Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1055 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 1055 қаулысына
Қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 582 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 794 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      4. "Магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 353 қаулысы.

      5. "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 853 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.

      6. "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы" 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1143 қаулысы.