Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 361 қаулысы.

Қолданыстағы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының тоғызыншы және он бірінші абзацтары 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 361 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 447-2) және 447-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "447-2) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      447-3) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;".

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      198) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "198) заңды тұлғаларға өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын өнімнің (азаматтық пиротехникалық заттардың және олар қолданылып жасалған бұйымдардың) экспорты мен импортына лицензия алу үшін өтінішті келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 198-1) және 198-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "198-1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      198-2) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;".

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      396) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "396) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтардың және тиісті тауарлар мен технологиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына және импортына лицензия беруін келіседі;";

      401) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "401) атом энергиясын пайдалану саласында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 401-1) және 401-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "401-1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      401-2) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;".

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 323-5) және 323-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "323-5) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      323-6) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;".

      5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту салаларында; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту салаларында; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";

      15-тармақта:

      141) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "141) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "141-1) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      142), 143) және 144) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "142) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      143) Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      144) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;";

      145) тармақша алып тасталсын:

      146) және 147) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "146) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

      147) эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 147-1), 147-2), 147-3), 147-4), 147-5), 147-6), 147-7), 147-8), 147-9, 147-10), 147-11), 147-12), 147-13), 147-14) және 147-15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "147-1) импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      147-2) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, оларды қолдану тәртібін әзірлеу және бекіту;

      147-3) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      147-4) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      147-5) өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      147-6) бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      147-7) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді бақылауды жүзеге асыру;

      147-8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      147-9) бақылау тізімін бекіту;

      147-10) уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;

      147-11) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      147-12) мыналарды:

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия (өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына лицензия, қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар импортына лицензия);

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат;

      эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат;

      эксаумақтық кері экспортқа рұқсат;

      импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат;

      Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын;

      Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруді жүзеге асыру;

      147-13) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының тізімін жүргізу;

      147-14) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату;

      147-15) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалауды жүргізу;".

      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 297-1) және 297-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "297-1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      297-2) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;".

      7. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 263) және 264) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "263) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      264) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;".

      8. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 177-15) және 177-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "177-15) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      177-16) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру".