Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің көлеміне байланыстырылған және 1,5 пайыздық тармақтан асырылмай ұлғайтылған қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.";

      7-тармақта:

      бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды. Сыйақының шекті мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және кәсіпкердің жобасы бойынша ЕДБ/ЛК шешімін қабылдау кезінде қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі;";

      бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "субсидиялау мерзімі – қоса алғанда 5 жылға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте мынадай ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды:

      1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінімді беру сәтінде күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен несиелік берешегі бар;

      2) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;

      3) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген;

      4) кәсіпкерлер/акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС қоспағанда) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС.";

      төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салықтық берешегінің болмауы;";

      9-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және ЕДБ/ЛК шешім қабылдаған күнге 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.";

      12-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті және қаржылық лизингті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;

      2) ЕДБ-ға, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӨДҚ) және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады;

      ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.";

      2) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында:

      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;

      2) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      3) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

      5) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

      6) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

      7) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

      8) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;

      9) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

      10) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кредитті/микрокредитті нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін және активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалар;

      2) ұлттық даму институттары кредитор болып табылатын кредиттер/микрокредиттер;

      3) сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде арзандатылған ЕДБ/МҚҰ кредиттерді/микрокредиттерді/қаржыландыруын қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер/микрокредиттер;

      4) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешен ретінде сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      5) овердрафт түріндегі кредиттер "Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге жатпайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін, сонымен қатар сауда саласындағы қызметті (азық-түлік саудасына жол беріледі) қоспағанда, инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Жобаларды моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін, ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерге/микрокредиттерге/қаржыландыруға жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негіздегі кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде оны қайта алуға жол беріледі.";

      9-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша өтейді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыруды беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін және кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хатты береді.

      Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыру бойынша кепілдіктерді талапты алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Кредит шартына/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатқа сай пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

      1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

      2) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 58-1) тармақпен толықтырылсын:

      "58-1. Банк/МҚҰ жобаның осы Қағидалардың және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін /үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкестігіне мониторингті, атап айтқанда:

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кредитті/қаржыландыру шартын/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану мониторингін;

      төлем тәртібінің мониторингін (тұрақты негізде);

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде жобаның және (немесе) кәсіпкердің ұлттық жобаның, Қағидалар мен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асырады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қаржы агенттігі:

      1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

      2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберілген жағдайда осы Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ бойынша кредиттік қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жобалары бойынша қаржы агенттігі іріктеп мониторинг жүргізеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" __________ қоса алғанда қолданыста болады, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте Сіздің жазбаша талабыңызды біз жоғарыда көрсетілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей алуымыз тиіс.";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) банктің/лизингтік компанияның өтініші – банктің/лизингтік компанияның қосылу шартына қосылу туралы өтініші;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) кәсіпкер – өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) кәсіпкердің өтініші – кәсіпкердің қосылу шартына қосылу туралы өтініші;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) қосылу шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және қаржы агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылатын стандартты нысандағы қосылу шарты нысанындағы субсидиялау шарты, оның талаптарын кәсіпкер және банк/лизингтік компания ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен қабылдайды;

      17-2) қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген банк/лизингтік компания мен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржы лизингі шарты шеңберінде қол қойылатын кесте;";

      6-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші өздерінің араларында жасалатын субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";

      11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, сондай-ақ номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, "жасыл" жобаларды іске асыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Өз қызметін осы Субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай жүзеге асыратын және жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      23. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.";

      43-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тетіктің шеңберінде банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобалар бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100 % қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

      өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

      кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауына жол берілмейді.";

      50-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-параграфпен толықтырылсын:

      "4-1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

      68-1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны ескерілмей жүзеге асырылады.

      68-2. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.

      68-3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын банктер/лизингтік компаниялар қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) берген және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      Қаржы агенттігінің субсидиялау құралы бойынша мақұлдауын алған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      68-4. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады:

      инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      68-5. Жаңа кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/лизингтік мәмілелер де жатады.

      68-6. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Айналым қаражатын толықтыруға бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін кредит сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін құрайды.

      68-7. Субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады.

      68-8. Кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

      68-9. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/лизингті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

      Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

      Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      Қаржы агенттігі жоба осы Субсидиялау қағидаларының 1-тарауының 10 және 11-тармақтарында, 2-тарауының 1, 2, 3, 5, 7 және 8-параграфтарында көрсетілген шарттарына сәйкес келмеген жағдайда дәлелді негіздемесімен субсидиялар беруден бас тартады.";

      91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Банк/МҚҰ/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының шеңберінде қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған/кәсіпкердің өтінішін берген кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/микрокредит бойынша шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/МҚҰ/лизингтік компания мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/микрокредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кәсіпкерден кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.

      92. Банктер/лизингтік компаниялар тетік шеңберіндегі жаңа кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінен кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушісінен субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды. Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі келісілмейді/кәсіпкердің өтінішін қаржы агенттігі қабылдамайды.";

      мынадай мазмұндағы 101-1, 101-2, 101-3 және 101-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "101-1. Қосылу шарты бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланған жағдайда, кәсіпкер 3 (үш) айды құрайтын қаржы агенттігінің уәкілетті органының оң шешімінің қолданылу мерзімі ішінде кәсіпкердің өтінішіне қол қояды және банкке/лизингтік компанияға ұсынады. Банк/лизингтік компания кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген қол қойылған өтінішін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаржы агенттігіне қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

      Қаржы агенттігі субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін субсидиялаудың толтырылған талаптарының қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, сондай-ақ қосылу шартына төлемдер кестесін сыйақының субсидияланатын бөлігін есептеудің дұрыстығы тұрғысынан келіседі және кәсіпкердің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауапты жұмыскердің қолымен растайды.

      Ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      101-2. Субсидияларды төлеу банк/лизингтік компания ұсынған және қаржы агенттігі келіскен қосылу шарты (субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін көрсете отырып) бойынша төлемдер кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

      Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі бойынша субсидиялау мерзімі банк/лизингтік компания және кәсіпкер төлемдер кестесіне қол қойған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын белгіленеді. Көрсетілген шарт ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге (транштарға) қолданылмайды, бұл ретте қосылу шарты бойынша төлемдердің кейінгі кестелері кәсіпкердің өтінішінсіз ұсынылады.

      101-3. Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

      101-4. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын жағдайда, кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Банк қаржы агенттігіне субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.";

      мынадай мазмұндағы 104-1-тармақпен толықтырылсын:

      "104-1. Өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 % мөлшерінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа қаражат аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/даму банкіндегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы банкті/даму банкін/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.";

      107-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 119-1-тармақпен толықтырылсын:

      "119-1. Қосылу шарты бойынша субсидиялау кезінде төлем кестесінде көзделген қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына өзгерістер енгізілген кезде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне өзгерістерді ескере отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

      Бұл ретте егер банк/лизингтік компания кредит/лизинг сомасын және (немесе) сыйақы мөлшерлемесін, жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін ауыстыра отырып, кәсіпкердің атауын/борышты аудару мынадай шарттарды өзгерткен жағдайда, бұл өзгерістерді қаржы агенттігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің уәкілетті органның қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені банкке/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

      Кәсіпкердің өтінішінде көзделген талаптар өзгерген жағдайда, кәсіпкер қаржы агенттігінің үзінді көшірмесін алғаннан кейін банкке/лизингтік компанияға қосылу шартына қосымша өтініш жібереді, ол, өз кезегінде, осы өтінішті қаржы агенттігіне қосылу шартына өзгертілген кестемен ұсынады.";

      129-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк/МҚҰ алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;";

      130-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/микрокредиттің/лизингтің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады. Кредиттің/микрокредиттің/лизингтік мәміленің толық мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап субсидиялау тоқтатылады.";

      мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын:

      "135-1. Мынадай:

      1) кәсіпкер банк/даму банкі/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) кәсіпкер өзінің бұрын қол қойылған өтініші бойынша субсидиялау шарттарынан өз бастамасы бойынша бас тартқан жағдайларда қосылу шарты бойынша субсидияларды төлеу тоқтатылады.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның төлемдерді өтеудің электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген кестесі бар және төленуге тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген хатын жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/лизинг бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің осындай жағдайлар бойынша біріктірілген көшірмелерін не банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдерді өтеу кестесі бар және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын ұсынуға жол береді.";

      148-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "148-2. 2022 жылғы 26 шілдеге дейін мақұлданған тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:

      3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді беруге және ашуға міндеттенемін.";

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын тауардың номиналды үстеме бағасымен/жалдау төлемінің бір бөлігімен қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді ұсынуға және ашуға міндеттенеді.";

      5) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларында:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше кредиттер/қаржылық лизинг шарттары алынуы мүмкін).

      Бір жоба бір мезгілде мынадай 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан да көп жобалардың жиынтығы болып саналады:

      жоба бір объект ретінде жүзеге асырылады (физикалық немесе технологиялық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты бір ғимарат/құрылым/объект болып табылады);

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кәсіпкер – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) портфельдік кепілдік беру – қаржы агенттігі банк/кәсіпкер үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;";

      14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кепілдік беру банк/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен аспайтын банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";

      26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кепілдік мөлшері:

      360 (үш жүз алпыс) млн теңгеге дейін кредит сомасының 85 %-ынан;

      600 (алты жүз) млн теңгеге дейін кредит сомасының 70 %-ынан;

      1 (бір) млрд теңгеге дейін кредит сомасының 50 %-ынан аспайды.

      Кәсіпкер бұл ретте берілетін кепілдіктерге байланысты кепілдік құны 15 %-дан 50 %-ға дейінгі мөлшерде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:

      "1-1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары

      32-1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны есепке алынбай жүзеге асырылады.

      32-2. Кредиттерге кепілдік беру инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің жаңа кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      32-3. Ішінара кепілдік беру:

      инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізуді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) мақсаттарына әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      100 % айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      32-4. Кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-нан аспайды, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі бұл ретте құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      3) берілетін кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

      4) кредит валютасы – теңге.

      32-5. Кепілдік беру банктің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің жобасы бойынша шешім қабылдаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар банктің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Банк/лизингтік компания шешім қабылдаған күні номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизингі кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит/қаржылық лизинг мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.";

      47-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне берген кезде салық берешегінің жоқтығы туралы өзекті анықтаманың болуы талап етіледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша жоба шеңберінде алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      49-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі нақты сәйкессіздіктерді көрсете отырып, дәлелді бас тартуды жібереді.";

      77-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайда, жобаның Кепілдік беру қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.";

      7) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларында:

      2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн теңгеден кем болмауға тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн теңгеден кем болмауға тиіс, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін 5 (бес) млрд теңгеден аспайтын сомадағы инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды), сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобаларды қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспауға тиіс;

      3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 % болатын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) млрд теңгеден кем болмауға тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 1 (бір) млрд теңгеден кем болмауға, бірақ 10 (он) млрд теңгеден аспауға тиіс;

      3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.";

      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – кемінде 3 (үш) мың шаршы метр сауда алаңы бар;";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сай келмейтін индустриялық аймақтың жобаларына инфрақұрылым жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу өлшемшарттарына сай келетін индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

      18. Индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру кезінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу кезінде қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 % береді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаражат бөлу қажеттілігі туралы бюджеттік өтінімді қалыптастырады және:

      1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 13, 15 және 16-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;

      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жеткізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 72-тармақпен толықтырылсын:

      "72. Өңірлік үйлестірушілер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының іске асырылу мәртебесі туралы ақпарат береді. Жобалар пайдалануға берілген жағдайда өңірлік үйлестірушілер құрылған тұрақты және уақытша жұмыс орындары, салық аударымдары, өнім шығару және еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы туралы ақпарат береді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      5-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _________________";

      9) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10) көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;";

      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер.";

      11) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидаларымен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы мыналарды:

      1) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының екі жүз отызыншы, екі жүз отыз бірінші, екі жүз отыз екінші, екі жүз отыз үшінші, екі жүз отыз төртінші, екі жүз отыз жетінші, екі жүз отыз сегізінші, екі жүз отыз тоғызыншы, екі жүз қырықыншы, екі жүз қырық бірінші, екі жүз елу екінші, екі жүз елу үшінші, екі жүз елу төртінші абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының екі жүз отыз бесінші, екі жүз отыз алтыншы, екі жүз қырық төртінші, екі жүз қырық бесінші, екі жүз қырық алтыншы, екі жүз қырық жетінші, екі жүз қырық сегізінші, екі жүз қырық тоғызыншы, екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      2) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      3) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясында қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

      4) АХҚО қор биржасының облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі нормативтік құжат;

      5) АХҚО қор биржасының исламдық бағалы қағаздарды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында исламдық бағалы қағаздарды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі нормативтік құжат;

      6) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      7) АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығы субъектілерімен өзара қарым-қатынастарының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      8) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      9) банк-төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      10) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      11) "жасыл" облигация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген, тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      12) "жасыл" облигациялар қағидаттары – капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық ерікті стандарты және (немесе) (Climate Bond Initiative) климаттық бондтар бастамасының климаттық бондтар стандарты;

      13) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      14) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-шаралар мен іс-қимылдар жиынтығы;

      15) исламдық бағалы қағаздар – шығарылу шарттары материалдық активтерге бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге, көрсетілетін қызметтерге немесе қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың активтеріне билік ету құқығын куәландыратын, исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар;

      16) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру – бағалы қағаздардың бастапқы нарығында купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздарды сату;

      17) исламдық бағалы қағаздарды өтеу – ұстаушыға тиесiлi исламдық бағалы қағаздар санының осы шығарылымдағы исламдық бағалы қағаздардың жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу;

      18) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар тұлға;

      19) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, исламдық бағалы қағаздардың сатуға болжанатын, шығарылым көлемі, шығарылымдағы исламдық бағалы қағаздар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналыста болуы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және исламдық бағалы қағаздарды сатып алу туралы инвестордың шешіміне ықпал етуі ықтимал басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      20) кәсіпкер – өз қызметін осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар түрінде қаржы құралдарын шығаратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      21) купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – эмитенттерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны, ол купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар ұстаушыға немесе купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыға эмитент төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      22) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигацияны ұстаушыға мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызбен көрсетілген мөлшері;

      23) купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын, АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар;

      24) купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген исламдық бағалы қағаздар;

      25) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      26) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      27) ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – АТҚАЖ) – жіберілетін құжаттаманы рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғай алатын арнайы байланыс арнасы;

      28) қаржылық консультант – эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша эмитентке жасалған шартқа сәйкес консультациялық қызметтер ұсынатын ұйым;

      29) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi осы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      30) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасы мен АХҚО қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тiзiмi санатына және (немесе) секторына қосу, оларды қосу және онда болуы үшін қор биржасының және (немесе) АХҚО қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленеді;

      31) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      32) облигациялар шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналыста болуы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      33) облигацияларды орналастыру – купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигацияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату;

      34) облигацияларды өтеу – облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сыйақы мен номиналды құнды төлеу арқылы орналастырылған купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигацияларды (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша эмитенттiң іс-қимылы;

      35) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналыста болуы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы;

      36) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      37) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығы – орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынас шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      38) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      39) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі мен эмитент арасында жасалатын екі жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар, исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;

      40) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздардарды орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыға кезеңдік негізде төленуге тиіс, облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгілніп, пайызбен берілген сыйақы мөлшерлемесі;

      41) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) – "жасыл" жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндердің сақталуы бөлігінде "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, "жасыл" облигациялардың Капитал нарықтары халықаралық қауымдастығының "жасыл" облигациялар қағидаттарының және басқа да танымал стандарттардың негізгі элементтеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;

      42) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын, іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      43) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      44) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ISIN) – сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орталық депозитарий беретiн әрiптiк-цифрлық код;

      45) эмитент – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды шығаратын кәсіпкер.

      3. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде қор биржасының және (немесе) АХҚО қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

      4. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша, исламдық бағалы қағаздарға сыйақы түрінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қаржы агенттiгiнiң көрсетілетін қызметтерiн уәкiлеттi орган республикалық бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.

      6. Ұлттық жоба шеңберінде купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Ұлттық жоба шеңберінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджеттен және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде пайдаланылмаған қаражат ұлттық жоба шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі

1-параграф. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыру үшін облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару мен орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушысы бола алады.

      9. "Жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес "жасыл" облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер де осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушылары бола алады.

      10. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын эмитенттер;

      3) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаларды іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, қаржы агенттігінің уәкілетті органы өтінімді қарау кезінде ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер, олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) эмитенттердің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушы бола алмайды.

2-параграф. Субсидиялау шарттары

      11. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын эмитенттің облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығарудың жиынтық номиналды құны бір эмитент үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.

      12. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару жобасында облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешендер ретінде сатып алу;

      2) айналым қаражатын толықтыру негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару шеңберінде, бірақ облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құнының 30 %-нан асырмай жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыру болып табылады деп көрсетілген облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды қоспағанда, жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, ағымдағы міндеттерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.

      Бір кәсіпкер үшін айналым қаражатын 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін толықтыруға эмитент шығарған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын міндетті түрде қаржы агенттігінің шешімі күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға арттыруды көздейтін эмитенттердің жобалары түсініледі.

      Эмитент, сондай-ақ кірістің (сатудан түскен кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін немесе қаржы агенттігінің шешімі күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      13. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шығару проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және (немесе) қолданыстағы "жасыл" жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылатыны көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      14. "Жасыл" облигацияларды іске асыруға берілетін купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін іске асырылатын шекті маңызы бар жобаларға ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейді (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      15. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, оның ішінде "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша субсидиялау облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) жылды қоса алғандағы мерзімнен аспайтын айналыс мерзімімен облигациялар бойынша 5 %-ға ұлғайтылған базалық мөлшерлемесінің жалпы шамасынан аспайтын шартпен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте көрсетілген жалпы шаманың 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      16. Орналастырылған облигациялар (эмитент сатып алғандарын шегергенде) немесе орналастырылған исламдық бағалы қағаздар бойынша есептелген (эмитент сатып алғандарды шегергенде) сыйақы мөлшерлемесі ғана субсидиялауға жатады.

      17. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды, исламдық бағалы қағаздар шығару проспектілеріне субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      18. Облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды, бірақ облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар айналымы мерзімінен аспайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі субсидиялау кезінен бастап 2 (екі) жылдан, бірақ облигация немесе исламдық бағалы қағаздар айналымы мерзімінен аспайтын жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қою кезінен бастап белгіленеді.

      Купондық сыйақыны төлеу бойынша мерзімі шегерілген кезде өкім және (немесе) өзге де құжат және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерілген мерзімге ұзартылады.

      "Жасыл" облигацияларға қатысты субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі "жасыл" жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      19. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектілерінде сыйақыны төлеу кезеңділігі жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және бір айда 30 (отыз) күнге есептегенде жылына екі реттен аспайды деп белгіленген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша ғана жүзеге асыруға болады.

      20. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялармен немесе исламдық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) қолданыстағы АХҚО құқығымен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және АХҚО қор биржасының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.

      21. Эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды ұстаушылардың немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкілін таңдауды бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары қатарынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкiлi эмитенттің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.

3-параграф. Қатысушылардың өзара іс-қимылы

      22. Кәсіпкер немесе қаржылық консультант субсидиялауды алу үшін қаржы агенттігіне субсидиялаудың үлгілік шартын жібереді, оған мынадай құжаттар топтамасын (басшының мөрімен (болған жағдайда) және қолымен расталған көшірмелер) қоса береді:

      1) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эмитенттің өтініш-сауалнамасы;

      2) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өтінім туралы ақпарат (эмитенттің қолы қойылған);

      3) облигациялар шығару проспектісінің жобасы не исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінің жобасы;

      4) эмитент уәкілетті органының облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару туралы шешімі;

      5) эмитентті мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (анықтама);

      6) егер эмитенттің негізгі қызметі лицензиялануы тиіс болса, лицензиялар;

      7) барлық өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен жарғы/ құрылтай шарты (акционерлік қоғам акцияларды шығару проспектісін және бағалы қағаз ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады);

      8) берілгені жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспаған бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы салық органының анықтамасы;

      9) салық декларацияларының соңғы 3 (үш) қаржы жылғы көшірмелері (егер кәсіпкердің жұмыс істеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем болса, салық декларациясының соңғы қаржы жылғы көшірмесі);

      10) қаржылық консультанттың эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы қорытындысы;

      11) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) нәтижелері бойынша қорытынды.

      23. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 22-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін оларды эмитентке бес күн мерзімде қайтарады);

      2) облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісі жобасының нысаналы мақсатын осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын толық құжаттар топтамасымен қоса қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      24. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны, сондай-ақ эмитенттердің жобаларын қарауға арналған тиісті нысандар қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады.

      25. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда қарайды.

      26. Қаржы агенттігі өзінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және хаттамадан үзінді көшірмені ілеспе хатпен эмитентке/қаржы консультантына, қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді.

      27. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      28. Қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін кәсіпкер эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың немесе исламдық бағалы қағаздардың листингтік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін құжаттарды қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, қор биржасында/АХҚО қор биржасында листинг рәсімін өтеді, қор биржасының/АХҚО қор биржасының ішкі қағидаларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес облигацияларды орналастыруды жүзеге асырады.

      29. Субсидиялау шарты эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган/АХҚО қор биржасы тіркеген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісін;

      2) қор биржасының/АХҚО қор биржасының эмитент облигацияларын немесе исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының/АХҚО қор биржасының ресми тізіміне (листинг) енгізу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарий арасында төлем агентінің қызметтер көрсету шартының жасалғаны туралы хабарламаны;

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

      30. Эмитент осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 29-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі мен эмитент арасында субсидиялау шарты жасалады.

      Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      Субсидиялау шарты тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Эмитент субсидиялау шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийге/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына/АХҚО қор биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің мөлшері және облигациялар немесе орналастырылған исламдық бағалы қағаздар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын субсидиялау шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

4-параграф. Субсидиялау тетігі

      31. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды орналастырған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялардың немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздардың жалпы саны туралы ақпаратты орналастырады.

      32. Эмитент орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес 6 (алты) айда бір рет не 12 (он екі) айда бір рет сыйақыны төлеу тізілімін бекіту күні орталық депозитарийдегі/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіндегі шотқа сыйақының толық сомасын аударады.

      33. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі төлем агентінің қызметтерін көрсету шартында белгіленген мерзім ішінде облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың банк шоттарына ақша аударуды жүзеге асырады.

      34. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитент төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін және негізгі қарызды (графикте болса) облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарына аударғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, облигация ұстаушылардың өкіліне немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкіліне және қаржы агенттігіне (ҚААТЖ жүйесі арқылы):

      1) ISINе облигациялары не исламдық бағалы қағаздары;

      2) тізілімді тіркеген күнгі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарындағы облигациялардың немесе исламдық бағалы қағаздардың саны;

      3) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарына аударған сыйақының жалпы сомасы;

      4) орналастырылмаған облигациялардың не исламдық бағалы қағаздардың саны/сомасы;

      5) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитенттен алған сома туралы мәліметтер қамтылған субсидиялау туралы есепті жібереді.

      35. Қаржы агенттігі орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің хабарламасы, ақпараты және анықтамасы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражаты болған жағдайда облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін банктегі эмитенттің есеп айырысу шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.

5-параграф. Субсидиялау шартын тоқтата тұру/қайта бастау/тоқтату тәртібі

      36. Эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      37. Қаржы агенттігі мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу міндеттемесін орындамауы;

      4) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда, шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін) және (немесе) эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      5) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін эмитенттің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      6) эмитент "жасыл" облигациялар бойынша көзделіп отырған "жасыл" облигациялар бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттары мыналарды:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігін (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздеген фактілер белгіленген жағдайларда эмитент ұсынатын сыртқы бағалау провайдері қорытындысының негізінде жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткеннен кейін осы шекті өлшемшарттарға қол жеткізбесе, эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      38. Субсидияларды тоқтата тұру кезеңінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылған жағдайда орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес облигация немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушыларға эмитент есебінен осы сыйақыны төлеу толық жүзеге асырылады.

      39. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 37-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийін және эмитентті хабардар етеді.

      Эмитент облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті жабу үшін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі мерзім беріледі.

      40. Қаржы агенттігі тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем жүргізеді.

      Субсидиялауды тоқтата тұру кезеңінде эмитентке төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      41. Эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хаттармен субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себептерін көрсете отырып, эмитентке, облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкіліне және орталық депозитарийге, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

      Тоқтатылған жобалар қайта бастауға жатпайды.

      42. Субсидиялар төлеу:

      1) эмитент облигацияларды толықтай өтеген жағдайда (егер субсидиялау мерзімі облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру мерзіміне тең болса, эмитент облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды толықтай өтеген күн субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі);

      2) облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу сот шешімі бойынша жарамсыз деп танылған;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигация шығарылымы жойылған;

      4) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша субсидиялау шарты бұзылған;

      6) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      43. Облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар мерзімінен бұрын өтелген жағдайда эмитент қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

      44. Эмитенттің мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған облигациялары немесе исламдық бағалы қағаздары бойынша облигациялар ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және (немесе) жобаның сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда және қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде эмитент қаржы агенттігі төлеген сыйақы сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      45. Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі, қор биржасы және (немесе) АХҚО қор биржасы және облигация ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылар өкілі жүзеге асырады. Қаржы агенттігі мониторингті кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      46. Қаржы агенттігі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитент, облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан эмитенттің облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдалануын мониторингтеуді;

      2) орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректердің негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеуді;

      3) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.

      47. Облигация ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылар өкілі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитенттің облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген облигациялар ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды;

      2) эмитенттің облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алған ақшаларды мақсатқа сай пайдалануын бақылауды;

      3) субсидиялау шартына/субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды сүйемелдеуді, субсидиялау үшін құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне жіберуді;

      4) облигацияларды ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, оның ішінде облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгілеген, эмитенттің міндеттемелерді орындамау мәселелері бойынша меншігінде эмитенттің орналастырылған облигацияларының немесе исламдық бағалы қағаздардың елу және одан көп пайызы бар (сатып алынғандарын есепке алмағанда) облигациялар ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың атынан сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қабылдауды;

      5) тоқсанына кемінде бір рет облигацияларды ұстаушыларды және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды/АХҚО-ның қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда аталған тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

      48. Мониторингті жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен және (немесе) облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілінен мониторингтеу нысанасына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуын мониторингтейді.

      "Жасыл" облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатын нысаналы пайдалану мониторингі шеңберінде қаржы агенттігі эмитенттің бұл шекті өлшемшарттарда:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделген жағдайларда, провайдерлердің тәуелсіз бағалауы негізінде "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының көзделіп отырған "жасыл" жобасы бойынша мәлімделген жетістігін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң эмитент қаржы агенттігіне ұсынылатын көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалауды не энергия аудиттерін жүргізеді. Жоба бойынша эмитент мәлімдеген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.

      "Жасыл" таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      49. Мониторингті жүзеге асыру үшін эмитент облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкіліне жоба іске асырылып жатқан жерге бару құқығымен мониторингтеу нысанасына жататын, оның ішінде салықтық және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты ұсынады және қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді.

      50. Облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі өз әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органның актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес хабардар етеді.

      51. Мониторингтеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі мен облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі әрқайсысы өз функциялары бөлігінде дербес белгілейді.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      52. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген және "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) бойынша аударылған қаражатты жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттердің есебінен қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      53. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда әрекет етеді.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
  мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де бейметалл
минералдық өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, прокат және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етумен әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалар, архивтер, музейлер және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

93

Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалдауды және лизингті көздейді.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
  кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Қайда: ___________________
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" акционерлік қоғамының
(бұдан әрі – "Даму" қоры)
өңірлік филиалы
Кімнен: __________________
(бұдан әрі – эмитент (кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден төмендегіге сәйкес "Даму" қорының кредит комитетінің қарауына кредит бойынша/Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қор биржасының ресми тізіміне қосылған, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне қосылған "жасыл" облигация/исламдық бағалы қағаз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені шығаруға бастама жасауды сұраймын:

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

Эмитенттің (кәсіпкердің) атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      2. Басшылық

      Бірінші басшы

Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      3. Байланыс жасайтын адам

(Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, лауазымы, телефоны)


      4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5 және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

%

Деректемелері



















      5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

__________________________ оның ішінде әйелдер __________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


"Жасыл" облигацияға қатысты:
"жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      6. Кепілдіктер мен келісімдер

      Эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. "Даму" қорына осы өтінішпен бірге не "Даму" қорының сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда ________________ дереу хабардар етуге ("Даму" қорының тиісті өңірлік филиалының атауы) міндеттенемін.

      2. "Даму" қорының бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. "Даму" қоры көрсетілген куәландыру мен кепілдіктердің анықтығын тексеруге міндетті емес.

      4. Эмитентке (кәсіпкерге) жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Эмитент (кәсіпкер) эмитенттің (кәсіпкердің) жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келіседі, бұл ретте "Даму" қоры кері қайтару себептерін хабарламауы мүмкін.

      Осы арқылы эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына төмендегілерге келісім береді:

      1. "Даму" қоры осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсына алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ "Даму" қоры талап еткен барлық құжаттар ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. "Даму" қоры эмитент (кәсіпкер) өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, "Даму" қорында сақталады.

      4. "Даму" қорының осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ эмитенттің (кәсіпкердің) ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.) "Даму" қорының субсидиялауды беру немесе эмитент (кәсіпкер) шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен "Даму" қорына наразылықтары болмайды.

      6. Қосымшалар:

      ( ________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      ____________________________________________________________

      ________________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) (қолы, күні)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
  бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

Өтінім туралы ақпарат

Р/с №

Талаптар

Жоба

Шарттарға сәйкестігі

1

2

3

4

1.

Эмитент атауы



2.

Эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)



3.

Эмитенттің тіркелген күні



4.

Кәсіпкерлік субъектісі



5.

Жоба іске асырылатын жер



6.

ЭҚЖЖ саласы (5 мәндік)



7.

Жобаның атауы

1-мысал: инвестициялар (такси қызметі үшін саны 10 дана автокөлік сатып алу)
2-мысал: Айналым қаражатын толықтыру (ет өнімдерін өндіру үшін шикізат сатып алу)
3-мысал: Инвестициялар (тігін цехының қызметі үшін тұрғын емес үй-жайды күрделі жөндеу/реконструкциялау) және т.б.
4-мысал: Аралас жобалар:
жер учаскесі бар өндірістік базаны сатып алу және бетон қоспаларын өндіру қызметі аясында айналым қаражатын толықтыру


8.

Жобаның мақсаты
"Жасыл" облигацияға қатысты: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары



9.

Жобаның құны



10.

Эмитенттің облигациялары бойынша немесе исламдық бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау сомасы



11.

Эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды құны 3 млрд теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды) "Жасыл" облигацияға қатысты: эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды сомасы 3 млрд теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды)

Мысалы: асады/аспайды


12.

Субсидиялау мерзімі



13.

Пайыздық мөлшерлеме



14.

Мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігі



15.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызметін жүзеге асырады

Иә/жоқ


16.

Кредиттің нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар/өнім шығаруды көздемеуге тиіс

Иә/жоқ


17.

Жобаны ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген минералды шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде іске асырады

Иә/жоқ


18.

Құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) – мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) кәсіпорындарды қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылады

Иә/жоқ


19.

Ескертпе:

Мысалы:


      Жобаның ерекше шарттары: жоба бекітілгеннен кейін нақты мерзімге дейін орындалуы тиіс ерекше шарттар. Мысалы:

      Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын облигация немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісіне субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      ________________ эмитенттің қолы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      2) бизнес-жоба – сипаттама, есеп айырысу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру және кәсіпкердің өз қаражатымен (бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен ақша қаражатымен, ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландыру мерзімдері қамтылған, өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын кәсіпкердің жоспары жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % деңгейінде;

      3) веб-портал – интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      4) грант беру туралы шарт – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі-веб-портал) жасалатын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және кәсіпкер арасында электрондық түрде жасалатын, оның шарттары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы мемлекеттік грант берілетін үшжақты келісім;

      5) жаңа бизнес-идея – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (жаңа бизнес-идеяларға облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада байқаудан өту кезінде) іске асырылмайтын тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жатады. Нарыққа жаңа және (немесе) жетілдірілген немесе басқа кәсіпорындардың практикасында іске асырылған және технологиялық алмасу (патентсіз лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды әзірлеу және (немесе) енгізу жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі болуы тиіс;

      6) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парағы;

      7) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (сәйкестендіру) және оның жеке деректері мен баптауларына рұқсат беру үшін қажетті шот;

      8) жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-әрекеттер мен іс-шаралар жиынтығы;

      9) кәсіпкер – заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкер болып табылатын шағын кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушы;

      10) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) кворум – дауыс беру кезінде конкурстықконкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының қатысуы;

      12) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      13) конкурстық комиссия – мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган;

      14) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      15) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      16) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін болатын кездегі конкурстықконкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық;

      17) өңірлік үйлестіруші – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      18) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш;

      19) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      21) үлестес компаниялар/тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары:

      жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары);

      өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

      осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға;

      осы тармақшаныңүшінші жәнетөртінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар өздеріне қатысты ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      осы тармақшаның үшінші, төртінші жәнебесінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары;

      22) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі, өңірлік үйлестірушіге мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аз мерзімді құрайтын кәсіпкер (жасы ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің өңірлік үйлестірушіге жүгінген күнімен айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      23) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – мемлекеттік грант алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі өңірлік үйлестірушіге жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру шартымен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      24) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      25) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      3. Мемлекеттік гранттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларының тізбесі бойынша экономиканың басым секторларында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

      Бұл ретте экономиканың басым секторларында мемлекеттік грант беру бөлігіндегі талап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушыларға қолданылмайды.

      Мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушыларға берілмейді.

      4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

      5. Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен қызмет көрсетуші арасында тиісті шарт жасасқаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      7. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары күшіне енген күні қолданыста болатын және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген грант беру туралы шарттар қаржыландыруға жатады.

      8. Қаржы агенттігінің қызметтерін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.

2-тарау. Мемлекеттік гранттарды беру тәртібі мен шарттары

1-параграф. Мемлекеттік гранттар беру шарттары

      9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 21-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер мемлекеттік гранттар алуға конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.

      10. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беру туралы қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Мыналар:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

      11. Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады:

      1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияны сатып алу;

      4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

      Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.

      Бұл ретте, егер іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске асыру және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.

      12. Мыналарға:

      1) жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;

      2) жалдау ақысының төлемі ретінде;

      3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға), үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған);

      4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

      Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс;

      5) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және прокаттауға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;

      6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды.

      Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (пайдалануда болған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).

      13. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.

      14. Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын;

      4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);

      5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;

      6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

      7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолданылу кезеңінде);

      8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.

      15. Конкурсты өткізу үшін облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімінің шешімімен мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі.

      Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.

      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.

      Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан кемінде 7 (жеті) адамнан құралады.

      Конкурстық комиссияның құрамы конкурстық комиссия мүшелерінің бұрын бекітілген санының кемінде 50 (елу) пайызын жаңарта отырып, жыл сайынғы негізде бекітіледі.

      Конкурстық комиссия мүшесінің еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда төрағамен келісім бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссияның мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелеріне жеткізеді. Комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.

      Конкурстық комиссияның отырысы кворум болған кезде заңды болып саналады.

      Конкурстық комиссияның отырысы кезеңінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде конкурстық комиссияның мүшелері бұл туралы өздеріне белгілі болған кезде конкурстық комиссияның төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия төрағасының мүдделері қақтығысы туындаған жағдайда оның өкілеттігі конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына көшеді.

      Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы және (немесе) мүшесі мүдделер қақтығысы туындаған кәсіпкердің өтінімін қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қояды.

      17. Өңірлік үйлестіруші конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:

      1) өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;

      2) ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде мемлекеттік гранттар түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысы ішінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді жартыжылдық негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысы бар мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы кеңес береді;

      4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) кәсіпкерлерге мемлекеттік грант берілгені туралы хаттама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы хабарлайды;

      7) мемлекеттік грант беруден бас тартылған жағдайда хаттама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге хаттамадан үзінді көшірме және мемлекеттік грант беру туралы дәлелді бас тарту веб-портал арқылы автоматты түрде жіберіледі.

      18. Өңірлік үйлестіруші мемлекеттік гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда орналастырады.

      19. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік гранттар алуға арналған өтінімді қарау мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттарды беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшаны міндетті түрде толтыра отырып) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру;

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоғы туралы мәліметтерді растау;

      5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы "Жылжымайтын мүлік тізілімі";

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікті қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және (немесе) "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы.

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

      21. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      2) "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;

      4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

      22. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлға/дара кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық кезеңдері туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер бюджет, жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер, отбасы құрамы туралы мәліметтер, "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.

      23. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне кіруге рұқсат беру үшін:

      1) кәсіпкерлер, өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде дербес тіркелу үшін ЭЦҚ-ға ие болуға тиіс;

      2) өңірлік үйлестіруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      Пайдаланушылар жеке кабинетте тіркелу үшін мына мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін бір жұмыс күні ішінде өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіру кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсаты бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жыл сайын жібереді.

      Өтінімді жасау және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесі тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қатенің болуы анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      Кәсіпкер ұлттық жобаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.

      24. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаның ЭЦҚ пайдалана отырып, оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      25. Кәсіпкер толық емес құжаттар топтамасын ұсынған не анық емес деректерді немесе осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

      26. Өңірлік үйлестіруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырады.

      Кесте қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енген барлық кәсіпкерлерге таныстырылымның күні, уақыты мен орны және кәсіпкерлердің жобалары бойынша дауыс беру туралы автоматты хабарлама жіберіледі.

      Конкурстық комиссия отырысында кәсіпкерлердің әрбір жобасы бойынша таныстырылымның ұзақтығын өңірлік үйлестіруші айқындайды және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесіне сәйкес белгіленеді;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған өтінімдерді және кәсіпкердің электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      27. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.

