Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді мақұлдау;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
"Байғарин Қанат Әбдуәлиұлы – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сұраған Дурвудхан – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің математика саласындағы PhD доктор (келісу бойынша)";
"Шәукенова Зарема Қаукенқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша);" деген жол алып тасталсын;
"Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы – "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, биохимия саласындағы PhD докторы (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Закарья Күнсұлу – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";
"Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";
"Пя Юрий Владимирович – "Ұлттық кардиохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Пя Юрий Владимирович – "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";
"Садыбеков Махмұд Әбдісәметұлы – "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Дәуленов Мирас Мұхтарұлы – "Нархоз Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті – басқарма төрағасы, құқық саласындағы PhD доктор (келісу бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |