"Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 шiлдедегi № 591 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 23 шілдедегі
№ 591 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 543 қаулысына
қосымша

Байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с №

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

1-сынып – "қызметке берілетін рұқсаттар"


1.

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат беру

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат

4-сынып – "ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар"


2.

Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөліп көрсету, сондай-ақ оларды алып қою

Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрық

3.

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат