"Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 124 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2025 № 415 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов