"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 329 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді мақұлдау;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

      "Байғарин Қанат Әбдуәлиұлы – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сұраған Дурвудхан – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің математика саласындағы PhD доктор (келісу бойынша)";

      "Шәукенова Зарема Қаукенқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша);" деген жол алып тасталсын;

      "Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы – "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, биохимия саласындағы PhD докторы (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Закарья Күнсұлу – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";

      "Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";

      "Пя Юрий Владимирович – "Ұлттық кардиохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пя Юрий Владимирович – "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";

      "Садыбеков Махмұд Әбдісәметұлы – "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Дәуленов Мирас Мұхтарұлы – "Нархоз Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті – басқарма төрағасы, құқық саласындағы PhD доктор (келісу бойынша)".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов