Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |