ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
34-2-тармақ алып тасталсын;
91-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, заң жобасында ұсынылатын нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі, оларды қабылдаудың орындылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормалар, ықтимал теріс әлеуметтік-экономикалық салдар туралы мәліметтер қамтылады.";
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына, сондай-ақ заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау процесіне қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабында белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.";
108-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Президент, Парламент депутаттары, Үкімет бастама жасаған заң жобаларын Парламентте қарау барысында уәкілетті адамдарға Үкімет басшылығының алдын ала келісімінсіз заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуге, реттеуді қатаңдатуға байланысты (заң техникасына қатысты түзетулерді қоспағанда), сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін ұсыныстарды ауызша немесе жазбаша нысанда енгізуге немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісім білдіруге тыйым салынады.";
109-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әзірлеуші мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге Үкімет қорытындысының жобасын енгізеді, онда республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, Парламент депутаттары енгізген түзетулердің Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі, оларды қабылдаудың орындылығы туралы мәліметтер, олардың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі саяси тұрақтылыққа, діни қызметке, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігіне ықпалы туралы, түзетулер қандай нысаналы топқа бағытталғанын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормалар туралы ақпарат қамтылуы тиіс.".
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"200) реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 200-1), 200-2), 200-3) және 200-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"200-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
200-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
200-3) реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
200-4) реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
3. "Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерін қалыптастыру және олардың қызметі тәртібін айқындайды.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сараптама кеңесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан:
1) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
2) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
3) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама кеңестерінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сараптама кеңесінің құрамы Ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымша Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережеге қосымша |
__________________________________________________________ жанындағы (мемлекеттік органның атауы) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің "__" ________ _____ жылғы № __________ ХАТТАМАСЫ Күн тәртібі
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – сараптама кеңесі)
мүшелерінің______________________________________ (нормативтік құқықтық акт
жобасының атауы немесе қаралатын мәселе) қарауы туралы
1. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулер мен ұсыныстарсыз берді:
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулермен және ұсыныстармен берді:
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны, оның ішінде
қабылданған/қабылданбағандар*саны)
3. Мыналар сараптама қорытындыларын берген жоқ:
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
4. ________________________________________________________________________
(ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау және қабылдамау туралы ақпарат**)
Сараптама кеңесінің төрағасы
Сараптама кеңесінің хатшысы
Ескертпелер:
* Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3)
**Бұл жағдайда ескертулердің мәні қысқаша көрсетіледі.
Ескертулер қабылданған жағдайда оларды қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі.
Келіспеген жағдайда сараптама қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
бар сараптама кеңесінің мүшелеріне жіберілген хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.