Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 және "Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 33 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2022 № 214 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 277-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) республикалық концессиялық жобаларды;

      2) егер жергiлiктi атқарушы органның тиісті шешімінде өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға ретінде айқындалсын.";

      2) "Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев