Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 214 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысы.
2. "Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 және "Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 33 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 және "Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 116 қаулысы.