қажет.
3. Қоғамға қауiптi iс-әрекеттен моральдық, дене немесе мүлiктік зиян оған тiкелей келтiрiлген адам, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталғанына, оның жауапқа тартылғанына байланыссыз жәбiрленушi болып танылады. Аяқталмаған қылмыстық әрекеттер жөнiндегi iстер бойынша (қылмыстық құқық бұзушылыққа даярланғандық, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға оқталғандық) жәбiрленушi болып оған моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян нақты келтiрiлгенде ғана танылады.
Егер моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян адамның зиянды келтiруге өзiнiң ерiктi келiсiмiнiң (мысалы, криминалдық абортпен байланысты, пара беру ж.б.) салдарынан пайда болған болса, оны жәбiрленушi деп тануға болмайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықпен мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда өкілеттігі тиісті сенімхатпен ресімделген заңды тұлғаның өкілі жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 3; 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.4. Қоғамға қауiптi iс-әрекетпен зиян келтiрiлген адам тек оны жәбiрленушi, азаматтық талапкер деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана тиiстi процестік құқықтарға ие болады және оған заңмен белгiленген мiндеттер жүктеледi. Сондықтан сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап адамды жәбiрленушi деп тану, оған толық және уақтылы iске асыру мақсатында құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде, білікті заң көмегін алу, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда оны тегін алу құқығын түсiндiру, дереу жүргiзiлуi керек.
Адамды жәбiрленуші деп тану туралы қаулыда оған қандай зиян келтiрiлгенi көрсетiлуi керек, зиянның бiрнеше түрi келтiрiлгенде, бұл жағдай қаулыда (ұйғарымда) бейнеленуi қажет.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 3, 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.4-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
5. Материалдық залалды, оның iшiнде асыраушысынан айырылумен байланысты, зақымдану немесе денсаулығына басқа жарақаттар түсiрумен байланысты келтiрiлген, жерлеуге жұмсалған шығындар туралы, моральдық зиянды ақшалай толықтыру туралы т.б. залалды өтеу туралы талап қойған жәбiрленушi адам азаматтық талапкер болып та танылуы керек.
Иеленушiсінде (жалға алушы, сақтаушы ж.б.) заңды негiзде тұрған материалдық құндылықтарды ұрлаған, зақымдаған немесе жойған жағдайда азаматтық талапты осы құндылықтың иесi де, иеленушiсi де беруге құқықты.
Азаматтық талапкер болып танылған жәбiрленушi, iсте прокурордың қатысуына байланыссыз, талапкер қатарында соттағы жарыссөздерге қатысуға құқықты.
5-1. Қордан өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушіге қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың нәтижесінде келтірілген зиян "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда, тәртіп пен мөлшерде өтеледі.
Адамда өтемақы алу құқығы ол жәбірленуші деп танылғаннан кейін тікелей бірден туындайды және оның немесе оның өкілінің қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға арыз беру жолымен іске асырылады (2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) нормативтік қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Нәтижесi адамның өлiмiмен аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша заңда көрсетiлген жәбiрленушінің құқықтарына оның жақын туысқандары, жұбайы (зайыбы), бала ғып алушылар, бала болушылар ие болады, олардың iшiнен бiреуi өзара келiсiмдерi бойынша жәбірленушінің өкілі емес, жәбiрленушi деп танылады. Егер жәбiрленушінің құқықтарын жоғарыда көрсетiлген адамдардың бiрнешеуi талап етсе, оларды да жәбiрленушi деп тануға болады. Қасақана кiсi өлтiру жөнiндегi iстер бойынша, егер қылмыс өлген адамның жақындарының көз алдында жасалған болса, ол адамдар жәбiрленушi деп танылуға тиiс.
Жәбiрленушi өлген ретте және оның жақын туысқандары, жұбайы (зайыбы), бала ғып алушылар, бала болғандар жоқ болса, қылмыстық iстер сотта жүргiзгенде оның құқықтарын қамқоршылар, қорғаншылар, ол қорғаншылықта немесе асырауында болған мекемелердiң, ұйымдардың және адамдардың өкiлдерi iске асыра алады. ҚПК-нің 7-бабының 11) тармағына сәйкес ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже, немерелер жақын туыстар болып табылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).7. Жәбірленуші өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетімен не қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысуға жіберетін өкіл арқылы жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда ордердің негізінде адвокат та, заң бойынша сенімхаттың негізінде жәбірленушінің мүдделерін білдіруге өкілетті кез келген адам да, оның ішінде жақын туыстар да өкіл бола алады.
Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған адам немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін өздігінен қорғауға мүмкіндігі жоқ адам болып табылса, заңды өкілдің және өкілдің қатысуы міндетті. Бұл жағдайда жәбірленушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілі таңдап алған адвокат қана өкіл ретінде жіберіледі. Заңды өкілдің ұғымы ҚПК-нің 7-бабының 13) тармағында берілген.
Осы талап бұзылған жағдайда қандай жағдайда болмасын соттың үкімінің, қаулысының күші жойылуға жатады.
Он төрт жасқа дейінгі не он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден жауап алу кезінде заңды өкілдермен қатар педагог пен психолог қатысады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8. Iсте жәбiрленушінің, оның заңды өкiлiнiң, я жақын туысқандары iшiнен өкiлдiң қатысуы осы iсте бiр уақытта келiсiм бойынша жәбiрленушінің өкiлi болған адамды қатысу мүмкiншiлiгiнен айырмайды. Мұнымен қатар адамды жәбiрленушi деп таныған кезден бастап, оған сотта iс жүргiзу сатысының қай кезiнде болса да келiсiммен болған өкiлдiң қатысуға құқығы бар екенiн түсiндiрудi ескеру керек.
Қатысуына заңмен тиым салынған адамдар өкiл бола алмайды.
Өкiлдер iске жәбiрленушiмен қатар да, ол жоқ кезде де жiберiледi. ҚПК-нің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда өкілдердің еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жәбiрленушінің, азаматтық талапкердiң өкiлдерi жәбiрленушінің, азаматтық талапкердiң қатысуымен жүргiзілген тергеу әрекеттерінің басы-қасында болуға және прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға құқылы.
Жәбiрленушi iс бойынша өндiрiстiң қай кезiнде болса да келiсiммен болған өкiлден бас тартуға құқылы.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.9. Жәбiрленушінің, азаматтық талапкердің, олардың өкілдерінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталмастан бұрын iспен танысуды қажет етпеймiн деп берген арызы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаны көрсетiлген адамдарға сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлау және iспен танысуға, тiлектер қоюға құқықтары бар екенін түсiндiру мiндеттерiнен босатпайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10. (Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 3 Нормативтік қаулысымен).
11. Жеке айыптау істері бойынша айыпталушы қарсы айып тағуға құқылы, мұндай жағдайда сот екі айыптауды бір мезгілде шешуі тиіс. Ондай жағдайда екi арызданушы бiр процесте тек жәбiрленушi ғана емес, сол сияқты сотталушы да болып есептеледi, және сот олардың әрқайсысына заңда көрсетiлген жәбiрленушінің де, сотталушының да барлық процестік құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 3 Нормативтік қаулысымен.12. Сот сотталушыны жәбiрленушінің ар-намысы мен абыройын даттап масқаралайтын өтiрiк өсектер мен мағлұматтарды бұқаралық ақпарат құралдарында таратқаны үшiн кiнәлi деп таныса, үкiмде жәбiрленушінің беделiн түсiретiн мағлұматтардың жалғандығын баспасөзде жариялау қажеттiгi жөнiнде мәселе шешуге мiндеттi.
13. Жәбiрленушi, азаматтық талапкер, олардың өкiлдерi сотта іс жүргiзiлген тiлдi түсiнбейтiн болса тiлмашпен қамтамасыз етiлуге тиiс. Олардың мүддесiне қатынасы бар iс материалдары бұл адамдардың тiлегi бойынша өздерiнiң ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуы керек.
14. Жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне қандай да болса заңсыз ықпал жасаудан олардың қорғану құқығы бар екендігі уақтылы түсiндiрiлуi керек.
Жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне, сондай-ақ олардың семья мүшелерiне немесе жақын туысқандарына өлтiру, күш қолдану, мүлiктерiн жою немесе зақымдаумен қорқыту, сотқа келулерiне кедергi жасау, жауап беруден бас тарттыруға я бiле тұра жалған жауап беруге, немесе басқадай құқыққа қарсы әрекеттерге мәжбүр ету жөнiнде жеткiлiктi мәлiметтер болса, анықтама органдары, тергеушi, прокурор, сот бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысын, абыройын және мүлiктерiн қорғауға, сондай-ақ кiнәлi адамдарды анықтап оларды жауапқа тарту үшiн заңда көрсетiлген шараларды қолдануға тиiс.
15. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).16. Қылмыстық процесті жүргізуші орган моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы әрбір іс бойынша қылмыстық істе азаматтық талап қоюға жәбірленушінің құқығын түсіндіруге, ал мұндай талап қойылған кезде оны азаматтық талапкер деп тануға және оған тиісті құқықтарын түсіндіруге міндетті.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. Жәбiрленушiге қоғамға қауiптi іс-әрекетпен келтiрiлген материалдық залалды өндiру қолданылып отырған заңда көрсетiлген тәртiппен және мөлшерде қылмыстық iстi сотта қарау ретiнде шешіледi. Сонымен қатар соттар азаматтық заң нормаларына сәйкес мүлiктiк зиянға жауапты адам азаматтық талапкерге немесе жәбірленушіге зиянды натурасында өтеуге мiндеттi екенiн (сол түрдегi және сападағы затты беруге, зақымданған затты түзеуге т.с.с.) немесе жәбiрленушiге ұрлықпен, жоюмен, я оның затын зақымдаумен келтiрiлген шығындарды толықтай өтеуге; зиян келтiрушi жәбiрленушінің зақымдануына, немесе басқаша денсаулығы жарақаттануына, асыраушысынан айырылумен байланысты шығындарды, жерлеу шығындарын өтеуге; заңда көрсетiлгеннен басқа беттерде көтерiңкi қауiп арнасымен келтiрiлген зиянды, арнаның иесi төлеуге; әрекеттiк қабылеттiлігі жоқ деп танылған азаматтың келтiрiлген зиянын, оның қамқоршысын немесе оған қадағалау жасауға мiндеттi ұйым өтеуге (егер олар зиян олардың кiнәсiнен пайда болмағанын дәлелдей алмаса); он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның келтірген зиянын, онда зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік немесе өзге де кіріс көздері болмаған жағдайда, оның заңды өкілдері, егер зиянның пайда болуына өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмаса, зиянды толық немесе жетіспейтін бөлігінде өтеуге тиіс екенін ескергендері жөн.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. Мүлiктi ұрлау, зақымдау немесе жоюмен келтiрiлген залал жәбiрленушiге өтеу жөнiнде шешiм қабылданған күнге орныққан бағаны ескере отырып өтеледi.
Қажеттi деп табылған ретте мүлiктi ұрлау, зақымдау немесе жою арқылы келтiрiлген залалдың мөлшерiн сот сараптама қорытындысы негiзiнде анықтайды, не залалды мамандар немесе сарапшылар анықтауы мүмкiн.
Сот iс қараған кезде орныққан бағаны ескерiп, өтеуге жататын залалдың мөлшерiн көбейтуге құқықты. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн бағаның өзгерумен байланысты өндiрудiң мөлшерiнiң өзгеруi қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы мен айып көлемiне ықпал жасамайды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).19. Айыптау үкiмiн шығарған кезде сотталғаннан жәбiрленушінің пайдасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотқа шарт бойынша қатысқан жәбiрленушінің өкiлiнiң еңбегiн төлеумен байланысты шығындар өндiрiлуге жатады.
Қылмыстық iс жүргiзу заңында көрсетiлген жәбiрленушінің, оның өкiлiнiң басқа шығындары (процестік әрекеттер жүргiзiлетiн жерге келгенде және керi қайтқанда жолдың ақысын төлеу, тұрғын үй жалдаудың, тәулiктiң төлемi және басқалар) жоғарыда аталған адамдардың пайдасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сот органдарының қаржысынан төленедi де, кiнәлi адамнан мемлекет пайдасына өндiрiледi.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).20. Сот, залалды бiрiккен әрекеттерiмен келтiрген сотталған адамдарға, егер мұндай тәртiп азаматтық талапкердiң мүдделерiне сай келсе және залалды өндiрудi қамтамасыз ететiн болса, ортақ емес үлестi, жауаптылықты міндеттеуге құқылы.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).21. Сот жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне сот мәжiлiсiнiң хаттамасымен танысуына және оған өз ескертпелерiн беруге құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi және бұл басты сот талқылауы хаттамасында бейнеленуге тиiс. Тағайындалған мерзiмдердi бұзып жасалған хаттамаға қол қойылған күн туралы көрсетiлген адамдар хабарлануға тиiсті.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).22. Егер сот iстi сотта қарау үстiнде қоғамға қауiптi әрекетпен зиян келтiрiлген азаматтың жәбiрленушi деп танылмағанын анықтаса, сот оны жәбiрленушi деп тану жөнiнде қаулы шығаруға, оған құқықтарын, оның iшiнде сотта қарау материалдарын қоса, iспен танысуға құқылы екенiн түсiндiруге және оның құқықтарын iске асыруын қамтамасыз етуге тиiс.
Көрсетiлген жағдайлар кеңесу бөлмесiнде анықталса, сот сот тергеуiн қайта бастауға мiндеттi.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 3 Нормативтік қаулысымен.23. Жәбiрленушiге бiрiншi сатыдағы сотқа оның қатысқан, қатыспағанына қарамастан апелляциялық түрде шағыну құқығы қамтамасыз етiлуi керек.
Жәбiрленушi барлық реттерде шығарылған үкiм жөнiнде оған шағыну тәртiптерi түсiндiріліп, процестiң басқа қатысушыларының шағымдары және прокурор келтірген өтінішхат, сол сияқты iстiң апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотта қаралатын күнi мен орны жөнiнде хабарлануы тиiс.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 3, 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.24. Апелляциялық сатыдағы сот жәбiрленушi келтiрiлген прокурордың өтінішхаты немесе процесстiң басқа қатысушыларының берген апелляциялық шағымдары, сол сияқты iстiң апелляциялық түрде қаралатын күнi жөнiнде хабарланбағанын, немесе прокурордың өтінішхатымен, шағыммен танысуға, оларға қарсылық беруге мүмкiншiлiк жасалмағанын анықтағанда, өзi iстей алатын реттерден басқа жағдайда (мысалы, жәбiрленушiнiң апелляциялық, кассациялық сатыға келуi және қажеттi құжаттармен танысуы), iстi жiберiлген бұзушылықтарды жою үшiн үкiм шығарған сотқа қайтаруға тиiс.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 3, 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.25. Үкiмдi ауырырақ қылмыстық құқық бұзушылық жөнiндегi заңды қолдану қажеттiлiгi, я жазаның жеңiлдiгімен байланысты бұзу, сол сияқты ақтау үкiмiн бұзу жәбiрленушi тек осы көрсетiлген негiздермен апелляциялық шағым, кассациялық тәртіппен өтінішхат шағым берген реттерде болуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi үкiмге басқа негiздермен шағынған болса (оған келтiрілген мүлiктiк залалдың мөлшерiн қате есептеу, басқа адамдарды жауапқа тартпағандық ж.с.с.) онда сот сотталғанның жағдайын әлсiретуге, немесе ақтау үкiмiн бұзуға құқылы емес.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 3, 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.26. Жәбiрленушіні құқығынан айыру немесе құқығына шек қою, егер ол соттың iстi жан-жақты қарауына және заңды, дәлелдi үкiм шығаруына ықпал жасаса, үкiмдi бұзуға әкелiп соғатын қылмыстық iстер жүргiзу заңының елеулi бұзылуы болып танылуы мүмкiн.
Осыған байланысты соттар қылмыстық істі басты сот талқылауында қарастыру кезінде де және іс бойынша шыққан сот актілерін апелляциялық тәртіпте қайта қарау кезінде де, сонымен қатар сотталушыны жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесін қарастыру кезінде жәбірленуші мен оның өкілінің қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, сот оларға іс материалдарымен танысу, соның ішінде түскен шағымдармен, прокурор келтірген өтінішхаттармен және өзге де өтінішхаттармен танысу, сотқа жазбаша қарсы пікірлерін, өтініштерін және өтінімдерін жолдау, сот отырыстарына қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзінің өкілін жіберу немесе олардың қатысуынсыз істі қарастыру туралы сотқа жазбаша хабарлау құқықтарын түсіндірулері қажет.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.27. Осы қаулының қабылдануымен байланысты ССРО Жоғарғы Соты Пленумының 1985-жылғы 1-қарашадағы "Жәбiрленушінің қылмыстық сот өндiрiсiндегi қатысуын реттейтiн заңды соттардың қолдану практикасы туралы" N 16 қаулысы жарамсыз деп саналады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Нормативтік қаулысымен.28. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 28-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).