Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 207 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200) реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 200-1), 200-2), 200-3) және 200-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "200-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

      200-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      200-3) реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      200-4) реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      3. "Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерін қалыптастыру және олардың қызметі тәртібін айқындайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сараптама кеңесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан:

      1) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      2) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      3) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама кеңестерінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сараптама кеңесінің құрамы Ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптама кеңестері
туралы үлгілік ережеге
қосымша

__________________________________________________________ жанындағы (мемлекеттік органның атауы) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің "__" ________ _____ жылғы № __________ ХАТТАМАСЫ Күн тәртібі

      Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – сараптама кеңесі)

      мүшелерінің______________________________________ (нормативтік құқықтық акт

      жобасының атауы немесе қаралатын мәселе) қарауы туралы

      1. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулер мен ұсыныстарсыз берді:

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      2. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулермен және ұсыныстармен берді:

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны, оның ішінде

      қабылданған/қабылданбағандар*саны)

      3. Мыналар сараптама қорытындыларын берген жоқ:

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      4. ________________________________________________________________________

      (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау және қабылдамау туралы ақпарат**)

      Сараптама кеңесінің төрағасы

      Сараптама кеңесінің хатшысы

      Ескертпелер:

      * Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3)

      **Бұл жағдайда ескертулердің мәні қысқаша көрсетіледі.

      Ескертулер қабылданған жағдайда оларды қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі.

      Келіспеген жағдайда сараптама қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

      бар сараптама кеңесінің мүшелеріне жіберілген хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.