      28. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке таныстырады.

      Конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, бизнес-жобаны таныстыру кезінде үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.

      29. Мемлекеттік грант беру тетігінің ашықтығы мақсатында өзінің бизнес-жобасын таныстыратын кәсіпкерді хабардар ете отырып, аудио немесе бейне жазба жүргізіледі.

      Конкурстық комиссияның отырысына саны кемінде 2 (екі) адам болатын байқаушылар шақырылады.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдері қатыса алады.

      Конкурстық комиссияның отырысы барысында байқаушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын кәсіпкерлерге сұрақ қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кәсіпкерлердің дербес деректеріне, кәсіпкерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауына, техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында байқаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы тиісті келісімге қол қояды.

      30. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан мәлімделген жобаны қарауды;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балл қою әдісімен дауыс беру;

      3) мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі көрсетілген осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде өңірлік үйлестіруші арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.

      31. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы;

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      Бұл ретте бизнес-идеяның жаңалығы критерийіне облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

      32. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, оған конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы және конкурстық комиссияның төрағасы ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде қаралған өтінімдерге сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервілеу жүргізіледі.

      33. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 9 (тоғыз) ай.

      34. Жоба бойынша оны бағалау үшін балл беру осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      35. Конкурстық комиссия мүшесі кәсіпкердің бір жобасы бойынша беретін ең жоғары балл осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес 70 (жетпіс) баллды құрайды.

      36. Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны жинақталады және конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша баллдар тең болған жағдайда, бұдан бұрын кезектілік бойынша өтінім берген кәсіпкерлердің мемлекеттік грант алуға басым құқығы болады.

      37. Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      38. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне және электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қаржы агенттігі мен кәсіпкер хаттаманы оған қол қойылғаннан кейін ғана веб-портал арқылы қарайды.

2-параграф. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

      39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі грант беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкермен, қаржы агенттігімен грант беру туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

      40. Өңірлік үйлестіруші грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін кәсіпкерге оның банктік есеп айырысу шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Мемлекеттік грант қаражатын дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына аударуға болмайды.

      Өңірлік үйлестіруші мақұлданған өтінімдерді қаржыландыруға қаражат жетіспеген жағдайда грант беру туралы шартты қаражат түскеннен кейін қалыптастырады.

      Мақұлданған өтінімдер бойынша бюджет қаражаты ішінара жетіспеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант беру туралы шартты қалыптастырады. Қаражат траншқа жасалған өтінімдерге сәйкес аударылады, қаражаттың жетіспейтін қалдығы қосымша қаржыландыру алынған кезде кәсіпкердің шотына аударылады.

      41. Мемлекеттік грант беру туралы шартқа қосымша келісімдерді шарт тараптары веб-портал арқылы жасайды.

      42. Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті. Осы тармақтың шарттары орындалмаған жағдайда кәсіпкер грант қаражатын Өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      43. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратты, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы (тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) сұратады, жобаны іске асыру орнына шығумен мониторингті жүзеге асырады.

      44. Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингтеу қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) мемлекеттік гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау бойынша қызметін мониторингтеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингтеу;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу қаржы агенттігінің функцияларына жатады.

      45. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) веб-порталда мемлекеттік гранттарды алушылардың тізілімін жүргізеді (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін);

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және өңірлік үйлестірушіге кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

      46. Қаржы агенттігі кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын не жобаның және (немесе) кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және (немесе) конкурстық комиссияның шешіміне және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмегенін, не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына жеткен соң міндеттемелерін орындамауын анықтаған кезде ол өңірлік үйлестірушіге кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы ақпаратты конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін қағаз жеткізгіште немесе веб-портал арқылы (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) енгізеді.

      Кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы алынған ақпараттың негізінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді жою үшін бір реттік қосымша мерзім беру туралы не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агенттігінің мониторингтік есебін алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты конкурстық комиссияның келесі отырысына шығарады, содан кейін өз шешімі туралы өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігін веб-портал арқылы хабардар етеді.

      Егер конкурстық комиссия ұсынған қосымша мерзім өткеннен кейін жоба бойынша ескертулер жойылмаса, жоба іске асырылмаса, кәсіпкер өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша грант қаражатын сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.

      47. Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, өңірлік үйлестіруші мұндай шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерге грант беру туралы шартты бұзу жөнінде тиісті хабарламаны веб-порталда, сондай-ақ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант қаражатын осы Қағидалардың 51-тармағында белгіленген мерзімде қайтару қажеттігі туралы хабарлама жібереді, және мақсатқа сай пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды атқарады. Мемлекеттік грант қаражатының бір бөлігі мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша мемлекеттік грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасын ғана қайтаруға жол беріледі.

      48. Конкурстық комиссия мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге грант қаражатын қайтару үшін мынадай мерзімдерді көрсете отырып хабарлама жібереді:

      1) 1 (бір) айға дейін – егер қайтару сомасы 100 АЕК (қоса алғанда) дейін болса;

      2) 3 (үш) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК (қоса алғанда) дейін болса;

      3) 6 (алты) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК-тен асатын болса.

      49. Өңірлік үйлестіруші мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы хабарламаның орындалу мерзімдеріне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады және кәсіпкер тарапынан хабарлама орындалмаған жағдайда мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен жүзеге асырады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарды өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және ақпарат жазылған жеткізгіштерді жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру

23

Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Өзге көлік құралдарын жасау

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөнінде консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланылатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісім

      Мен, ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) осы келісіммен кәсіпкерлердің мемлекеттік

      гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі бола

      отырып, конкурсқа қатысушылардың кәсіпкерлік бастамаларын жария етпеуге міндеттенемін. __________________ _____________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: ___________________________________________;

      электрондық пошта мекенжайы: ________________________________________;

      байланыс телефоны ___________________________________________________;

      Конкурстың нысанасы: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған

      ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны:

      субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:

      конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді

      және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

      Өтінімдерді беру мерзімі 20___жылғы "__"__________бастап

      20___ жылғы "__" ________дейін.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің

      ресми сайтында танысуға болады: ______________________________________.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім

  ___________________________
  облысы (республикалық маңызы
бар қала, астана)
  ___________________________
  ___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысу туралы мәлімдеймін.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _______________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы __________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабарлама күні __________________________________________________

      2. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: ______________________________________________

      Банктің атауы: __________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК __________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      3. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге __________________;

      оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с

Жыл

Сома, теңге

Мақсаты (бизнес-жобаны егжей-тегжейлі ашу)

1




2




      Мынаны:

      1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;

      2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерді тексеруіне жол берілетінімен;

      2) өңірлік үйлестірушінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтындығымен;

      4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынуға құқылы екенімен;

      5) өңірлік үйлестірушінің кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мемлекеттік грант ұсынылмаса да, өңірлік үйлестірушіде сақталатынымен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (мемлекеттік грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) өңірлік үйлестірушінің мемлекеттік грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      Конкурстың шарттарымен және 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші 20 __ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Жаңа бизнес-идеяларды іске
асыру үшін мемлекеттік грант
беруге арналған конкурстық
іріктеуге қатысу үшін өтінімге
қосымша

      Нысан

Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы ________________________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы __________________________________________;

      жобаны іске асыру орны ________________________________________________;

      жобаны іске қосу күні __________________________________________________;

      қызметтің бейінді бағыты (жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент

      және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады) ____________;

      өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы

      аудиториясы __________________________________________________________;

      жер учаскесінің және (немесе) үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік)

      _____________________________________________________________________;

      учаскенің және (немесе) үй-жайдың кадастрлық нөмірі (бар болса) ___________;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (бар болса

      тізбелеу):_____________________________________________________________.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің

      қызметі туралы деректер:

      секциясы: _____________________________________________________________;

      бөлімі: ________________________________________________________________;

      тобы: _________________________________________________________________;

      сыныбы: ____________________________________________________________;

      кіші сыныбы: _______________________________________________________.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа шығару стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі

      жағдайы мен даму перспективаларын талдау ______________________________;

      ұсынылатын өнім алуы мүмкін нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу _____________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер _______________;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға

      әзірлігін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) ___________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін

      факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша

      артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы,

      өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) ______;

      жасалатын өнімнің бәсекелік артықшылықтары, техникалық-экономикалық

      сипаттамаларын аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалары

      бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау келтіріледі (аналогтармен

      салыстыра отырып, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын

      техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіш атауы

Көрсеткіш мәні

ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог





      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкер саны ______________________________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы

      жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, машықтардың, дағдылардың немесе білімнің болуы) _____________________________________________________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелу мерзімі, ай ______________________________________________;


Шығыс түрлері

Шығыс баптарының атауы

Шығыс сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат



Мемлекеттік грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

      5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орын саны, адам


Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


      5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл ішінде сомасы

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл


Құрылатын жаңа жұмыс орын саны, адам






Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге






Таза пайда, мың теңге






      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және толық табыс алмау ықтималдығы)



Маркетингтік (тауарды өткізу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен толық пайда алмау ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf форматында)

1

2

3

1

Кәсіпкердің ұлттық жоба шеңберінде курстарда қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжат (бар болса)


2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % ақшалай қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


      8. Қосымша мәліметтер:

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);

      2) Сіздің пікіріңізше, бизнес-жобаның енгізуге әзірлігін сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) Сіздің пікіріңізше, осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде сіздің нені басшылыққа алғаныңызды, бұл санның қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкестігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) Сіздің пікіріңізше, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдылықтың, мереке күндерінің әсер етуіне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-қимылдарыңызды сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңалығын сипаттаңыз (өзіндік ерекшелігі, қолданылуы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтардың болуы).

      9. Қосымша ақпарат:

      Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), көрсеткіштердің Excel форматындағы есебін қоса берілсін.

      Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістердің, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Кірістердің қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесі

Р/с

Заңды тұлғаның атауы/кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаны іске асыру орны

Мемлекеттік гранттың сұратылатын сомасы, теңге

Конкурстық комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты



















  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
6-қосымша

Кәсіпкердің жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

Р/с

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңалығы

1-ден 10 баллға дейін

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

1-ден 10 баллға дейін

3.

Дайындық дәрежесі

1-ден 10 баллға дейін

4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы

1-ден 10 баллға дейін

5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары

1-ден 10 баллға дейін

6.

Жобаның экономикалық орындылығы

1-ден 10 баллға дейін

7.

Жобаның таныстырылымы

1-ден 10 баллға дейін


ЖИЫНЫ

Баллдар қосындысы

      Бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер:

      1. Грант беру туралы мәселені қарау кезінде бизнес-жобаның жаңалығын бағалау мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:

      жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы);

      жобада ұсынылатын шешімдердің жаңалығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегияны құру, өнімді өндіру материалы/тәсілі);

      жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы);

      өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы);

      бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде өнімді немесе бизнес-процесті нарыққа шығару стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, қаржыландыруға жеке капиталды тарту перспективасы).

      2. Бизнес-жобаның тиімділігін бағалау өлшемшарттары:

      бизнес-жобаның өтелу мерзімі;

      бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы);

      бір жеткізушіге немесе сатып алушылардың тар шеңберіне тәуелділік;

      тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізуге/ қызметтер/ жұмыстар көрсетуге/технологияларды/франшиза/патент сатып алуға және т.б. шарттардың/ келісімшарттардың болуы.;

      бизнес-жобаны іске асыру үшін өз үй-жайының болуы;

      жеке өзінің қатысуы.

      3. Бизнес-жобаның дайындық дәрежесін бағалау келесі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

      өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі;

      білікті мамандар тобының болуы;

      жобаларды іске асыруда тәжірибенің болуы;

      бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе);

      жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтау үшін меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау келтіру).

      4. Жобаның экономикалық орындылығын бағалау келесі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

      құрылатын жұмыс орындарының саны;

      бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы).

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ хаттамасы

      1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:

      өтінім нөмірі: _________________ өтінім берілген күні: ___________________

      заңды тұлға үшін: атауы ___ БСН ___ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      дара кәсіпкер үшін: атауы ___ ЖСН ____ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______

      2. Жоба туралы қысқаша мәліметтер:

      бизнес-жобаның атауы ___________________________________________________

      бизнес-жобаны іске асыру орны ___________________________________________

      мемлекеттік гранттың сұратылатын сомасы, теңге ___________________________

      3. Комиссия мүшелері:

      1) _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) …..

      3) …..

      Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:

      дауыс беруге комиссияның барлығы ___________ мүшесі қатысты, оның ішінен:

      ___дауыс берді; ___дауыс берген жоқ.

      Комиссияның жобаны қарау нәтижелері:

Р/с

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-жобаның жаңалығы


2.

Бизнес-жобаның тиімділігі


3.

Дайындық дәрежесі


4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы


5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары


6.

Жобаның экономикалық орындылығы


7.

Жобаның таныстырылымы



ЖИЫНЫ:


      Жоба бойынша ықтималды ең жоғары балл қосындысы ___ баллды құрайды.

      Комиссия шешімі: жоба ______ мың теңге сомаға мақұлданды / мақұлданбады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      1. ЭЦҚ деректері; ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.

      2. …..

      3. …..

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына 8-қосымша

      Нысан

  __________________________
  __________________________
(жеке кәсіпкердің, заңды
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Мемлекеттік грант қаражатын қайтару қажеттілігі туралы ХАБАРЛАМА

      Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуына жүргізілген мониторинг барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы: __________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалану/не жобаның және (немесе)

      кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және (немесе) конкурстық комиссияның шешіміне және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмеуі не жұмыс орын санына жеткенде кәсіпкердің міндеттемелерін орындамауы)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия Сізбен грант беру туралы шартты бұзу туралы 20___ жылғы "__" ______ № ____ шешім қабылдады.

      Осы арқылы _______________________________ Сізге (өңірлік үйлестірушінің атауы) 20___ жылғы "__" ______ № ______ грант беру туралы шарт негізінде берілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде Сізге берілген мемлекеттік грант қаражатын 20___ жылғы "__" ____ дейін мерзімде қайтару қажеттілігі туралы хабарлайды. Осы хабарлама көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда ______________________ (өңірлік үйлестірушінің атауы) мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      ___________________ ____________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Хабарламаны тапсыру туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) )

      _________________________________________ (күні, уақыты, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысына
3-қосымша
2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылым жеткізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтініш

      ____________________________________________________________________
(бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; дара кәсіпкердің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, паспорттық деректері)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің тұрғылықты жері)

      ___________________________________________________________________
(жобаны іске асыру орны)

      __________________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      ____________________________________________________________________
(банктік деректемелері)

      ___________________________________________________________________
(қызметтің бейіндік бағытын көрсету)

      ___________________________________________________________________

      (экономика саласын, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ЭҚЖЖ) көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (жобаның жауапты орындаушысы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс телефоны)

      ___________________________________________________________________

      қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражаты, қарыз қаражаты)

      ___________________________________________________________________

      инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді. Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және Ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды бекітеді.

      __________________________________________________________________

      Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Өтініштің № "___" _____________ 20___ жыл "____" сағат "____" мин

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және ӨҮК мәліметтерін тексеруге қарсы емеспін. Кәсіпкер осы өтінімге қол қоя отырып, мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:

      1. Барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық және төменде көрсетілген күнге толық сәйкес келеді.

      2. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      3. Кәсіпкер кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      4. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің анық емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде осы өтінімді қабылдаудан бас тартылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Кәсіпкер осымен:

      1. Өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынуға құқылы екендігіне келісім береді.

      2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылған.

      3. Ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым қаржыландырылған жағдайда ақпаратқа, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратқа, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерге қол жеткізуді ұсынады.

      4. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын.

      ____________________________ _______________________________

      Басшы (дара кәсіпкер (қолы) (қолын таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары – әйелдерге кәсіпкерлік қызметке қатысуды ынталандыру, экономикалық белсенділікті арттыру үшін көрсетілетін қызметтерді алуда қаржылай емес қолдау көрсетуге арналған алаң;

      2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      3) банк – ұлттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      4) "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталы – "бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі онлайн-платформа;

      5) бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радио арнасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе өзге де үздіксіз бұқаралық тарату нысаны;

      6) "Бір ауыл – бір өнім" (бұдан әрі – БАБӨ) – кемінде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнім әзірлеу және ілгерілету бойынша көрсетілетін қызметтер;

      7) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, өтініш берушінің, уәкілетті органның, қаржылай емес қолдау операторының) дербес веб-парақшасы;

      8) "Кәсіпке бағыт" – анықталған қажеттіліктердің негізінде салалық (бейінді) оқытуды ұсыну жөніндегі бағыт;

      9) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

      10) кәсіпкерлер палатасының филиалы – моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн-режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      11) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, кәсіпкерлер палаталары жанынан және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстардың кәсіпкерлер палатасы филиалдары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      12) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшесі (бұдан әрі – КҚКО бөлімшесі) – облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада кәсіпкерлер көп жиналатын жерлерде құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған жұмыс орны;

      13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) құрылымдық бөлімшесі;

      15) консультант – Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпорындарында бизнес-шолу жүргізу тәжірибесі бар, сондай-ақ Еуропалық сапа менеджменті қорының әдіснамасы бойынша оқытудан өткен жеке тұлға;

      16) консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания – белгілі бір мамандық бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, сәтті іске асырылған жобаларды растаған және "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құралдарын іске асыруға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес біліктілік іріктеуінен өткен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер;

      17) кооперациялық жоба – іске асыру процесінде шетелдік әріптестермен кооперацияны жолға қою арқылы қол жеткізілетін қандай да бір белгіленген және әзірленген іс-қимыл бағдарламалары арқылы мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдарын айқындау жоспары;

      18) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қол жеткізуді және иесі ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      19) қаржы агенттігі – қаржылық қолдауды іске асыру мен мониторингтеуді, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынылуын мониторингтеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      20) қаржылай емес қолдау операторы – "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құрамдауышын қоспағанда, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      21) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы – пайдаланушыларға электрондық форматта мемлекеттік қаржылай емес қолдау шаралары ұсынылатын, қаржылай емес қолдау операторының онлайн-платформасы;

      22) құрал – ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа көрсетілетін қаржылай емес қолдау шарасы;

      23) мамандандырылған көрсетілетін қызметтер – бұл клиентте туындайтын мәселелер бойынша біржолғы консультациялық көрсетілетін қызметтер;

      24) менеджер-консультант – өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғалар мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық, ақпараттық және түсіндіру қызметтерін көрсету шеңберінде өтеулі қызметтер көрсететін жеке тұлға;

      25) менти – кәсіпкерлік салада білімі мен дағдылары бар, жаңадан білім алуға және өзін-өзі дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге және командада жұмыс істеуге дайын болуға тілек білдірген кәсіпкер әйел;

      26) ментор – кәсіпкерлік саласында білімі мен тәжірибесін беруге кәсіпкер әйелдерді сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын, кәсіпкерлік қызметті жүргізуде табысты тәжірибесі бар кәсіпкер әйел;

      27) менторлық – кәсіпкерлік саласындағы білімі мен тәжірибесін беру үшін кәсіпкер әйелдерді сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызмет;

      28) микрокәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері;

      29) оқытуды аяқтағаны туралы сертификат – оқытудан өткенін растайтын құжат;

      30) оқыту модулі – кәсіптік құзыреттер алу мақсатында зерделенетін, жалпы оқыту бағдарламасының тәуелсіз, қисынды аяқталған буынын білдіретін белгілі бір ақпарат көлемі;

      31) онлайн-оқыту – компьютердің немесе Интернетке қосылған басқа да құрылғының көмегімен білім беру ортасына толықтай енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілікті арттыруға мүмкіндік беретін білім мен дағдылар алу;

      32) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары – электрондық форматта мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын алуға арналған, техникалық жүйелерге біріктірілген, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған арнайы жабдықталған орындар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары КҚКО базасында құрылады;

      33) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы – ұлттық жоба шеңберінде қатысушыларды оқытуды жүзеге асыруға және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған, техникалық жүйелерге біріктірілген, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған, мамандардың дербес жұмысы үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындары кешені;

      34) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – қаржылай емес қолдау операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

      35) өтінім – қажетті құжаттар қоса берілген, ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға арналған өтініш;

      36) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және өзге де мәліметтер қамтылған электрондық құжат;

      37) өтініш беруші – ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға жүгінген тұлға;

      38) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – ХШҰ) – шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесетін және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік коммерциялық ұйымдар, шетелдік жергілікті атқарушы органдар;

      39) шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      40) шетелдік салалық сарапшы – экономиканың белгілі бір саласында 20 (жиырма) және одан астам жыл кәсіби тәжірибесі бар, кәсіпкерлерге жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша консультация беру үшін тартылған ірі компания басшысы немесе меншік иесі;

      41) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      42) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға арналған өтініш;

      43) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұны өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай құралдар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:

      1) кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету;

      2) "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту;

      3) кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдауды ұсыну;

      4) Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы;

      5) іскерлік байланыстарды кеңейту.

