"Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдед

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 шiлдедегi № 591 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 23 шілдедегі
№ 591 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 543 қаулысына
қосымша

Байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с №

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

1-сынып – "қызметке берілетін рұқсаттар"


1.

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат беру

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат

4-сынып – "ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар"


2.

Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөліп көрсету, сондай-ақ оларды алып қою

Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрық

3.

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат