Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 794 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 794 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 67, 621-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасында:

      "Қазақстан Республикасын газдандырудың қазіргі жағдайы" деген 1-бөлімде:

      3-тармақтың міндеттері 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін газ саласын дамытудың экономикалық жағынан негізделген стратегиялық бағыттары" деген 2-бөлімде:

      3-тармақтың екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

      3. "Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысында:

      осы қаулыға 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Жалпы түсіндірме жазба, Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘААБ)

3-том

3

390


      ".