2-тарау. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету

      4. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылатын ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер кешенін қамтиды.

      "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалдарында, ал онлайн-режимде – қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      5. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралын қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес тиісті шарт жасалады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда, Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес тиісті шарт жасалады.

      7. Қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын ақылы қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы шеңберінде шеккен қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған шығыстарын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына жасалған ақылы қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде өтейді.

      8. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін өңірлік кәсіпкерлер палатасының "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы шеңберінде шеккен қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған шығыстарын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылына ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      9. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету мыналарды:

      мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру бойынша:

      1) ШОК субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары туралы консультация беруді;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүргізуді бастау мәселелері бойынша консультация беруді (ЭҚЖЖ және оңтайлы салық салу жүйесін таңдау);

      3) шарттардың үлгілерін және бастапқы бухгалтерлік құжаттарды дайындау мәселелері бойынша консультация беруді;

      4) екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдары мен даму институттарында қаржыландыруға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинау бойынша көрсетілетін қызметті;

      5) бизнес-жоспарлау мәселелері бойынша консультация беруді;

      құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша:

      1) ШОК субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша консультация беруді;

      2) лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша консультация беруді;

      3) сатып алуға/конкурстарға/тендерлерге қатысу және жер учаскесін алу үшін құжаттар жинау және өтінім ресімдеу жөнінде көрсетілетін қызметті;

      4) инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау)  қосылу кезінде құжаттар мен техникалық шарттар алу жөнінде көрсетілетін қызметті қамтиды.

      10. Өзі келген кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тетігі мыналарды қамтиды:

      1) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының КҚКО-на жүгініп, менеджер-консультант оған кезектілік ретімен қызмет көрсетеді;

      2) көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке куәлігін не оның "цифрлық құжаттар" сервисінен алынған электрондық нұсқасын (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісінің тіркелгені туралы анықтаманы/хабарламаны;

      қажет болған жағдайда, нотариат растаған сенімхатты (түпнұсқасын);

      3) менеджер-консультант өтініш берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде толтырылатын "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берушіні міндетті түрде фотоға түсіріп, қызметтерді көрсетуге арналған сауалнама-өтінім ұсынады;

      4) өтініш беруші өз қалауы бойынша ақпаратты ауызша түрде де, сол сияқты жазбаша түрде де алады;

      5) өтініш берушінің қалауы бойынша менеджер-консультант шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) көрсетілетін қызметтер ұсынылғаннан кейін менеджер-консультант өтініш берушінің деректерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді;

      7) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді шектеусіз күнтізбелік бойы тұрақты негізде алады;

      8) ШОК субъектілеріне көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қаржылай емес қолдау операторы құралды қаржыландыру шеңберінде телефонмен пікіртерім немесе sms-хабарламалар арқылы пікіртерім жолымен сапа аудитін жүргізеді.

      11. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету тетігі мыналарды қамтиды:

      1) көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі;

      2) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелгеннен кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес қажетті консультацияны/көрсетілетін қызметті таңдайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға арналған электрондық сауалнама-өтінімді толтырады;

      3) өтініш беруші электрондық өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді:

      жеке куәлік не оның "цифрлық құжаттар" сервисінен алынған электрондық нұсқасын (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама/хабарлама (болған жағдайда);

      нотариалды куәландырылған сенімхат (қажет болған жағдайда);

      4) өтініш беруші жеке басын сәйкестендіруді екі факторлы аутентификациялау әдісімен жүргізу арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы қызметтер көрсетуге арналған электрондық өтінімге қол қояды;

      5) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелім тәртібімен бөлінеді;

      6) электрондық өтінім қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында бөлінгеннен кейін өтінім берушіге оның өтінімі жұмысқа келіп түскені туралы электрондық поштасына немесе ұялы телефонына хабарлама жіберіледі;

      7) өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі;

      8) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ұсынылған деректерді тексеруді жүргізеді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді пысықтауға жібереді;

      9) электрондық өтінімді қараудың нәтижесі өтініш берушіге хабарламамен қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне sms-хабарлама арқылы немесе электрондық өтінімнің мәртебесі көрсетіле отырып, электрондық поштаға жіберіледі;

      10) өтініш беруші жеке кабинетінде қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты көрсеткен қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;

      11) ұсынылған қызметтің көрсетілуіне қанағаттанбаған жағдайда, өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыс құралдары бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың әрекеттеріне шағымданады.

      12. Қызметтерді толық емес және сапасыз көрсеткені үшін жауапкершілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес менеджер-консультант көтереді.

      13. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтерді іске асыру шеңберінде қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есебін жолдайды.

      14. Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушілерге құралды қаржыландыру шеңберінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтердің қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде үздіксіз ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      15. Күнтізбелік жыл ішінде қаржылай емес қолдау операторы қаржы ұйымдары мен даму институттарын тарта отырып, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинарлар өткізеді.

      16. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын ШОК субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметтердің басталуы мен орны туралы БАҚ арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды.

3-тарау. "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту"

      17. "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту" құралын (бұдан әрі – құрал) қаржылай емес қолдау операторы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ аудан орталықтарына барып көрсетеді.

      18. Құрал мынадай екі бағыт бойынша іске асырылады:

      1) Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында құзыреттіліктерді оқытуды және бейіндік (кәсіптік) оқытуды қамтитын "Кәсіпке бағыт";

      2) кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған көрсетілетін қызметтерді қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары (бұдан әрі – "ӘКДО").

      19. Құрал кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа, сондай-ақ ШОК субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

      Құралдарды іске асыруды қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Қаржылай емес қолдау операторы қызметтер көрсетуді консультациялық, білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компанияларды және жоғары білікті, оның ішінде шетелдік сарапшыларды тарту жолымен өтінімдердің негізінде ғана қамтамасыз етеді.

      Қаржылай емес қолдау операторы құралдардың іске асырылу барысы туралы қаржылай емес қолдау операторының сайтында және (немесе) БАҚ арқылы хабарлайды.

      20. "Кәсіпке бағыт" бағыты анықталған қажеттіліктер негізінде бейіндік (кәсіптік) оқыту ұсынуды қамтиды.

      "Кәсіпке бағыт" ШОК субъектілері үшін облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы онлайн/офлайн форматта жүзеге асырылады.

      Мынадай іріктеу өлшемшарттарына сай келетін кәсіпкерлер:

      ШОК субъектісі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес келеді;

      оқуға қатысуға үлкен ынта білдірген ШОК субъектісі "Кәсіпке бағыт" бағытының қатысушылары болып табылады.

      "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Оқытуды ұйымдастыру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

      өтінімдер жинау, неғұрлым сұранысқа ие білімді анықтау немесе топ жинау туралы хабарландыру орналастыру;

      топ жинау (кемінде 10 адам);

      білім беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді іздестіру, әлеуетті жеткізушілер арасында конкурс жариялау;

      білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушімен шарт жасасу, оқыту бағдарламасын және білім беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді алудың шарттарын дайындау;

      бір бейінді (кәсіптік) бағыт бойынша жылына бір реттен артық емес курстық оқыту.

      Көрсетілетін қызметті алушы іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмеген жағдайларда оқытудан бас тартылады.

      21. "ӘКДО" бағыты мынадай көрсетілетін қызмет түрлерін қамтиды:

      1) консультациялар;

      2) кәсіптік және бизнес оқытуды, сондай-ақ дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды ұйымдастыру (Қазақстан қолөнершілер одағының ұсынымы бойынша);

      3) менторлық;

      4) қаржыландыру (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға оқыту;

      5) әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөнінде көрсетілетін қызметтер (кәсіпкер әйелдерді хабардар ету);

      6) бизнес шолу жүргізу;

      7) "Бір ауыл – бір өнім" жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерді ілгерілету және әзірлеу жөнінде көрсетілетін қызметтер.

      ӘКДО қызметтері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын не айналысуға ниет білдірген, 18 жастан асқан әйел жынысты азаматтарына және әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне көрсетіледі.

      Консультация беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді ӘКДО өңірлік консультанты:

      тікелей жүгінген кезде;

      телефон арқылы (оның ішінде қаржылай емес қолдау операторының байланыс орталығы арқылы) ұсынады.

      Алғашқы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "ӘКДО" бағыты бойынша өтінім нысанын толтырады. Анықталған қажеттіліктердің негізінде көрсетілетін қызметті алушы басқа да қаржылай емес қолдау шараларына жіберіледі.

      Онлайн-форматта толтырылатын өтінім хабар алмасуға арналған мобильді қосымша арқылы немесе оқыту курстары туралы хабарландыруда өз деректерін электрондық сауалнама нысандарында толтыру жолымен "ӘКДО" консультантына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыны оқытуды ұйымдастыру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

      өтінімдерді жинау, неұрлым сұранысқа ие білімді анықтау немесе топ жинау туралы хабарландыру орналастыру;

      топ жинау (кемінде 10 адам);

      білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді іздестіру, әлеуетті жеткізушілер арасында конкурс жариялау;

      білім беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушімен шарт жасасу, оқыту бағдарламасын және білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алудың шарттарын дайындау;

      бір бейінді (кәсіптік) бағыт бойынша жылына бір реттен артық емес курстық оқыту.

      Өткізілген тестілеудің қорытындысы бойынша шекті мән кемінде 70 (жетпіс) пайызға жеткен кезде оқытудан өткені туралы сертификат қызмет көрсетудің нәтижесі болады.

      Оқыту кестесі әйелдердің ата-аналық және отбасылық міндеттері ескеріле отырып ұйымдастырылады.

      Егер оқыту көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде жүргізілсе, онда көлік шығыстарын және (немесе) тұруға арналған шығыстарды көрсетілетін қызметті алушы өзі төлейді.

      Менторлық қызметтерді, менти бизнесі басшысының құзыретіне бағалау жүргізетін және оның құзыреттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін ментор көрсетеді.

      Менторды өтінім түскеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде қаржылай емес қолдау операторы тағайындайды және ментиді 6 айдан аспайтын мерзімге немесе күнтізбелік жылдың соңына дейін сүйемелдейді.

      Ментор тәлімгерлікті онлайн/офлайн форматта 5 менти үшін жүзеге асырады.

      Егер менти менторлықты алудан бас тартса, ӘКДО консультанты оны басқа ниет білдірген ментиге ауыстырады.

      Ментор ретінде бизнесте 5 жылдан астам еңбек өтілі бар және тиісті дайындықтан өткен кәсіпкер әйелдер болады.

      Халықаралық жобаларға қатысуға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер әйелдер кәсіпкерлігінің бизнес-әлеуетін дамытуға бағдарланған форумдар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу туралы қызықтыратын бизнес бағыттары бойынша ақпарат жинау арқылы жүзеге асырылады.

      Халықаралық жобалар, форумдар, конференциялар, конкурстар және басқа да іс-шаралар туралы ақпарат беру халықаралық жобаларға қатысуға жәрдемдесу бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі болады.

      Консультанттың бизнес-шолу жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметі өтінім берілген кезден бастап 3 (үш) ай ішінде жүргізіледі.

      Бизнес-шолу бизнестің әлеуетін, қызметкерлердің құзыреттілігі мен оның орнықтылығын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында, сондай-ақ ШОБ қызметкерлерінің құзыретін арттыруға ұсынылатын оқыту үшін жүргізіледі.

      Бизнес шолу жүргізілгеннен кейін бизнесті жақсарту бойынша ұсынымдар көзделген есеп қалыптастырылады. Бизнес-шолудың есебі оны қалыптастырғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде ШОК пен қаржылай емес қолдау операторына жіберіледі.

      22. БАБӨ көрсетілетін қызметтері жергілікті қоғамдастықтың әлеуетін дамыту және нығайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқаты деңгейін арттыру мақсатында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінім нысаны бойынша өнім өндірушілерге көрсетіледі.

      БАБӨ көрсетілетін қызметтер мыналарды қамтиды:

      өңірлерде жергілікті шикізаттан жасалған тауарлар көрмесін өткізу және БАБӨ жобасына тауарларды іріктеу;

      өңірде БАБӨ жобасы бойынша жұмысты үйлестіру;

      барлық мүдделі тараптардың қатысуымен БАБӨ жобасы бойынша оқыту;

      тауар өндірушілерді өндіріс технологиясы бойынша оқыту;

      өнімді жылжыту және өткізу саласындағы қолдау, тауар белгілерін әзірлеу;

      бренд-комитеттерін құру;

      өндірілген жергілікті өнімді сертификаттауға қолдау көрсету;

      нарық өнімін әзірлеуге қолдау көрсету, жаңа немесе инновациялық өнімді әзірлеуге тапсырыс беру, өндіріс стандартын әзірлеу.

      23. ӘКДО осы Қағидалардың 21-тармағында айқындалған көрсетілетін қызметті алушыларға өңірдегі әйелдердің анықталған қажеттіліктеріне сәйкес жоспарланып отырған оқыту түрлері және басқа да іс-шаралар туралы БАҚ арқылы және (немесе) қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды.

4-тарау. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

      24. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы өтеусіз негізде экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілерін қолдау үшін мамандандырылған қызмет түрлерін (бұдан әрі – сервистік көрсетілетін қызметтер) көрсетуге бағытталған.

      25. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      26. Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатыл алу туралы тиісті шарт жасалады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда, Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасалады.

      27. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберіндегі қаржылай емес қолдау операторының қаржылай емес қолдау шараларын көрсету шығыстарын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      28. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасын шеккен қаржылай емес қолдау шараларын көрсету шығыстарын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында жасалатын ақылы қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына ақылы қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      29. ШОК субъектілері үшін сервистік қолдау көрсетуді ұсыну қажеттілікке сәйкес облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жергілікті жерлерде және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      30. Экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне сервистік қолдау шеңберінде сервистік қызмет көрсетудің мынадай түрлері ұсынылады:

      1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ;

      бухгалтерлік заңнама мәселелері бойынша консультацияларды;

      салық заңнамасы мәселелері бойынша консультацияларды;

      бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультацияларды;

      бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша консультацияларды;

      "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс бойынша консультацияларды;

      салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;

      статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;

      бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультацияларды;

      салықтық есептер дайындауды;

      статистикалық есептер дайындауды қамтитын статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер.

      2) заң мәселелері және мыналарды;

      лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу бойынша консультацияларды;

      құқықтық қолдай отырып, лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарын алу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттар дайындауды;

      кәсіпкерлік субъектісін тарату бойынша консультациялар;

      шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу;

      азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар;

      мемлекеттік сатып алуға байланысты консультацияларды;

      конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындауды;

      сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасау жөніндегі көрсетілетін қызметті қамтитын конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер.

      3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

      кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар;

      екінші деңгейдегі банктерде, басқа қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу;

      4) бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер мыналарды:

      бизнес-жоспарды әзірлеу үшін ақпарат жинау бойынша консультацияларды;

      бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша консультацияларды;

      бизнес-жоспарды әзірлеуді;

      тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша консультацияларды;

      тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша әзірлемелерді қамтиды.

      31. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын ШОК субъектілеріне көрсетілетін сервистік қызметтер, сервистік көрсетілетін қызметтердің басталуы мен көрсетілетін орны туралы БАҚ арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды.

      32. ШОК субъектілеріне бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа, кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша бекітілген сервистік көрсетілетін қызметтер шеңберінде тұрақты негізде кешенді сервистік қолдау көрсетіледі, сондай-ақ ШОК субъектілері 1 (бір) күнтізбелік жылда 1 (бір) рет қана алатын тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарының талдауын алады.

      33. Кәсіпкердің жеке қатысуымен сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға мүдделі ШОК субъектілері КҚКО-ға немесе КҚКО бөлімшесіне жүгінеді және менеджер-консультант кезектілік тәртібімен қызмет көрсетеді;

      2) сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер ШОК субъектілері мынадай құжат түрлерін:

      жеке куәлік немесе "цифрлық құжаттар" сервисінен алынған оның электрондық көшірмесін (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама/хабарлама;

      қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхатты (түпнұсқа) ұсынады;

      3) менеджер-консультант ШОК субъектілеріне, көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берушіні міндетті түрде фотоға түсіре отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сауалнама-өтінім береді;

      4) ШОК субъектісі өз қалауы бойынша ақпаратты ауызша да, сол сияқты жазбаша түрде де алады;

      5) менеджер-консультант ШОК субъектілерінің қалауы бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) тиісті сапада және толық көлемде қызмет көрсетілгеннен кейін менеджер-консультант пен ШОК субъектілері арасында осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылады;

      7) ШОК субъектілеріне көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қаржылай емес қолдау операторы құралды қаржыландыру шеңберінде телефон арқылы пікіртерім немесе sms-хабарламалар арқылы пікіртерім жүргізу жолымен сапа аудитін жүргізеді;

      8) қызмет көрсетілгеннен кейін менеджер-консультант ШОК субъектілерінің деректерін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді.

      34. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн-режимде сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ШОК субъектілері сервистік қызметті алу үшін қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелу кезінде ШОК субъектілері қажетті деректерді толтырады және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында жеке кабинет ашады;

      2) ШОК субъектілері қажетті сервистік көрсетілетін қызметтерді таңдайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік қызметтер көрсетуге арналған электрондық сауалнама-өтінім толтырады және осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді;

      3) Осы Қағидалар шеңберінде сервистік қызметтер көрсетуге арналған электрондық өтінімге екі факторлы теңтүпнұсқаландыру әдісімен тұлғаны сәйкестендіру арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойылады;

      4) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелім тәртібімен бөлінеді;

      5) ШОК субъектілері электрондық өтінімді менеджер-консультантқа бөлгеннен кейін электрондық поштаға немесе ұялы телефонға оның электрондық өтінімінің жұмысқа қабылданғаны туралы хабарлама алады;

      6) электрондық өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат шок субъектісінің жеке кабинетінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетіледі;

      7) менеджер-консультант электрондық өтінімді жұмысқа алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізеді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда, менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, пысықтауға электрондық өтінім жібереді;

      8) менеджер-консультант сервистік қызмет көрсетеді және қызмет көрсету нәтижесін ШОК субъектісіне қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді (sms-хабарлама арқылы немесе электрондық өтінім мәртебесін көрсете отырып, электрондық поштаға ақпарат);

      9) көрсетілген қызметтің нәтижелерін алғаннан кейін ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетінде екі факторлы теңтүпнұсқаландыру әдісімен тұлғаны сәйкестендіру немесе ЭЦҚ пайдалану арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісіне қол қойып, жұмыстардың орындалу фактісін растайды;

      10) ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетте менеджер-консультант көрсеткен сервистік қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;

      11) ұсынылған қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыс құралдары бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың әрекеттеріне шағым жасайды.

      35. Қызметтерді толық емес және сапасыз көрсеткені үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтерді көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес менеджер-консультант жауап береді.

      36. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде:

      1) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті сервистік қолдау құралының іске асырылуы туралы есепті жібереді;

      2) қаржылай емес қолдау операторы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алғашқы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету құралының іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қаржы агенттігіне құралдың іске асырылуы туралы мәліметтерді жібереді;

      3) қаржы агенттігі "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралының іске асырылу барысы туралы мониторингті жүзеге асырады. Қаржы агенттігінің мониторингтік тексеруді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге мониторинг жүргізу әдістемесінде келтірілген.

      37. Қаржылай емес қолдау операторы шок субъектілеріне қаржы жылғы 12 (он екі) ай бойы сервистік қолдауды үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

      38. Қаржылай емес қолдау операторы есепті жылдың маусым айынан кешіктірмей ШОК субъектілері арасында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету құралының көрсетілетін қызметтері бойынша ұзақтығы кемінде 3 (үш) минут бейнероликтер әзірлеп, интернет-ресурстарда орналастырады.

      39. Уәкілетті органмен келісу бойынша оқыту бейнероликтерін әзірлеу және орналастыру кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау құралын қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      40. Қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға әзірленген және орналастырылған, уәкілетті органмен келісілген оқыту бейнероликтері бойынша есеп береді.

5-тарау. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы

      41. Еуропа Қайта Құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) сыртқы бизнес-консультанттарды тарту арқылы "Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы" құралын (бұдан әрі – ЕҚДБ бағдарламасы) іске асырады.

      42. ЕҚДБ бағдарламасы мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады:

      1) кәсіпорынның өсуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу үшін кәсіпорынға консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компанияларды тарту;

      2) кәсіпорындардың өсуі мен дамуына көмек көрсету үшін шетелдік салалық сарапшыларды тарту;

      3) кәсіпкерлер үшін тақырыптық тренингтер, семинарлар, конференциялар және басқа да оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу арқылы ШОК субъектілері үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерге сұранысты ынталандыру және нарықтарды дамыту болып табылады;

      4) жаттықтырушыларға арналған тренингтер сериясын өткізу арқылы жергілікті бизнес-консультанттардың құзыреттерін дамыту.

      43. ЕҚДБ бағдарламасын қаржыландыру уәкілетті орган мен ЕҚДБ арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      44. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарту жөніндегі шығыстарды төлеу қоса қаржыландыру қағидаты бойынша республикалық бюджет қаражаты және ШОК субъектілерінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      45. ЕҚДБ ШОК субъектілеріне консультациялық қызметтерді жеткізуші компаниялардың консультациялық жобаларын және біліктілігі жоғары шетелдік сарапшыларды іске асыруға тарту арқылы үздіксіз қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      46. ЕҚДБ бағдарламасының қатысушылары базалық және қосымша өлшемшарттарға жауап беретін кәсіпорындар болып табылады.

      Базалық іріктеу өлшемшарттары:

      1) кәсіпорын көлемі – консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компаниялар тартылатын жобалар үшін 250 қызметкерге дейін және шетелдік салалық сарапшыларды тартылатын жобалар үшін 500 қызметкерге дейін;

      2) меншік нысаны – 49%-дан аспайтын шетелдік капитал қатысатын жеке кәсіпорын;

      3) қызмет саласы – бүкіл экономика секторларындағы салалық шектеулерсіз қызмет;

      4) бизнесті жүргізудің табысты тәжірибесі – өтінім берген сәтте 2 (екі) жыл (арнайы бастамаларды қоспағанда);

      5) ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға арналған:

      осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасы;

      кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      толық өткен екі жыл және өтінім берген кездегі соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептердің көшірмелері қамтылған өтінім құжаттамасының толық топтамасы.

      47. Қатысушыларды іріктеудің қосымша өлшемшарттары (бұл өлшемшарттарға сәйкестікті кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін ЕҚДБ жергілікті мамандар тобы бағалайды):

      1) өміршеңдік – көзге көрінетін бәсекелестік артықшылықтарының болуы тұрғысынан одан әрі өсу әлеуеті, кірістілік (оң жалпы пайда), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін жеткілікті қаржылық және операциялық ресурстардың болуы (ЕҚДБ банкроттық сатысында тұрған немесе толық қайта құрылымдауды талап ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді);

      2) басшылық тарапынан қарым-қатынас – ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниялармен ынтымақтастыққа әзірлік;

      3) жоғары бедел/парасаттылық – кәсіпорын мен оның басшылығының сенімге әрі жоғары беделге ие болуы;

      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі – іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға нақты қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі аз немесе ондай тәжірибесі жоқ кезде алатын қолдауды қолдану қабілеті және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражаттың болмауы;

      5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорынның жалпы жобаны іске асыру құнының 25-75%-ын төлеуге әзірлігі және мүмкіндігі.

      48. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарта отырып, озық кәсіпорындардың консультациялық жобаларын ұйымдастыру және қоса қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ЕҚДБ біліктілікке алдын ала іріктеу жүргізеді және ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға сай келетін консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер дерекқорын жүргізеді;

      2) консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеу үшін біліктіліктері болуы тұрғысынан бағалаудан өтеді:

      жұмыс тәжірибесі – компания қызметінің сипаттамасы, оның мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шартынан үзінді көшірме), кемінде алдыңғы екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (пайда мен залал туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, баланс); егер қолдануға болатын болса, консультациялық қызметтердің түрлері бойынша бөліп төлеу мөлшерлемелерін көрсете отырып, компанияның/жеке консультанттың мамандану сипаттамасы (адам-күнмен есептелген);

      клиентпен жұмыс және ұсынымдар – пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2 жылда іске асырылған жобалардың сипаттамасы (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде) және клиент-компанияның консультациялық жобалар басшыларының байланыс деректері;

      кадрлармен жасақталу – барлық консультанттармен әңгімелесу өткізу және олардың түйіндемелерін зерделеу;

      3) кәсіпорынның қажеттіліктері айқындалып, жобаны орындау үшін белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға жауап беретін консалтингтік компаниялардан коммерциялық ұсыныстар сұратылуы мүмкін (консультантты кәсіпорынның өзі таңдайды, консультанттарға бірінші жоба сәтті іске асырылғанға дейін басқа жобаларды қатар орындауға тыйым салынады);

      4) Қолдау көрсетілетін жобалар КҚКО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтермен толықтырылады.

      49. ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:

      1) ЕҚДБ кәсіпкерлерді құралға қатысу өлшемшарттары және өтінім топтамасына қойылатын талаптар туралы ақпаратты қоса алғанда, ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалау өтінімін дайындауға жәрдемдеседі;

      2) өтініш беруші ЕҚДБ бағдарламасының көмегімен қолдау үшін ЕҚДБ-ға мынадай қажетті құжаттар топтамасын ұсынады:

      Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын беруге "Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасы;

      құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      өткен толық екі жыл және өтінім берген сәттегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері;

      3) кәсіпорынның өміршеңдігін, қажеттіліктерін, басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін ЕҚДБ маманы кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін оның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау үшін кәсіпорынға барады;

      4) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;

      5) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны іске асыруға жарамды консалтингтік компаниялардың және (немесе) сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда, халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;

      6) өтініш беруші консалтингтік компанияны және (немесе) сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;

      7) кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп техникалық тапсырманы әзірлейді, оны ЕҚДБ-мен келіседі және бекітеді;

      8) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулықты негізге ала отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру мөлшері бойынша шешім қабылдайды;

      9) кәсіпорын және консалтингтік компания және (немесе) сарапшы ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

      10) ЕҚДБ мен кәсіпорын ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады;

      11) ЕҚДБ жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізеді;

      12) жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды таныстырылым өткізеді және бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді;

      13) кәсіпорын қатысу туралы шартқа және (немесе) грант беру туралы келісімге сәйкес сарапшы және (немесе) консалтингтік компания көрсететін қызметтерге ақы төлейді;

      14) грант беру туралы келісім шеңберінде орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жобаның сәтті аяқталуын және кәсіпорынның консалтингтік компанияның жоба құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға белгіленген мөлшерде грант төлейді;

      15) жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ маманы бенефициар кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жобаның әсерін бағалау үшін барып, қорытынды бағалау жүргізеді.

      50. ЕҚДБ жыл сайын уәкілетті органға есепті жылдан кейін 2 (екі) ай ішінде ЕҚДБ бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп береді.

6-тарау. Іскерлік байланыстар

      51. "Іскерлік байланыстар" құралы ХШҰ қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

      52. Құралға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін:

      1) өз қызметін қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес экономика секторларында жүзеге асыратын;

      2) жылдық орташа табысы кемінде 10000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары қатысады.

      53. "Іскерлік байланыстар" құралы шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және шетелдік әріптестермен:

      1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;

      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзара беру;

      3) франшиза сатып алу;

      4) бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыстар орнатуды көздейді.

      Тағылымдамадан өту форматын, сондай-ақ мерзімін қабылдаушы ел қаржылай емес қолдау операторына хат жолдау арқылы айқындайды.

      54. Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдамаларды "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылардың қажеттіліктерін және қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейін ескере отырып, ХШҰ ұйымдастырады.

      55. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл қолданыстағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қабылдаушы елдің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер шеңберінде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторы мен ХШҰ арасындағы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

      56. "Іскерлік байланыстар" құралының іс-шараларын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес тиісті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ байланысты және байланысты емес ХШҰ гранттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      57. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторының "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберіндегі қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге арналған шығыстарын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде өтейді.

      58. Қаржылай емес қолдау операторы "Іскерлік байланыстар" құралына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 2 (екі) ай бұрын әлеуетті қатысушыларды құралға БАҚ арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы қатыса алатындары туралы хабарлайды.

      59. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шарасын алуға өтінім қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда және (немесе) облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы, өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы ұсынылады.

      60. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын алуға электрондық нысанда өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға электрондық өтінімді, "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық жоба шеңберінде қатысушының жазбаша міндеттемесін толтырады;

      2) "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысушының электрондық өтінімі веб-портал арқылы тіркелгеннен кейін қаржылай емес қолдау операторының орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді;

      3) электрондық өтінім қаржылай емес қолдау операторының қарауына жіберіледі және 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

      "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалдарында қаржылай емес қолдау шараларын алуға өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      өтініш беруші осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тағылымдамаға қатысуға арналған өтінімді, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық жоба аясында "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберінде қатысушының жазбаша міндеттемесін толтырады;

      Өтінімді қаржылай емес қолдау операторы 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      61. Қабылданған өтінімдер бойынша қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, кооперациялық жобаларды қорғауды ұйымдастырады және қатысушылар әзірлеген үздік кооперациялық жобаларды іріктейді. Өтініш берушіні іріктеу кезінде:

      шетелдік компаниялармен ынтымақтастық ниеті;

      басқарушылық әлеуеті;

      шет тілін білу (шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде) өлшемшарттар болып табылады.

      62. Үздік кооперациялық жобалар айқындалғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы шетелде бизнес-тағылымдамаға қатысуға келісу үшін іріктелген ШОК субъектілерінің тізімдерін уәкілетті органға жібереді.

      63. ХШҰ топтық бағдарламалар күнтізбесін жасайды және қаржы жылының бірінші тоқсанында тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін әріптес кәсіпорындарды іздестіреді.

      64. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушыларды шетелдік тағылымдамаға жібереді.

      65. Халықаралық көлік шығыстары республикалық бюджет есебінен немесе қатысушылардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      66. "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары көліктік шығыстарды және шетелдік тағылымдамаға ұшу пунктіне дейінгі Қазақстан Республикасының аумағында тұру шығыстарын өздері төлейді.

      67. Тағылымдаманың нәтижесі бойынша "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары алған білімін, тәжірибесін және технологияларын ескере отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды.

      68. Шетелдегі бизнес-тағылымдаманың нәтижелері бойынша қатысушы Қазақстан Республикасына келген сәттен бастап 2 (екі) ай ішінде қаржылай емес қолдау операторына келісілген нысан бойынша (қатысушыларды тағылымдамаға қабылдайтын елдің шарттарына сәйкес нысан) бизнес-тағылымдаманың нәтижелері және өз бизнесін дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы есептік ақпарат ұсынады.

      69. Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, бизнес-тағылымдамадан өткен соң бір жылдан кейін ынтымақтастық орнатылған шетелдік серіктес компанияның атауын көрсете отырып, "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушы ШОК субъектілерінің даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және уәкілетті органға жібереді.

      70. Қаржылай емес қолдау операторы ШОК субъектілеріне қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

7-тарау. Қаржылай емес қолдау құралдарын іске асырудың тиімділігін талдау

      71. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қаржылай емес қолдау құралдарын іске асырудың тиімділігіне талдау кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қаржылай емес мемлекеттік шараларының тиімділігіне талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

      72. Талдаудың қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны пайдаланушының портретін сипаттайтын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан нәтижелі болуының жақсаруын/нашарлауын, қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын айқындайтын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның ішкі факторларына баға беретін кешенді талдамалық есеп жасалады.

  2021 – 2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі ұлттық
жоба шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылай емес қолдау
шараларын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер" құралы бойынша қызметтер көрсетуге сауалнама-өтінім

1

Өтініш берілген күн


2

Өтініш берушінің Т.А.Ә.


3

Өтініш беруші тұратын облыстың атауы


4

Өтініш беруші тұратын қала/моноқала/шағын қала/аудан орталығының атауы


5

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жынысы


6

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы өрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің туған күні


7

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы кКөрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жасы (өтініш берген сәтте)


8

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жас санаты


9

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің мүгедектігі


10

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген заңды тұлғаның, өтініш берушінің ЖСН ДК/БСН


11

Шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны


12

ШОК субъектісінің атауы


13

Субъект санаты


14

ШОК субъектісінің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша саласы


15

ШОК субъектісі қызметінің бойынша кіші саласы


16

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның атауы


17

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның кіші түрінің атауы


18

Телефон (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның мобильді, жұмыс/үй)


19

E-mail (шок субъектісінің/жеке тұлғаның)


20

Менеджер-консультанттың Т.А.Ә.


      * Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығының куәлігін/хабарламасын, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы, уәкілетті адамға (қажет болған жағдайда адамға) сенімхатты қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына менің дербес деректерімді өңдеуге, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес фотоға түсіруге, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      * Мен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында телефон және (немесе) SMS-сауалнама жүргізуге келісім беремін.

      * Мен қаржылай емес қолдау құралдары шеңберінде көрсетілген қызметтердің нәтижелерін ұсынуға өз келісімімді беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Күні: 20 жылғы " "

      (қолы)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі

      (толтырылған күні: күні, айы, жылы):

р/с №

Қызмет көрсету форматы

Облыс / қала

Елді мекен (Моноқала, шағын қала және аудан орталығы)

Қызмет көрсету орны

Кәсіпорынның атауы

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Заңды тұлғаның Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы (еркек/әйел)

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жүгінген кездегі жасы

Қызмет көрсетуге өтініш берген субъектінің жас санаты

Мүгедектік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала

Мамандандырылған қызметтің атауы

Мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен компанияның және (немесе) консультанттың Т. А. Ә.

Өтініш берген /қызметтің басталған күн

Көрсетілетін қызметті аяқтау /аяқталу күні

Өтініш берішінің телефоны (ұялы, жұмыс/ үй)

Өтініш берушінің электрондық мекенжайы

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24























  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

"Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша өтінім



Ұйымның атауы


Ұйымды тіркеу нысаны

Жеке кәсіпкер

Құрылған жылы


Серіктестік

Акционерлік компания

Басқа

Ұйымның тіркеу нөмірі (БСН)


ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрі


Кәсіпкерлік субъектісі

☐ Микро
☐ Шағын
☐ Орташа

Жылдық айналымдар

☐ 500 мың теңгеге дейін
☐ 500 мың теңгеден бастап -1 млн теңге
☐ 1 млн теңгеден бастап -2 млн теңге
☐ 2 млн теңгеден бастап -5 млн теңге
☐ 5 млн теңгеден бастап -10 млн теңге
☐ 10 млн теңгеден бастап-50 млн теңге
☐ 50 млн теңгеден бастап және одан жоғары

Тіркеу орны

Облыс


Қала


Пошта индексі


Көшесі, ш/а


Email адрес


Веб-сайт




Байланысушы тұлға (құрылтайшы немесе бірінші басшы)

А.Т.Ә.




Лауазымы




Ұялы телефоны




email:




Қызметкерлердің орташа айлық саны, барлығы, оның ішінде:


Бұрын қаржыландыру алдыңыз ба, жоқ па?

☐ Жеңілдікті несиелеу 6 %
☐ Грант 200 АЕК
☐ "Бизнестің жол картасы – 2025" гранты
☐ Субсидиялау
☐ Кепілдік
☐ Басқа

Бізге жүгінген кезде сізде қандай проблемалар мен қажеттіліктер болды?


Сізге бейінді оқыту қажет пе жоқ па, болса, қандай оқыту қажет?

☐ Ауыл шаруашылығын жүргізу бойынша оқыту (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы)
☐ Азық-түлік өндірісін оқыту
☐ Бьюти индустрия саласында оқыту
☐ Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша оқыту
☐ Тігін өндірісі, киім құрастыру бойынша оқыту
☐ Білім беру саласында оқыту
☐ Басқа ________________________________
(өз нұсқаңызды жазыңыз)
☐ Жоқ, қажет емес

Сізге кооперация және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту қажет пе жоқ па? (қажеттісін белгілеу)

☐ Кооперация бойынша оқыту
☐ Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту
☐ Жоқ, қажет емес

Егер сізге оқыту қажет болса, онда Сізге қандай форматта оқу ыңғайлы?

Онлайн
Офлайн (бетпе-бет)

Консультанттың Т.А.Ә.


Консультанттың қолы


Кеңесшінің жұмысын бағалаңыз

☐ Өте жақсы
☐ Жақсы
☐ Жаман

Сіздің тілектеріңіз/пікірлеріңіз/ескертулеріңіз


Клиенттің Т.А.Ә.


Клиенттің қолы

☐ Мен жұмыс аясында менің деректерімді өңдеуге келісемін (белгі қойыңыз)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының бағыты бойынша өтінім

Өтініш берген күні


Облысы


Қала/Аудан


Елді мекен (ауыл, кент)


Клиенттің ЖСН


Т.А.Ә.


Жасы

18-29
30-49
50-57
57 және одан жоғары

Көрсетілетін қызметті алушының санаты

Көп балалы тұлғалар/отбасылар
NEET санатындағы жастар
Аз қамтылған адамдар/отбасылар
Еңбекке қабілетті мүгедек
Қоныс аударушылар (қандастар)
Басқа

Мүгедектігінің бар/жоғы

Иә
Жоқ

Ұялы телефон


E-mail


Компанияның ұйымдық-құқықтық нысаны/жеке тұлға

□ Жеке тұлға
□ ЖК
□ ЖШС
□ ШҚ
□ БЖТ төлеуші
□ Басқа

Клиент ұйымының атауы


Ұйымның БСН (бар болса)


Ауыл шаруашылық бизнес түрлері

□ етті Ірі қара мал (бордақылау)
□ етті Ірі қара мал (өңделген өнім)
□ Сүтті ірі қара мал
□ Жылқы шаруашылығы (қымыз және өңделген өнім)
□ Жылқы шаруашылығы (бордақылау)
□ Қой шаруашылығы (оның ішінде, ешкі)
□ Түйе шаруашылығы
□ Құс шаруашылығы
□ Шошқа шаруашылығы

□ Балық өсіру
□ Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру (қоян)
□ Жылыжай шаруашылығы
□ Маусымдық дақылдарды өсіру
□ Көпжылдық дақылдарды өсіру
□ Ет өнімдерін өндіру
□ Жемістер мен көкөністерден өнімдер шығару
□ Майлар мен майларды өндіру

□ Сүт өнімдерін өндіру
□ Ұн өндірісі
□ Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі
□ Өндіріс
□ макарон бұйымдар
□ Жемшөп өндірісі
□ Сүт қабылдайтын пункт
□ Жүнді өңдеу
□ Ара шаруашылығы
□ Өзге де


Ауылшаруашылық емес бизнес түрлері

□ Дәріхана
□ Тігін цехы (ателье, тоқу цехы)
□ Массаж қызметі
□ Шеберхана (жөндеу жабдықтары, кәдесыйлар, құралдар және т. б.)
□ Балабақша (шағын орталық)
□ Репетиторлық қызметтер
□ Монша қызметі
□ Тамақтану қызметтері
□Туризм (қонақ үйлер, кемпингтер, лагерьлер)

□ Автосервис (ТЖО, шиномонтаж, Автобөлшектер)
□ Сұлулық салондарының қызметтері (шаштараз)
□ Дүкен (азық-түлік, тұрмыстық, құрылыс)
□ Жеңіл автокөлік қызметтері
□ Жолаушылар автомобиль қызметі
□ Жүк көлігі қызметтері
□ Арнайы техника қызметтері
□ Ойын-сауық қызметтері
□ Ағаш өңдеу
□ Металл өңдеу

□ Металл-пластикалық бұйымдар
□ Құрылыс материалдарын өндіру
□ Құрылыс қызметтері
□ Басқа тұрмыстық өнімдер өндірісі
□ Полиграфиялық қызметтер (фотосалон)
□ Салттық қызметтер
□ Ветеринарлық қызметтер және ветеринарлық дәріханалар
□ Киіз үй өндірісі
□ Сауда және кеңсе ғимараттарының құрылысы
□ Өзге де


ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрі


Кәсіпкерлік субъектісі

□ микро
□ шағын,
□ орта
□ ірі

Өтініш берген кездегі жұмыскерлердің саны (адам саны)


Жылдық айналымдар

□ 500 мың теңгеге дейін
□ 500 мың теңгеден -1 млн теңге
□ 1 млн теңгеден бастап -2 млн теңге
□ 2 млн теңгеден - 5 млн теңгеге дейін
□ 5 млн теңгеден - 10 млн теңгеге дейін
□ 10 млн теңгеден - 50 млн теңгеге дейін
□ 50 млн теңгеден бастап және одан жоғары

Бұрын қаржыландыру алдыңыз ба, жоқ па?

□ Жеңілдікпен кредиттеу 6 %
□ 200 АЕК грант
□ "Бизнестің жол картасы – 2025" гранты
□ Субсидиялау
□ Кепілдендіру
□ Басқа

1. Бізге жүгінген кезде сіздің қандай проблемаларыңыз бен қажеттіліктеріңіз болды?


2. Сізге даму әлеуетін анықтау, бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеуге көмек көрсету үшін ағымдағы бизнес жағдайын сыртқы бағалауды ұйымдастыру қажет пе, жоқ па
(тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін).

□ Иә
□ Жоқ

3. Оқытуды ұйымдастыру:
3.1. Сізге бизнес жүргізу үшін оқыту қажет пе, жоқ па?
(қажеттісін көрсету)

□ Жеке өсу
□ Бейінді оқыту
□ Жоқ, қажет емес

3.2. Егер сізді бейінді оқыту қызықтырса, онда Сізге оқытудың нақты қай түрі қажет?

□□ Ауыл шаруашылығын жүргізу бойынша оқыту (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы)
□□ Азық - түлік өндірісін оқыту
□□ Бьюти индустрия саласында оқыту
□ Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша оқыту
□ Тігін өндірісі, киім құрастыру бойынша оқыту
□ Білім беру саласындағы оқыту
□ Басқа ____________________________________
(өз нұсқаңызды жазыңыз)
□ Жоқ, қажет емес

3.3. Сізге кооперация және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту қажет пе, жоқ па? (қажеттісін көрсетіңіз)

□ Кооперация бойынша оқыту
□ Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту
□ Жоқ, қажет емес

4. Ментордан сүйемелдеу алғыңыз келе ме, жоқ па?
(тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін)

□ Иә
□ Жоқ

5. Сізге қаржыландыруды тартуға (краудфандинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) оқыту қажет пе, жоқ па?

□ Талап етілмейді
□ Иә, қажет

6. Әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты халықаралық жобалар туралы ақпарат алғыңыз және оған қатысқыңыз келе ме, жоқ па? (кәсіпкер әйелдерге ақпарат беру)

□ Иә
□ Жоқ

Егер сізге оқыту қажет болса, онда сізге қандай форматта оқу ыңғайлы?

□ Онлайн
□ Офлайн (күндізгі)

Консультанттың А.Т.Ә.


Консультанттың қолы


Консультанттың жұмысын бағалаңыз

□ Өте жақсы
□ Жақсы
□ Жаман

Сіздің тілектеріңіз/пікірлеріңіз/ ескертулеріңіз


Клиенттің А.Т.Ә.


Клиенттің қолы

□ Мен ӘКДО жұмысы аясында менің деректерімді өңдеуге келісемін (белгі қойыңыз)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметті ұсынуға сауалнама-өтінім

1

Өтініш берген күні


2

Өтініш берушінің Т.А.Ә.


3

Өтініш беруші тұратын облыстың атауы


4

Өтініш берушінің қала/моноқала/шағын қала/аудан орталығының атауы


5

Сервистік көрсетілетін қызметке өтініш берушінің жынысы


6

Сервистік көрсетілетін қызметке өтініш берушінің туған күні


7

Өтініш берушінің жасы (өтініш берген сәтте)


8

Өтініш берушінің жас санаты


9

Өтініш берушінің мүгедектігі


10

Жеке кәсіпкердің ЖСН / заңды тұлғаның, өтініш берушінің БСН


11

Шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны


12

ШОК субъектісінің атауы


13

Субъектінің санаты


14

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша саласы


15

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша кіші саласы


16

Қызметтің/консультацияның атауы


17

Кіші қызмет түрінің атауы / консультациялар


18

Телефон (ШОК субъектісінің мобильді, жұмыс/үй)


19

E-mail (ШОК субъектісі)


20

Менеджер-консультанттың Т.А.Ә.


      * Өтінішке: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығының куәлігін/хабарламасын, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы, уәкілетті адамға (қажет болса) сенімхатты қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына менің дербес деректерімді өңдеуге, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес фотофиксацияға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, сақтауға және т.б. және өзге де ақпаратты түсіру және пайдалануға келісім беремін.

      * Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) және мониторингтеу мақсатында жүргізілетін телефон және (немесе) SMS-сауалнама жүргізуге келісім беремін.

      * Мен қаржылай емес қолдау құралдары шеңберінде көрсетілген қызметтердің нәтижелерін ұсынуға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Күні: 20 жылғы " "

      (қолы)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

№ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР АКТІСІ

      _____________________ (қызмет көрсету орны) 20 жылғы " "

      № _________ ____________ шарт негізінде әрекет ететін менеджер-консультант

      _________________ (бұдан әрі – "орындаушы") бір тараптан және _________

      негізінде әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, клиент_____

      (бұдан әрі "тапсырыс беруші" деп аталатын) ____________ екінші тараптан

      төмендегілер туралы осы актіні жасады:

      Орындаушы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша мынадай қызметтерді көрсетті, ал тапсырыс беруші алды:

      ____________________________________________________________________
(қызмет түрі)

      ____________________________________________________________________
(қызмет түрі)

      ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Орындаушы:

Тапсырыс беруші:

___________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
менеджер-кеңесші)
Жеке сәйкестендіру нөмірі:
____________________________________
Мекен-жайы: ____________________________________
Телефон: _______________________________
___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

___________________________________
(ұйымның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі:
______________________________________
Заңды мекен-жайы:
______________________________________
Телефон: _________________________________
___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

"Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі

      Толтырылған күні: 20 жылғы " ".

р/с №

Қызмет көрсету форматы

Облыс/қала

Елді мекен (моноқала, шағын қала және аудан орталығы)

Қызмет көрсету орны

Кәсіпорынның атауы

Өтініш берушінің тегі, аты, Әәкесінің аты (болған жағдайда)

Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы (еркек/әйел)

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жүгінген кездегі жасы

Қызмет көрсетуге өтініш берген субъектінің жас санаты

Мүгедектік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала

Мамандандырылған қызметтің атауы

Мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен компанияның және (немесе) консультанттың Т. А. Ә.

Өтініш берген /қызметтің басталған күні

Қызметті аяқтау /аяқталу күні

Телефон (өтініш берушінің мобильді, жұмыс/ үй)

Өтініш берушінің электрондық мекенжайы

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24























  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
8-қосымша

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетілуіне мониторинг жүргізу әдістемесі

      1. Қаржылай емес қолдау операторы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 30-тармағында көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асырады.

      2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік қолдау көрсету облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жергілікті жерлерде жүзеге асырылады.

      3. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі-қаржы агенттігі) осы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетілуіне мониторинг жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) 8.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат көзі болып табылатын сервистік қолдау бойынша қызметтер көрсетілуіне мониторингті жүзеге асырады. Сервистік қолдау жөніндегі ақпарат, шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері осы әдістеменің 12-тармағында көрсетілген параметрлер бойынша тексеріледі.

      4. Сервистік қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу мыналарды көздейді:

      1) мынадай көрсеткіштерді:

      өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер санын;

      өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер санын;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының санын;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе қызмет алған клиенттер санын (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызмет алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің гендерлік қатыстылығы бір рет ескеріледі);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызметтерді алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің жас санаты бір рет ескеріледі);

      өңірлер бөлінісінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызмет алған клиенттер санын;

      өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша көрсетікіштер санын;

      қаржылай емес қолдау операторының офлайн және онлайн ремиде көрсеткен қызметтерінің санын тексеруді және өңдеуді қамтитын статистикалық көрсеткіштерді талдау;

      2) қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және (немесе) қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы пікіртерім жүргізу жолымен клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдау құралдарының қаржылық қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдауды іске асыру сапасына мынадай:

      алынған қызметтердің және (немесе) консультациялардың сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      алынған сервистік қызметке және (немесе) консультацияға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржы құралдарын алуға мүдделілігі өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу.

      Осы әдістемеге 8.2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдауды іске асыру мониторингі шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы пікіртерім жүргізуге арналған сұрақтар тізбесіне сәйкес есепті кезеңде қызметтер алған клиенттердің жалпы санының кемінде 10% көлемінде телефон арқылы пікіртерім жүргізу.

      5. Мониторинг жүргізу көздері мыналар болып табылады:

      осы әдістемеге 8.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) өңірлік кәсіпкерлік палаталары (бұдан әрі – ӨКП) қаржы агенттігіне офлайн және онлайн режимдерде, excel электрондық форматында көрсетілген қызметтер бойынша ұсынатын сервистік қолдауды іске асыру барысы туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат).

      6. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП осы әдістеменің 5-тармағына сәйкес ақпаратты ілеспе хатпен қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарына есепті тоқсаннан кейінгі алғашқы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қорытынды ақпаратты - есепті жылғы желтоқсанның алғашқы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Бұл ретте қаржылай емес қолдау операторының және (немесе) ӨКП-ның қолы қойылған қағаз жеткізгіштегі ілеспе хатта барлық ұсынылған құжаттар беттерінің саны көрсетіле отырып, санамаланады.

      7. Қаржы агенттігі деректерді дұрыс енгізбеу және (немесе) ақпаратты сапасыз толтыру анықталған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторына хабарлама-хат жібереді.

      Қаржылай емес қолдау және (немесе) ӨКП операторы ұсынған осы әдістеменің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген статистикалық көрсеткіштерді талдау үшін деректердің бірінің ақпараттың болмауы сапасыз толтыру болып саналады.

      8. Қаржылай емес қолдау операторы хабарлама-хат келіп түскен күннен бастап ескертулердің күрделілігіне қарай 1 (бір) жұмыс күнінен 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде ескертулерді жояды және қаржы агенттігіне жібереді.

      9. Қаржы агенттігі осы әдістеменің 7-тармағында көрсетілген мерзімді бұза отырып, қаржылай емес қолдау операторы ұсынған деректерді қоспай есепті кезең үшін сервистік қолдау бойынша көрсетілетін қызметтердің іске асырылу мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастырады. Есеп нысаны осы әдістемеге 8.3-қосымшада келтірілген.

      10. Есепті қаржы агенттігі қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады. CD немесе DVD форматындағы дискілер және (немесе) USB-флеш-жинақтағыш электрондық жеткізгіш болып танылады. Есеп уәкілетті органға ресми хатпен ұсынылады және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.

      11. Қаржы агенттігі есепте қаржылай емес қолдау операторының осы әдістеменің 7-тармағында көзделген ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтамау жағдайларын көрсетеді.

      12. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП электрондық түрде ұсынатын ақпаратты Қаржы агенттігінің өңірлік филиалы мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      1) қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпараттың осы әдістемеге 8.1-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес келуі;

      2) ақпаратта толтырылған деректердің толықтығы, оның ішінде: облыс/қала, елді мекен, қызмет көрсету орны, клиенттің атауы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), Жекке кәсіпкердің (бұдан әрі – ЖК) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) /бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН) БСН), заңды тұлғаның жынысы, туған күні, жасы, мүгедектігі, ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саласы (бұдан әрі – ЭҚЖЖ), ЭҚЖЖ бойынша кіші сала, мамандандырылған қызметтің атауы, мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы, өтініш берген/қызметтің басталған күні, қызметтің аяқталған/аяқталған күні, жұмыс және (немесе) үй телефоны және (немесе) ұялы, электрондық пошта (мүмкіндігінше).

      Қызмет көрсету форматы – офлайн немесе онлайн режимдердегі қызмет көрсетіледі.

      Облыс/қала – сервистік қолдау көрсетілген облыстың немесе қаланың атауы көрсетіледі. Мысалы: Ақмола облысы немесе Астана қаласы.

      Елді мекен – КҚКО базасында сервистік қолдау көрсетілген жағдайда қызмет көрсетілген қала, кент немесе ауыл көрсетіледі. Мысалы:

      Павлодар қаласы, Заводской ауылы немесе Никольское селосы.

      Офлайн режимде көрсетілген қызметтерді көрсету орнын КҚКО, базасында онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша қызмет көрсетілген КҚКО бөлімшелері көрсетеді, өзіне – өзі қызмет көрсету аймағын басқару орталығы (бұдан әрі – КҚКО) көрсетіледі.

      Клиент кәсіпорнының атауы – клиент жүгінген компанияның толық атауы. Мысалы: Есенғазин Бақытбек Омарғалиұлы ЖК немесе London – EC жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС).

      Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – сервистік қолдау алуға жүгінген компания өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) толық көрсетіледі. Мысалы: Тұрсынбекова Ботагөз Алмасқызы немесе Аденов Айса.

      ЖК ЖСН/заңды тұлғаның БСН-жеке кәсіпкердің 12 таңбалы жеке сәйкестендіру нөмірі немесе компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Мысалы: 830514301719 немесе 100164017356.

      Жынысы – сервистік қолдау алуға жүгінген клиенттің жынысы көрсетіледі. Мысалы: еркек немесе әйел.

      Туған күні – клиенттің туған күні "күні.ай.жыл". Мысалы: 25.09.1954.

      Жасы – бұл тармақ клиенттің туған күніне сәйкес есептеледі. Мысалы: егер клиенттің туған күні 1985 ж. 10.01. болса, жүгінген кездегі жасы (2022 ж. 01.01. жағдай бойынша) – 36.

      Мүгедектік егер сервистік қолдауға немесе ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге жүгінген клиенттің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектік тобы көрсетіледі; мүгедектік болмаған жағдайда оның болмауы көрсетіледі. Мысалы: 1 топ немесе жоқ.

      Ұйымдық-құқықтық нысаны-Клиентті кәсіпкер ретінде тіркеу нысаны. Мысалы: ЖК (Жеке кәсіпкер) немесе ШҚ (шаруа қожалығы).

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты-сервистік қолдау көрсетуге немесе ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне осы санаттардың қайсысына клиент жататынын көрсету қажет. Мысалы: шағын немесе орта.

      ЭҚЖЖ бойынша сала – ЭҚЖЖ-ға қатаң сәйкестікте кәсіпорындар қызметінің түрі көрсетіледі. Мысалы: көлік және қойма немесе өңдеу өнеркәсібі.

      ЭҚЖЖ бойынша кіші сала-экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне қатаң сәйкестікте кәсіпорын қызметінің кіші түрі көрсетіледі. Мысалы: жер үсті көлігі және құбырлар арқылы тасымалдау немесе қабырға блоктарын өндіру.

      Мамандандырылған қызметтің атауы – Қағидаларда көрсетілген сервистік қызметтер тізбесіне сәйкес қызметтің атауы көрсетіледі.

      Мамандандырылған қызметтің кіші түрі-Қағидаларда көрсетілген сервистік қызметтер тізбесіне сәйкес қосалқы қызметтердің атауы көрсетіледі.

      Жүгінген/қызметті бастаған күні – клиенттің сервистік қолдау алу үшін және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жүгінген күні немесе қызметті ұзақ мерзімді көрсеткен жағдайда (мысалы, бизнес – жоспарды әзірлеу) – сервистік қолдау көрсетуді бастаған күні көрсетіледі.

      Қызметтің аяқталу/аяқталу күні – қызметтің аяқталу күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету жағдайында (мысалы, бизнес-жоспарды әзірлеу) – сервистік қолдау көрсетудің аяқталу күні көрсетіледі. Бұл ретте қызмет көрсету аяқталған/аяқталған күннен бастап көрсетілген болып саналады.

      Жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны – клиенттің бір және (немесе) бірнеше телефон нөмірлері көрсетіледі.

      Электрондық пошта – бар болса, клиенттің электрондық поштасы көрсетіледі.

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсетілуіне
мониторинг жүргізу
әдістемесіне 8.1-қосымша
  Нысан

Сервистік қолдауды іске асыру барысы туралы ақпарат

Қызмет көрсету форматы

Облыс / қала

Елді мекен (Моноқала, шағын қала және аудан орталығы)

Қызмет көрсету орны

Кәсіпорынның атауы

Клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

Заңды тұлғаның Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы (еркек / әйел)

Клиенттің туған күні

Жүгінген кездегі жасы

Қызметке жүгінген өтініш берушінің жас санаты

Өтініш берішінің мүгедектігі

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала

Мамандандырылған қызметтің атауы

Мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен компанияның және (немесе) консультанттың Т. А. Ә.

Өтініш берген/ қызметтің басталған күні

Қызметтің аяқталу / аяқталу күні

Телефон (ұялы телефон./ үй. Клиенттің

Клиенттің электрондық мекенжайы

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23





















      Ескертпелер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖК – жеке кәсіпкер;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсетілуіне
мониторинг жүргізу
әдістемесіне
8.2-қосымша

      Нысан

Сервистік қолдауды іске асыру мониторингі шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы пікіртерім жүргізуге арналған сұрақтар тізбесі

      1. Алдыңыз ба Сіз кеңесті, не қызметті ____ күні _____ (атауы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшелері кәсіпкерлер).

      2. Алынған қызметтің және (немесе) консультацияның сапасын 5-тен қалай бағалайсыз баллдық шкала? (мұнда 1 жаман, 5 жақсы)

      3. Алынған қызмет және (немесе) кеңес Сіздің бизнесіңізге көмектесті ме?

      ☐ Жоқ, көмектеспеді.

      ☐ Иә, ішінара көмектесті.

      ☐ Иә, көмектесті.

      4. Сіз мемлекеттік қаржылық құралдарды алуға мүдделісіз беқолдау?

      ☐ Иә

      ☐ Жоқ

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсетілуіне
мониторинг жүргізу
әдістемесіне
8.3-қосымша

      Нысан

Сервистік қолдаудың іске асырылу мониторингі туралы есеп

      1. Кіріспе: "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асыру туралы жалпы ақпарат.

      2. Келесі көрсеткіштерді тексеру мен өңдеуді қамтитын статистикалық көрсеткіштерді талдау:

      көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны, өңірлік бөліністе;

      көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны, өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының саны;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттерден сервистік көрсетілетін қызметтерді және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің гендерлік қатыстылығы бір рет ескеріледі);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттерден сервистік қызметтерді және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің жас санаты бір рет ескеріледі);

      кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны, өңірлер бөлінісінде;

      өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;

      қаржылай емес қолдау операторы офлайн режимде көрсеткен қызметтер саны;

      онлайн режимде көрсетілген қызметтер саны.     

      3. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және (немесе) қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы пікіртерім жүргізу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдау құралдарының қаржылық қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдауды немесе ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:

      алынған қызметтердің және (немесе) консультациялардың сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      алынған сервистік қызметке және (немесе) консультацияға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтер шеңберінде алынған консультацияға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржы құралдарын алуға мүдделілігі.

      4. Қорытынды: негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар.     

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

"Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы" құралын ұсынуға өтінім

Кәсіпорын туралы ақпарат

Кәсіпорынның толық атауы:


Тіркеу нөмірі:


Мекен-жайы: факс:


Телефон: веб-сайт:


Электрондық пошта:


Басшының ресми лауазымы:


Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) :


Басшының жасы:


Басшының жынысы:


Жылдық айналым (евро):


Құрылған жылы:


Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (болған жағдайда):


Қызметкерлер: қызметкерлердің жалпы саны:


Әйел жынысты қызметкерлер саны:


Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың атауы:


Кәсіпорынның сипаттамасы (тарихы, өнімдер, қызметтер, клиенттер, өндіріс көлемі және дамудың негізгі кезеңдері)


Кәсіпорынның даму тарихы (соңғы 5-10 жылда):


Дамудың маңызды кезеңдері (жекешелендіру, құрылымдық өзгерістер, салалық стандарттарды енгізу және басқалар):


Меншік иелерінің құрылымы (қатысу үлестерін немесе акцияларды бөлу, % - бен):


Жергілікті %


Шетелдік %


Жеке %


Әйелдер %


Қызмет түрлері және олардың кірістердегі үлесі:


Кредит беру (кәсіпорын алған/алуды жоспарлаған кредиттер туралы ақпарат беруді өтініш):


Кредиттік ұйымның атауы


Жобаның жалпы сомасы


Алынған кредиттің жалпы сомасы


Кредиттік шартқа қол қойылған күн (күні, айы, жылы)


Жылдық пайыздық мөлшерлеме


Кредит алу мақсаты (инвестициялар, Айналым капиталы, аралас)


Кредит қанша айға алынды


Сіз осы кредиттік ұйымда бірінші рет кредит алып отырсыз ба?


Жобаның сипаттамасы:


Жобаның көмегімен шешілетін кәсіпорынның негізгі мәселелерінің сипаттамасы:


Қажетті кеңес беру қызметтері:


Жоба нәтижесінде кәсіпорын қызметінде күтілетін өзгерістер


Тартылатын консультант (компанияның атауы, байланыс деректері, жауапты тұлғаның аты):


Жобаның басталуының күтілетін күні:


Сіздің кәсіпорынның жобаны іске асыруға жауапты қызметкері:


Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда):


Лауазымы:


Мекен-жайы:


Телефон:


Эллектрондық пошта:


Сіздің кәсіпорныңызда сыртқы консультанттарды тарту бойынша тәжірибесі бар ма? Егер "иә" болса, қысқаша ақпарат беріңіз:


Өтінім құжаттамасының пакетіне кіретін құжаттар тізбесі:


Өтінімнің толтырылған түпнұсқасы


Тіркеу сертификатының көшірмесі


Акциялардың бақылау пакетіне меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан немесе құрылтай шартынан үзінді)


Компанияның мөрімен расталған алдыңғы 2 (екі) жыл үшін жылдық қаржылық есептіліктің (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы, бухгалтерлік баланс) көшірмелері


  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға өтінім

      1. Өтініш беруші туралы ақпарат

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) :


Туған күні:


Жынысы:

ер/әйел

Компанияның атауы:


Лауазымы:


Компанияның ағымдағы қызметі:


Компанияның жоспарланған қызметі:


Құрылған күні:


Компанияның мекен-жайы: компанияның заңды мекен-жайы: компанияның нақты мекенжайы (заңды мекенжайдан өзгеше болған жағдайда):

Облыс:

Қала (аудан көрсетілген елді мекен):

Пошта индексі:

Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны:

 
жеке кәсіпкер ___ жауапкершілігі шектеулі серіктестік ___
акционерлік қоғам
____ басқа______

Компанияның ресми сайты (болған жағдайда):


Байланыстар:

Ұялы телефон:

Электрондық пошта:
Телефон (факс):

      2. Тағылымдамаға қатысу мақсаты

Сіздің компанияңыздың ___________(қабылдаушы елмен), сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастығының жоспарланған нысаны

Импорт ____ Экспорт ____ Дистрибуция______
Бірлескен кәсіпорын құру ______ Франчайзинг______
Лицензиялау _____ Көрме _________
Басқа:________________________________________

Неліктен сіз тағылымдамаға қатысқыңыз келеді ( (қабылдаушы елмен), оның ішінде басқа елдермен экономикалық ынтымақтастыққа қатысты Өз кәсіпорныңыздың жоспарларын сипаттаңыз)


Бизнес-жоспарыңыздың қысқаша сипаттамасы:


      Өтінімге келесі құжаттарды қоса беру қажет:

      1. Сауалнама.

      2. Кооперациялық жоба.

      3. Дербес деректерді қорғау туралы өтініш.

      4. "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберіндегі қатысушының міндеттемесі.

      5. Сіздің компанияңыз туралы ақпарат немесе power Point презентациясы бар буклет.

      6. Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімнің, жабдықтың және т.б. техникалық ерекшелігі.

      7. Фирмалардың (қабылдаушы елдің) сіздің ұсыныстарыңызға/өтініштеріңізге қызығушылығын білдіретін хаттары.

      8. "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша шетелдік тағылымдамаға қатысуға үміткерлер үшін салық төлеушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірістерін растау туралы Мемлекеттік кірістер департаментінен анықтама.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

  "Атамекен" Қазақстан
Республикасының Ұттық
кәсіпкерлер палатасы басқарма
төрағасының орынбасары
__________________________
аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі пошталық мекенжайы,
байланыс телефоны
  ____________________________
  ___________________________
  ____________________________

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру аясындағы қатысушының міндеттемесі

      Осы арқылы мен, ____________________________________________________

      тағылымдамаға қатысушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), паспорт деректері _________________________________________________________________,
(лауазымы, кәсіпорынның атауы)

      Мен:

      1) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның шарттарына сәйкес келетінімді растаймын және мен:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тағылымдамадан өту пунктіне дейінгі көлік шығыстарын өз бетімше төлеуге;

      2) тағылымдама шеңберінде сабақтарды/іс- шараларды өткізіп алынған жағдайда, болмау және (немесе) келмеу себептері туралы жазбаша түсініктеме және дәлелді себептердің бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсына отырып (телефон, телеграф арқылы, электрондық пошта арқылы немесе өзге де тәсілмен), "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын (бұдан әрі – "Атамекен" ҚР ҰКП) хабарлауға;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында және қабылдаушы елдің аумағында тұру және көлік шығыстарын өз бетімше төлеуге (өз қаражаты есебінен тағылымдамадан өтуге ниет білдірген қатысушылар үшін);

      4) дәлелді себептер бойынша бас тарту жағдайларын қоспағанда, тағылымдамаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты тағылымдаманы ұйымдастыруға жұмсалған соманы өтеуге;

      5) қайтып оралғаннан кейін менің тағылымдамаға қатысқанымды растайтын құжаттарды (отырғызу талондары, шекаралық бақылаудан өткені туралы белгілері бар паспорт беттерінің көшірмелері, шақырушы тараптың (халықаралық және шетелдік ұйымның) мөрі бар іссапар куәліктері) "Атамекен" ҚР ҰКП-ға ұсынуға;

      6) тағылымдама нәтижелері бойынша алынған білімді, тәжірибені және технологияларды ескере отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындауға және оны Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде "Атамекен" ҚР ҰКП-ға жіберуге;

      7) "Атамекен" ҚР ҰКП бірінші талап етуі бойынша кәсіпорынның даму жоспарының іске асырылуына немесе "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыруға байланысты өзге де іс-әрекеттерге мониторинг жүргізу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      8) кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді мониторингтеу, тағылымдаманы жеке жоспарда және кәсіпорын үшін бағалау мақсатында тағылымдамадан кейін өткізілетін семинарларға қатысуға;

      9) кешенді бағалау және оны жақсарту мүмкіндігі үшін шетелдік тағылымдамадан кейін кәсіпорынның дамуын, кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді және тұлғалық өзгерістерді қадағалау бойынша сауалнама жүргізуге қатысуға;

      10) тағылымдамадан өту кезінде өздерімен бірге туыстарын, кәмелетке толмаған балаларын алып жүрмеуге;

      11) "Атамекен" ҚР ҰКП ұсынатын логистиканы ұйымдастыру жөніндегі шарттарды қабылдауға;

      12) халықаралық шетелдік ұйым тарапынан тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты мәселелерге белсенді қатысуға міндеттенемін.

      Ескертпелер:

      1) тағылымдамаға одан әрі қатысудан бас тартудың дәлелді себептеріне мыналар жатады:

      емдеу мекемесінің тиісті құжаттарымен расталған, тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;

      басталуы тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін және құжатпен расталған отбасылық мән-жайлар (мысалы, жақын туысының ауруы немесе қайтыс болуы);

      тағылымдамаға жіберу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын алдын ала "Атамекен" ҚР ҰКП-ның тағылымдамаға қатысудың мүмкін еместігі туралы жазбаша хабарламасы;

      уәкілетті орган құжатпен растаған еңсерілмейтін күш мән-жайлар әрекетінің, яғни төтенше және сол жағдайлар кезіндегі еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т.б.) салдары;

      2) кәсіпорын деп шетелге шығу кезінде тағылымдамаға қатысушы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектісі түсініледі.

      Міндеттеменің шарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Экономика және энергетика министрлігі арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес қарастырылған.

      Тағылымдама елі өзгерген жағдайда міндеттеме шарттары өзгертіледі.

      20__ ж. "____" _____________ Қолы: ________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылардың қызметіне кейінгі мониторинг нысаны

р/с №

Компанияның атауы

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Қызметтің қысқаша сипаттамасы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы

Активтердің орташа жылдық құны, мың тг.

Компанияның жылдық орташа айналымы, мың тг.

Жұмыс орындарының саны, адам

Құралға қатысқанға дейін

Кейін

Құралға қатысқанға дейін

Кейін

Құралға қатысқанға дейін

Кейін













      кестенің жалғасы

Өткен жылға төленген салық көлемі, мың тг.

Құралға қатысу мақсаты

Тағылымдама елі

Шетелдік серіктес компанияның атауы

Белгіленген ынтымақтастық түрі

Құралға қатысу нәтижесі

Ескерту

Аймақ









      Ескертпе: басқа да оң нәтиже болған жағдайда, "Ескерту" бағанындағы ақпаратты көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған осы "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары (бұдан әрі – Инвестициялық гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 4-2-тармағына сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жабдық сатып алуға инвестициялық гранттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттама, есептемелер, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру және ұсынылатын инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатымен (бизнес жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) бірлесіп қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру мерзімдерін қамтитын жоспары;

      2) бизнес-идея – тауарларды шығаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (жаңа бизнес-идеяларға сондай-ақ конкурстан өту кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар жатады). Жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі жаңа және (немесе) жетілдірілген және (немесе) басқа да кәсіпорындардың практикасында іске асырылған және технологиялық алмасу (патентсіз лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды әзірлеу және (немесе) нарыққа енгізу;

      3) веб-портал – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсынатын интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      4) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша, веб-порталда, өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және кәсіпкер арасында электрондық түрде жасалатын үшжақты келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге жабдық сатып алуға нысаналы инвестициялық грант беріледі;

      5) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парағы;

      6) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, веб-порталда инвестициялық гранттарды алушылардың тізілімінде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қол жеткізуді ұсыну үшін қажетті шот;

      7) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-әрекеттер мен іс-шаралар жиынтығы;

      8) инвестициялық грант – шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бизнес-жобаны іске асыру мақсатында қажетті жабдықты өтеусіз негізде сатып алу үшін берілетін бюджет қаражаты;

      9) инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

      10) кәсіпкер – дара кәсіпкер және (немесе) заңды тұлға болып табылатын және инвестициялық грант беруге өтінім беру кезінде кәсіпкер ретінде тіркелгеніне кемінде 1 жыл болған шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      11) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады;

      12) кворум – дауыс беру кезінде конкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының қатысуы;

      13) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      14) конкурстық комиссия – инвестициялық гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалық-кеңесші орган;

      15) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға, оны мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайды;

      16) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      17) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғатын конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық;

      18) өтінім – осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш;

      19) өңірлік үйлестіруші – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      21) үлестес компаниялар/тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/ тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары:

      жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары);

      өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

      осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға;

      осы тармақшаның 3) және 4) абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар өздеріне қатысты ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      осы тармақшаның үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары;

      22) электрондық өтінімдер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      23) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бесекеге кабилеттілік" инвестициялық гранттары (бұдан әрі – инвестициялық гранттар) кәсіпкерлерге жабдық сатып алу мақсаттары үшін беріледі.

      4. Инвестициялық гранттар кәсіпкерлерге осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларының тізбесі бойынша экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде беріледі.

      Бұл ретте, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге инвестициялық грант берілмейді.

      5. Инвестициялық гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің инвестициялық гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

      6. Инвестициялық гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Инвестициялық гранттар беру мақсатында республикалық бюджеттен қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өңірлік үйлестірушіге аударады.

      7. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасасқаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      8. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.

2-тарау. Инвестициялық гранттарды берудің тәртібі мен шарттары

1-параграф. Инвестициялық гранттарды беру шарттары

      9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын, алдыңғы 3 жыл салық аударымдарының ұлғаюын және еңбекақы төлеу қорының өсуін қамтамасыз еткен (жыл сайын өткен жылмен салыстырғанда өтінім берілген күнге дейін) және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының 21-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттар ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысушылар бола алады.

      10. Осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша инвестициялық гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы болып табылады.

      Жабдықты сатып алуға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) өнім шығаруды ұлғайту;

      4) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

      11. Кәсіпкерлер инвестициялық грант қаражатын қажетті жабдықты сатып алу мақсатында ғана пайдаланады.

      Инвестициялық грант қаражатын өзге де мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды.

      Бұл ретте, егер бизнес-жобаны іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкердің қызметі жүзеге асырылмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске қосу және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер инвестициялық грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.

      12. Инвестициялық грант қаражаты мыналарға:

      1) үлестес/байланысты компаниялардан/тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған) жабдық сатып алуға;

      2) пайдалануда болған жабдықты сатып алуға пайдаланылмайды.

      Кәсіпкердің жабдықты сатып алуға арналған инвестициялық грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жабдықты сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс.

      13. Бір кәсіпкер үшін инвестициялық грант сомасы инвестициялық грант беруге ұсынылған өтінімге байланысты 10 (он) млн теңгеге дейін құрайды.

      14. Гранттар мынадай:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;

      2) мемлекеттік бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

      4) инвестициялық грант беруге өтінім беру кезінде берілетін инвестициялық грант көлемінің кемінде 30%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);

      5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде бар;

      6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

      7) осы Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде жабдық сатып алуға ұсыну бойынша қолдау алған;

      8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелген және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге берілмейді.

      15. Конкурс өткізу үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі.

      Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.

      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады.

      Төраға ретінде конкурстық комиссияның отырыстарына жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері жіберілмейді.

      Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан кемінде 7 (жеті) адамнан құралады.

      Конкурстық комиссияның құрамы конкурстық комиссия мүшелерінің бұрын бекітілген санының кемінде 50 (елу) пайызын жаңарта отырып, жыл сайынғы негізде бекітіледі.

      Еңбек заңнамасына сәйкес конкурстық комиссия мүшесінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссияның мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелеріне жеткізеді. Конкурстық комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      Конкурстық комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде оның дауыс беруге құқығы жоқ.

      Конкурстық комиссияның отырысы кворум болған кезде заңды болып есептеледі.

      Конкурстық комиссияның отырысы кезеңінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде конкурстық комиссияның мүшелері бұл туралы өздеріне белгілі болған кезде конкурстық комиссияның төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия төрағасының мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оның өкілеттігі конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына өтеді.

      Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы және/немесе мүшесі оған қатысты мүдделер қақтығысы туындаған кәсіпкердің өтінімін қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің инвестициялық гранттар беруге өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қояды.

      17. Конкурстық комиссияның жұмыс органы өңірлік үйлестіруші болып табылады, ол:

      1) өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;

      2) ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде инвестициялық гранттар түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді жартыжылдық негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысы бар мәселелер бойынша, инвестициялық гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;

      4) кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына сәйкес оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) хаттама қалыптастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы инестициялық грант берілгені туралы кәсіпкерлерді хабардар етеді;

      7) инвестициялық грант беруден бас тартылған жағдайда хаттама қалыптастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге веб-портал арқылы автоматты түрде жүктелген инвестициялық грант беруден бас тарту туралы хаттама және дәлелді бас тарту жіберіледі.

      18. Өңірлік үйлестіруші инвестициялық гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда орналастырады.

      19. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      20. Инвестициялық гранттар алуға өтінімді қарау мынадай:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инвестициялық гранттарды беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшаны міндетті түрде толтыра отырып) жабдық сатып алу үшін инвестициялық грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру шарты сақталған кезде жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде расталған, кәсіпкерді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өзінің тіркеуді жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркелген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде алынған мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтерді растау;

      5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде расталған, кәсіпкердің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүлкінің болуы;

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы;

      7) алдын ала құнын (келісімшарт, шарт, прайс) көрсете отырып, сатып алынатын жабдық туралы ақпаратты растау шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады.

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір ғана өтінім береді. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде қабылданады.

      21. Инвестициялық гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге мынадай құжаттардың:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтаманың;

      2) берілетін инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттардың, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірменің немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттардың;

      3) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама көшірмесінің (ақпараттық жүйелердің өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда);

      4) сатып алу шарттарын көрсете отырып жабдықты сатып алу туралы тараптардың ниетін растайтын алдын ала келісім көшірмесінің PDF форматындағы сканерленген көшірмелерін тіркейді.

      22. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама туралы мәліметтер, заңды тұлға/дара кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) берешек туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.

      23. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне кіруге рұқсат беру үшін:

      1) кәсіпкерлердің, өңірлік үйлестірушінің, қаржы агенттігінің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өзі тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болады;

      2) өңірлік үйлестіруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз қызметкерлерінің өзектендірілген тізімдерін жібереді.

      Пайдаланушылар жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын; бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) және ЖСН;

      3) байланыс деректерін (пошта мекенжайын, телефонын, электрондық пошта мекенжайын).

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелерін көрсетеді.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсаты бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жібереді.

      Өтінімді қалыптастыру және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының 20-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Егер өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қатенің бар екенін анықтаған жағдайда, кәсіпкер кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.

      Кәсіпкер ұлттық жобаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.

      24. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      25. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

      26. Өңірлік үйлестіруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;

      2) осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырады.

      Кесте қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енген барлық кәсіпкерлерге таныстырылымның күні, уақыты мен орны және кәсіпкерлердің жобалары бойынша дауыс беру туралы автоматты түрдегі хабарлама жіберіледі;

      Конкурстық комиссия отырысында кәсіпкерлердің әрбір жобасы бойынша таныстырылымның ұзақтығын өңірлік үйлестіруші айқындайды және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес bнвестициялық гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесіне сәйкес белгіленеді;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау жөнінде шешім қабылдау үшін кәсіпкердің мақұлданған өтінімдерін және электрондық құжаттамасын қарау қажеттілігі туралы конкурстық комиссия мүшелеріне хабарлама жібереді.

      27. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.

      28. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке таныстырады.

      Конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, бизнес-жобаны таныстыру кезінде үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.

      29. Инвестициялық грант беру тетігінің ашықтығы мақсатында өзінің бизнес-жобасын таныстыратын кәсіпкерді хабардар ете отырып, аудио немесе бейне жазба жүргізіледі.

      Конкурстық комиссияның отырысына саны кемінде 2 (екі) адам болатын байқаушылар шақырылады.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.

      Конкурстық комиссияның отырысы барысында байқаушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын кәсіпкерлерге сұрақ қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кәсіпкерлердің дербес деректеріне, кәсіпкерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауына, техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында байқаушылар осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті келісімге қол қояды.

      30. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына сәйкес:

      1) мәлімделген жобаны ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығына қарауды;

      2) осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балл қою әдісімен дауыс беруді жүзеге асырады; 3) инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі көрсетілген осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі бойынша ақпарат жарияланбауға тиіс.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде өңірлік үйлестіруші арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.

      31. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы;

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі) өлшемшарттары (оның ішінде осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) негізінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін инвестициялық грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте бизнес-идеяның жаңашылдығы өлшемшартына облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

      32. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, оған конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы және төрағасы ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде қаралған өтінімдерге сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.

      33. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 9 (тоғыз) ай.

      34. Жоба бойынша оны бағалау үшін балл беру осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      35. Конкурстық комиссия мүшесі кәсіпкердің бір жобасы бойынша беретін ең жоғары балл осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес 70 (жетпіс) балды құрайды.

      36. Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны жинақталады және конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша балдар тең болған жағдайда, бұдан бұрын кезектілік бойынша өтінім берген кәсіпкерлердің инвестициялық грант алуға басым құқығы болады.

      37. Конкурстық комиссияның мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      38. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне және электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қаржы агенттігі мен кәсіпкер хаттаманы оған қол қойылғаннан кейін ғана веб-портал арқылы қарайды.

2-параграф. Инвестициялық гранттарды беру тетігі

      39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі грант беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкермен, қаржы агенттігімен грант беру туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

      40. Инвестициялық гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің инвестициялық гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

      41. Грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге оның банктік есеп айырысу шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Инвестициялық грант қаражаты дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына аударылмайды.

      42. Өңірлік үйлестіруші мақұлданған өтінімдерді қаржыландыруға қаражат жетіспеген жағдайда қаражат түскеннен кейін грант беру туралы шартты қалыптастырады.

      43. Мақұлданған өтінімдер бойынша бюджет қаражаты ішінара жетіспеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант беру туралы шартты қалыптастырады. Қаражат траншқа жасалған өтінімдерге сәйкес аударылады, қаражаттың жетіспейтін қалдығы қосымша қаржыландыру алынған кезде кәсіпкердің шотына аударылады.

      44. Инвестициялық грант беру туралы шартқа қосымша келісімдерді шарт тараптары веб-портал арқылы жасайды.

      45. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады және инвестициялық грант беру туралы шарттың талаптарын орындайды.

      Осы тармақтың шарттары орындалмаған жағдайда кәсіпкер грант қаражатын өңірлік үйлестірушінің бірінші жазбаша хабарламасы бойынша осындай хабарламада көрсетілген тәртіпте және мерзімде қайтарады.

3-тарау. Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру мониторингі

      46. Осы Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратты, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді қолма-қол және/немесе веб-портал арқылы (тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) сұратады, жобаның іске асырылу орнына шығумен мониторингті жүзеге асырады.

      47. Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) инвестициялық гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау бойынша қызметін мониторингтеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру, өнім шығаруды ұлғайту жөніндегі шарттарды орындауына мониторинг жасау;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу қаржы агенттігінің функцияларына жатады.

      48. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) инвестициялық гранттарды алушылардың тізілімін веб-порталда жүргізеді (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін);

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есепті өңірлік үйлестірушіге ұсынады.

      49. Қаржы агенттігі кәсіпкердің инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын не жобаның және/немесе кәсіпкердің инвестициялық гранттар беру шарттарына және/немесе конкурстық комиссияның шешіміне және/немесе грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмегенін не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына жеткен соң міндеттемелерін орындамауын анықтаған кезде ол өңірлік үйлестірушіге кәсіпкердің инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы ақпаратты конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін қағаз жеткізгіште немесе веб-портал арқылы (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) енгізеді.

      Кәсіпкердің инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы алынған ақпараттың негізінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді жою үшін бір мәрте қосымша мерзім беру туралы не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдау үшін осы ақпаратты конкурстық комиссияның келесі отырысына шығарады, осыдан кейін веб-портал арқылы кәсіпкерді және қаржы агенттігін өзінің шешімі туралы хабардар етеді.

      Егер конкурстық комиссия ұсынған қосымша мерзім өткеннен кейін жоба бойынша ескертулер жойылмаса, жоба іске асырылмаса, кәсіпкер өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша грант қаражатын осындай хабарламада көрсетілген тәртіпте және мерзімде қайтаруға міндетті.

      50. Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, өңірлік үйлестіруші мұндай шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерге грант беру туралы шартты бұзу жөнінде тиісті хабарламаны веб-порталда, сондай-ақ осы Инвестициялық гранттар беру туралы қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвестициялық гранттар беру қағидаларының 51-тармағында белгіленген мерзімдерде инвестициялық грант қаражатын қайтару қажет екені туралы хабарлама жібереді және мақсатсыз пайдаланылған инвестициялық грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды жүргізеді. Инвестициялық грант қаражатының бір бөлігі мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша инвестициялық грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасын ғана қайтаруға жол беріледі.

      51. Конкурстық комиссия инвестициялық грант қаражатын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші қайтару үшін мынадай:

      1) егер қайтару сомасы 100 АЕК (қоса алғанда) дейін болса – 1 (бір) айға дейінгі;

      2) егер қайтару сомасы 500 АЕК (қоса алғанда) дейін болса – 3 (үш) айға дейінгі;

      3) егер қайтару сомасы 500 АЕК-тен асатын болса – 6 (алты) айға дейінгі мерзімдерді көрсете отырып кәсіпкерге грант қаражатын қайтару туралы талап жібереді.

      52. Өңірлік үйлестіруші тұрақты негізде инвестициялық грант қаражатын қайтару туралы талаптың орындалу мерзімдерін мониторингтеуді жүзеге асырады және кәсіпкер тарапынан талап орындалмаған жағдайда инвестициялық грант қаражатын қайтару жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен жүзеге асырады.

  2021 – 2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде шағын бизнес
субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдардын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштердін жаңғырту

19

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургиялық өндіріс

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11

Электр энергиясын өндіру

35.3

Бумен, ыстық сумен және кондицияламен қамтамасыз ету

36

Суды жинау, өңдеу және тарату

37

Ағынды суларды жинау және өңдеу

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Инвестициялық гранттар алуға кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісім

      Мен, ________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) инвестициялық гранттар алуға кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі/қадағалаушы болып табыла отырып, осы келісіммен қонкурсқа қатысушылардың кәсіпкерлік бастамаларын жария етпеуге міндеттенемін. ______________________

      ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: ____________________________________________;

      электрондық пошта мекенжайы: __________________________________________;

      байланыс телефоны ____________________________________________________;

      Конкурстың нысанасы: кәсіпкерлерге инвестициялық гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялау ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

      Өтінімдерді беру мерзімі: 20_ жылғы "_" ____ бастап 20__ жылғы "__" _____ аралығында.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің:

      _______________________________________ ресми сайтында танысуға болады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жабдық сатып алу үшін инвестициялық грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім

  ___________________________
облысы (республикалық маңызы
бар қаласы, астана)
____________________________
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және кәсіпкерлерге инвестициялық гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыным туралы мәлімдеймін.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _____________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) __________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі____________________________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) __________________________

      мекенжайы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі_______________________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы _____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________

      ЖСН _____________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ____________________________________________________________________

      кім берді __________________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      мекенжайы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі_______________________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ____________________________________________________________

      хабарлама күні _____________________________________________________________

      2. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: ________________________________________________________

      Банктің атауы: _____________________________________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      3. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге ____________________________;

      оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с №

Жылы

Сома, тг

Мақсаты (бизнес-жобаны егжей-тегжейлі аша отырып)

1




2




      Мыналарды:

      1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;

      2) осы өтінімде қамтылған инвестициялық грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшаға сәйкес жоба туралы мәліметтерді, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде инвестициялық гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда өңірлік үйлестірушіні жедел хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуіне жол берілетінімен;

      2) өңірлік үйлестірушінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінімді қараудың кез келген кезеңінде оны қабылдаудан бас тартылатынымен;

      4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынуға құқылы екенімен;

      5) өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар инвестициялық грант берілмесе де өңірлік үйлестірушіде сақталатынымен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) өңірлік үйлестірушіні нысаналы инвестициялық грант беруге немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеуге міндеттемейтінімен келісемін.

      Конкурстың шарттарымен және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші: 20 __ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Инвестициялық грант беруге
арналған конкурстық іріктеуге
қатысуға өтінімге
қосымша

      Нысан

Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы ___________________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы _____________________________________;

      жобаның іске асырылу орны ________________________________________;

      жобаның іске қосылу күні __________________________________________;

      қызметтің бейіндік бағыты (*жоба облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада іске асырылған жағдайда толтырылады)____________;

      өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы аудиториясы ________________;

      жер учаскесінің және/немесе үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік) ___________;

      учаскенің және/немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі (болған жағдайда) _________________;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (болған жағдайда тізбелеу): __________.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің қызметі туралы деректер:

      секциясы: __________________________________________________________;

      бөлімі: _____________________________________________________________;

      тобы: ______________________________________________________________;

      сыныбы: ___________________________________________________________;

      кіші сыныбы: _______________________________________________________.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау _________________________________;

      ұсынылатын өнім алуы мүмкін нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу ___________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер _____________-;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға әзірлікті растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) __________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) ________________;

      жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылықтары, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау (өндіріске ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық деңгейі мен құны аналогтармен салыстыра отырып, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог





      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкерлер саны ______________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, машықтардың, дағдылардың немесе білімнің болуы)

      _____________________________________________________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелу мерзімі, ай _____________________________________________;


Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат



Инвестициялық грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

      5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының саны, адам


Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


      5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл бойынша сомасы

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл


Құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны, адам






Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге






Таза пайда, мың теңге






      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалтуы, оның бүліну және толық табыс алмау ықтималдығы)



Маркетингтік (тауарды өткізу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен толық пайда алмау ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (.pdf форматында)

1

2

3

1

Сатып алу шарттарын көрсете отырып, тараптардың жабдық сатып алу туралы ниеттерін растайтын алдын ала келісімнің көшірмесі


2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 % ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


      8. Қосымша мәліметтер:

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);

      2) сіздің пікіріңізше, бизнес-жобаның енгізуге дайындығын сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) сіздің пікіріңізше, осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде сіздің нені басшылыққа алғаныңызды, бұл санның қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкестігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) сіздің пікіріңізше, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (маусымдылықтың, мереке күндерінің жобаны іске асыруға әсер етуіне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-қимылдарыңызды сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңашылдығын сипаттаңыз (бірегейлігі, қолданушылығы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы).

      9. Қосымша ақпарат:

      Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), көрсеткіштердің Excel форматындағы есебін қоса берілсін.

      Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістердің, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Кірістердің қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесі

Р/с №

Заңды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаның іске асырылу орны

Инвестициялық гранттың сұралатын сомасы, теңге

Конкурстық комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты



















  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
6-қосымша

Бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттары

Р/с

Өлшемшарттың атауы

Сипаттамасы және салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы

1-ден 10 балға дейін

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

1-ден 10 балға дейін

3.

Әзірлік дәрежесі

1-ден 10 балға дейін

4.

Жеке инфрақұрылымның болуы

1-ден 10 балға дейін

5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары

1-ден 10 балға дейін

6.

Жобаның экономикалық орындылығы

1-ден 10 балға дейін

7

Жобаның таныстырылымы

1-ден 10 балға дейін


ЖИЫНЫ:

Балдар жиынтығы

      Бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер:

      1) инвестициялық грант беру туралы мәселені қарау кезінде бизнес-жобаның жаңашылдығын бағалау мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:

      жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы);

      жобада ұсынылған шешімдердің жаңашылдығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегияны құру, өнім өндірудің материалы/тәсілі);

      жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы);

      өндірілетін тауарға/ұсынылатын көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы);

      бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде өнімді немесе бизнес-процесті нарыққа ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, жеке капиталды қаржыландыруға тарту перспективасы).

      2) бизнес-жобаның тиімділігін бағалау өлшемшарттары:

      бизнес-жобаның өтелу мерзімі;

      бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы);

      бір жеткізушіге не сатып алушылардың аз мөлшеріне тәуелділік;

      тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды/қызметтерді көрсетуді/жұмыстарды/технологияларды/франшизаларды/патенттерді сатып алуға және т.б. шарттардың/келісімшарттардың болуы;

      бизнес-жобаны іске асыру үшін өз үй-жайының болуы;

      жеке өзінің қатысуы.

      3) бизнес-жобаның дайындық дәрежесін бағалау мынадай:

      өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі;

      білікті мамандар командасының болуы;

      жобаларды іске асыруда тәжірибенің болуы;

      бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе);

      жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтау үшін меншік және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу) өлшемшарттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

      4) жобаның экономикалық орындылығын бағалау мынадай:

      құрылатын жұмыс орындарының саны;

      бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы) өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ ХАТТАМАСЫ

      1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:

      өтінім нөмірі: _____________ өтінімнің берілген күні: _____________________

      заңды тұлға үшін:

      атауы _____________________ БСН _________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      дара кәсіпкер үшін:

      атауы ________________________

      ЖСН ____________________ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі __________

      2. Жоба туралы қысқаша мәліметтер:

      бизнес-жобаның атауы ___________________________________________________

      бизнес-жобаның іске асырылу орны ________________________________________

      инвестициялық гранттың сұратылатын сомасы, теңге _________________________

      3. Комиссия мүшелері:

      1) _______________________ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      2) …..

      3) …..

      Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:

      дауыс беруге барлығы _________________ комиссия мүшесі қатысты, оның ішінде:

      ___ дауыс берді; ___ дауыс берген жоқ.

      Жоба комиссиясының қарау нәтижелері:

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы


2.

Бизнес-жобаның тиімділігі


3.

Әзірлік дәрежесі


4.

Жеке инфрақұрылымның болуы


5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары


6.

Жобаның экономикалық орындылығы


7.

Жобаның таныстырылымы



ЖИЫНЫ:


      Жоба бойынша ықтималдығы ең жоғары балл ___ балды құрайды.

      Комиссия шешімі: жоба ______ мың теңге сомаға мақұлданды / мақұлданбады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      1. ЭЦҚ-дан деректер; ЭЦҚ-мен қол қойылған күн және уақыты.

      2. …..

      3. …..

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

  ___________________________
  ___________________________
(жеке кәсіпкердің, заңды
тұлғаның аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі

Инвестициялық грант қаражатын қайтару қажеттілігі туралы ХАБАРЛАМА

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуына жүргізілген мониторинг барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы: ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________анықтады.

      (инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану/не жобаның және/немесе кәсіпкердің инвестициялық гранттар беру шарттарына және/немесе конкурстық комиссияның шешіміне және/немесе грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмеуі не жұмыс орындарының санына жеткенде кәсіпкердің міндеттемелерін орындамауы)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы ұсынған ақпарат негізінде Конкурстық комиссия Сізбен 20___ жылғы "__" ______ № __ грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдады.

      Осы арқылы __________________________________________________________
(өңірлік үйлестірушінің атауы)

      Сізге 20__ жылғы "__" ____ № __ грант беру туралы шарт негізінде берілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сізге берілген инвестициялық қаражатын қайтару қажет екені туралы хабарлайды.

      Осы Хабарлама көрсетілген мерзімдерде орындалмаған жағдайда _____________

      (өңірлік үйлестірушінің атауы)

      инвестициялық грант қаражатын қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      ___________________ _________________________________________________
лауазымы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Хабарламаны тапсыру туралы мәліметтер

      _________________________________________________

      _________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      __________________________________________________
(күні, уақыты, қолы)