"ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 982 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2021 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының атауы "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 982 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепте.

      ".

      2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ акциялары пакетінің 100 %".

      3. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      4. "Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалсын.".

      5. "Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы 1171 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасында:

      "Қазақстан Республикасын газдандырудың қазіргі жағдайы" деген 1-бөлімде:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Газ саласының перспективалы дамуы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кен орындарын игерумен тікелей байланысты болады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Энергетикамині) бағалауы бойынша Қашаған бойынша газ өндірудің күтілетін көлемі жылына шамамен 9 миллиард м3 (бұдан әрі – млрд м3) газды құрайтын болады. Аталған көлемнен Қазақстан Республикасының ұлттық операторы "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Ұлттық оператор) мен Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мердігер компаниялар арасындағы шартқа сәйкес Ұлттық оператор Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің (бұдан әрі – СК ӨБК) қолданылу мерзімі аяқталғанша, яғни 2042 жылға дейін жылына Қашаған газының шамамен 2,5 – 3 млрд м3 сатып алатын болады.";

      "Қажетті қаржы ресурстары және олардың көздері" деген 5-бөлімде:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық оператор қаражатынан қаржыландыру бойынша шешім "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-ның инвестициялық жобаларды қараудың корпоративтік қағидаларына сәйкес қабылданады. Ұлттық оператор қаражатынан газдандыруды қаржыландыру көлемдерін бағалау Ұлттық оператордың 2016 – 2021 жылдар аралығында 5 % және 2022 – 2030 жылдар аралығында 10 % көлеміндегі ("QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ) маржасын есепке ала отырып, тауарлық газдың көтерме өткізу бағасы негізінде есептелген.";

      13-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-кесте – Негізгі реалистік сценарий бойынша газдандыру жобаларын қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу кестесі

Атауы

Өлшем бірлігі

2016 –2020 жж.

2021 – 2025 жж.

2026 – 2030 жж.

Жиыны

Газдандырудың бас схемасын іске асыруға арналған инвестициялар көлемі

млн теңге

488 448,6

128 383,8

39 059,3

655 891,7

Ұлттық оператордың ("QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ) қаржыландыру көлемдерін ірілендірілген бағалау

млн теңге

36 544,1

85 995,4

39 059,3

161 598,8

Бас схеманы қаржыландыру көлеміндегі Ұлттық оператордың ("QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ) үлесі

%

7,5%

67,0%

100,0%

24,6%

Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі

млн теңге

67 651,6

0,0

0,0

67 651,6

Бас схеманы қаржыландыру көлеміндегі республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемінің үлесі

%

13,9%

0,0%

0,0%

10,3%

Өзге де қаржыландыру көздерінен және жеке инвесторлардан қаржыландыру көлемі

млн теңге

384 252,9

42 388,4

0,0

426 641,3

Бас схеманы қаржыландыру көлеміндегі өзге де қаржыландыру көздері есебінен қаржыландыру көлемінің үлесі

%

78,7%

33,0%

0,0%

65,0%

      ".

      6. "Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      7. "Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 337 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

      кестеде:

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырының Лупинг жобасының құрылысы

пайдалануға беру актісі

ЭМ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2022

32 474,0

ЖИ

2023

67 291,0

      ";

      реттік нөмірлері 136 және 137-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

136.

Атырау қаласында Фин АГТС-ін салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), әкімдік

2022

1 035,0

РБ

2023

1 035,0

2022

115,0

ЖБ

2023

115,0

137.

Салынып жатқан Фин АГТС-іне дейін қосатын жоғары қысымды газ тарту құбырын салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), әкімдік

2022

1 350,0

РБ

2023

1 350,0

2022

150,0

ЖБ

2023

150,0

      ";

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "QazaqGaz" ҰК" АҚ – "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 22.09.2023 № 828 қаулысымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасында:

      "Паспорт" деген 1-бөлімде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, "Астана" халықаралық қаржы орталығы" әкімшілігі" АҚ, "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ, "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" АҚ, "KEGOC" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Қазақтелеком" АҚ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Қазсушар" РМК, "Транстелеком" АҚ.

      ";

      "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасына қосымшада:

      "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар-кестесінде:

      реттік нөмірі 129-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

129

3-іс-шара. Газ құбырлары объектілері (AGIS) бойынша талдамалық геоақпараттық жүйені құру және енгізу

2023 жыл

ҚР Энергетика вице-министрі Ж.З. Жахметова, ЭМ ЦАД директорының орынбасары Л.Р. Бейсебаева, "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы К.К. Шәріпбаев (келісу бойынша)


"QazaqGaz" ҰК" АҚ қаржысы есебінен










      ".

      9. "Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 854 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітіліген жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуда:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

газ және газ конденсаты кен орындарындағы газ ресурстарын, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру

      ";

      Ескертпеде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның өкілеттіктерін іске асыру кезінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы арасында қызметтің аражігін ажырату тиісті келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 797 қаулысымен
бекітілген

Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с №  

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көзі








1

2

3

4

5

6

7

1.

Отандық зауыттарда мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды шығаруды ынталандыру мақсатында автобус тасымалын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны және табиғи газ отынын құю инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыру мәселесі жөнінде ұсыныстар енгізу

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келісу бойынша), "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы ақпан

талап етілмейді

-

2.

Осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау

мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды және арнайы автомобильдерді қабылдау-беру актілері

ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

3.

Осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ қажеттілігінің нысаналы көрсеткіштерін орындау

Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-мен қамтамасыз ету көлемі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

4.

Осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау

АГТКС-ті және (немесе) КриоАЖҚС-ті пайдалануға беру актілері

"QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша) "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС (келісу бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

46 млрд теңге

жеке инвестициялар, қарыз қаражаты

5.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобус маршруттарын бөлуді ескере отырып, сондай-ақ "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Ташкент-Қорғас" халықаралық көлік дәліздерінде АГТКС-ті және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу үшін жер учаскелерін бөлу

жергілікті атқарушы органдардың қаулылары

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

6.

Республика ішінде  жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарында мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды жаңарту бойынша талаптарды белгілеу

республика ішінде жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттары

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

7.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы сәйкестендіру және (немесе) әзірлеу, АГТКС, КриоАЖҚС, көпотынды жанармай құю станцияларын, СТГ шығаратын зауыттарды жобалау, салу және пайдалану

ҚР ҚН, МемСТ, ҚР СТ

ИИДМ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

8.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын сатып алу және (немесе) қайта жабдықтау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарды және халықты ынталандыру үшін жеңілдікті кредит беру мәселесін және басқа да қаржылық, әкімшілік тетіктерді пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы наурыз

талап етілмейді

-

9.

Отандық дайындаушы зауыттарға автокөлік құралдарын шығаруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен және авторландырылған дилерлік орталықтардың Қазақстан Республикасына дайындаушы зауыттар шығарған қосотынды (бензин/сығылған ТГ, ДО/сығылған ТГ) автокөлік құралдарын әкелуін ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны мотор отыны ретінде пайдаланатын жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың санын ұлғайту

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы наурыз

талап етілмейді

-

10.

Сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны локомотивтік техникаларда пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселесін пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныс

"QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2020 жыл

талап етілмейді

-

11.

Ведомстволық/қызметтік автокөлік құралдарына, мемлекеттік органдардың арнайы көліктеріне сығылған ТГ-ны және (немесе) СТГ-ны ендіру жөніндегі мәселені пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ІІМ, Қорғанысмині, АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы мамыр

талап етілмейді

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "QazaqGaz" ҰК" АҚ – "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      АГТКС – автогаз толтыру компрессорлық станциясы;

      КриоАЖҚС – сұйытылған табиғи газ криогенді жанармай құю станциясы;

      ТГ – табиғи газ;

      СТГ – сұйытылған табиғи газ;

      ДО – дизель отыны;

      ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;

      МемСТ – мемлекеттік стандарт;

      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты.

      _______________________

  Табиғи газды мотор отыны
  ретінде пайдалануды өрістету
  жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға
  арналған іс-шаралар жоспарына
  1-қосымша

Мотор отыны ретінде сығылған және (немесе) сұйытылған табиғи газды пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштер

      бірлік

Р/с №

Әкімшілік-аумақтық бірлік

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1

Нұр-Сұлтан қаласы

0

400

800

1200

2

Алматы қаласы

1200

1600

1 800

2000

3

Шымкент қаласы

400

800

1 200

1600

4

Ақмола облысы

0

100

300

500

5

Ақтөбе облысы

200

300

400

600

6

Алматы облысы

200

400

500

600

7

Атырау облысы

200

300

400

500

8

Батыс Қазақстан облысы

200

300

400

500

9

Жамбыл облысы

200

300

400

600

10

Қарағанды облысы

0

200

300

600

11

Қостанай облысы

200

300

400

600

12

Қызылорда облысы

200

300

400

600

13

Маңғыстау облысы

200

200

300

500

14

Түркістан облысы

100

400

500

600

15

Павлодар облысы*

0

100

200

400

16

Солтүстік Қазақстан облысы*

0

100

200

400

17

Шығыс Қазақстан облысы*

0

0

0

200

ЖИЫНЫ

3 300

6 100

8 500

12 000

      * Газдандырылған жағдайда

      _________________________

  Табиғи газды мотор отыны
  ретінде пайдалануды өрістету
  жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға
  арналған іс-шаралар жоспарына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған табиғи газ қажеттілігінің нысаналы көрсеткіштері

      млн текше м.

Р/с №

Әкімшілік-аумақтық бірлік

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1

Нұр-Сұлтан қаласы

0

17

34

50

2

Алматы қаласы

50

67

75

84

3

Шымкент қаласы

17

34

50

67

4

Ақмола облысы

0

4

13

21

5

Ақтөбе облысы

8

13

17

25

6

Алматы облысы

8

17

21

25

7

Атырау облысы

8

13

17

20

8

Батыс Қазақстан облысы

8

13

17

20

9

Жамбыл облысы

8

13

17

25

10

Қарағанды облысы

0

8

13

25

11

Қостанай облысы

8

13

17

25

12

Қызылорда облысы

8

13

17

25

13

Маңғыстау облысы

4

8

13

21

14

Түркістан облысы

8

17

21

25

15

Павлодар облысы*

0

4

8

17

16

Солтүстік Қазақстан облысы*

0

4

8

17

17

Шығыс Қазақстан облысы*

0

0

0

8

ЖИЫНЫ

135

258

358

500

      * Газдандырылған жағдайда

      ____________________

  Табиғи газды мотор отыны
  ретінде пайдалануды өрістету
  жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға
  арналған іс-шаралар жоспарына
  3-қосымша

Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және (немесе) криогенді автомобильдік отын құю станцияларын салу бойынша нысаналы көрсеткіштер

      бірлік

Р/с №

Әкімшілік-аумақтық бірлік

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1

Нұр-Сұлтан қаласы

0

3

7

10

2

Алматы қаласы

10

13

15

17

3

Шымкент қаласы

3

7

10

14

4

Ақмола облысы

0

1

3

4

5

Ақтөбе облысы

2

3

3

5

6

Алматы облысы

2

3

4

5

7

Атырау облысы

2

3

3

4

8

Батыс Қазақстан облысы

2

3

3

4

9

Жамбыл облысы

2

3

3

5

10

Қарағанды облысы

0

2

3

5

11

Қостанай облысы

2

3

4

5

12

Қызылорда облысы

3

3

4

5

13

Маңғыстау облысы

1

2

3

4

14

Түркістан облысы

2

3

4

5

15

Павлодар облысы*

0

1

2

3

16

Солтүстік Қазақстан облысы*

0

1

2

3

17

Шығыс Қазақстан облысы*

0

0

0

2

ЖИЫНЫ

31

54

72

100

      * Газдандырылған жағдайда

      _______________________