Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2022 № 214 қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-4-бабына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі денсаулық сақтау саласындағы республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-1. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |