Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

      1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

      ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

      Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды ең жоғары сатып алу лимиті 104 млрд теңгеден аспауға тиіс, АНК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.

      АНК облигацияларын ең жоғары сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалуға тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АНК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі.

      ЕДБ-ның, лизингтік компаниялардың (бұдан әрі – ЛК) және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:

      1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;

      2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс;

      3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалуға тиіс.

      ЕДБ-мен, ЛК-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс пен қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге 30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады.

      Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 млрд теңге жұмсалады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде (бұдан әрі – тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді.

      ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.

      ЛК қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді.

      Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ЕДБ мен АНК шотына түскен күнінен бастап 12 айдан аспауға тиіс.

      Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.

      Бұл ретте ЕДБ, ЛК мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының және қаржы лизингінің 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жібере алады. Бұл шектеу ЕДБ, ЛК мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға және қаржылық лизингіне қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы тетік бойынша ЖКС-ні қаржылық қолдау шараларын іске асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қаржы агенттігі) осы тетік бойынша оператор болып табылады. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерінің ақысын "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары) сәйкес бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган төлейді.";

      7-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржылық лизингке арналған тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС-нің нысаналы тобы болып табылады. Бұл ретте жобаның нысаналы мақсатын растау үшін барлық экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiнің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты бір түріне байланыстырылған тізбенің кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін ЭҚЖЖ түрлеріне жатқызу сәйкестік өлшемшарты болады.";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кредит беру/қаржылық лизинг, субсидиялау және кепілдік беру мерзімін, 10 жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды бере алады.";

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;";

      9-тармақта:

      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      ЖКС-нің ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын ЕДБ кредиттеріне/ЛК қаржылық лизингіне кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері сомасы 1 млрд теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан артық болмайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.

      Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді).

      Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобалардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. Кепілдік беру шеңберінде кәсіпкерді кредит бойынша қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.";

      12-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті және қаржылық лизингті нысаналы пайдалануын мониторингтеуді;

      2) ЕДБ-ға, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӨДҚ), АНК-ге және ЛК-лер бойынша қаржылық лизинг ұсынылған қаражатты мақсатты және уақтылы қаржыландыру жөнінде ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде қаржы агенттігіне есеп жіберіп тұрады.";

      2) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;

      2) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      3) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

      5) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

      6) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

      7) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

      8) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;

      9) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру қағидаларымен толықтырылсын.

      2. Осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кредиттер/микрокредиттер/ екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруы бойынша шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      2) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және жобалар бойынша субсидияларды аударуға мен есептен шығаруға арналған МҚҰ-ның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын МҚҰ-ның уәкілетті банкі;

      3) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған кастодиан банктегі шоттардағы ақша, көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді жасау кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      4) ислам банкі – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде, осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      5) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;

      6) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі;

      7) кредит шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де кредиттік шартқа жатады);

      8) кредитті/микрокредитті нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (нысаналы пайдалану нысаналы пайдаланылуын растау кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізу бойынша мәміленің толық көлемде төленгенін растау болып табылатын портфельдік ішінара кепілдік беру жобаларын қоспағанда, кәсіпкердің активтің/жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің ақысын төлегенін және толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);

      9) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      10) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      11) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады);

      12) микрокредит – микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;

      13) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      14) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      15) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;

      16) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны.

      Секьюритилендіру тетігі арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кредиттерін/микрокредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функциясын осындай кредиттерді/микрокредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген ЕДБ/МҚҰ жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі кәсіпкерлерді: арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ бөлінген активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-ға қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау нысанын көздейді;

      17) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;

      18) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

      19) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      3. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты ұлттық жоба мен "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігімен арада жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігіне оның арнайы шотына аударады.

      5. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты ұлттық жоба бойынша өңірлік үйлестіруші олардың арасында жасалатын ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2-тарау. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібі

1-параграф. "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар және кепілдіктер беру шарттары

      6. Кәсіпкерлер "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағытының қатысушылары болып табылады.

      7. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін, сонымен қатар сауда саласын (азық-түлік саудасына жол беріледі) қоспағанда, инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерге/микрокредиттерге жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде оны қайта алуға жол беріледі.

      8. Қарыз алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7 пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7 пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 5 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде сыйақының номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейді.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында көзделген тәртіппен оқытудан өткен "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің қалған сомасын кәсіпкер ЕДБ қалауы бойынша өтейді.

      10. Инвестициялық мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды, айналым қаражатын толықтыру 2 (екі) жылды құрайды.

      11. Ұсынылатын портфельдік ішінара кепілдік мерзімі кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімінен аспайды.

      12. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігі уәкілетті органының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.

      13. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы әрбір ЕДБ/МҚҰ үшін оның өңірлік филиалдары бөлінісінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру лимитін айқындайды.

      14. Қаржы агенттігі төлеген ЕДБ/МҚҰ талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан жағдайда қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобалар қарауға жіберілмейді.

      Бұл ретте қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      15. Секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі секьюритилендірілген облигацияларды меншікті не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен сатып алады.

2-параграф. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру шеңберінде ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау тәртібі

      16. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы ЕДБ/МҚҰ лимиттерін ЕДБ/МҚҰ-мен алдын ала келісу бойынша жыл сайын бекітеді, сондай-ақ лимит игерілген жағдайда жыл ішінде қосымша ұлғайтылуы не секвестрленуі мүмкін.

      17. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін ЕДБ:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауы;

      2) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сай болуы тиіс.

      18. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін МҚҰ:

      1) МҚҰ меншікті капиталы құжаттар тапсырылған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауы;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауы;

      4) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      19. Егер ЕДБ/МҚҰ лимитінің игерілу көлемі қаржы агенттігі лимитті айқындаған кезден бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін 30 %-дан кем болса, лимиттерді басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      20. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:

      1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;

      2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;

      3) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды төлеу тәртібі;

      4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты мақсатқа сәйкес пайдаланбау) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.

      21. ЕДБ/МҚҰ кәсіпкердің негізгі борышты ішінара/мерзімінен бұрын толық өтеуі туралы, сондай-ақ төлем графигінің өзгергені туралы қаржы агенттігін хабардар етпеген/уақтылы хабардар етпеген жағдайда қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл ретте хабарлау мерзімдері ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген.

      Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматта (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі бар және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хат жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне осындай жағдайлар бойынша біріктірілген кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хатын ұсынуға жол беріледі.

3-параграф. Портфельдік ішінара кепілдік беру тәртібі

      22. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға кредит/микрокредит/қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді.

      23. Қарыз алушының кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша кепілдік қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ына дейінгі мөлшерде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.

      24. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптау жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді.

      Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.

      25. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік міндеттеме жібереді.

      Кепілдік міндеттеме қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік міндеттеменің электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Өтінім автоматтандырылған сервис арқылы қаралған жағдайда кепілдік міндеттемені қаржы агенттігі сервис арқылы жібереді.

      26. Қарыз алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      27. Өтінім қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы қаралған жағдайда ЕДБ/МҚҰ кепілдік міндеттемені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін кәсіпкерге кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың берілгені туралы сервис арқылы хабардар етеді.

      28. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөле алады.

      29. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Егер кәсіпкер кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне талап қоя алады.

      31. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыру бойынша кепілдіктерді талапты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді.

      32. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады/кепілдік сомасы мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасына барабар төмендейді.

      33. Кепілдіктің күшін жою/кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік сомасын төмендету есебінен қаражат босаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ бөлінген лимит шеңберінде жаңа жобалар бойынша өтінімдерді қарайды.

      34. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредиттеу/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      35. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылының республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерін нақтылағанға дейін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражатты одан әрі өтеу кезінде кепілдік шарттарын жасасады.

      Бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігінің қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігін жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.

      Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

4-параграф. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау тәртібі

      36. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру беруге өтініммен жүгінеді.

      37. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптау жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді).

      38. Кредит шартына/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

      1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

      2) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      39. ЕДБ субсидиялар сомаларын аудару үшін қаржы агенттігіне ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аударуға арналған ағымдағы шот ашады.

      40. Кредиттік шарттарға/қаржыландыру шарттарына қол қойылуына қарай ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 37-тармағын ескере отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын жібереді.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, ЕДБ/МҚҰ ұсынған кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының төлем графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып алуға тиесілі субсидия сомасын өзі есептейді, көрсетілген есептемелерді тексеруді қаржы агенттігі жүзеге асырмайды.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы ЕДБ/МҚҰ-ға бір мезгілде хабарлайды. Хабарламада ЕДБ/МҚҰ атауы, өңірі, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлемнің қай кез үшін жүзеге асырылғаны көрсетіледі.

      41. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ЕДБ/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының нашарлауының өзге де белгілері төмендеген жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкерлердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жасау фактісі туралы ЕДБ/МҚҰ-ның хабарламасы негізінде не кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      ЕДБ/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      42. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. ЕДБ/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қаражат қалдықтарының есебінен шығара алмайды.

      43. Кәсіпкер кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына сәйкес өтеу графигіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде ЕДБ/МҚҰ сыйақысын төлеуді жүргізеді.

      Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ЕДБ/МҚҰ кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      44. Кәсіпкер кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      45. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптарды сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

      46. Қарыз алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      47. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      48. Бұл ретте қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі тиісті өңірлік үйлестірушіден қаражат болған кезде жүзеге асырылады.

      49. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі лимит шеңберінде жаңа жобаларды субсидиялауды тоқтатады.

      50. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған жағдайда, оның ішінде қаржы агенттігі мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдалануды өз бетінше анықтаған кезде де қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесі/үстеме бағаны субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған сомасына барабар, тоқтатылады.

      51. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.

      52. ЕДБ/МҚҰ:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/ қаржыландыруды мақсатқа сәйкес/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатқа сәйкес пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;

      2) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салыну (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұру фактілері анықталған кезде 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігіне хабарлама жібереді.

      53. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      54. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауды қайта бастау ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      55. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/ микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

5-параграф. Қаржыландыру тетігі

      56. Өңірлік үйлестіруші қаражат түскен кезден бастап субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы бөлінген соманың 50 % мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберінде және өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылы пайдаланбаған, бөлінген қаражат кезекті қаржы жылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауға және жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға ішінара кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

      Жобаларға ішінара кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі пайда болған жағдайда облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді.

      57. Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны портфельдік ішінара кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Портфельдік ішінара кепілдік шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома кейіннен жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беру үшін пайдаланылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты түрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыра алады.

3-тарау. Жобаларды іске асыру мониторингі

      58. Осы Қағидалар шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингін қаржылық агенттік кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын Жобалар мониторингін жүргізу қағидаларының негізінде жүзеге асырады.

      59. Қаржы агенттігі:

      1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

      2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберу шартымен осы Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредиттік қаражаттың мақсатқа сәйкес пайдаланылмағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

      Инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша қаржы агенттігі іріктеп мониторинг жүргізеді.

      Осы тармақ 2020 жылғы 30 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      60. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағасының бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) және Тетік бойынша жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      61. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Қағидалар бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      *Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ-ға

Хабарлама-хат

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қор) мен _______________ АҚ (екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі) (бұдан әрі – банк) арасында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы қол қойылған _______________ № _____ келісім шеңберінде Банк "_______________" жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының/шаруа қожалығының (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ) (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттарда* мақұлдағанын хабарлаймыз:

Банктің қарыз шарты/Қаржыландыру шарты**


Қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)


Қарыз алушының заңды және нақты (бар болса) мекенжайы


Тіркелген күні (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ)


Банктің атауы


Қарыз алушы шотының нөмірі


Бенефициар коды (КБЕ)


Банкке өтініш берілген күн


Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн


Қорландыру бағдарламасы


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Осы шарт жасалған күнгі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып, айлармен)


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі


Қаржыландыру саласы


Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып)


Кепілдік мерзімі (басталу және аяқталу күнін көрсете отырып)


Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (қордың кепілдігінен басқа) – атауы, мекенжайы, нарықтық және кепілдік құны


Жоба іске асырылатын жер (қаланы/ауданды міндетті түрде көрсете отырып, облыс)


      * шарттарды кесте нысанында қосуға жол беріледі

      ** көшірмесі қоса беріледі

      Құрметпен, ___________ ____________ ____________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
  Кепілгердің атауы:
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ
Мекенжайы:_________________
Кімге:______________________
(банктің/МҚҰ толық атауы
және деректемелері)

№ _______ кепілдік міндеттемесі

_____________ қаласы

20____ жылғы "____"__________

      Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ "_______________" (бұдан әрі – қарыз алушы) _______________ АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай:

      1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ____________________;

      2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға _____________________________________;

      3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі ____________ (айлармен);

      4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты _____, негізгі шарттармен 20___ жылғы "___"_________ №______ (шарттың толық атауы және оның деректемелері көрсетіледі) кредит шартын/қаржыландыру шартын (бұдан әрі – кредит шарты/қаржыландыру шарты) жасасқанын назарға ала отырып,

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жоғарыда көрсетілген кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша кепілгер болып табылатынын растайды және қарыз алушының кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның есептелген сыйақысын/үстеме баға сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлдарды, айыппұл санкцияларын, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, басқа да шығындарын ескермей, негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне алады.

      Кепілдік қарыз алушы кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады.

      Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (___________________________) теңге _______ тиын (соманы дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.

      Кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілгердің жауапкершілігі негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.

      Кепілдік бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшері кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

      Кепілдік қарыз алушының кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20 __ жылғы "___" __________ № _____ портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімде (бұдан әрі – келісім) көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, Банктің/МҚҰ-ның жазбаша төлем талабының түпнұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      Кепілдік Келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалуға тиіс.

      Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" __________ қоса алғанда, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмағанына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте Сіздің жазбаша талабыңыз жоғарыда көрсетілген күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей бізге берілуге тиіс.

      Кепілгер, Банк/МҚҰ және қарыз алушы (бұдан әрі – тараптар) арасында туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде кепілдікті ұсыну және орындау тәртібі, кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан кепілгерге өту тәртібі, кепілдікті тоқтату негіздері және осы кепілдік міндеттемеге байланысты тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қағидалармен, келісіммен реттеледі, бірақ онымен шектелмейді.

      _______________________________ (бірінші басшының қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

      1) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары;

      2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кәсіпкерлердің кредиттері;

      3) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      3. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      3) банк – қызметті осы Субсидиялау қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      4) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның қаржы агенттігімен келісілген уәкілетті банкі және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      5) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;

      6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады);

      7) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      8) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      9) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      10) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      11) жергілікті үйлестіруші – құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;

      12) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер/лизингтік мәмілелер болады);

      13) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – № 436 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) шеңберінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің уәкілетті басқармасы;

      14) кәсіпкер – өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      15) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      16) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      17) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      18) лизингтік компания – қызметін осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      19) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;

      20) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      22) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      23) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

      24) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      25) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

      Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кәсіпкерлердің кредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функцияларын осындай кредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген банк жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі арнайы қаржы компаниясының банк бөлген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының банкке қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысанын көздейді;

      26) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      27) сыртқы бағалау ("жасыл" жоба бойынша) – "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жобаның осы кіші сектор үшін көзделген шекті мәндерді сақтау бөлігінде сәйкестігін бағалау рәсімі;

      28) сыртқы бағалау провайдері – қаралып отырған жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындай отырып, іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      29) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      30) шекті мән ("жасыл" таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт) – "жасыл" таксономияның кіші секторы үшін белгіленген жобалардың немесе активтердің сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері, оларға қол жеткізу жобаларды "жасыл", яғни тиісті "жасыл" таксономия ретінде саралау үшін қажет. Кіші сектор бойынша шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау талаптарында ("жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбалардың болуы) көрсетілуі мүмкін;

      31) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;

      32) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

      4. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      6. Даму банкінің жобаларын қоспағанда, Субсидиялау қағидалары шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын/жоспарлайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаларды субсидиялау үшін көзделген қаражатты, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне қаржы агенттігінің арнайы шотына олардың арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде аударады.

      Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші олардың арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының субсидиялауға бөлінген және Субсидиялау қағидалары/тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражат ұлттық жоба/тетік шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

      Сондай-ақ кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

      7. Қаржылық қолдау шаралары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлескен қатысуымен ресурстық әлеуеті және кәсіпорындар құру қажеттілігі бар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының резиденттеріне ұсынылады.

      8. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Субсидиялау қағидаларының ережелерін ескеретін болады.

      9. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде мынадай бағыттар бойынша кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілуі мүмкін:

      1) кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау;

      2) шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру;

      3) тетік шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау.

      10. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялауға:

      1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын;

      2) банктердің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

      6) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер жатпайды.

      11. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамнан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар;

      5) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қатысушылар бола алмайды.

2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

1-параграф. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      12. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытына қатысушылар осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында өзінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін 100 (жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.

      Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

      13. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытының қатысушылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.

      14. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға кәсіпкерлердің жұмыс орындарының орташа жылдық санын міндетті түрде ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сонымен бірге, кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға кірістің (сатудан түсетін кірістің: негізгі қызметтен түскен сатылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін немесе төленетін салықтар көлемінің ұлғаюын (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша да жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тауарларды таңбалауға арналған жабдықты сатып алуға бағытталған қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      15. Мыналарды:

      1) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      2) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін банктердің кредиттеріне де қолданылады.

      16. Субсидиялауға мыналар да жатады:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      3) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын немесе 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер;

      4) жылдық 8 % номиналды сыйақы мөлшерлемесімен айналым қаражатын 100 % толықтыруға бағытталған кредиттер, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысымен бекітілген Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы шеңберінде мемлекет субсидиялайды;

      5) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс);

      6) бір кәсіпкер үшін 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) бағытталған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейінгі кредиттер;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бұрын бекітілген мемлекеттік бағдарламасының шарттарында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған даму банкінің кредиттері;

      8) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер.

      17. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.

      Бір мезгілде мына 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан көп жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба болып саналады:

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қолданыстағы барлық кредиттерді/лизингтік мәмілелерді ескере отырып, кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 млрд теңгеден аспауы тиіс.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялау "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы) бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.

      18. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      19. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және берілген мерзімін ұзарту үшін кредит мерзімін ұлғайту кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.

      20. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      21. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      22. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      23. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.

      24. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, банк/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      25. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      26. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 25-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      27. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.

      28. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі меншікті қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

2-параграф. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      29. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" (бұдан әрі – Өңірлік бағдарлама) бағыты шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін қаражат бөлу жергілікті бюджеттің микширленген қаражаты/қаржы агенттігінің қаражаты/өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

      Өңірлік бағдарлама шеңберінде субсидиялау әлеуметтік осал өңірлерде немесе төтенше жағдай/төтенше жағдай енгізілген кезеңде немесе өзге де жағдайларда жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      30. Әлеуметтік осал өңірлерде немесе төтенше жағдай/төтенше ахуал енгізілген кезеңде субсидиялау шарттарын жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келіседі.

      31. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары Өңірлік бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.

      32. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Өңірлік бағдарлама шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады:

      инвестициялар (негізгі бизнесті сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/микрокредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      33. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/микроқаржы ұйымдарының кредиттері/микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жобаны қаржыландыру күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кірістің: негізгі қызметтің өткізілген тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін кызметтерінің құны) өсіруді немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

      34. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/микроқаржы ұйымдары бұрын берген кредиттер/микрокредиттер де жаңа кредиттерге/микрокредиттерге жатады.

      35. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің сомасы қаржы агенттігі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі үшін 500 (бес жүз) млн теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Микроқаржы ұйымы үшін шағын және орта кәсіпкерліктің бір субъектісіне қаржыландырудың ең жоғары лимиті 8 000 (сегіз мың) АЕК-тен аспайды.

      36. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8,5 %-дан аспайтын, оның айырмасын қаржы агенттігі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейтін кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейтін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 1 %-дан кем болмауы тиіс.

      37. Кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/микрокредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      38. Мыналарды:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бастама жасайтын кредит беру/микрокредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын төлемдерді қоспағанда, Өңірлік бағдарлама шеңберінде банк/микроқаржы ұйымы кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

      39. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/микроқаржы ұйымы шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап ағымдағы жылы қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне өтелуге жатады.

      Банк/микроқаржы ұйымы осы Субсидиялау қағидаларының тармағында көрсетілген мерзімдерде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді уақтылы өтемеген жағдайда, банк/микроқаржы ұйымы қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      40. Өңірлік бағдарлама шеңберінде қаржы агенттігі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың қосымша және/немесе өзге де шарттары көзделуі мүмкін.

3-параграф. Тетік шеңберінде субсидиялау шарттары

      41. Тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары субсидиялауға жатады.

      42. Банктер/лизингтік компаниялар:

      осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу жөніндегі;

      осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жөніндегі;

      осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобалар шеңберіндегі кредиттер/лизинг бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/лизингтік мәмілелер қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер деп түсініледі.

      43. Айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кредит сомасының 50 %-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға жол беріледі.

      Бұл шектеу банктердің/лизингтік компаниялардың және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

      Банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен тетіктің шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобалар бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100 % қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

      өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

      салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздарға және лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізу мақсаттарына қаржыландыруға жол берілмейді.

      Басқа банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

      44. Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу жөніндегі жобаларға/лизингтік мәмілелерге 10 (он) млрд теңгеден асатын сомаға кредит беру бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке/лизингтік компанияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты (өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы туралы ақпаратты қоса алғанда); өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып); шығарылатын өнімнің заттай мәндегі 3 (үш) жылғы номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаттылығы (заттай және ақшалай мәнде); қуаттылықтың ағымдағы жүктемесі (пайызы); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайызы); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);

      2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспары;

      3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесі.

      Банк/лизингтік компания осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мақұлдаған жағдайда банк/лизингтік компания оларды банктiң/лизингтік компанияның кредиттiк комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаржы агенттігіне жiбередi. Банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір уақытта жіберіледі.

      45. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен/лизингтік компаниядан түскен құжаттарды тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Олар тетік шарттарына сәйкес келген жағдайда салалық қорытындыны алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.

      46. Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.

      Қажет болған жағдайда орталық уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісінен қосымша ақпарат/құжаттар сұратады.

      47. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша жобаларды субсидиялауды жұмыс органы № 436 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырады.

      48. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобаларды қаржы агенттігі құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      49. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша 10 (он) млрд теңгеден асатын жобалар бойынша қаржы агенттігі салалық қорытынды келіп түскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

      50. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, олардың 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютамен беріледі.

      Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      51. Инвестицияларға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.

      52. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.

      53. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері іске асыратын жобалар тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде субсидиялауға жатады.

      54. Банктер/лизингтік компаниялар:

      1) кредит беру шарттарының жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) жеке кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға (кедендік тазарту жөніндегі қызметтерді, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтерін өтеу) байланысты;

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      55. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап ағымдағы жылы қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуге тиіс.

      Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

4-параграф. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

      56. Осы тараудың күші қолданылатын, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.

      57. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) берілген банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша, сондай-ақ 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) мақұлданған кредиттік желілер шеңберінде берілетін кредит қаражатына қатысты жүзеге асырылады.

      2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі ұлғайтылмай қайта қаржыландырылған, бірақ 2020 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

      Кредит 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) толық өтелген жағдайда субсидиялауға жол берілмейді.

      Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау берілген кредиттің/лизингтің ескіру мерзімі есепке алынбай жүзеге асырылады.

      58. 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша (қоса алғанда) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша 180 (бір жүз сексен) күннен астам (қоса алғанда) мерзімге мерзімі өткен берешегі бар кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды.

      59. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады, бұл ретте номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 %-ын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Бұл ретте мемлекеттің номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мөлшері мынадай болады:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша төлемдерді 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) төлеген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы, бірақ 12 %-дан аспайтын айырма.

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда), 2021 жылғы 1 сәуірден бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 18 %-дан асатын кредиттік шарттары/лизингтік мәмілелері, оның ішінде 2020 жылғы 16 наурыздан бері төлемдерді төлеу жүзеге асырылмаған кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша номиналды мөлшерлемені банк/лизингтік компания 18 %-ға дейін төмендетуге (қайта құрылымдауға) тиіс.

      Осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиті бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 18 %-дан аспауға тиіс.

      60. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша субсидиялау мерзімі 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) 12 (он екі) айды құрайды.

      Кредиттік шарт/лизингтік мәміле 2020 жылғы 16 наурыздан кейін жасалған кезде субсидиялау мерзімі кредиттік шарт/лизингтік мәміле жасалған күннен бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) есептеледі.

      2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемелері де субсидиялауға жатады.

      61. Банк кредиттер бойынша негізгі борышты және номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша мерзімін кейінге шегіндірген кезде субсидиялау көзделген қаражатты қаржы агенттігі банкке аударады және ол мерзімін кейінге шегіндіру кезеңі аяқталғаннан кейін пайдаланылатын болады. Бұл ретте егер төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңіне есептелген сыйақы сомасы мерзімін кейінге шегіндіру шеңберінде 2021 жылғы 15 наурыздан кейінгі кезеңге ауыстырылса, онда мұндай мерзімі кейінге шегіндірілген төлемдер мерзімін кейінге шегіндіру кезеңінде субсидиялануға жатады.

      62. Егер 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейінгі (қоса алғанда) және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) кезеңде қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеген жағдайда, осы кезеңге есептелген субсидиялау сомасы қарыз алушының ағымдағы шотына есепке жатқызылады.

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 20 қазанға дейінгі кезеңде кредит өтелген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап кредитті өтеу күніне дейінгі кезең үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы қарыз алушыға банктің/лизингтік компанияның хаты және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесі не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі (төлемдер тізілімі) және тиесілі субсидиялар сомасы және субсидияларды төлеу үшін қажетті деректер (жобаны тіркеу және іске асыру орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, кредиттік шарттың деректемелері) негізінде төленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      63. Номиналды сыйақы мөлшерлемесінің мемлекет субсидиялайтын бір бөлігін ай сайын есептеу үшін кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша ағымдағы айдың соңғы жұмыс күніне қолданылатын пайыздық мөлшерлеме пайдаланылатын болады.

      64. Осы Субсидиялау қағидаларына 5 және 6-қосымшаларға сәйкес ЭҚЖЖ бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2021 жылғы 15 қазанға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:

      1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;

      2) осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.

      65. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржы агенттігінің уәкілетті органы банк/лизингтік компания ұсынған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы бар ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      66. Қаржы агенттігі мақұлдаған экономиканың ең көп зиян шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесін не тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген және субсидиялар төлеу үшін қажетті деректері (жобаны тіркеу және іске асыру орны, бизнес сәйкестендіру нөмірі, кредиттік шарттың деректемелері) бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін (төлемдер тізілімін) ұсынады.

      Бұл ретте алуға тиесілі субсидия сомасын банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының нормаларын ескере отырып, дербес есептейді, қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексеруді жүзеге асырмайды.

      Қарыз алушының кредиттері/лизингтік мәмілесі бойынша төлемдер кестесі өзгерген жағдайда (кредитті/лизингтік мәмілені ішінара өтеу, қайта құрылымдау және өзге де себептер) банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасы/өзгертілген тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдер кестесін ұсынады.

      Қаржы агенттігі қаражатты аударуды банк/лизингтік компания ұсынған субсидиялардың тиесілі сомалары көрсетілген төлемдер кестесіне/төлемдер тізіліміне сәйкес қаржы агенттігінің банктегі/банк-төлем агентіндегі шоттарына өткен кезең үшін өтеуге арналған сомаларды ескере отырып (қажет болған кезде) жүргізеді.

      67. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады.

      68. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы Субсидиялау қағидаларының 14-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде және 16-тармағының 6) тармақшасында көзделген талаптар қолданылмайды.

5-параграф. Субсидиялар беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы

      69. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға:

      1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына/тетікке сәйкес келетін шарттарда банктің/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит беруге/қаржыландыруға арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      70. Банк/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін осы Субсидиялау қағидаларында/тетікте белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда, қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.

      Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында жобаны қарау кезінде оны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызу жобаның мәлімделетін мақсатына және шеңберінде жобаны іске асыру жоспарланып отырған экономикалық қызмет түріне сәйкес жүзеге асырылады. "Жасыл" таксономияның тиісті кіші секторы бойынша шекті шектеулер болмаған жағдайда, қаралатын жобаны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызуды банк дербес жүзеге асырады. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қарыз алушыға қаржылық қолдау алуға жәрдемдесу мақсатында банк қарыз алушыны қаржы агенттігіне қайта жібереді және осы қолдауды алу шарттарын түсіндіреді, оның ішінде қаржы агенттігіне қаралатын жобаның "жасыл" таксономияның шекті шектеуіне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынудың ықтимал қажеттігі туралы хабарлайды.

      "Жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздеген жағдайларда, өтініш берушінің қаржы агенттігіне іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынуы осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржылық қолдау алудың міндетті шарты болып табылады.

      Жобаларды сыртқы бағалау провайдерлерінің санаттары бойынша "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігіне жекелеген ережелер, олар дайындайтын қорытындылардың форматы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Субсидиялау қағидаларының 8-параграфында белгіленеді. "Жасыл" таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау ("жасыл" құрылыс, энергия тиімділігі, органикалық өнім өндіру, көлік және т.б. саласындағы "жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттар мен таңбаланымдардың талаптарына сәйкестікті растау) болып табылатын жағдайларда, тиісті сертификаттарды/таңбаланымдарды ұсыну жеткілікті растау (сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысына балама) болып табылады. Белгіленген жоба бойынша стандарттарға, таңбаларға және талаптарға жоспарланған сәйкестік мәлімделетін жағдайларда ғана сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын алу талап етіледі. Кейіннен осы стандарттарға, таңбалануға және талаптарға сәйкестікті куәландыратын сертификаттар мен құжаттардың көшірмелері қаржыландырудың мақсатты пайдаланылуын растау болып табылады.

      71. Банктің/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      2) мыналарды қамтитын кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

      тетік бойынша:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      4) "жасыл" жоба бойынша сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы/сертификат ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздеген жағдайларда, "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берген кезде).

      Кәсіпкер өңірлік/жергілікті үйлестірушісіне өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгіне алады.

      Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылып отырған кезең үшін салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

      72. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

      Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      73. Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      74. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      75. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда, шешімде:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің міндеттемесі, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кәсіпкерлердің міндеттемесі ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттары:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң, кәсіпкер ұсынған сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде кәсіпкердің шекті өлшемшарттарға қол жеткізуі жөніндегі міндеттемесі көрсетіледі.

      76. Тетік шеңберінде жобаны қаржы агенттігі құжаттар мен қажетті ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Тиісті салалық орталық уәкілетті органның қорытындысы бар қаржы агенттігінің шешімі құжаттар топтамасы мен қажетті ақпарат банктен қаржы агенттігіне келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде жеке кәсіпкерлік субъектісінің мыналар бойынша міндеттемелері көрсетіледі:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу;

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      77. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, қол қояды және оң шешім болған жағдайда – осы Субсидиялау қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені, ал теріс шешім болған жағдайда – осы Субсидиялау қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені (бұдан әрі – тиісті хат) банкке/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

      78. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) айды құрайды.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттарын жасау өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар бойынша 2021 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің мерзімі бұрын мақұлданған шарттармен 2022 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

6-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі

      79. Кәсіпкер осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім береді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар), сондай-ақ жобаның тиімділігін орындау кезеңдері;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекет аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      3) банктің/лизингтік компанияның ұлттық жобаға/тетікке қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасау немесе кәсіпкердің кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының сканерленген көшірмесі;

      4) сыртқы бағалау провайдері қорытындысының/сертификаттың сканерленген көшірмесі ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда, "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берген кезде).

      80. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі/жеке кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде айқындалады.

      81. Кәсіпкер құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      82. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:

      1) тіркелген өтінімді осы Субсидиялау қағидалары/тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы.

      83. Қаржы агенттігі материалдарды өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      84. Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидалары/тетік шарттарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тарту жібереді.

      85. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім толық құжаттар топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      86. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтінімдерін қарауы осы Субсидиялау қағидаларының 5-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      87. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қолданылу мерзімі қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      88. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді. Осымен бір мезгілде қаржы агенттігі банкке/лизингік компанияға ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      89. Қатысушылардың субсидиялар ұсыну үшін бұдан әрі өзара іс-қимылы осы Субсидиялау қағидаларының 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

7-параграф. Субсидиялау тетігі

      90. Банк/лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      91. Банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/лизингтік компания мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кәсіпкерден комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.

      92. Банктер тетік шеңберіндегі жаңа кредиттер бойынша мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінен кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды.

      93. Субсидиялау шартын:

      1) банк/лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен хаттама/шешім алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) қаржы агенттігі:

      банктен/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      94. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушісінен субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      95. Егер банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 93-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаған жағдайда, банк/лизингтік компания кідірту себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігіне ресми хатпен хабардар етеді.

      96. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, осы Субсидиялау қағидалары/тетік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы хабардар етеді.

      97. Банк/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      98. Банк/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      99. Субсидиялау шарты кәсіпкер, банк/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, бірақ қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен ерте емес мерзімге белгіленуі мүмкін (бұл норма ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге қолданылмайды. Осы тармақтың күші осы Субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады).

      100. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      101. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді.

      Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

      102. Банк қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      103. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      104. Өңірлік үйлестіруші сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы "Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" және "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыттарын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      105. Ұлттық жоба/тетік шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражатты аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.

      106. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/даму банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы банкті/даму банкін/лизингтік компанияны бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы, кәсіпкердің өңірі, атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.

      107. Банктің/даму банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және өзге де қаржылық жағдайының нашарлау белгілері орын алған кезде (бір немесе бірнеше жағдайлардың басталуы) оның ішінде:

      Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтингі "В" деңгейінен төмендеген кезде;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген кезде;

      пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның кәсіпкердің кредит бойынша (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) толық төлем жүргізу фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.

      Банкте/даму банкінде/банкте-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      108. Банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қалдықтардан есептеп шығара алмайды.

      109. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

      110. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/даму банкі/банк-төлем агенті кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      111. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда (кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде) банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      112. Банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер банк/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      113. Осы Субсидиялау қағидаларының 112-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      114. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      115. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес банк/даму банкі/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Бұл ретте жеңілдік кезеңінің/кейінге шегерудің мерзімі осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      Кәсіпкердің жағдайын нашарлататын мән-жайлар орын алған жағдайда, ол сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе кредит бойынша негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең алуға/кейінге қалдыруға құқылы. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.

      Кәсіпкер кредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдік кезеңінің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.

      116. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігінің уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі тетік шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен не жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Бұл ретте жеңілдік кезеңі/кейінге қалдыру мерзімі тетік шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      Бұл тармақтың қолданылуы 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Кәсіпкер кредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдік кезеңінің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.

      117. Егер банк/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының шарттарын (кредиттің/лизингтің сомасы және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге шегеру, өтеу күні, кәсіпкер атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қолданыстағы қаржыландыру шарттарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарына жүргізілген өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      118. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      119. Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру шарттарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шартына жүргізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      120. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (-лердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      121. Ұлттық жобаны/тетікті іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

8-параграф. "Жасыл" жобаларды іске асыруға арналған кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялау шеңберінде жобаларды сыртқы бағалау

      122. "Жасыл" кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде "жасыл" жобалардың "жасыл" таксономияға сәйкестігіне сыртқы бағалауды төменде келтірілген санаттардағы, жобаларды ұстаушыларға, өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндірушілерге (орындаушыларға), өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз, жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау немесе шаруашылық және өзге де қызметтің "жасыл" таксономияның нақты қосалқы секторларына қатысты экологиялық, салалық, санитариялық құрылыс талаптары мен нормаларына сәйкестік саласында расталатын құзыреті бар түрлі меншік нысанындағы ұйымдар жүргізе алады.

      123. Тексеру жүргізу қорытындылары бойынша сыртқы бағалау провайдері жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндерге сәйкестігі туралы мынадай қорытындылардың бірімен қорытынды шығарады:

      1) сәйкес келеді;

      2) сәйкес келмейді.

      Берілген қорытындының қолданылу мерзімі 6 (алты) айды құрайды.

      124. Сыртқы бағалау провайдерлерінің көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы қорытындыларының атаулары әртүрлі болуы мүмкін, оның ішінде "Қазақстан Республикасының "жасыл" таксономиясына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды", "сәйкестігі туралы қорытынды" және тағы басқа. Сыртқы бағалау қорытындысын ресімдеу тәртібі жобаның белгілі бір түріне және бағалау жүргізілетін шекті өлшемшарттың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

      125. Тәуелсіз бағалау қорытындысына сыртқы бағалауды жүзеге асыратын ұйымның сарапшысы мен басшысы қол қояды және ол ұйым мөрімен (бар болса) расталады. Егер қорытындыға есеп айырысу құжаттары қоса берілсе, оларға сарапшы/басшы қол қояды және мөрмен (бар болса) расталады. Қорытынды қысқа сипатта болады және бір парақта баяндалуы мүмкін. Қорытынды кіріспе, негіздейтін (талдамалық) ақпаратты, қорытындыларды, сондай-ақ өзінің құзыретін растайтын құжаттардың, лицензиялардың, аккредиттеу туралы куәліктердің (оның ішінде, қажет болған кезде, ұйымның тартылған қызметкерлерінің) көшірмелері қоса берілген сыртқы бағалау провайдері туралы ақпаратты қамтиды. Қорытындының кіріспе бөлігінде бағалау және оның негіздері туралы жалпы мәліметтер беріледі, талдау бөлігінде талдау алгоритмі, белгіленген фактілер және қажет болса, негіздемеде пайдаланылған анықтамалық-нормативтік құжаттарға, материалдар мен есептерге сілтемелер қысқаша баяндалады.

      126. Көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерлері, сондай-ақ жоба бойынша кәсіпкер мәлімдеген "жасыл" таксономияның көрсеткіштері мен шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуын сыртқы тексеруді жүзеге асыратын ұйымдар мынадай санаттарда ұсынылуы мүмкін:

      1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сондай-ақ мәртебесі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аккредиттеуімен расталатын сәйкестікті растау жөніндегі шетелдік органдар;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган лицензиялаған, табиғат қорғауға қатысты жобалау мен нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы ұйымдар (экологиялық аудиторлар);

      3) "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" акционерлік қоғамы жүргізетін энергия-аудиторлық сараптамаларды талдау нәтижелері бойынша ескертулері жоқ энергия-аудиторлық ұйымдар;

      4) АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің жасыл қаржыландыру саласындағы лицензиясы бар консалтингтік компаниялар;

      5) жаңа ғимараттар салуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыруға сараптама ұйымы өкілеттіктерінің құзыретін аккредиттеу жөніндегі уәкілетті орган аккредиттеген мемлекеттік сараптама ұйымдары немесе мемлекеттік емес сараптама ұйымдары;

      6) "жасыл" технологиялардың сервистік операторы – "жасыл" технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, "жасыл" технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;

      7) мақұлданған халықаралық верификатор ретінде климаттық облигациялар бастамасын (Climate Bonds Initiative) аккредиттеу туралы куәлігі бар халықаралық және ұлттық аудиторлық және консалтингтік ұйымдар.

      127. Cыртқы бағалау қорытындыларын қарау кезінде тиісті біліктілік құжаттарының көшірмелері және/немесе олардың тиісті ресми жарияланатын тізілімдерге енгізілуі олардың құзыретінің жеткіліктігін растау болып табылады.

9-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау

      128. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаттары (хабарламалары), сондай-ақ мониторингтеу нәтижелері негізінде қабылдайды.

      129. Қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның хабарламалары және/немесе мониторингтеудің мынадай нәтижелері:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын жеткілікті алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидалары шарттарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді жасау бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап- арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;

      8) салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кәсіпкерлердің міндеттемелерін орындамауы (кәсіпкерлердің "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытындағы жобалары бойынша);

      9) кәсіпкерлердің тетік шеңберінде мыналар:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу;

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетік талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді) бойынша міндеттемелерін орындамауы;

      10) орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттары:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң, кәсіпкер ұсынған сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде кәсіпкердің шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі негізінде субсидиялауды тоқтата тұрады.

      130. Қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының 129-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/лизингтің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда, субсидиялау төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады. Кредиттің/лизингтік мәміленің толық мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап тоқтатылады.

      131. Субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарағанға дейін кәсіпкер жойған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      132. Қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені ресімдейді және тиісті хабарламамен/хатпен банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға жібереді.

      133. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді, осы Субсидиялау қағидаларының 129-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда, субсидиялау қайта басталған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      134. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебі көрсетіледі.

      Осы Субсидиялау қағидаларының 120-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.

      135. Мынадай:

      1) кәсіпкер банк/даму банкі/лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитін толық өтеген (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      136. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілейді.

      137. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігін кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      138. Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген етпеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      139. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, бір мезгілде банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу графигін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісіммен қоса банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі және төленуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/лизинг бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді не төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның хатын қоса бере отырып және төленуге тиісті субсидиялар сомасын көрсете отырып, осындай жағдайлар бойынша біріктірілген банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмелерін электрондық форматта (XLS немесе XLSX) ұсынуға рұқсат етіледі.

      140. Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін ұсынады.

      Бұл ретте банк/даму банкі/лизингтік компания салыстырып қарау актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

      141. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдаланылуы анықталған кредиті бойынша банк/даму банкі қаржы агенттігіне құжаттарды кредиттің мақсатсыз пайдаланылу фактісін растайтын құжаттармен қоса ұсынады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      142. Осы Субсидиялау қағидалары/тетік шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін кәсіпкерлікті ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына мыналар жатады:

      1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеу;

      2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингтеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының/тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу.

      "Жасыл" кредиттер бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде шекті өлшемшарттар:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда провайдерлердің сыртқы бағалауы негізінде қаржы агенттігі қарыз алушының орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттарға қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын қарыз алушы ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң қарыз алушы мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалау не қаржы агенттігіне ұсынылатын энергия аудитін жүргізеді. Қарыз алушы мәлімдеген жоба бойынша "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      143. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, оның ішінде "БЖК-2020" бағдарламасының/тетіктің шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.

      144. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау үшін көзделген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) және тетік бойынша аударылған қаражатты қаржы агенттігі жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер қаражаты есебінен толық игергенге дейін пайдаланады.

      145. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 "БЖК-2025" бағдарламасы бойынша Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған субсидиялау шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

      146. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" бағдарламасы және "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

      147. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

      148. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтерді көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

1.АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Еттен және құс етінен жасалған өнімдер

Етті өңдеу және консервілеу

1011

Ұша/шағын ұша түрінде немесе мүшеленген жас немесе тоңазытылған ет өндірісі.
Тағамдық субөнімдер

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндірісі

Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі

1013

Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар.
Ет өнімдерін: шұжық, салями, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, ысталған болон шұжығы, бас, орамалар, пісірілген ветчина жасау

2

Сүт және ірімшік өнімдері

Сүт өңдеу және ірімшік жасау

1051

Жаңа сауылған, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған табиғи сүт өндірісі.
Сүт негізіндегі сусындар өндірісі.
Жаңа сауылған қаймағы алынбаған, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенделген сүттен қаймақ жасау.
Құрғақ сүт немесе қоюлатылған сүт, қатты түрдегі сүт немесе кілегей өндірісі.
Сары май, йогурт, ірімшік және сүзбе, айран, кілегей, сары су, казеин немесе лактоза өндірісі

Балмұздақ өндірісі

1052

Балмұздақ өндірісі

3

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі

Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі

1032

Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі.
Жас жемістерден және көкөністерден жасалған концентраттар өндірісі

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері

1039

Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі.
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: мұздату, кептіру, май немесе сірке суын сіңіру, консервілеу және т.б.
Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерінің өндірісі
Джемдер, мармеладтар және асханалық желе өндірісі. Жаңғақ қуыру.
Жаңғақтардан жасалатын паста және өзге де азық-түлік өнімдерінің өндірісі.
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді консервілеу: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, герметикалық ыдыста консервілеу және т.б.

4

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім

Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу

1020

Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б. Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілер өндірісі: балық сүбесі, уылдырық, жасанды уылдырық және т.б.
Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарларды азықтандыру үшін балық өнімдерінің өндірісі, адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз балықтан және өзге де су жануарларының түрлерінен ұн және еритін заттар өндірісі, кемелердің балықты қайта өңдеуге және сақтауға, теңіз балдырларын қайта өңдеуге бағытталған қызметі

5

Ауыл шаруашылығы

Уыт өндірісі

1106

Уыт өндірісі

6

Май-тоңмай өнімі

Май мен тоңмай өндірісі

1041

Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, сафлор, рапс, қыша, зығыр.
Тазартылған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр.
Өсімдік майын өңдеу: айдау, қайнату, дегидрация, гидрогенизация және т.б.

Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі

1042

Маргарин өндірісі.
Қоспалар және т.б. өндірісі.
Тамақ дайындауға арналған құрама тоңмай өндірісі

7

Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі

Қант өндірісі

1081

Қант қызылшасы мен қант қамысынан қант жасау

Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі

1082

Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі.
Қантты кәмпиттер: карамель, какао, нуга, помадка, ақ шоколад өндірісі.
Сағыз өндірісі.
Қантталған жемістер өндірісі.
Шоколадты жаңғақ, цукат өндірісі.
Кәмпиттер, жастықша кәмпиттер, қақ өндірісі

Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі

1084

Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі.
Сірке суы өндірісі.
Өнімдерді тұздау үшін тұзды өңдеу, мысалы йодталған тұз

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

1089

Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

10899

Жасанды бал және карамель өндірісі.
Сэндвич, жаңа пісірілген пицца (жартылай фабрикат) сияқты тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерінің өндірісі).
Басқа санаттарға енгізілмеген белсенді биологиялық қоспалар мен өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі.
Еттен, балықтан, шаян тәрізділерден немесе моллюскілерден жасалған тартылған ет өндірісі.
Сүт өнімдері мен ірімшік өндірісі.
Жасанды концентраттар өндірісі

8

Балалар тағамы

Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі

1086

Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәбилерге арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау

9

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі

Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі

1062

Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау.
Шикі жүгеріні майдалау.
Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау.
Дәннің маңызын жасау.
Жүгері майын жасау

Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

1061

Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі.
Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді тамақ өнімдерінің өндірісі.
Ұн қоспаларының және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған дайын ұн қоспалары мен қамырлар өндірісі.
Бидай қауыздарының, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарының өндірісі.
Бидай, қара бидай, сұлы, жүгері, қарақұмық жармасы өндірісі.
Қырналған, ұнтақталған, жылтыратылған, тегістелген, глазурьленген, буланған күріш өндірісі.
Ұн өндірісі

10

Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі

Нан өндірісі; ұннан жаңа пісірілген кондитерлік өнімдер, торттар мен бәліштер өндірісі

1071

Наубайхана өнімдерінің өндірісі: нан, тоқаш пен орамалар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, тәттінандар, бәліштер мен бисквиттер, жеміс тәттінандары, құймақ, вафли және т. б.

Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі

1072

Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдерінің өндірісі.
Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар мен торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі.
Печенье, крекерлер, крендельдер және т.б. сияқты тұздалған және тәтті өнімдер өндірісі

Макарон өнімдерінің өндірісі

1073

Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі.
Қамырдан жасалған консервіленген немесе тоңазытылған өнімдер, оның ішінде макарон өнімдерінің өндірісі

11

Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда)

Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі

1085

Ет тағамдарының өндірісі.
Тартылған балық етін қоса алғанда, балық тағамдарының өндірісі.
Көкөністерден жасалған тағамдар өндірісі.
Тоңазытылған пицца немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пицца өндірісі

12

Мал азығының өндірісі

Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі

1091

ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

1.АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Ауыл шаруашылығы

Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіру

0111

Қытайбұршақ, жержаңғақ, мақта тұқымы, кәдімгі майкене, зығыр тұқымы, қыша тұқымы, майлы нуга тұқымы, рапс тұқымы, бояғыш мақсары тұқымы, күнжіт тұқымы, күнбағыс тұқымы, өзге де майлы тұқымдар сияқты майлы тұқымдарды өсіру.
Бидай, жүгері, құмай, арпа, қара бидай, сұлы, тары, өзге де дәнді дақылдар, оның ішінде тұқымдық қорды қалыптастыру үшін

Күріш өсіру

0112

Күріш өсіру

Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру

0113

Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязды көкөністер, қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, картоп, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша, көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру.
Бақша дақылдарын өсіру, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру.
Саңырауқұлақтар мен трюфельдерді өсіру

Талшықты иіру дақылдарын өсіру

0116

Мақта, зығыр өсіру.
Мақта тұқымын өсіру

Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру

0119

Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым жемдік өнімдерді өсіру.
Қарақұмық өсіру.
Қант қызылшасы (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру

Жүзім өсіру

0121

Шарап жүзімі және жүзімнің асханалық сорттары

Дәнді жемістер және сүйекті жемістер өсіру

0124

Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру

Өзге де жеміс ағаштарын, бұталар мен жаңғақ түрлерін өсіру

0125

Жидек өсіру: қарақат/көкжидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген, өзге де жеміс түрлері.
Жемістердің тұқымдарын өсіру.
Жеуге жарамды жаңғақтарды өсіру: бадам, кешью, талшын, фундук/орман жаңғағы, пісте, грек жаңғағы, басқа да жаңғақ түрлері.
Жеміс ағаштарының, бұталардың басқа түрлерін өсіру: айлауық жемістері

Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын өсіру

0142

Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру

0141

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту.
Шикі сүт алу

Жылқы өсіру

0143

Жылқы өсіру

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру

0144

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру және молайту

Қой мен ешкі өсіру

0145

Қой мен ешкі өсіру және молайту.
Қой мен ешкінің шикі сүтін өндіру.
Жүн дайындау.
Қозылардың терілерін дайындау

Шошқа және торай өсіру

0146

Торайлар, шошқалар, шошқа еті

Құс шаруашылығы

0147

Инкубациялық жұмыртқа өндірісі.
Үй құстарын өсіру және көбейту: тауық, күркетауық, үйрек, қаз және т.б.
Жұмыртқа өндірісі

Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру

0149

Омарта шаруашылығы және бал мен бал балауызы өндірісі

Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

2

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнімдер

Теңізде акваөсіру

0321

Аквариум балықтарын өсіруді, моллюскілер (устрица, мидия және т.б.) уылдырығының, ірі теңіз шаяндарының, асшаяндардың, балық шабақтарының өндірісін және оларды қолмен өңдеуді, қызыл балдырлар мен жеуге жарамды басқа да балдырларды, шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, теңіз суындағы басқа да моллюскілер мен басқа да су жануарларының түрлерін өсіруді, теңіз суындағы акваөсіруді, резервуарларда тұздалған судағы акваөсіруді қоса алғанда, теңіз суында балық өсіру.
Теңіз балықтарының түрлерін өсіру жөніндегі инкубаторлық станциялар, жылы теңіз фермалары

Тұщы судағы акваөсіру

0322

Тұщы су балықтарының аквариумдық түрлерін өсіруді, тұщы суды мекендейтін шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, өзге де моллюскілерді және су жануарларының басқа да түрлерін өсіруді, инкубаторлық станциялардың (тұщы су) жұмысын қоса алғанда, тұщы суда балық өсіру.
Бақа өсіру

Тұщы суда балық аулау

0312

Ішкі суларда коммерциялық негізде балық аулау.
Тұщы суларда шаян тәрізділер мен моллюскілерді аулау.
Тұщы суларда теңіз жануарларының түрлерін аулау.
Тұщы су материалдарын жинау

3

Сусындар өндірісі

Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

1107

Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі.
Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау

Жүкті қоймалау және сақтау

5210

Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын құру.
Көкөніс және жеміс сақтау қоймаларын салу

2

Ауыл шаруашылығы

Өнім жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР

1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР

3

Сырт киім және аксессуарлар

Басқа да тоқылған және трикотаж бұйымдарының өндірісі

1439

Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, кеудешелер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі

Арнайы киім өндірісі

1412

Арнайы киім өндірісі.
Зертханалық немесе жұмыс комбинезондары, униформа өндірісі

Сырт киім өндірісі

1413

Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі.
Былғарыдан жасалған сырт киімнен басқа, тоқыма, тоқылған немесе тоқыма емес трикотаж маталардан жасалған сырт киімдердің өзге де түрлерінің өндірісі

4

Іш киім

Іш киім өндірісі

1414

Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі

Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі

1431

Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі

5

Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

13

Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшықтары, мақта-мата, мақта талшығы өндірісі.
Шашақ жіп, махер мата, дәке тәрізді тоқылған материалдар өндірісі.
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жүн мата өндірісі.
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жібек мата өндірісі.
Зығыр мата өндірісі.
Басқа да маталар өндірісі, мысалы, қытай қалақайынан, кендірден, жөкеден және арнайы иірілген жіптен.
Шыны талшығынан жасалған маталар өндірісі.
Карбонидті және арамидті жіптер өндірісі.
Тоқу әдісімен жасанды тері өндірісі

Текстиль талшықтарын дайындау және иіру

1310

Мақта талшығының, мақта иірімжібінің өндірісі.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сатуға және одан әрі өңдеу үшін жүннен иірімжіп иіру және жасау.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сату және одан әрі өңдеу үшін зығыр иірімжібін жасау.
Өзге де текстиль талшықтарын иіру

Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, жіңішке баулар, баулар өндірісі және тор тоқу

1394

Текстиль талшықтарынан, таспалардан және ұқсас материалдардан жасалған, сіңірілген және сіңірілмеген, қапталған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған қабықшамен қорғалған немесе қорғалмаған шпагат, арқан, жіп және трос өндірісі.
Шпагаттан, арқандар мен жіптерден тор жасау.
Арқандар мен торлы матадан жасалған бұйымдар: балық аулау торлары, кемелердегі сақтандыру торлары, түсіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын қорғау құралдары, металл шығыршықтары бар матауыштар, жіптер немесе тростар өндірісі және т.б.

Теріні илеу және өңдеу

15111

Тері мен былғарыны илеу, бояу және өңдеу. Күдері, қашалған былғары, тегіс немесе металдандырылған тері өндірісі

Киімді қоспағанда, тоқылмаған бұйымдар өндірісі

13950

Тоқылмайтын маталар (SMS) және одан жасалған бұйымдар

6

Аяқ киім және оның керек-жарақтары

Аяқ киім өндірісі

1520

Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау.
Аяқ киімдердің былғары және резеңке бөліктерін: сыртқы және ішкі бөліктерін, ұлтанын, өкшесін жасау

2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР

7

Тұрмыстық химия

Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі

2041

Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі. Жуғыш құралдар себілген немесе сіңірілген қағаздар, сулықтар өндірісі.
Глицерин өндірісі.
Косметикалық сабынды қоспағанда, сабын өндірісі.
Беткі-белсенді препараттар: қатты немесе сұйық түрдегі кір жуатын ұнтақтар және басқа да жуғыш құралдар, ыдыс-аяқ жууға арналған препараттар, кір жуған кезде қосуға арналған хош иістендіргіш және жұмсартқыш заттар өндірісі.
Тазартқыш және жылтыратқыш құралдар: ауа тазартқыштар, жасанды балауыз, былғары бұйымдарды күтуге арналған құралдар, жиһазға және ағаш беттерге арналған полирольдар, шыны және металл беттерге арналған полирольдар, осыларға ұқсас құралдар себілген немесе сіңірілген сулықтарды қоса алғанда, тазартқыш пасталар мен ұнтақтар өндірісі

8

Кілемдер

Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі

1393

Кілемдерді, паластарды және төсеніштерді, едендік жабындарды қамтитын тоқыма төсемдер өндірісі.
Киіз төсемдер өндірісі

9

Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар

Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі

1392

Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан жасалған дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, туалет немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі.
Дайын жиһаздау заттарының өндірісі: перделер, шымылдықтар, төсек-орын жапқышы, ас үй сүлгілері, ыдыс жууға арналған шүберектер.
Медициналық маскалар өндірісі

Трикотаж кездемелер өндірісі

1391

Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі

10

Шаруашылық қажеттілікке арналған тұрмыстық тауарлар

Резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі

22191

Табиғи немесе синтетикалық резеңкеден, вулканизацияланбаған, вулканизацияланған резеңкеден немесе беріктігі жоғары резеңкеден жасалған өзге де өнімдерді: резеңке пластиналарды, табақтарды, жолақтарды, білікшелерді және т.б.; шиналарға, құбырлар мен шлангілерге арналған камераларды; резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белбеулерді; эластиктен жасалған киімдерді (тұтас, тігіссіз); аяқ киімге арналған резеңке ұлтанды және өзге де резеңке бөліктерді; резеңке жіптер мен бауларды; резеңке иірімжіптер мен маталарды; резеңке жиектерді, гарнитур мен баспаларды; резеңке үрлемелі резеңке матрастарды, үрлемелі шарларды қамтитын бұйымдарды шығару.
Резеңкеден жасалған щеткалар мен қылқаламдар өндірісі.
Резеңке құбырлар өндірісі.
Қатты резеңкеден жасалған тарақтар, шашқа арналған қыстырғыштар, бигудилер және т.б. өндірісі.
Резеңкеден жасалған жөндеу материалдары өндірісі.
Резеңке негізгі материал ретінде пайдаланылатын резеңкеленген тоқыма маталар өндірісі.
Резеңкеден жасалған жүзуге арналған матрастар өндірісі.
Резеңкеден жасалған жүзу телпектерінің өндірісі.
Резеңкеден жасалған сүңгу костюмдерінің өндірісі

Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі

2222

Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі

Өзге де пластик бұйымдар өндірісі

2229

Жиһаз фурнитурасы, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтары, киім заттары (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтары, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

Қуыс шыны бұйымдарының өндірісі

2313

Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі.
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған стақан, фужер, рюмка, бокал, шыныаяқ, тұрмыстық заттар өндірісі

11

Жиһаз

Кеңсе және студия жиһазының өндірісі

3101

Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі.
Кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі.
Театрларға, кинотеатрларға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі.
Зертханалық орындықтар, басқа да зертханалық табуреттер мен өзге де отырғыштар өндірісі

Ас үй жиһазының өндірісі

3102

Ас үй жиһазының өндірісі

Басқа да жиһаз өндірісі

3109

Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі.
Бақшаға арналған орындықтар өндірісі.
Жатын бөлмеге, қонақ бөлмеге, бақшаға арналған жиһаз өндірісі.
Тігін машиналарына, теледидарларға арналған тумбалар өндірісі

12

Жиһаз өндірісіне арналған материалдар

Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі

1621

Желімделген фанера және өзге де бұйымдар өндірісі: жылтыратылған, боялған, жабылған, сіңірілген, жақсартылған және нығайтылған (қағаз немесе мата көмегімен).
Желімделген фанера, бір қатпарлы фанера және осыған ұқсас ламинатталған ағаш табақ бұйымдарының өндірісі.
Құрастырма тақтайлар мен өзге де табақ материалдарының өндірісі.
Тығыздығы орташа талшықты табақ материалдарының және өзге де талшықты материалдар өндірісі.
Сәндік материалдар өндірісі.
Желімделген ламинатталған ағаш бұйымдарының, ламинатталған бір қатпарлы фанера өндірісі

13

Матрастар

Матрастар өндірісі

3103

Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі.
Матрастарға арналған тұғырлар өндірісі

14

Тұрмыстық электроника аспаптарының өндірісі

Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі

2651

Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі.
Сұйықтық температурасын өлшеуге арналған шыны және биметалл термометрлер (медициналықты қоспағанда) өндірісі.
Тұрмыстық өлшеуіштер өндірісі (мысалы, су өлшегіш, газөлшегіш, электр энергиясын есептегіштер).
Су өлшеуіштер мен есептеу қондырғыларының өндірісі.
Қозғалыс детекторларының өндірісі

Медициналық-хирургиялық құралдар өндірісі

26.51.6

Зертханалық талдау құралдары (мысалы, қанды талдауды жүзеге асыруға арналған жабдықтар) өндірісі.
Зертханалық өлшеу аспаптарын, инкубаторларды және өлшеуге, тестілеуге және т. б. арналған өзге де түрлі зертханалық аспаптар өндірісі

Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар өндірісі

2660

Өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу, ғылыми және осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын альфа-, бета-, гаммасәулеленуге, рентгендік және өзге де радиациялық сәулеленуге негізделген жабдықтар өндірісі.
Томографтар өндірісі.
Магниттік-резонанстық бейнені алуға арналған жабдықтар өндірісі.
Медициналық ультрадыбыстық жабдықтар өндірісі.
Электрокардиографтар өндірісі.
Электромедициналық эндоскопиялық жабдықтар өндірісі.
Медициналық лазерлік жабдықтар өндірісі. Кардиостимуляторлар өндірісі.
Есту аппараттары өндірісі.
Тамақ өнімдері мен сүт өнімдерін сәулелендіріп өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі. Өкпені жасанды желдету аппарат өндірісі. Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге электр және электрондық жабдықтар өндірісі.
Виброакустикалық аппараттар, өкпені жасанды желдету аппараттары, медициналық білезіктер, пациент мониторлары, телекардиографтар өндірісі

Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі

2751

Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі

Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі

2720

Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі.
Бөлгіштер, корпустар, қақпақтар сияқты қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, электр аккумуляторларының өндірісі.
Қорғасын-қышқылды батареялар өндірісі.
Никель-кадмий батареяларының өндірісі.
Никель-металлогидридті қуат көзі батареяларының өндірісі.
Литий батареяларының өндірісі.
Құрғақ батареялар өндірісі.
Сұйық электролиті бар батареялар өндірісі

15

Жарықтандыру жабдығы

Электрмен жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

2740

Газразрядты, флуоресцентті, ультракүлгін, инфрақызыл және т.б. қыздыру шамдарының өндірісі.
Жәндіктермен күресуге арналған электр шамдарының өндірісі.
Төбеге ілінетін жарықтандыру аспаптарының өндірісі.
Аспашамдар, шамшырақтар өндірісі.
Үстел шамдарының (оның ішінде жарықтандыру құралдарының) өндірісі.
Жаңа жылдық шыршаларға арналған электр гирляндаларының өндірісі.
Электр каминдер өндірісі.
Қол электр шамдарының өндірісі.
Шамдар өндірісі (мысалы, карбид, электрлік, газ, газолин, керосин).
Прожекторлар өндірісі.
Көшені жарықтандыру аспаптарының (бағдаршамдардан басқа) өндірісі.
Көлік құралдарына арналған жарықтандыру жабдықтарының (мысалы, автомобильдерге, ұшақтарға, кемелерге, қайықтарға арналған) өндірісі.
Электрлік емес жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

16

Керамикалық тұрмыстық және сәндік бұйымдар

Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық- шаруашылық бұйымдар өндірісі

23411

Керамикалық асхана ыдыстары мен өзге де тұрмыстық немесе туалет бұйымдарының өндірісі.
Мүсіншелер және өзге де сәндік керамикалық бұйымдар өндірісі

3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

17

Құрылыс материалдары

Пластик құрылыс бұйымдарының өндірісі

2223

Пластик құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын күбіше сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі.
Винил, линолеум сияқты майысқақ төсемдер өндірісі

Бастапқы қалыптағы пластмасса өндірісі

2016

Полипропилен мен полистирол өндірісі

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типография бояулары мен мастика өндірісі

2030

Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі.
Дайын бояғыш заттар мен колерлер өндірісі. Эмальдар, лактар және жағатын құрамдар мен сол сияқты препараттар өндірісі.
Мастика өндірісі.
Шпатлевка және сол сияқты үстіңгі беттерді тегістеуге арналған препараттар өндірісі. Дайын бояу өндірісі.
Типографиялық бояу өндірісі.
Органикалық еріткіштер, бояу мен лактарды дайын еріткіштер өндірісі

Желім өндірісі

2052

Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі

Табақ шыныны қалыптау және өңдеу

2312

Күшейтілген немесе көп қатпарлы жалпақ шыны өндірісі.
Айна өндірісі.
Шыныдан жасалған көп қатпарлы оқшаулағыш заттар өндірісі

Отқа төзімді бұйымдар өндірісі

2320

Отқа төзімді ерітінді, бетон және т.б. өндірісі. Отқа төзімді қыш бұйымдар: кремний ұнтағынан жасалған жылу оқшаулағыш қыш бұйымдар; отқа төзімді кірпіш, блоктар мен еден жабындары және т.б.; реторт, тигель, муфель, форсунка, келтеқұбырлар, мүштіктер мен т.б. өндірісі. Құрамында магнезит, доломит немесе хромит бар отқа төзімді бұйымдар өндірісі

Қыш жабындар мен плиталар өндірісі

2331

Отқа төзімді емес қыш бұйымдар немесе қабырға плиткаларының, мозаика және т.б. өндірісі. Отқа төзімді емес қыш тротуар плиталары мен брусчаткалар өндірісі

Кірпіш, черепица және күйдірілген балшықтан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарының өндірісі

2332

Отқа төзімді емес құрылыс материалдарының: қыш плиткалар, черепица, мұржаның үстіндегі қалпақтар, құбырлар, оқшаулағыш материалдар және т.б. өндірісі.
Терракотадан еден плиткасын жасау

Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі

2361

Құрылыс мақсатында пайдалану үшін бетоннан, цементтен немесе жасанды тастан жасалған дайын бұйымдар өндірісі: еден жабындары, төсеуге арналған плиткалар, кірпіштер, плиталар, құбырлар, бағандар және т.б.
Құрылысқа немесе азаматтық құрылысқа арналған құрастырма темір-бетон және бетон конструкциялар өндірісі.
Бетоннан блоктар, панельдер жасау.
Силикат кірпіш өндірісі

Асбестоцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі

2365

Цементпен, гипспен немесе басқа да минералды байланыстырушы материалдармен аралас өсімдік шикізатынан (ағаш жүнінен, сабаннан, қамыстан, құрақтан) құрылыс материалдарының өндірісі.
Целлюлоза талшықтары бар асбест-цементтен және талшықты цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар: гофраланған табақтар (шифер), өзге де табақтар, панельдер, черепицалар, құбырлар, түтіктер, резервуарлар, кеспектер, жуғыштар, раковиналар, сауыттар, жиһаз, терезе қораптары және т.б. өндірісі

Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

2369

Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен немесе жасанды тастан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі: мүсіндер, фурнитуралар, барельефтер, вазалар, гүл құмыралары және т.б.

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

2370

Құрылыс мақсатында, зираттарда, автожолдарда, шатырларды жабу үшін және т.б. пайдалану үшін тасты кесу, қалыптау және өңдеу.
Тастан фурнитура жасау

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге бейметалл минералдық өнім өндірісі

2399

Минералды негіздегі оқшаулағыш материалдар: қож-мақта және ұқсас минералды мақта; қатпарлы вермикулит, қопсыған балшық және ұқсас оқшаулағыш жылу материалдары немесе дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісі

Жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

25112

Жол белгілері, жолға қоятын металл тосқауылдар, металл илегінен жасалған бұйымдар және т. б. сияқты жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

Алюминийден және алюминий қоспаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі

25113

Өнеркәсіптік металл конструкцияларының өндірісі (домна пештеріне, жабдықтарды көтеру мен орнатуға және т.б арналған конструкциялар)

18

Есіктер мен терезелер

Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі

2512

Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпақтары мен қақпалар өндірісі

19

Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары

Әк және құрылыс гипсінің өндірісі

2352

Құрылыс гипсін (кальцийлендірілген гипс немесе кальций сульфаты) өндірісі.
Сылақ өндірісі.
1-сұрыпты әк өндірісі

Әктас және доломит ұнын өндіру

23522

Әк ұны, гипс

III. ӨЗГЕ

20

Химия

Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

1920

Мотор отыны, газолин, керосин және т.б. өндірісі.
Отын өндірісі: этан, пропан, бутан және т.б. сияқты жеңіл, орташа және ауыр жанғыш, тазартылған газ.
Мұнай қалдықтарынан өнім шығаруды қоса алғанда, жақпамайлар немесе жақпалар өндірісі.
Мұнай-химия өнеркәсібіне және жол салуға арналған өнімдер өндірісі.
Әртүрлі өнім түрлерінің өндірісі: уайт-спирит, вазелин, қатты парафин, петролатум және т.б.
Мұнай брикеттерінің өндірісі.
Шымтезекті агломерациялау және шымтезек брикеттерінің өндірісі.
Көмір брикеттерін агломерациялау және өндіру.
Лигнит брикеттерін агломерациялау және өндіру

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

2014

Илеу заттарының өндірісі.
Биоэтанол өндірісі.
Ациклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі.
Циклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі.
Бутил эфирлерінің өндірісі.
Амил эфирлерінің өндірісі.
Негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі: сірке қышқылын қоса алғанда, моно- және поликарбон қышқылдары; альдегидтерді, кетондарды, хинондарды және екі және одан да көп оттегі бар топтармен қосылыстарды қоса алғанда, құрамында оттегі бар функционалдық топтары бар өзге де қосылыстар; аминдерді қоса алғанда, синтетикалық глицерин, азот-функционалдық органикалық қосылыстар; сүректі айдау жолымен алынған өнімдерді қоса алғанда, өзге де органикалық қосылыстар (мысалы, ағаш көмірі).
Синтетикалық хош иісті өнімдер өндірісі.
Таскөмір шайырын айдау.
Дезинфекциялау құралдары мен антисептиктер өндірісі

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі

2015

Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарының, несепнәр, шикі мұнайдан алынған табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарының өндірісі.
Өсімдіктерді өсіруге арналған топырақ өндірісі

Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі

2020

Инсектицидтер/жәндіктерге қарсы құралдар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі.
Өсімдіктердің өсуін реттейтін өнімдер өндірісі.
Дезинфекциялау құралдарының өндірісі (ауыл шаруашылығы мақсаттарына және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін).
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге агрохимиялық өнімдер өндірісі

Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі

2013

Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдарды қоспағанда).
Азот қышқылын қоспағанда, бейорганикалық қышқылдар өндірісі.
Аммонийден басқа, сілті, сақар және өзге де бейорганикалық заттар өндірісі.
Өзге де бейорганикалық қоспалар өндірісі.
Темір колчеданды күйдіру.
Тазартылған су өндірісі

Өнеркәсіптік газдар өндірісі

20.11

Медициналық мақсаттар үшін сұйытылған немесе сығылған бейорганикалық газдар: элементтік газдар, сұйық немесе сығылған ауа, хладагент булары, өнеркәсіптік газдар қоспалары, көмірқышқыл газы сияқты инертті газдар, қорғаныш газдары өндірісі

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11.0

Жинақтау орындарында, қоқыс контейнерлерінде, жылжымалы қоқыс контейнерлерінде, бактарда және т.б. ыдыстарда қауіпсіз тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды (яғни қоқыс қалдықтарын) және аралас реверстелетін материалдарды жинау.
Реверстелетін материалдарды жинау.
Қоғамдық орындардағы қоқыс жәшіктерінен қоқыс жинау.
Құрылыс қалдықтары мен шіріген қалдықтарды жинау.
Қылқалам және өзге де құрылыс қоқыстары сияқты құрылыс қоқыстарын жинау және шығару.
Тоқыма бұйымдарын шығарудан болатын қалдықтарды жинау.
Қауіпсіз қалдықтарға арналған қайта өңдеу орындарына қалдықтарды шығару жөніндегі қызмет

21

Қағаз және қағаз бұйымдары

Ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі

1711

Ағартылған, толық ағартылмаған және ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасын механикалық, химиялық (еритін немесе ерімейтін) немесе жартылай химиялық тәсілмен жасау.
Мақта целлюлоза өндірісі.
Сия мен баспаханалық бояуды алып тастау және макулатурадан ағаш массасы мен целлюлоза жасау

Гофраланған картон, қағаз және картон ыдысының өндірісі

1721

Гофраланған қағаз және картон өндірісі.
Гофраланған қағаздан немесе картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі.
Гофраланған картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі.
Қатты картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі.
Қағаз бен картоннан жасалған өзге де сыйымдылықтар өндірісі.
Қағаздан жасалған қаптар, сөмкелер және пакеттер өндірісі.
Файлдары бар офистік тіркелімдер және сол сияқты бұйымдар өндірісі

Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі

1722

Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану үшін целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар, дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі. Тығыздау үшін тоқыма материалдарының және тығыздалатын гигиеналық сүлгілер, тампондар өндірісі

22

Металдан жасалған бұйымдар

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

25210

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

Металл бөшкелер мен ұқсас сыйымдылықтар өндіру

2591

Металл, оның ішінде алюминий шелектер, банкалар, бөшкелер, жәшіктер, қораптар және ұқсас сыйымдылықтар өндіру

Бекіту бұйымдарының өндірісі

2594

Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі. Бұранда кескіш станокта жасалатын бұйымдар өндірісі.
Бұрандамалар, бұрамалар, сомындар, муфталар және бұрандасы бар басқа өнімдер өндірісі

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі

2592

Асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған тамақ өнімдеріне арналған консерві банкалары, тубтар, қораптар, жәшіктер, оның ішінде бөшкелер, барабандар, банкалар, жәшіктер және басқа да сыйымдылықтар өндірісі.
Металл қақпақтарды және тығындауға арналған басқа да бұйымдар өндірісі

Суық қалыптау немесе бүктеу

2433

Уатқыштарда суықтай қалыптау процесінде немесе баспақта бүктеу әдісімен болаттан жасалған жалпақ илектелген бұйымдардан ашық секциялар жасау.
Суық әдіспен болаттан қалыпталған немесе бүктелген бұдырланған табақтар мен сэндвич-панельдер жасау

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі

2410

Темір құймалар, жылтыр шойыннан қалыптар мен құймалар, блоктар немесе өзге де бастапқы пішіндерді жасау.
Ферроқорытпа өндірісі.
Темір және құрамында темір бар өзге де кеуекті бұйымдарды тікелей қалпына келтіріп, құрамында темір бар бұйымдар жасау.
Электролиз жолымен немесе өзге де химиялық процестер нәтижесінде таза темір өндіру.
Түйіршіктелген темір және темір ұнтағын өндіру.
Болат құймаларды немесе өзге де бастапқы пішіндерді өндіру.
Болаттан жасалған жартылай дайын бұйымдар өндірісі.
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген және суықтай илектелген жалпақ илектелген бұйымдар өндірісі.
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар өндірісі.
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген қуыс бұйымдар өндірісі.
Пакеттелген болат табақтар мен дәнекерленген жіктері ашық бұйымдар өндірісі.
Болаттан жасалған теміржол материалдарының (құрастырмалы рельс) өндірісі

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтер өндірісі

2420

Ыстықтай илемдеу тәсілімен, ыстықтай сығымдаумен немесе ыстық сығымдау немесе ыстықтай илектелген шыбық, құймалар сияқты жартылай фабрикаттарды ыстықтай өндеуді немесе үздіксіз құюды қамтитын өзге де тәсілдермен одан әрі өңдеу үшін тұтас тартылған құбырлар мен көлденең және көлденең емес қималы құбырлар және көлденең қималы дайындамалар өндірісі.
Кейіннен көлденең қималы құбырларды суықтай илектеу немесе суықтай созу тәсілімен және тек көлденең емес қималы құбырларды және қуыс профильдерді суықтай созу тәсілімен өңдеу жолымен ыстықтай илектелген немесе ыстықтай сығымдалған дайындамалардан жасалған мөлшері белгіленген және белгіленбеген тұтас тартылған құбырлар өндірісі.
Тегіс ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдардан суық тәсілмен өндірілген, ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм астам немесе одан кем дәнекерлеу құбырларының өндірісі.
Үздіксіз құю немесе ыстықтай қалыптау тәсілімен және ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген және ыстықтай илектелген немесе суықтай илектелген, ұзына бойы дәнекерленген жолақтардан ыстықтай немесе суықтай қалыптаумен жасалған көлденең емес қималы сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем көлденең қималы дәнекерлеу құбырларының немесе суықтай илектелген жалпақ бұйымдар өндірісі.
Сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем, илектелген, ыстықтай немесе суықтай қалыптау жолақтарынан жасалған және одан әрі суықтай илектеу тәсілімен немесе суықтай қалыптау тәсілімен көлденең емес қималы құбырлар түрінде өңдеу үшін ұзына бойы дәнекерленген дәнекерлеу құбырларының өндірісі.
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдарды өңдеу жолымен жалпақ болат фланецтер мен қамыттары бар фланецтер өндірісі.
Жікті дәнекерлеу үшін иінді келтеқұбыр сияқты гарнитура және қалыптау жолымен болаттан жасалған ыстықтай илектелген жіксіз құбырлар өндірісі.
Бұрандалы құбырлар және болаттан жасалған өзге де құбырлар немесе гарнитура

23

Электр жабдықтар және электр өткізгіш өндірісі

Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі

2711

Электр моторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарын қоспағанда).
Таратушы электр трансформаторлар өндірісі. Аргонмен дәнекерлеу трансформаторларының өндірісі.
Флюоресцирлеуші бареттерлер (яғни трансформаторлар) өндірісі.
Электр энергиясын таратуға арналған трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі. Электр кернеуін беру және тарату реттегіштерінің өндірісі.
Күштік генераторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарына арналған аккумуляторлық батареяны зарядтауды қоспағанда). Генераторлық агрегаттар өндірісі (генераторлық қондырғының беретін блогын қоспағанда).
Жүзбелі балық зауыттарындағы зәкірге арналған орау құрылғысы

Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі

27320

Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі

Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі

2712

Электр қоректендіргішті ажыратқыштар өндірісі. Электр желісіне арналған желілік сүзгілер өндірісі (өндірістік-тарату тізбегі үшін).
Электр кернеуін таратуға арналған бақылау панельдерінің өндірісі. Электр релесі өндірісі.
Электрлік тарату қалқандарына арналған кабель өндірісі.
Электр детонаторлар өндірісі.
Қуатты ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі.
Электр энергетикалық жүйеде ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі (іске қосу кнопкаларын, ажыратқыштарды, соленоидтарды, тумблерлерді қоспағанда). Бастапқы энергия көздерінің өндірісі

Электродты өнім өндірісі

27901

Электродты масса

24

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

Өзге де крандар мен вентильдер өндірісі

2814

Реттеуші клапандар мен су жинау крандарын қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар мен вентильдер өндірісі.
Қолжуғыштардың крандары мен вентильдерінің өндірісі.
Ыстық суға арналған крандар мен вентильдер өндірісі

Гидравликалық жабдықтар өндірісі

2812

Гидравликалық және пневматикалық компоненттер өндірісі (гидравликалық моторларға арналған гидравликалық помпаларды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангілер мен гарнитураны қоса алғанда).
Пневматикалық жүйелерде пайдалану үшін сығылған ауаны тазалауға арналған пневматикалық жабдықтар өндірісі.
Гидравликалық жүйелер өндірісі.
Гидравликалық трансмиссиялық жабдықтар өндірісі.
Көлемді гидроберіліс аспаптарының өндірісі

Ауыл шаруашылығы машиналарын шығару

28302

Көгал шалғыларын қоса алғанда, шалғыларды шығару.
Өздігінен зарядталатын немесе автоматты түрде түсіретін ауыл шаруашылығы трейлерін немесе жартылай тіркемелерін шығару. Топырақты дайындауға, тыңайтқыш себуге немесе енгізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын: соқаларды, тыңайтқыштар бөлгіштерді, себу агрегаттарын/сепкіштерді, тырмаларды және т.б. шығару.
Жинауға және жармалауға арналған техника: жинау машиналарын, астық бастырғыштарды, сұрыптағыштарды және т.б. шығару.
Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған бүрку техникасын шығару. Жұмыртқаларды, жемістерді және т.б. тазалауға, сұрыптауға немесе өңдеуге арналған машиналар шығару

Көтергіш крандар өндірісі

28224

Лифт өндірісі

Сүзгілеу және тазалау жабдықтарының өндірісі

28292

ЛОС-Ем ыдыстары.
ЛОС-К жалпы мақсаттағы камералары.
ЛОС-П құм тұтқышы.
ЛОС-Н мұнай тұтқышы.
КНС кәріздік сорғы станциясы.
ЛОС-Био биологиялық тазарту қондырғысы

Автомобильдердің өзге де бөліктері мен керек-жарақтарының өндірісі

2932

Автомобильдердің әртүрлі бөліктері мен керек-жарақтарының: тежегіштер, беріліс қораптары, көпірлер, жүріс дөңгелектері, аспалы амортизаторлары, радиаторлар, сөндіргіштер, пайдаланылған газды шығаратын түтіктер, каталитикалық түрлендіргіштер, ілініс тораптары, руль дөңгелектері, руль колонкалары, рульдік механизмнің қораптары өндірісі.
Автомобиль шанақтарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтар: қауіпсіздік белдіктері мен жастықтар, есіктер, бамперлер өндірісі.
Автомобильдерге арналған орындықтар өндірісі

Автомобильдер мен басқа да моторлы көлік құралдарының өндірісі

2910

Өзге де автокөлік құралдары: өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналар өндірісі.
Автокөлік құралдарына арналған қозғалтқыштар өндірісі.
Автокөлік құралдарына арналған шасси өндірісі

25

Өзге де көлік құралдарының өндірісі

Теміржол локомотивтерінің және жылжымалы құрам өндірісі

3020

Теміржол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамдарға арналған мамандандырылған жиынтықтауыштар: біліктер, осьтер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға арналған жиынтықтауыштар; иінтіректер, муфталар және жалғастырушы құрылғылар, буферлер мен жиынтықтауыштар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтердің негіздерін; шанақтар және т.б. шығару.
Тау-кен өнеркәсібі үшін рельстік арбалар мен локомотивтер шығару.
Механикалық және электромеханикалық сигнал беру жабдықтарын, теміржол, трамвай, ішкі су жолдарында, автотрассаларда, тұрақтарда, ұшу алаңдарында және т.б. қауіпсіздікті бақылауға және қозғалысты басқаруға арналған жабдықтарды шығару.
Теміржол вагондарына арналған орындықтар шығару

26

Велосипедтер, арбалар

Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі

3092

Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі.
Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі.
Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі. Пластик велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі.
Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі.
Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі. Балалар арбасының өндірісі

27

Фармацевтика

Фармацевтикалық препараттар өндірісі

2120

Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысулар және т.б.; вакциналар; гомеопатиялық препараттарды қоса алғанда, әртүрлі дәрі-дәрмектер өндірісі.
Сыртқа қолдануға арналған химиялық контрацептивті өнімдер мен гормоналды контрацептивтер өндірісі.
Жүктілік тестілерін қоса алғанда, медициналық диагностикалық препараттар өндірісі. Радиоактивті заттарды анықтауға арналған диагностикалық препараттар өндірісі. Биологиялық фармацевтикалық препараттар өндірісі.
Мақта, дәке, дәке таңғыштар, бандаж және т.б. сияқты медициналық таңу материалдары өндірісі

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі

2110

Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицил және O-ацетилсалицил қышқылдары және т.б. өндіру үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі.
Қанды қайта өңдеу.
Химиялық таза қант жасау.
Жануарлар шикізатынан эндокринді препараттар жасау (бездерді қайта өңдеу және бездер мен т.б. экстрактілер жасау)

28

Басқа тауар позициялары

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, тығыздалған маталар өндірісі. Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі.
Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі.
Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау.
Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, созылмалы киім өндірісі

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі.
Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі.
Гауһар өңдеу.
Бағалы металдардан және бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай асыл тастардан немесе бағалы металдар мен асыл немесе жартылай асыл тастардың немесе өзге де материалдардың қосындысынан жасалған құнды заттар жасау.
Бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау. Бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван жабыны бар анодтар және т.б. жасау.
Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған бағалы металл білезіктер жасау.
Металдан жасалған бағалы дербес және бағалы емес бұйымдарды нақыштау

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен дәке өндірісі.
Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі.
Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездерін, көпірлерді және т.б. жасау.
Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі. Көз протездерін жасау.
Офтальмологиялық бұйымдар, көруді бейімдеуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер, катетерлер, канюля және т.б. өндірісі.
Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі. Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі.
Зертханалық стерилизаторлар өндірісі.
Стоматологиялық құралдар өндірісі.
Медициналық термометрлер өндірісі.
Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі.
Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.
Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, орнатылған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі.
Диализаторлар өндірісі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдер өндірісі

3299

Жеке қорғаныш құралдарының, респираторлар және т.б. өндірісі

29

Білім беру

Тұрғын үйдің басқа түрлерінде көрсетілетін қызметтер

5590

Студенттік және (немесе) мектеп жатақханаларын салу және реконструкциялау

Білім беру

85

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

Компьютерлік сауаттылықты оқыту бойынша көрсетілетін қызметтер, компьютерлік бағдарламалауды оқыту қызметтер

30

Туризм*

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

5510

Орналастыру орындарын (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты қонақ үйлер, мотельдер) салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

5520

Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.)

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

5530

Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар)

Аурухана ұйымдарының қызметі

8610

Санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері

4939

Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару

31

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86

Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау

32

Көлік және қоймалау**

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

52

Көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу

33

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

Тас көмірді байыту ***

05.10.3

Сапасын жақсарту, оны тасымалдау немесе сақтауды жеңілдету үшін тас көмірді жуу, ірілігі бойынша бөлу, ұсақтау, сығымдау және т. б.

Тұз өндіру

0893

Техникалық тұз

34

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

62

Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру, тестілеу және сүйемелдеу. Ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер, коммерциялық ақпараттық жүйелерді жоспарлау және жобалау

35

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

Деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет, веб-порталдардың қызметі

63

Деректерді өңдеу саласында көрсетілетін қызметтер, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және соған байланысты көрсетілетін қызметтер

36

Электрондық өнеркәсіп

Электрондық элементтер мен платалар өндірісі

26.1

Көп қатпарлы баспа платаларының өндірісі

Компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндірісі

26.2

Дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, перифериялық жабдықтар өндірісі

Коммуникациялық жабдықтар өндірісі

26.3

Экономиканың түрлі салаларында заттар интернетінің (IoT) кешенді шешімдерін енгізу үшін телематикалық құрылғылар (M2M-құрылғылар) әзірлеу, телекоммуникациялық жабдықтар өндірісі

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптар өндірісі

26.5

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптар, күзет және өрт сигнализациясы жүйелерінің өндірісі

      *Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      ** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

      *** Үйінділерден алынған тас көмір.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде субсидиялауға жататын экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының тізбесі

Р/с №

ЭҚЖЖ

Қызмет түрлері

1

2

3

1.

10.1

Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі

2.

10.91.0

Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азық өндірісі

3.

10.92.0

Үй жануарларына арналған дайын азық өндірісі

4.

13.91.1

Тоқылған және трикотаж кездемелерді шығару және өңдеу

5.

13.91.2

Жасанды тері өндірісі

6.

13.92.0

Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі

7.

13.93.0

Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі

8.

13.94.1

Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, шпагат және тор өндірісі

9.

13.94.2

Торлар мен жіп бұйымдарының өндірісі

10.

13.95.0

Киімнен басқа, тоқылмаған тоқыма бұйымдарының өндірісі

11.

13.96.0

Өзге де техникалық және өндірістік мақсаттағы тоқыма бұйымдарының өндірісі

12.

13.99.1

Тоқыма галантереясының өндірісі

13.

13.99.2

Киізден басылған бұйымдардың өндірісі

14.

13.99.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа да тоқыма бұйымдарының өндірісі

15.

14.1

Теріден жасалған киімнен басқа киім өндірісі

16.

15.1

Былғары илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, ер-тұрман бұйымдарының өндірісі; теріні илеу және бояу

17.

18.1

Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.

18.2

Жазылған ақпарат жеткізгіштерін дыбыстап шығару

19.

22.2

Пластмасса бұйымдарының өндірісі

20.

31.0

Жиһаз өндірісі

21.

33.11.1

Металл цистерналарын, резервуарлар мен контейнерлерді жөндеу

22.

33.11.2

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын жөндеу

23.

33.11.3

Орталық жылыту қазандықтарынан басқа, бу қазандықтарын жөндеу

24.

33.11.9

Өзге де металл бұйымдарын жөндеу

25.

33.12.1

Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

26.

33.12.2

Жалпы мақсаттағы басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

27.

33.12.3

Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

28.

33.12.4

Станоктарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

29.

33.12.5

Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

30.

33.12.6

Офистік машиналар мен есептеуіш техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

31.

33.13.1

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

32.

33.13.2

Бақылау жабдығын жөндеу

33.

33.13.3

Сәулелендіргіш, электрмедициналық және электртерапиялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

34.

33.13.4

Оптикалық аспаптар мен фотографиялық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

35.

33.14.1

Электр қозғалтқыштар, генераторлар мен трансформаторларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

36.

33.14.2

Электр таратушы және реттеу аппаратураларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

37.

33.14.3

Электр жарықтандыру жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

38.

33.14.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

39.

33.15.1

Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

40.

33.15.2

Спорттық және серуендеу қайықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

41.

33.16.0

Әуе мен ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

42.

33.17.1

Теміржолдардың жылжымалы құрамын жөндеу

43.

33.17.2

Трамвайларды, метро вагондары мен троллейбустарды жөндеу

44.

33.17.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де көлік құралдары мен жабдықтарын жөндеу

45.

33.19.0

Өзге де жабдықтарды жөндеу

46.

33.2

Өнеркәсіптік машиналар мен жабдықты монтаждау, орнату

47.

45.20

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

48.

45.32.1

Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілеріндегі автомобильдерге арналған бөлшектердің, тораптар мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы

49.

45.32.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілеріндегі автомобильдерге арналған бөлшектердің, тораптар мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы

50.

45.40.2

Мотоциклдер, мотороллерлер, олардың бөлшектері мен құрал-саймандарының бөлшек саудасы

51.

45.40.3

Мотоциклдер мен мотороллерлерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

52.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда)

53.

49.10.0

Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі

54.

49.31.1

Автобустармен тасымалдау

55.

49.31.2

Трамвайлармен тасымалдау

56.

49.31.3

Троллейбустармен тасымалдау

57.

49.31.4

Метрополитенмен тасымалдау

58.

49.31.9

Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау

59.

49.32

Такси қызметі

60.

49.39.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

61.

49.4

Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну

62.

49.50

Құбыр көлігінің қызметі

63.

50.10

Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігінің қызметі

64.

50.20

Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі

65.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

66.

51.21

Жүк әуе көлігінің қызметі

67.

52.22

Су көлігінің қосалқы қызметі

68.

52.23.2

Әуежайлар қызметі

69.

52.24

Жүктерді көліктік өңдеу

70.

52.29.1

Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер

71.

52.29.2

Көліктегі техникалық қадағалау

72.

52.29.9

Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер

73.

53.10

Ортақ пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді ұсыну шеңберіндегі пошта қызметі

74.

53.20

Пошта және курьерлік өзге де қызмет

75.

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерді ұсынуы

76.

55.20.0

Демалыс күндерінде және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру

77.

55.30.0

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

78.

55.30.1

Жол бойындағы белдеулерде орналасқандарды қоспағанда, кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызметтерді көрсетуі

79.

55.30.2

Жол бойында белдеулерде орналасқан кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызметтерді көрсетуі

80.

56.10

Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну

81.

56.21

Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу

82.

56.29.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген тамақтануды қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет

83.

56.30.0

Сусындарды ұсыну

84.

58.11.0

Кітап шығару

85.

58.12.0

Анықтамалықтар мен мекенжайлық тізімдерді шығару

86.

58.13.0

Газет шығару

87.

58.14.0

Журналдар мен мерзімдік басылымдарды шығару

88.

58.19.0

Баспа қызметінің өзге де түрлері

89.

58.2

Бағдарламалық қамтылымды шығару

90.

59.11.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызмет

91.

59.12.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды аяқтау жөніндегі қызмет

92.

59.13.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет

93.

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

94.

59.20.0

Дыбыс жазбалары және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет

95.

60.10.0

Радио хабарлар тарату

96.

60.20.0

Телевизиялық бағдарламаларды жасау және тарату қызметі

97.

61.10.9

Өзге де сымдық телекоммуникациялық байланыс

98.

61.20.2

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы желісі арқылы теле-, радио хабарларды таратуды ұйымдастыру

99.

61.30.2

Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін спутниктік телекоммуникация саласындағы қызмет

100.

61.30.3

Байланысты ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет

101.

61.90.1

Интернет желісі арқылы телерадио бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет

102.

61.90.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген телекоммуникация саласындағы өзге де қызмет

103.

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

104.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда және ойын-сауық орталықтарын, сауда объектілерін) жалға беру)

105.

69.10

Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары)

106.

70.22

Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және өзге де басқару мәселелері бойынша консультациялар беру

107.

71.20.1

Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

108.

71.20.9

Техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі

109.

73.11

Жарнама агенттіктерінің қызметі

110.

77.35.1

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау

111.

77.35.2

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарының лизингі

112.

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

113.

82.19.0

Құжаттарды көшіру, дайындау жөніндегі және өзге де мамандандырылған офистік қосалқы қызмет

114.

82.30.0

Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру

115.

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру)

116.

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

117.

85.3

Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

118.

85.42.1

Жоғары білім беру

119.

85.42.2

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

120.

85.51.0

Спорт және демалыс саласындағы білім беру

121.

85.52.0

Мәдениет саласындағы білім беру

122.

85.53.0

Көлік құралдарын жүргізушілерді дайындайтын мектептердің қызметі

123.

85.59.1

Кешкі жалпы білім беретін мектептердің қызметі

124.

85.59.2

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері

125.

85.59.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет

126.

85.60.1

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру саласындағы қосалқы қызмет

127.

85.60.9

Білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет

128.

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жекеменшік ұйымдар)

129.

86.10.3

Санаторий-курорттық ұйымдардың қызметі

130.

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жекеменшік ұйымдар)

131.

86.90

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет

132.

90.01.1

Театр қызметі

133.

90.01.2

Концерт қызметі

134.

90.01.3

Цирктердің қызметі

135.

90.02.0

Мәдени-ойын-сауықтық іс-шараларын өткізуге ықпал ететін қызмет

136.

90.04

Концерттік және театр залдарының қызметі

137.

91.02.0

Музейлер қызметі

138.

93.11.0

Спорттық құрылысжайларын пайдалану

139.

93.12.0

Спорт клубтарының қызметі

140.

93.13

Фитнес клубтардың қызметі

141.

93.19.0

Спорт саласындағы өзге де қызмет

142.

93.21.0

Ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметі

143.

93.29.1

Би залдары, дискотекалар қызметі

144.

93.29.9

Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша өзге де қызмет түрлері

145.

94.91.0

Діни ұйымдардың қызметі

146.

95.11.0

Компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу

147.

95.12.0

Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу

148.

95.21.0

Электрондық тұрмыстық техниканы жөндеу

149.

95.22.0

Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу

150.

95.23.1

Аяқ киімдерді жөндеу

151.

95.23.2

Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу

152.

95.24.0

Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу

153.

95.25.1

Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу

154.

95.25.2

Зергерлік бұйымдарды жөндеу

155.

95.29.1

Трикотаж және тоқыма бұйымдарын жөндеу

156.

95.29.2

Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу

157.

95.29.3

Тері мен былғары бұйымдарын және бас киімдерді жөндеу

158.

95.29.4

Музыкалық аспаптарды жөндеу

159.

95.29.5

Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу

160.

95.29.6

Велосипедтер жөндеу

161.

95.29.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

162.

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

163.

96.02

Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

164.

96.04.0

Физикалық жайлылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет

165.

96.09.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде субсидиялауға жататын экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының тізбесі

Р/с №

ЭҚЖЖ

Қызмет түрлері

1

2

3

1.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда)

2.

49.10.0

Қалааралық қатынастағы жолаушылар теміржол көлігінің қызметі

3.

49.31.1

Автобуспен тасымалдау

4.

49.31.2

Трамваймен тасымалдау

5.

49.31.3

Троллейбуспен тасымалдау

6.

49.31.4

Метрополитенмен тасымалдау

7.

49.31.9

Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау

8.

49.32

Такси қызметі

9.

49.39.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

10.

49.4

Жүк автомобилі көлігінің қызметі және көшіру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну

11.

50.10

Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігінің қызметі

12.

50.20

Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі

13.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

14.

51.21

Жүк әуе көлігінің қызметі

15.

52.22

Су көлігінің қосалқы қызметі

16.

52.23.2

Әуежайлар қызметі

17.

52.24

Жүктерді көліктік өңдеу

18.

52.29.1

Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер

19.

52.29.2

Көліктегі техникалық қадағалау

20.

52.29.9

Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер

21.

55.10

Қонақ үйлердің және осыған ұқсас тұруға арналған орындардың қызметтер ұсынуы

22.

55.20.0

Демалыс күндерінде және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру

23.

55.30.0

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

24.

55.30.1

Жол бойындағы белдеулерде орналасқандарды қоспағанда, кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

25.

55.30.2

Жол бойында белдеулерде орналасқан кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

26.

56.10

Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызмет көрсету

27.

56.21

Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу

28.

56.29

Тамақтануды қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет

29.

56.30.0

Сусындар ұсыну

30.

59.11.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызмет

31.

59.12.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды аяқтау жөніндегі қызмет

32.

59.13.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет

33.

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

34.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда және ойын-сауық орталықтарын, сауда объектілерін) жалға беру)

35.

71.20.1

Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

36.

71.20.9

Техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі

37.

73.11

Жарнама агенттіктерінің қызметі

38.

74.10

Мамандандырылған дизайнерлік қызмет

39.

74.20

Фотография саласындағы қызмет

40.

77.35.1

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау

41.

77.35.2

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарының лизингі

42.

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

43.

79.9

Броньдау жөніндегі өзге де қызметтер және ілеспе қызмет

44.

81.2

Тазалау қызметі

45.

82.19.0

Құжаттарды көшіру, дайындау жөніндегі және өзге де мамандандырылған офистік қосалқы қызмет

46.

82.30.0

Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру

47.

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру)

48.

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

49.

85.30

Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

50.

85.42.1

Жоғары білім беру

51.

85.42.2

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

52.

85.51.0

Спорт және демалыс саласындағы білім беру

53.

85.52.0

Мәдениет саласындағы білім беру

54.

85.53.0

Көлік құралдарын жүргізушілерді дайындайтын мектептердің қызметі

55.

85.59.1

Кешкі жалпы білім беретін мектептердің қызметі

56.

85.59.2

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері

57.

85.59.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет

58.

85.60.1

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру саласындағы қосалқы қызмет

59.

85.60.9

Білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет

60.

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жекеменшік ұйымдар)

61.

86.10.3

Санаторий-курорттық ұйымдардың қызметі

62.

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жекеменшік ұйымдар)

63.

86.90

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет

64.

90.01.1

Театр қызметі

65.

90.01.2

Концерт қызметі

66.

90.01.3

Цирктердің қызметі

67.

90.04

Концерттік және театр залдарының қызметі

68.

91.01.2

Оқу залдарының, лекторийлердің, демонстрациялық залдарының қызметін қоса алғанда, кітапхана қызметі

69.

91.02.0

Музейлер қызметі

70.

93.11.0

Спорт құрылыстарын пайдалану

71.

93.12.0

Спорт клубтарының қызметі

72.

93.13

Фитнес-клубтардың қызметі

73.

93.19.0

Спорт саласындағы өзге де қызмет

74.

93.21.0

Ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметі

75.

93.29.1

Би залдары, дискотекалар қызметі

76.

93.29.9

Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша өзге де қызмет түрлері

77.

95.22.0

Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу

78.

95.23.1

Аяқ киімдерді жөндеу

79.

95.23.2

Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу

80.

95.24.0

Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу

81.

95.25.1

Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу

82.

95.25.2

Зергерлік бұйымдарды жөндеу

83.

95.29.1

Трикотаж және тоқылған бұйымдарды жөндеу

84.

95.29.2

Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу

85.

95.29.3

Тері мен былғары бұйымдарын және бас киімдерді жөндеу

86.

95.29.4

Музыкалық аспаптарды жөндеу

87.

95.29.5

Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу

88.

95.29.6

Велосипедтер жөндеу

89.

95.29.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

90.

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

91.

96.02

Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

92.

96.04.0

Физикалық жайлылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет

93.

96.09.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Қайда: __________________
қаржы агенттігі
Кімнен __________________
(бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________сауалнама-өтініш

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес кредит/қаржылық лизинг шарты/"жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің _____________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Субсидиялау қағидаларының/тетіктің бағыттары (бағытты "v" белгісімен белгілеу керек)


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" екінші бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг

      2. Жоба туралы мәліметтер

Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Бірінші басшы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаның іске асырылатын жер (облыс, қала)


Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Банк/лизингтік компания атауы


Кредит/лизинг сомасы


Кредиттің нақты мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


      3. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға міндеттенемін.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкер жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келіседі, бұл ретте қаржы агенттігі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы өтініш арқылы кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға бере алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Қаржы агенттігі кәсіпкерден немесе банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан алған ақпаратты жарнама науқанын жүргізу кезінде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастыру кезінде пайдаланады.

      6. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне талап-арызы болмайды.

      4. Қосымшалар

      (____________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _______________________________________________ ____________

      Кәсіпкердің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Өтініш

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – тетік):

      (қажетті бағытты белгілеңіз)


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг

      шеңберінде қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/қаржылық лизинг шарты/"жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мынадай шарттарда субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу мақсатында Сізден:

Кредиттің нысаналы мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


      субсидиялау мақұлданған жағдайда, кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналдық сыйақы мөлшерлемесін Субсидиялау қағидаларына/тетікке қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________

      (қолы, күні) мөр орны (бар болса)

      ______________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
9-қосымша
  Нысан


20__ жылғы "__" ______


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "_____________________________"




Көшірме: "_______________________" акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі банкі)/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (лизингтік компания)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының _____________ бағыты шеңберінде қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында 20___ жылғы "___" _________ қарағанын және мақұлдағанын хабарлайды.

      Субсидиялау үшін бюджетте қаражат болмаған жағдайда, Қор Субсидиялау қағидаларының 94-тармағына сәйкес субсидиялау шартына қол қоймайды.

      Өңірлік филиал директоры

      ______________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
10-қосымша
  Нысан


20__ жылғы "__" ______


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "_____________________________"




Көшірме: "_______________________" акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі банкі)/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (лизингтік компания)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының _________ бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры

      __________________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға ____________ бастап _____________ дейінгі аралықтағы кезең үшін субсидиялау туралы есеп

Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы

Кәсіпкер жүгінген орын

Кәсіпкердің атауы

Банктік қарыз шартының (бұдан әрі – БҚШ)/ қаржылық лизинг шартының (бұдан әрі – ҚЛШ) (транш) нөмірі

БҚШ (транш)/ҚЛШ (транш) күні

Кредит (транш)/лизинг (транш)/сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6







Кредит (транш) /лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

10

11






      Ескертпе:

      *Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау жобалары бойынша өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп ұқсас нысан бойынша жеке ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – ұлттық жоба) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.

      2. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның қаржы агенттігімен келісілетін және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аударуға және есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;

      3) жергілікті үйлестіруші – құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;

      4) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше түрлі қаржыландыру алуға болады);

      5) ислам банкі – осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      6) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;

      7) исламдық лизингтік компания – осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысатын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен беретін исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім;

      9) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – қаржы агенттігі кәсіпкерді уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін ішінара субсидиялайтын қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім;

      10) кәсіпкер – өз қызметін осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      11) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      12) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлік (лизинг нысанын) береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады);

      13) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      14) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      15) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      16) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны, ол кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындауға айырбас ретінде қаржыландырулар бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      17) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      18) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады;

      19) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар.

      3. Субсидиялау кәсіпкерлер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігі/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      5. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына республикалық бюджет қаражаты есебінен аударады.

      6. Өңірлік үйлестіруші ұлттық жоба шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттен және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және ұлттық жоба шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты ұлттық жоба шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдалануға болады.

      8. Мыналар:

      1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған қаржыландыру;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша;

      5) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған қаржыландыру осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      9. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда);

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер;

      5) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде қатысушы бола алмайды.

2-тарау. Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

1-параграф. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      10. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде бір кәсіпкер үшін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      Қаржыландыру ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      11. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға міндетті түрде ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Кәсіпкер қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға кірістерің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өскенін немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің ұлғайғанын да растайды.

      Кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

      12. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға бұдан бұрын берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруға жатады.

      13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар бұрын берген және осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      14. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде, бірақ қаржыландыру сомасының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатының, немесе мөлшері 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын қаржыландырудың 30 %-ынан асырмай жүзеге асырылса, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      15. 100 % айналым қаражатын толықтыруға жұмсалған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін кепілдік беру құралын қолдану арқылы қаржыландырған кезде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға (кредиттерге, қаржыландыру шарттарына немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруымен байланысы жоқ басқа да мақсаттарды қоспағанда) рұқсат етіледі.

      16. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландырудың/исламдық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыруға қаржыландыру ұсынылса, оның сомасы 3 (үш) млрд теңгеден аспауы керек.

      Мынадай екі шартқа да сәйкес келетін екі және одан да көп жобалар бір бизнес-жоба болып есептеледі:

      жоба бір объект ретінде іске асырылады (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан тығыз байланысты бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады);

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қаржыландыру/ислам лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 млрд теңгеден аспайды.

      Бұл ретте 4,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы") бұрын мақұлданған шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Инвестицияларға бағытталған қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      18. Қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын жалдау төлемінің бір бөлігін төлеу және мерзімін шегеру кезінде өкім және/немесе өзге де құжат және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде қаржыландыру бойынша берілген мерзімін ұзарту үшін қаржыландыру мерзімін ұлғайту осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерім ұсынылған мерзімге ұзартылады.

      19. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың номиналды үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      20. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарттарының) өзгеруіне байланысты;

      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) алынатындарды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      21. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер қаржы агенттігінен қол қойылған шарт алынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуі тиіс.

      22. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 21-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      23. "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады.

2-параграф. Субсидиялар беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы

      24. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға:

      1) жаңа қаржыландыру бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына сәйкес келетін шарттарда қаржыландыру беруге (ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтініш бойынша;

      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алу ниеті туралы ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың номиналды үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.

      25. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаның қаржылық экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және қаржыландыру беру немесе қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда 3(үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жобаны қаржыландыруға әзір екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, қаржы агенттігін хабардар етеді.

      26. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (кәсіпкердің қолымен расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:

      "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайту, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

      3) өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей, салық органынан берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      4) тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына қозғалысын растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (бар болса);

      5) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруды ұсыну немесе кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

      27. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға/кәсіпкерге пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      28. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      29. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін жобаларды бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      30. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемесі ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлер жобалары бойынша) көрсетіледі.

      31. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға және кәсіпкерге осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ілеспе хатпен (бұдан әрі – тиісті хат) хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      32. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) айды құрайды.

3-параграф. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкердің электрондық өтінімді беру тәртібі

      33. Кәсіпкер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді береді, оған мына құжаттардың электрондық топтамасы қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық/экономикалық қорытындысы (осы құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін анықтайтын басқа құжаттар);

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың қозғалысын растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (бар болса);

      3) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруды ұсыну немесе тауардың үстеме бағасын/кәсіпкердің жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      34. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламасы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, субъектінің кірістері, төленген салықтар туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы анықталады.

      35. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      36. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимыл:

      1) тіркелген өтінімді осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы жүзеге асырылады.

      37. Қаржы агенттігі жобаны өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      38. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.

      39. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім құжаттардың толық топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      40. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтініштерін қарау тәртібі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 2-тарауында регламенттелген.

      41. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап қолданылу мерзімі 3 (үш) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      42. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді.

4-параграф. Субсидиялау тетігі

      43. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартының өтеу графигіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      44. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ағымдағы қаржыландыру бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің қаржыландыру шартында/исламдық лизинг шартында көзделген өзіндік құнының сомасын/жалдау төлемінің сомасын және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын жалдау төлемін уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/ағымдағы қаржыландырулар бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарты) өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) алынатындарды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.

      45. Субсидиялау шартын:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен хаттаманы/шешімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      46. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      47. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания субсидиялау шартын осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 45-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы жасамаса, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін кідіріс себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      48. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және (немесе) субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне және осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      49. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      50. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органына шығарады.

      51. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін, алайда субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай, бірақ ерте дегенде қаржы агенттігінің шешімі шыққан күнінен белгіленуі мүмкін (бұл норма ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге қолданылмайды. Осы тармақтың күші осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады).

      52. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания дербес айқындайды. Егер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      53. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден түскен қаражат болған кезде төленеді.

      54. Ислам банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда исламдық лизингтік компаниялар жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін шот ашады.

      55. Өңірлік үйлестіруші қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне соманың 50%-ы мөлшерінде қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Ұлттық жобаны/тетікті іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілік бойынша жүзеге асырылады.

      56. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) ислам банкінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны электрондық пошта бойынша қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ислам банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған жағдайда кәсіпкердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы ислам банкінің/банк-төлем агентінің хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      Ислам банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер графигін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      57. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания шоттағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарын есептен шығара алмайды.

      58. Кәсіпкер қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шарты бойынша өтеу графигіне сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидияланбайтын бөлігінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төлеуді жүргізеді.

      59. Қаржыландыру бойынша кәсіпкердің төлемді толық төлеу (өзіндік құн сомалары/жалдау төлемінің сомалары және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын субсидияланбайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін) фактісі бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне жатқызуға қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      60. Қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді кәсіпкер нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомасы есептен шығарылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      61. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында лизингтік (жалдау) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      62. Қаржы агенттігі тауарларға үстеме бағаны субсидиялау бойынша ай сайын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      63. Кәсіпкердің қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шарттарының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі ислам банкі/исламдық лизингтік компания ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе өзіндік құны сомасын/жалдау төлемінің сомасын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берген/мерзімін кейінге қалдырған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Бұл ретте жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      64. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарын (исламдық қаржыландыру кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу күні, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгертсе, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса, қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігі уәкілетті органының шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хаттаманың үзінді көшірмесін жібереді.

      65. Қолданыстағы қаржыландыру шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      66. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтата тұру бойынша ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау мәселесі қайтадан қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      67. Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылы өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

5-параграф. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау

      68. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

      69. Қаржы агенттігі ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның хабарламалары және/немесе мониторингтеу нәтижелерінің негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына және/немесе өңірлік үйлестіру кеңесінің/қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер графигіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу графигіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын талап ету;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу, сондай-ақ бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамау ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша) фактілерді анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады.

      70. Қаржы агенттігі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 69-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте қаржыландыруды мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына пропорционалды түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдалануды растайтын қаржыландырудың қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдалану мөлшеріне пропорционалды төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер графигіне сәйкес жалғастырылады.

      71. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарағанға дейін жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      72. Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін ресімдейді және тиісті хатпен ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хабарлама жібереді.

      73. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді. Субсидиялау осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 69-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайда, субсидиялау қайта басталған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      74. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 66-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі бар қаржыландыру қайта бастауға жатпайды.

      75. Мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы қаржыландыру шарты/исламдық лизингтік шарт бойынша қаржыландыруды толық өтеген (кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыруды толық өтеген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      76. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау ақысының бір бөлігін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) қолданыстағы қаржыландыру шарты бойынша белгілей алады.

      77. Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания төлемдерді өтеу графигін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімде қоса бере отырып, қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеу графигі өзгертілген және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын қаржы агенттігіне жолдайды.

      78. Кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкерді қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасы/жалдау төлемінің сомасы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания салыстырып қарау актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомалары мен күндерін көрсетеді.

      79. Нысаналы мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау фактісін растайтын құжаттармен қоса, құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      80. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатқа сай пайдалануын мониторингтеу;

      2) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын (исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингтеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу жатады.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      81. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен, оның ішінде "БЖК-2020" бағдарламасы шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру жүзеге асырылады.

      82. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау үшін көзделген және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) бойынша аударылған қаражат жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      83. Ислам банктері "БЖК-2025" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және ислам банктерінің кірісін құрайтын жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған субсидиялау шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      84. 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шартын жасау өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

      85. Бұрын "БЖК-2020" бағдарламасы және "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.

      Ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      86. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда әрекет етеді.

      Ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      87. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.

      Ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      кімнен _______________

Өтініш

      Мына:

      (бағытты белгілеу қажет)

      "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) қатысу және _______ жылғы ________ № ______ ________________ шарттың негізінде берілген қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттармен мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Қаржыландыру сомасы


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/ жалдау төлемінің бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі


      Субсидиялау мақұлданған жағдайда қаржыландыру бойынша номиналдық (ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін) Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      __________ _________ _______________________________________

      (қолы) күні, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Кімге: _____________________
  қаржы агенттігі
  Кімнен: _____________________
  (бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден төмендегіге сәйкес Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары аясында қаржыландыру бойынша ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарлардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің ________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастама жасауды сұраймын:

      1. Бағыт (бағытты белгілеу керек)


"Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты

      2. Жоба бойынша ақпарат

Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жобаның іске асыру орны (облыс, қала)


Сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Банктің/лизингтік компанияның атауы


Қаржыландыру сомасы


Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


      3. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді. Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2. Қаржы агенттігінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруді қамтамасыз етпейді.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкер кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келіседі, бұл ретте қаржы агенттігі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауы мүмкін.

      Кәсіпкер осы арқылы қаржы агенттігіне төмендегілерге келісім береді:

      1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға бере алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады. Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Кәсіпкер субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне наразылықтары болмайды.

      ______________________________________________________________

      4. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________ __________________

      (қолы) күні

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

20___жылғы "___" ____________



Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "______________________________"




Көшірме: акционерлік қоғам (екінші деңгейдегі банк)/жауапкершілігі шектеулі серіктестік (лизингтік компания) "_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының _________ бағыты шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысында қарағанын және " ___" _________ 20__жылғы мақұлдағанын хабарлайды.

      Өңірлік филиал директоры

      ______________________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

20___жылғы "___" ____________



Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "______________________________"




Көшірме: акционерлік қоғам (екінші деңгейдегі банк)/жауапкершілігі шектеулі серіктестік (лизингтік компания) "_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының _________ бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры

      __________________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға ______________бастап ______________ аралығындағы кезеңде субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компания ның атауы

Кәсіпкерлік субъектісі жүгінген орын

Кәсіпкерлік субъектісінің атауы

Қаржыландыру шартының (транш) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транш) күні

Қаржыландыру (транш) сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6







Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалдау ақысының бөлігін/кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарларға қосылған бағаның мөлшерлемесі (транш)

Субсидия лау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

11






  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

      2) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      3) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясында қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

      4) АХҚО қор биржасының "жасыл" облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық стандартына және қолайлы жобаларды айқындау және іріктеу, тартылған қаражатты мақсатты пайдалану және басқару, сыртқы бағалау, есептілік және ақпаратты ашу бөлігінде басқа да танылған стандарттарға сәйкес АХҚО қор биржасында "жасыл" облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін нормативтік құжат;

      5) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      6) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      7) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      8) банк-төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      9) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      10) "жасыл" облигация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген, тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      11) "жасыл" облигациялардың қағидаттары – капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық ерікті стандарты және (немесе) (Climate Bond Initiative) климаттық бондтар бастамасының климаттық бондтар стандарты;

      12) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      13) жоба – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-шаралар мен іс-қимылдар жиынтығы;

      14) кәсіпкер – өз қызметін осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар түрінде қаржы құралдарын шығаратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      15) купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар ұстаушыға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын эмитенттерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      16) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызбен көрсетілген мөлшері;

      17) купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығарған және олар бойынша қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар;

      18) қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен толық немесе ішінара, үшінші тұлғалар кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

      19) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      20) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      21) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) – жіберілетін құжаттаманы рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғай алатын арнайы байланыс арнасы;

      22) қаржылық консультант – эмитентке жасалған шартқа сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым;

      23) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын, сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      24) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасы мен АХҚО қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына қосу, оларды қосу және онда болуы үшін оларда қор биржасының және (немесе) АХҚО қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;

      25) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      26) облигациялар шығарылымының проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналыста болу, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      27) облигацияларды орналастыру – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату;

      28) облигацияларды өтеу – орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды эмитенттi облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сыйақысы мен номиналды құнын төлеу жолымен (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      29) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналыста болуы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы;

      30) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын арнаулы коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      31) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығы – орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      32) өңірлік үйлестірушісі – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      33) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі мен эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;

      34) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияны орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуі тиіс, облигациялар шығарылымының проспектісінде белгілеген пайызбен берілген сыйақы мөлшерлемесі;

      35) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) – "жасыл" жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндердің сақталуы бөлігінде "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, "жасыл" облигациялардың Капитал нарықтары халықаралық қауымдастығының "жасыл" облигациялар қағидаттарының және басқа да танылған стандарттардың негізгі элементтеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;

      36) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      37) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      38) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ISIN) – бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға орталық депозитарий беретiн әрiптiк-цифрлық код;

      39) эмитент – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды шығаратын кәсіпкер.

      3. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне және (немесе) АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

      4. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар және (немесе) "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы түрінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қаржы агенттiгiнiң көрсетілетін қызметтерiне ақыны республикалық бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган төлейдi.

      6. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына ұлттық жоба шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен аударады.

      Өңірлік үйлестірушісі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджеттен және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының субсидиялауға бөлінген және ұлттық жоба шеңберінде пайдаланылмаған қаражат ұлттық жоба шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі

1-параграф. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыру үшін облигациялар шығару мен орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушысы бола алады.

      9. "Жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес "жасыл" облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер де осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушылары бола алады.

      10. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын эмитенттер;

      3) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаларды іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, қаржы агенттігінің уәкілетті органы өтінімді қарау сәтінде ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер, олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар;

      5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша эмитент жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушы бола алмайды.

2-параграф. Субсидиялау шарттары

      11. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын эмитент облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құны бір эмитент үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.

      12. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін және облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды сатып алу;

      2) айналым қаражатын толықтыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге, бірақ облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құнының 30 %-ынан аспайтын облигациялар шығару шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыру болып табылатыны көрсетілген облигацияларды қоспағанда, осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шеңберінде субсидияланатын жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасы және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне қосылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      Эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін айналым қаражатын толықтыруға бір кәсіпкерге 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін субсидиялауға жол беріледі.

      Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге бағытталған жобалар деп эмитенттердің салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға міндетті түрде ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Эмитент сондай-ақ кірістің (өткізуден түсетін кірістің: негізгі қызметтен түскен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өскенін немесе төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға ұлғайғанын растайды.

      13. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, шығарылым проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және/немесе қолданыстағы "жасыл" жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылатыны көрсетілген "жасыл" облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      14. "Жасыл" облигацияларды іске асыруға берілетін купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін іске асырылатын шекті маңызы бар жобаларға ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейді (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      15. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі, оның ішінде "жасыл" облигациялар бойынша 7 (жеті) пайыздық тармақты құрайды.

      16. Орналастырылған облигациялар (эмитент сатып алғандарын шегергенде) бойынша есептелген сыйақы мөлшерлемесі ғана субсидиялауға жатады.

      17. Субсидиялау эмитенттің мүлкімен ішінара немесе толық немесе үшінші тұлғалардың кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      18. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды шығару проспектісіне бүкіл субсидиялау мерзімі ішінде бағалы қағаздар рыногы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      19. Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды, бірақ облигациялар айналымы мерзімінен аспайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі субсидиялау кезінен бастап 2 (екі) жылдан, бірақ облигация айналымы мерзімінен аспайтын жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қою кезінен бастап белгіленеді.

      Купондық сыйақыны төлеу бойынша мерзімі шегерілген кезде өкім және/немесе өзге де құжат және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерілген мерзімге ұзартылады.

      "Жасыл" облигацияларға қатысты субсидиялау мерзімі – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі "жасыл" жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      20. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды облигацияларды шығару проспектісінде сыйақыны төлеу кезеңділігі жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және бір айда 30 (отыз) күнге есептегенде жылына екі реттен аспайды деп белгіленген облигациялар бойынша ғана жүзеге асыруға болады.

      21. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялармен жасалған мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның және/немесе қолданыстағы АХҚО құқығымен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және АХҚО қор биржасының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.

      22. Эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды ұстаушылардың өкілін таңдауды бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және/немесе брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары қатарынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың өкiлi эмитенттің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.

3-параграф. Қатысушылардың өзара іс-қимылы

      23. Кәсіпкер немесе қаржылық консультант субсидиялауды алу үшін қаржы агенттігіне үлгілік субсидиялау шартын жібереді, оған мынадай құжаттар топтамасын (басшының мөрімен (бар болса) және қолымен расталған көшірмелер) қоса береді:

      1) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эмитенттің өтініш-сауалнамасы;

      2) облигациялар бойынша қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;

      3) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өтінім туралы ақпарат (эмитенттің қолы қойылған);

      4) облигация шығарылымы проспектісінің жобасы;

      5) эмитент уәкілетті органының облигациялар шығару туралы шешімі;

      6) эмитентті мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (анықтама);

      7) егер эмитенттің негізгі қызметі лицензиялануы тиіс болса, лицензиялар;

      8) барлық өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен жарғы/ құрылтай шарты (акционерлік қоғам акцияларды шығару проспектісін және бағалы қағаз ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады);

      9) жүгінген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы салық органының анықтамасы;

      10) соңғы 3 (үш) қаржы жылы бойынша салық декларацияларының көшірмелері (егер кәсіпкердің жұмыс істеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем болса, соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі);

      11) қаржылық консультанттың эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы қорытындысы;

      12) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) қорытынды.

      24. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 23-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда бес күн мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін оларды эмитентке қайтарады);

      2) облигациялар шығару проспектісі жобасының нысаналы мақсатын осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын толық құжаттар топтамасымен қоса қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      25. Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны, сондай-ақ эмитенттердің жобаларын қарауға арналған тиісті нысандар қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады.

      26. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда қарайды.

      27. Қаржы агенттігі өзінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және хаттамадан үзінді көшірмені ілеспе хатпен эмитентке/қаржы консультантына, қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді.

      28. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      29. Қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін кәсіпкер эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың листингтік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін құжаттарды қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, қор биржасында/АХҚО қор биржасында листинг рәсімін өтеді, қор биржасының/АХҚО қор биржасының ішкі қағидаларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес облигацияларды орналастыруды жүзеге асырады.

      30. Субсидиялау шарты эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган/АХҚО қор биржасы тіркеген облигациялар шығарылымының проспектісін;

      2) қор биржасының/АХҚО қор биржасының эмитент облигацияларын қор биржасының/АХҚО қор биржасының ресми тізіміне (листинг) енгізу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарий арасында төлем агентінің қызметтерін көрсету шартының жасалғаны туралы хабарламаны;

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

      31. Эмитент осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 30-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі мен эмитент арасында субсидиялау шарты жасалады.

      Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      Субсидиялау шарты тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Эмитент субсидиялау шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийге/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына/АХҚО қор биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын субсидиялау шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

4-параграф. Субсидиялау тетігі

      32. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды орналастырған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялардың жалпы саны туралы ақпаратты орналастырады.

      33. Эмитент орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес 6 (алты) айда бір рет не 12 (он екі) айда бір рет сыйақыны төлеу тізілімін бекіту күні орталық депозитарийдегі/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіндегі шотқа сыйақының толық сомасын аударады.

      34. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі төлем агентінің қызметтерін көрсету шартында белгіленген мерзім ішінде облигация ұстаушылардың банк шоттарына ақша аударуды жүзеге асырады.

      35. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитент төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін және негізгі қарызды (графикте болса) облигация ұстаушылардың шоттарына аударғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, облигация ұстаушылардың өкіліне және қаржы агенттігіне (ҚААТЖ жүйесі арқылы):

      1) ISINе облигациялары;

      2) тізілімді тіркеген күнгі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың шоттарындағы облигациялардың саны;

      3) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі облигация ұстаушылардың шоттарына аударған сыйақының жалпы сомасы;

      4) орналастырылмаған облигациялардың саны/сомасы;

      5) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитенттен алған сома туралы мәліметтер қамтылған субсидиялау туралы есепті жібереді.

      36. Қаржы агенттігі орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің хабарламасы, ақпараты және анықтамасы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражаты болған жағдайда облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін банктегі эмитенттің есеп айырысу шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.

5-параграф. Субсидиялау шартын тоқтата тұру/қайта бастау/тоқтату тәртібі

      37. Эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      38. Қаржы агенттігі мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу міндеттемесін орындамауы;

      4) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда, шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін) және/немесе эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      5) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін эмитенттің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      6) эмитент "жасыл" облигациялар бойынша көзделіп отырған "жасыл" облигациялар бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттары мыналарды:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігін (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздеген фактілері белгіленген жағдайларда эмитент ұсынатын сыртқы бағалау провайдері қорытындысының негізінде жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткеннен кейін осы шекті өлшемшарттарға қол жеткізбесе, эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      39. Субсидияларды тоқтата тұру кезеңінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылған жағдайда орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес облигация ұстаушыларға эмитент есебінен осы сыйақыны төлеу толық жүзеге асырылады.

      40. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 38-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигация ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийін және эмитентті хабардар етеді.

      Эмитент облигациялар бойынша купонды төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті жабу үшін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі мерзім беріледі.

      41. Қаржы агенттігі тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем жүргізеді.

      Субсидиялауды тоқтата тұру кезеңінде эмитентке төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      42. Эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хаттармен субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себептерін көрсете отырып, эмитентке, облигация ұстаушылардың өкіліне және орталық депозитарийге, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

      Тоқтатылған жобалар қайта бастауға жатпайды.

      43. Субсидиялар төлеу:

      1) эмитент облигацияларды толықтай өтеген жағдайда (егер субсидиялау мерзімі облигацияларды орналастыру мерзіміне тең болса, эмитент облигацияларды толықтай өтеген күн субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі);

      2) облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеу сот шешімі бойынша жарамсыз деп танылған;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигация шығарылымы жойылған;

      4) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша субсидиялау шарты бұзылған;

      6) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      44. Эмитент облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

      45. Эмитенттің мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған облигациялары бойынша облигациялар ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және/немесе жобаның сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда және қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде эмитент қаржы агенттігі төлеген сыйақы сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      46. Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі, қор биржасы және/немесе АХҚО қор биржасы және облигация ұстаушылар өкілі жүзеге асырады. Қаржы агенттігі мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      47. Қаржы агенттігі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитент, облигация ұстаушылардың өкілі ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан эмитенттің облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалануын мониторингтеуді;

      2) орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректердің негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеуді;

      3) жобаның және/немесе эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді;

      4) қамтамасыз етудің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.

      48. Облигация ұстаушылар өкілі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды;

      2) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған ақшаларды мақсатқа сай пайдалануын бақылауды;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жай-күйін бақылауды;

      4) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасасуды;

      5) субсидиялау шартына/субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды, субсидиялау үшін құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне жіберуді қолдап отыруды;

      6) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісі белгілеген, эмитенттің міндеттемелерді орындамау мәселелері бойынша меншігінде эмитенттің орналастырылған облигацияларының елу және одан көп пайызы бар (сатып алынғандарын есепке алмағанда) облигациялар ұстаушылардың атынан сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қабылдауды;

      7) тоқсанына кемінде бір рет облигацияларды ұстаушыларды және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды/АХҚО-ның қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда аталған тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

      49. Мониторингті жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен және/немесе облигация ұстаушылардың өкілінен мониторингтеу нысанасына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      "Жасыл" облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі провайдерлердің тәуелсіз бағалауы негізінде, егер шекті өлшемшарттарда мыналар:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделген жағдайларда, эмитенттің көзделіп отырған "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң эмитент қаржы агенттігіне ұсынылатын көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалауды не энергия аудиттерін жүргізеді. Жоба бойынша эмитент мәлімдеген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.

      "Жасыл" таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      50. Мониторингті жүзеге асыру үшін эмитент облигация ұстаушылардың өкіліне жоба іске асырылып жатқан жерге бару құқығымен мониторингтеу нысанасына жататын, оның ішінде салықтық және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты ұсынады және қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді.

      51. Облигация ұстаушылардың өкілі өз әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органның актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес хабардар етеді.

      52. Мониторингтеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі мен облигация ұстаушылардың өкілі әрқайсысы өз функциялары бөлігінде дербес белгілейді.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      53. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) бойынша қаржы агенттігі жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      54. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда әрекет етеді.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалдауды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
Қайда_______________________
  "Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" акционерлік қоғамының
өңірлік филиалы (бұдан әрі –
"Даму" қоры)
  Кімнен_____________________
  (бұдан әрі – эмитент (кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден төмендегіге сәйкес "Даму" қорының кредит комитетінің қарауына кредит бойынша/Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қор биржасының ресми тізіміне қосылған, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне қосылған "жасыл" облигация бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені шығаруға бастама жасауды сұраймын:

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

Эмитенттің (кәсіпкердің) атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      2. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      3. Байланыс жасайтын адам

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны)


      4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5 және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

%

Деректемелері



















      5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

__________________________ оның ішінде әйелдер __________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


"Жасыл" облигацияға қатысты:
"жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      6. Кепілдіктер мен келісімдер

      Эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. "Даму" қорына осы өтінішпен бірге не "Даму" қорының сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда ________________ дереу хабардар етуге ("Даму" қорының тиісті өңірлік филиалының атауы) міндеттенемін.

      2. "Даму" қорының бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. "Даму" қоры көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайлылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Эмитентке (кәсіпкерге) жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Эмитент (кәсіпкер) эмитенттің (кәсіпкердің) жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келіседі, бұл ретте "Даму" қоры кері қайтару себептерін хабарламауы мүмкін.

      Осы арқылы эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына төмендегілерге келісім береді:

      1. "Даму" қоры осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға ұсына алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ "Даму" қоры талап еткен барлық құжаттар тек ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. "Даму" қоры эмитент (кәсіпкер) өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, "Даму" қорында сақталады.

      4. "Даму" қорының осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ эмитенттің (кәсіпкердің) ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.) "Даму" қорының субсидиялауды беру немесе эмитент (кәсіпкер) шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен "Даму" қорына наразылықтары болмайды.

      6. Қосымшалар:

      (________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _______________________________________________________________

      ____________________________________ ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

Өтінім туралы ақпарат

Р/с №

Талаптар

Жоба

Ұлттық жоба шарттарына сәйкестік

1

2

3

4

1.

Эмитент атауы



2.

Эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)



3.

Эмитенттің тіркелген күні



4.

Кәсіпкерлік субъектісі



5.

Жоба іске асырылатын жер



6.

ЭҚЖЖ саласы (5 мәндік)



7.

Жобаның атауы

1-мысал: инвестициялар (такси қызметі үшін саны 10 дана автокөлік алу)
2-мысал: Айналым қаражатын толықтыру (ет өнімдерін өндіру үшін шикізат сатып алу)
3-мысал: Инвестициялар (тігін цехының қызметі үшін тұрғын емес үй-жайды күрделі жөндеу/реконструкциялау) және т.б.
4-мысал аралас жобалар:
жер учаскесі бар өндірістік базаны сатып алу және бетон қоспаларын өндіру қызметі аясында айналым қаражатын толықтыру


8.

Жобаның мақсаты
"Жасыл" облигацияға қатысты: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары



9.

Жобаның құны



10.

Эмитенттің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау сомасы



11.

Эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды құны 3 млрд теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды) "Жасыл" облигацияға қатысты: эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды сомасы 3 млрд теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды)

Мысалы: асады/аспайды


12.

Субсидиялау мерзімі



13.

Пайыздық мөлшерлеме



14.

Мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігі



15.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызметін жүзеге асырады

Иә/жоқ


16.

Кредиттің нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар/өнім шығаруды көздемеуге тиіс

Иә/жоқ


17.

Жобаны ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген минералды шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде іске асырады

Иә/жоқ


18.

Құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) — мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (ӘКК және МЖӘ қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылады

Иә/жоқ


19.

Ескертпе:

Мысалы:


      Жобаның ерекше шарттары: жоба бекітілгеннен кейін нақты мерзімге дейін орындалуы тиіс ерекше шарттар. Мысалы:

      Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын облигация шығару проспектісіне субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      ________________ эмитенттің қолы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингісі бойынша міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба)/"Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу мен қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингі бойынша жүзеге асырылады.

      3. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк – осы Кепілдік беру қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;

      2) банктік кредит/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – кредит/қаржылық лизинг шарты/қаржылық лизинг) – банк/лизингтік компания кәсіпкерге кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдаланылу шарттарында беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.

      Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – қаржыландыру шартына сәйкес ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу деп түсініледі;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

      4) жергілікті үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын, құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;

      5) жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше кредиттер/қаржылық лизинг шарттары алынуы мүмкін);

      6) жобаның экономикалық орындылығы мен тиімділігі – қаржы агенттігінің бағалауы бойынша кәсіпкердің жоспарланған кредитті/қаржылық лизингті өтеуіне мүмкіндік беретін табысты және рентабельді жоба;

      7) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу, кеңейту, жаңғырту, оның ішінде жабдықтарды, негізгі құралдарды, өндірісті сатып алу және/немесе қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасау;

      8) кәсіпкер – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      9) кепілдік – кәсіпкердің кепілдік беру сомасы шегінде кепілдік беру шартынан туындайтын, кредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің банк/лизингтік компания алдындағы жауап беру міндеттемесі;

      10) кепілдік шарты – қаржы агенттігі, банк пен кәсіпкер арасында жасалған, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім.

      Кепілдік шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;

      11) кепілдік беру – кепілдік шартынан туындайтын, кәсіпкердің кепілдік сомасы шегінде кредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қаржы агенттігінің банк/лизингтік компания алдында жауап беру міндеттемесі;

      12) кредит шарты – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін, кәсіпкер мен банк арасында жасалатын жазбаша келісім. Қайта қаржыландырылатын қарыз болған жағдайда кредиттік желі ашу туралы келісім/қосымша келісім де кредит шартына жатады.

      Ислам банкі үшін кредит шарты қаржыландыру шарты – шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге-сатып алушыға немесе тауар сатушыға коммерциялық кредит беретін, ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім деп түсініледі. Шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасатын бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады. Коммерциялық кредит деп тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауарды сату жолымен сауда делдалы ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы түсініледі;

      13) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін, лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      16) лизингтік компания – осы Кепілдік беру қағидалары/тетік шеңберінде қызметін жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      17) лизингтік мәміле (лизинг)/қаржылық лизинг – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

      18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеменшік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      19) мүліктік кешен – мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, мүкәммалды, шикізатты, өнімді, жер учаскесіне арналған құқықты, талап ету құқығын, қарыздарды, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге (фирмалық атауы, тауар белгілері) құқықты және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, оның қызметіне арналған барлық мүлік түрлері кіреді;

      20) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредит шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген жағдайларда не тараптардың келісімі бойынша банк/лизингтік компания біржақты тәртіппен өзгерте алатын, жасасу сәтінде кредит шартында/қаржылық лизинг шартында белгіленген кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

      Ислам банкі үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп тауардың үстеме бағасы – тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін ислам банкінің коммерциялық кредит берумен байланысты кірісі түсініледі;

      21) өңірлік үйлестіруші – облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      22) портфельдік кепілдік беру – қаржы агенттігі банк үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;

      23) тауар – коммерциялық кредит шарттарында одан әрі кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын, оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен ислам банктеріне сатып алу-сату мәмілелерін жасауға рұқсат етілген жылжитын немесе жылжымайтын мүлік;

      24) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      25) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      26) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторлары;

      27) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға берілетін өтініш;

      28) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) толық көрсететін құжаттар.

      4. Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредит ресурстарын кеңейту мен оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      5. Кепілдік беру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      6. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына ұлттық жоба және тетік бойынша республикалық бюджет және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен аударады.

      Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде ұлттық жоба бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Жобаларға кепілдік беру кезінде ұлттық жоба және тетік шеңберінде кепілдіктер сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражат қаржы агенттігі шығарған кепілдіктер үшін төлемақы болып табылады.

      Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру осы Кепілдік беру қағидаларында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік беруге бөлінген және ұлттық жоба және/немесе тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражат тетік және/немесе ұлттық жоба шеңберінде жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

      8. Қаржылық қолдау шаралары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ресурстық әлеуеті және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлесіп қатысуымен кәсіпорындар құру қажеттілігі бар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне – Қазақстан Республикасының резиденттеріне ұсынылады.

      9. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және банктердің/лизингтік компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен олардың қаржыландыруға қолжетімділігін ұлғайту мақсатында қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

      10. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Кепілдік беру қағидаларының ережелерін ескеретін болады.

      11. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне осы Кепілдік беру қағидаларының барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

2-тарау. Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру тәртібі

1-параграф. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша кепілдіктер беру шарттары

      12. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері кепілдік беруге қатысушылар бола алады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобалар деп кәсіпкерлердің қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Кәсіпкер кірістің ұлғаюын (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны, немесе төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға ұлғаюын да растайды.

      100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға және/немесе жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      Бұл ретте, осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлердің кепілдік беруге қатысуына жол жіберіледі.

      13. Мыналар:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      2) мемлекеттік даму институттары берген;

      3) сыйақы мөлшерлемесі осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде арзандатылған кредиттерді/қаржылық лизингті қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

      6) кредит/қаржылық лизинг алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің;

      7) ломбардтардың, микроқаржылық, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг кепілдік беруге жатпайды.

      14. Осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамнан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

      4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар қатысушылар бола алмайды.

      15. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, жобаларын моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер ломбардтардың, микроқаржылық, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша салалық шектеулерсіз мемлекеттік қолдау ала алады. Жобалар бойынша кредит/лизинг сомасы 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды. Бұл ретте, республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға бір кәсіпкер үшін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға кепілдік беруге жол беріледі.

      16. Банктер/лизингтік компаниялар:

      1) кәсіпкерлер бастама жасаған кредит беру шарттарын өзгертуге байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      17. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға, франчайзингке, оның ішінде осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша ұсынылады. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады. Кепілдіктер мөлшері кәсіпкерлік түріне және жоба шеңберіндегі кредит/қаржылық лизинг сомасына байланысты болады. Кепілдік беру ұсынылатын кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

      18. Кепілдік кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде салалық шектеулерсіз жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша да беріледі (осы тармақтың күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

      19. Қаржы агенттігінің шешімімен кредит(-тер)/қаржылық лизинг бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандыруға жатуы мүмкін.

      20. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланысты заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктер беруін талап ете алады.

      21. Қаржы агенттігі кепілдіктердің ең жоғары сомасын белгілей отырып, қаржы агенттігі мен банк арасында екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып, осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес портфельдік кепілдік беру әдісін қолдана алады.

      Банктер жобаны іріктегеннен кейін қол қою үшін қаржы агенттігіне кепілдік шартын ұсынады. Мәлімделген жоба осы Кепілдік беру қағидаларының және жасалған негіздемелік келісімнің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік шартына қол қоюдан бас тарта алады.

      22. Кепілдік беру банк/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      23. Ішінара кепілдік беру:

      1) кредит негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірісті кеңейтуге бағытталған;

      2) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда);

      3) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша жылдық 8 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (бұл ретте берілетін кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды) жағдайларда айналым қаражатын 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын кредит сомасына толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      24. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит(-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

      4) кредит валютасы – теңге.

      25. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден астам мөлшердегі кредиттеріне кепілдік беру осы Кепілдік беру қағидаларының 26-тармағында айтылған шарттарда жүзеге асырылады.

      26. Кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 1 (бір) қарыз алушыға 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит(-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, кәсіпкер бұл ретте кепілдік құны кредит сомасының 50 %-ынан кем болмайтын мөлшерде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит/қаржылық лизинг шарты мерзімінен аспайды;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

      27. Кәсіпкер сомасы қоса алғанда 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

      28. Кепілдік шарты жасалатын кредит/қаржылық лизинг дербес кредит шарты/қаржылық лизинг шарты түрінде ресімделеді.

      29. Облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдіктің құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома кейіннен жобаларға кепілдік беру үшін пайдаланылады.

      Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке (100 %/20 %) тең мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.

      Қаржы агенттігі ұлттық жобаны және/немесе тетікті іске асыру шеңберінде кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде ұлттық жобаны және/немесе тетікті іске асыру шеңберінде жобаларға кепілдік беруді қайта бастайды.

      30. Қаржы агенттігі төлеген банк/лизингтік компания талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ы шегінен асқан кезде мұндай банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      31. Қаржы агенттігі жарнамалау науқанын өткізеді және өзінің ресми интернет-ресурсында ұлттық жобаны іске асыру туралы ақпаратты орналастырады.

      32. Қаржы агенттігі:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген;

      3) әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.

2-параграф. Тетік шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдіктер беру шарттары

      33. Кепілдік беру тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынылады.

      34. Мыналар:

      осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша;

      осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша;

      осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша жобалар шеңберінде кредиттер/қаржылық лизингтер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес банктер/лизингтік компаниялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін кредиттер/қаржылық лизинг кепілдік беруге жатады.

      35. Тетік шеңберінде:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      2) мемлекеттік даму институттары берген;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

      5) кредит алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің кредиттері және қаржылық лизингі кепілдік беруге жатпайды.

      36. Қаржы агенттігі:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба тетік шарттарына сәйкес келмеген;

      3) тетікке әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.

      37. Қаржы агенттігі төлеген банктің/лизингтік компанияның талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ы шегінен асқан кезде мұндай банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизингі бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      38. Өңдеу өнеркәсібі шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі, ол бойынша айналым қаражатының мөлшері жоба сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс. Егер осы кредиттің мөлшері жобаның жалпы кредиттелетін сомасының 50 %-ынан аспаса, 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.

      Банктердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобаларын қаржыландыру шеңберінде кепілдік беру 100 %-ды қоса алғандағы мөлшердегі айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда) жүзеге асырылуы мүмкін.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты есебінен 100 % қаржыландыру кезінде тетік шеңберінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

      өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

      салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздар мен лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында қаржыландыруға жол берілмейді.

      Қатысу үлестерін сатып алуға бағытталған жобаларға кепілдік беруге жол берілмейді.

      39. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 % аспайтын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизингтері кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит/қаржылық лизинг мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      40. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын кредит/қаржылық лизинг сомасының 50 %-ынан аспайды.

      Бұл ретте кредит (кепіл құны) бойынша қамтамасыз етудегі айырманы кәсіпкер жабады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестердің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері қоса алғанда сомасы 1 (бір) қарыз алушыға 1 млрд теңгеден аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/ қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.

      41. Қаржы агенттігі кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілей отырып, қаржы агенттігі мен банк арасында екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып, тетік шеңберінде портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады. Қаржы агенттігі банкті таңдауды өз бетінше жүзеге асырады.

      Портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігі банкке кәсіпкерлердің жобаларын осы Кепілдік беру қағидаларының және негіздемелік келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес кредиттеу құқығын береді.

      Банктер жобаны іріктегеннен кейін қол қою үшін қаржы агенттігіне кепілдік шартын береді. Жобаның мәлімделген нысаналы мақсаты Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік шартына қол қоюдан бас тарта алады.

      42. Тетік шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкер кредит/қаржылық лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен/қаржылық лизингпен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге төлемдер алмайды.

      43. Қаржы агенттігі іске асырылып жатқан тетікті жарнамалау науқанын өткізе және өзінің ресми интернет-ресурсында тетіктің іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыра алады.

3-параграф. Кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы

      44. Кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған кәсіпкердің кепілдік алу үшін қаржы агенттігіне және кейін кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кәсіпкер кепілдік алуға өтінішпен қаржы агенттігіне жүгінеді;

      2) қаржы агенттігі кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады;

      3) қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, кәсіпкер осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін кепілдік шарттары, сондай-ақ оларға сәйкес осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік берілуі мүмкін банктің/лизингтік компанияның кредит/қаржылық лизинг беруінің шарттары көрсетілген кепілдік беру мүмкіндігі туралы алдын ала кепілдік хат алады;

      4) кәсіпкер кепілдікпен кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінеді;

      5) банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

      6) банк/лизингтік компания кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген шарттарда кредит/қаржылық лизинг бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания қол қойылған кредиттік шартты/қаржылық лизинг шартын қоса алғанда, қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы агенттігіне жолдайды.

      Қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға жіберетін кепілдік шартын ресімдейді және қол қояды. Банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепіл шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      7) банк/лизингтік компания кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген кепілдік және кредит/қаржылық лизинг шарттарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылдаған жағдайда кепілдік беруді қарау рәсімі осы Кепілдік беру қағидаларының 46-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      45. Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда банк қаржы агенттігіне банктік кредит шартының көшірмелерін ұсынады, оның негізінде қаржы агенттігі банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      46. Кәсіпкер кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға өтінішпен жүгінеді.

      Банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің/лизингтің компанияның ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      47. Оң шешім қабылданған жағдайда банктің/лизингтік компанияның ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне мыналарды:

      кепілдік сомасын есептеумен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты;

      кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің жобасы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне беретін құжаттар тізбесін ұсынады.

      Банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне берген кезде өтінім берген күнге салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

      48. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      49. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке/лизингтік компанияға анықталған ескертулер немесе қосымша құжаттар ұсыну туралы ақпарат жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.

      50. Қаржы агенттігі кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешімі көрсетілген осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала кепілдік хат жібереді.

      51. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      52. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:

      1) банк/лизингтік компания мен кәсіпкер кредит шарты/қаржылық лизинг шарты, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Кредит шартының/қаржылық лизинг шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатта қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайту мәндері көрсетіледі.

      Банктің/лизингтік компанияның қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банктің/лизингтік компанияның қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруіне жол беріледі;

      2) қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан кредит шартының/қаржылық лизинг шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке/лизингтік компанияға жібереді;

      3) банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк/лизингтік компания қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/қаржылық лизинг беруді жүзеге асырады;

      5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк/лизингтік компания тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын тоқсанына бір реттен асырмай ұсынады.

      Портфельдік кепілдік беру кезінде осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда, банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кепілдік шартына қол қоя алады.

      53. Өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында кезекті жылдың басында кредиттерге/қаржылық лизингке кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын қаржы агенттігіне аударады.

      54. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай қаржы агенттігіне былайша аударылады:

      1) кепілдік шарты жасалғаннан кейін қаржы агенттігі өңірлік үйлестірушіге/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді;

      2) өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінен кепілдік беру шартын жасасу туралы хат алғаннан кейін қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражат аударуды жүзеге асырады.

      55. Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді. Қаржы агенттігі ұлттық жоба және/немесе тетік шеңберінде кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде ұлттық жобаны және/немесе тетікті іске асыру шеңберінде жобаларға кепілдік беруді қайта бастайды.

      56. Қаржы агенттігі кейіннен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде өтеген кезде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры нақтыланғанға дейін ағымдағы қаржы жылына арналған кепілдік шарттарын жасасады.

      Бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігінің қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-шы күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігін жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.

      Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерін және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

      57. Кредиттің/қаржылық лизингтің мақсатқа нысаналы пайдаланылмауы анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит/қаржылық лизинг сомасына барабар азайту туралы шешім қабылдайды.

      Кәсіпкер:

      қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюына немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға ұлғаюына қол жеткізбеген жағдайда;

      тетік шеңберінде мынадай:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі шарттарға қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді). Өлшемшарттарға қол жеткізілмеген жағдайда, кепілдік жойылмайды.

      58. Қаржы агенттігі кредит/қаржылық лизинг толық нысаналы пайдаланылмаған жағдайда, кепілдіктің күшін жояды.

      59. Банктің/лизингтік компанияның қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сондай-ақ банк/лизингтік компания акцияларының 10 %-ынан астамына қатысты меншік құқығының біржолғы сатылғаны немесе өзгеше біржолғы ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы банк/лизингтік компания 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

4-параграф. Тетік шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдіктер беруі

      60. Кәсіпкер тетік шеңберінде кредит немесе қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға өтінішпен жүгінеді.

      Банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының қарауына шығарады.

      Банк/лизингтік компания банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес қаржы агенттігіне құжаттарды ұсынады.

      Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға өтінім берген, сондай-ақ банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынған кезде өтінім берген күні салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

      61. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден келіп түскен өтінішті тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      62. Қаржы агенттігі құжаттарды қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      63. Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда:

      банк қаржы агенттігіне кредит шартының көшірмелерін ұсынады;

      қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдеп, оған қол қояды және оны банкке жібереді;

      банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      Портфельдік кепілдік беру кезінде тетіктің шарттарына сәйкес келген жағдайда, банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кепілдік шартына қол қоя алады.

      64. Қаржы агенттігі кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешімі бар алдын ала кепілдік хат жібереді, онда мынадай шарттар көрсетіледі:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).

      65. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:

      1) банк/лизингтік компания мен кәсіпкер банктік қарыз шартын/қаржылық лизинг шартын, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хаты келіп түскеннен кейін банктің/лизингтік компанияның қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруге жол беріледі;

      2) қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан кредиттік шарттың/қаржылық лизинг шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке/лизингтік компанияға жібереді;

      3) банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк/лизингтік компания қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/қаржылық лизинг беруді жүзеге асырады;

      5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк/лизингтік компания тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің тоқсанына бір реттен аспайтын сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.

      66. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

5-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беруі

      67. Кәсіпкер осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі;

      3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі;

      4) кепілдік сомасының есебімен кредит/қаржылық лизингін беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк/лизингтік компания хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.

      Қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден кәсіпкер жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызмет түрлеріне арналған лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді алады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық тұрғыдан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      68. Банк/лизингтік компания "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкерден электрондық өтінімді алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Кепілдік беру қағидаларының 47-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      69. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      70. Кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Кепілдік беру қағидаларының 2 – 5-параграфтарында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      71. Кепілдік беру қағидалары және тетік шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      72. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) және тетік бойынша аударылған, кепілдік беру үшін көзделген қаражатты жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      73. Кепілдік беру жүзеге асырылатын, кредит сомасы 1 (бір) млрд теңгеден асатын тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Бұл норма қаржы агенттігі тарапынан 1 (бір) млрд теңгеге дейінгі сомадағы кредиттерге кепілдік беруді көздейтін шарттар күшіне енгенге дейін шешім қабылданған жобалар бойынша қолданылады.

      74. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      75. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Кепілдік беру қағидалары ресми жарияланған күнге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайда, жобаның ұлттық жобаның қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      76. Бұрын бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы) және "БЖК-2025" бағдарламасының шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлдаған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      77. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 "БЖК-2025" бағдарламасы бойынша Кредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған кепілдік беру шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайда, жобаның Кепілдік беру қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      *Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
2-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Еттен және құс етінен жасалған өнімдер

Етті өңдеу және консервілеу

1011

Ұша/шағын ұша түрінде немесе мүшеленген жас немесе тоңазытылған ет өндірісі.
Тағамдық субөнімдер

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндірісі

Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі

1013

Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар.
Ет өнімдерін: шұжық, салями, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, ысталған болон шұжығы, бас, орамалар, пісірілген ветчина жасау

2

Сүт және ірімшік өнімдері

Сүт өңдеу және ірімшік жасау

1051

Жаңа сауылған, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған табиғи сүт өндірісі.
Сүт негізіндегі сусындар өндірісі.
Жаңа сауылған қаймағы алынбаған, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенделген сүттен қаймақ жасау.
Құрғақ сүт немесе қоюлатылған сүт, қатты түрдегі сүт немесе кілегей өндірісі.
Сары май, йогурт, ірімшік және сүзбе, айран, кілегей, сары су, казеин немесе лактоза өндірісі

Балмұздақ өндірісі

1052

Балмұздақ өндірісі

3

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі

Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі

1032

Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі.
Жас жемістерден және көкөністерден жасалған концентраттар өндірісі

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері

1039

Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі.
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: мұздату, кептіру, май немесе сірке суын сіңіру, консервілеу және т.б.
Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерінің өндірісі.
Джемдер, мармеладтар және асханалық желе өндірісі.
Жаңғақ қуыру.
Жаңғақтардан жасалатын паста және өзге де азық-түлік өнімдерінің өндірісі.
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді консервілеу: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, герметикалық ыдыста консервілеу және т.б.

4

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім

Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу

1020

Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б. Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілер өндірісі: балық сүбесі, уылдырық, жасанды уылдырық және т.б.
Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарларды азықтандыру үшін балық өнімдерінің өндірісі, адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз балықтан және өзге де су жануарларының түрлерінен ұн және еритін заттар өндірісі, кемелердің балықты қайта өңдеуге және сақтауға, теңіз балдырларын қайта өңдеуге бағытталған қызметі

5

Ауыл шаруашылығы

Уыт өндірісі

1106

Уыт өндірісі

6

Май-тоңмай өнімі

Май мен тоңмай өндірісі

1041

Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, сафлор, рапс, қыша, зығыр.
Тазартылған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр. Өсімдік майын өңдеу: айдау, қайнату, дегидрация, гидрогенизация және т.б.

Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі

1042

Маргарин өндірісі.
Қоспалар және т.б. өндірісі.
Тамақ дайындауға арналған құрама тоңмай өндірісі

7

Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі

Қант өндірісі

1081

Қант қызылшасы мен қант қамыстарынан қант өндіру

Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі

1082

Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі.
Қантты кәмпиттер: карамель, какао, нуга, помадка, ақ шоколад өндірісі.
Сағыз өндірісі.
Қантталған жемістер өндірісі.
Шоколадты жаңғақ, цукат өндірісі.
Кәмпиттер, жастықша кәмпиттер, қақ өндірісі

Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі

1084

Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі.
Сірке суы өндірісі.
Өнімдерді тұздау үшін тұзды өңдеу, мысалы йодталған тұз

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

1089

Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

10899

Жасанды бал және карамель өндірісі.
Сэндвич, жаңа пісірілген пицца (жартылай фабрикат) сияқты тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерінің өндірісі.
Басқа санаттарға енгізілмеген белсенді биологиялық қоспалар мен өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі.
Еттен, балықтан, шаян тәрізділерден немесе моллюскілерден жасалған тартылған ет өндірісі.
Сүт өнімдері мен ірімшік өндірісі.
Жасанды концентраттар өндірісі

8

Балалар тағамы

Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі

1086

Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәбилерге арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау

9

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі

Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі

1062

Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау.
Шикі жүгеріні майдалау.
Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау.
Дән маңызының өндірісі.
Жүгері майын жасау

Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

1061

Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі.
Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді тамақ өнімдерінің өндірісі.
Ұн қоспаларының және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған дайын ұн қоспалары мен қамырлар өндірісі.
Бидай қауыздарының, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарының өндірісі.
Бидай, қара бидай, сұлы, жүгері, қарақұмық жармасы өндірісі.
Қырналған, ұнтақталған, жылтыратылған, тегістелген, глазурьленген, буланған күріш өндірісі. Ұн өндірісі

10

Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі

Нан өндірісі; ұннан жаңа пісірілген кондитерлік өнімдер, торттар мен бәліштер өндірісі

1071

Наубайхана өнімдерінің өндірісі: нан, тоқаш пен орамалар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, тәттінандар, бәліштер мен бисквиттер, жеміс тәттінандары, құймақ, вафли және т. б.

Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі

1072

Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдерінің өндірісі.
Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар мен торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі.
Печенье, крекерлер, крендельдер және т.б. сияқты тұздалған және тәтті өнімдер өндірісі

Макарон өнімдерінің өндірісі

1073

Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі.
Қамырдан жасалған консервіленген немесе тоңазытылған өнімдер, оның ішінде макарон өнімдерінің өндірісі

11

Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда)

Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі

1085

Ет тағамдарының өндірісі.
Тартылған балық етін қоса алғанда, балық тағамдарының өндірісі.
Көкөністерден жасалған тағамдар өндірісі.
Тоңазытылған пицца немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пицца өндірісі

12

Мал азығының өндірісі

Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі

1091

ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
3-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдендіруге арналған тауарлар тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығы

Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіру

0111

Қытайбұршақ, жержаңғақ, мақта тұқымы, кәдімгі майкене, зығыр тұқымы, қыша тұқымы, майлы нуга тұқымы, рапс тұқымы, бояғыш мақсары тұқымы, күнжіт тұқымы, күнбағыс тұқымы, өзге де майлы тұқымдар сияқты майлы тұқымдарды өсіру.
Бидай, жүгері, құмай, арпа, қара бидай, сұлы, тары, өзге де дәнді дақылдар, оның ішінде тұқымдық қорды қалыптастыру үшін

Күріш өсіру

0112

Күріш өсіру

Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру

0113

Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязды көкөністер, қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, картоп, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша, көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру.
Бақша дақылдарын өсіру, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру.
Саңырауқұлақтар мен трюфельдерді өсіру

Талшықты иіру дақылдарын өсіру

0116

Мақта, зығыр өсіру.
Мақта тұқымын өсіру

Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру

0119

Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым жемдік өнімдерді өсіру.
Қарақұмық өсіру.
Қант қызылшасы (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру

Жүзім өсіру

0121

Шарап жүзімі және жүзімнің асханалық сорттары

Дәнді жемістер және сүйекті жемістер өсіру

0124

Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру

Өзге де жеміс ағаштарын, бұталар мен жаңғақ түрлерін өсіру

0125

Жидек өсіру: қарақат/көкжидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген, өзге де жеміс түрлері.
Жемістердің тұқымдарын өсіру.
Жеуге жарамды жаңғақтарды өсіру: бадам, кешью, талшын, фундук/орман жаңғағы, пісте, грек жаңғағы, басқа да жаңғақ түрлері.
Жеміс ағаштарының, бұталардың басқа түрлерін өсіру: айлауық жемістері

Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын өсіру

0142

Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру

0141

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту. Шикі сүт алу

Жылқы өсіру

0143

Жылқы өсіру

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру

0144

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру және молайту

Қой мен ешкі өсіру

0145

Қой мен ешкі өсіру және молайту.
Қой мен ешкінің шикі сүтін өндіру.
Жүн дайындау.
Қозылардың терілерін дайындау

Шошқа және торай өсіру

0146

Торайлар, шошқалар, шошқа еті

Құс шаруашылығы

0147

Инкубациялық жұмыртқа өндірісі.
Үй құстарын өсіру және көбейту: тауық, күркетауық, үйрек, қаз және т.б.
Жұмыртқа өндірісі

Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру

0149

Омарта шаруашылығы және бал мен бал балауызы өндірісі

Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

2

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнімдер

Теңізде акваөсіру

0321

Аквариум балықтарын өсіруді, моллюскілер (устрица, мидия және т.б.) уылдырығының, ірі теңіз шаяндарының, асшаяндардың, балық шабақтарының өндірісін және оларды қолмен өңдеуді, қызыл балдырлар мен жеуге жарамды басқа да балдырларды, шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, теңіз суындағы басқа да моллюскілер мен басқа да су жануарларының түрлерін өсіруді, теңіз суындағы акваөсіруді, резервуарларда тұздалған судағы акваөсіруді қоса алғанда, теңіз суында балық өсіру.
Теңіз балықтарының түрлерін өсіру жөніндегі инкубаторлық станциялар, жылы теңіз фермалары

Тұщы судағы акваөсіру

0322

Тұщы су балықтарының аквариумдық түрлерін өсіруді, тұщы суды мекендейтін шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, өзге де моллюскілерді және су жануарларының басқа да түрлерін өсіруді, инкубаторлық станциялардың (тұщы су) жұмысын қоса алғанда, тұщы суда балық өсіру.
Бақа өсіру

Тұщы суда балық аулау

0312

Ішкі суларда коммерциялық негізде балық аулау.
Тұщы суларда шаян тәрізділер мен моллюскілерді аулау.
Тұщы суларда теңіз жануарларының түрлерін аулау. Тұщы су материалдарын жинау

3

Сусындар өндірісі

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

1107

Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі.
Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
4-қосымша

Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесі

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау

Жүкті қоймалау және сақтау

5210

Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын құру.
Көкөніс және жеміс сақтау қоймаларын салу

2

Ауыл шаруашылығы

Өнім жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР

1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР

3

Сырт киім және аксессуарлар

Басқа да тоқылған және трикотаж бұйымдарының өндірісі

1439

Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, кеудешелер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі

Арнайы киім өндірісі

1412

Арнайы киім өндірісі.
Зертханалық немесе жұмыс комбинезондары, униформа өндірісі

Сырт киім өндірісі

1413

Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі.
Былғарыдан жасалған сырт киімнен басқа, тоқыма, тоқылған немесе тоқыма емес трикотаж маталардан жасалған сырт киімдердің өзге де түрлерінің өндірісі

4

Іш киім

Іш киім өндірісі

1414

Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі

Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі

1431

Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі

5

Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

13

Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшықтары, мақта-мата, мақта талшығы өндірісі.
Шашақ жіп, махер мата, дәке тәрізді тоқылған материалдар өндірісі.
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жүн мата өндірісі. Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жібек мата өндірісі. Зығыр мата өндірісі.
Басқа да маталар өндірісі, мысалы, қытай қалақайынан, кендірден, жөкеден және арнайы иірілген жіптен.
Шыны талшығынан жасалған маталар өндірісі.
Карбонидті және арамидті жіптер өндірісі. Тоқу әдісімен жасанды тері өндірісі

Текстиль талшықтарын дайындау және иіру

1310

Мақта талшығының, мақта иірімжібінің өндірісі.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сатуға және одан әрі өңдеу үшін жүннен иірімжіп иіру және жасау.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сату және одан әрі өңдеу үшін зығыр иірімжібін жасау.
Өзге де текстиль талшықтарын иіру

Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, жіңішке баулар, баулар өндірісі және тор тоқу

1394

Текстиль талшықтарынан, таспалардан және ұқсас материалдардан жасалған, сіңірілген және сіңірілмеген, қапталған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған қабықшамен қорғалған немесе қорғалмаған шпагат, арқан, жіп және трос өндірісі. Шпагаттан, арқандар мен жіптерден тор жасау.
Арқандар мен торлы матадан жасалған бұйымдар: балық аулау торлары, кемелердегі сақтандыру торлары, түсіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын қорғау құралдары, металл шығыршықтары бар матауыштар, жіптер немесе тростар өндірісі және т.б.

Теріні илеу және өңдеу

15111

Тері мен былғарыны илеу, бояу және өңдеу. Күдері, қашалған былғары, тегіс немесе металдандырылған тері өндірісі

Киімді қоспағанда, тоқылмаған бұйымдар өндірісі

13950

Тоқылмайтын маталар (SMS) және одан жасалған бұйымдар

6

Аяқ киім және оның керек-жарақтары

Аяқ киім өндірісі

1520

Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау.
Аяқ киімдердің былғары және резеңке бөліктерін: сыртқы және ішкі бөліктерін, ұлтанын, өкшесін жасау

2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР

7

Тұрмыстық химия

Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі

2041

Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі.
Жуғыш құралдар себілген немесе сіңірілген қағаздар, сулықтар өндірісі.
Глицерин өндірісі.
Косметикалық сабынды қоспағанда, сабын өндірісі. Беткі-белсенді препараттар: қатты немесе сұйық түрдегі кір жуатын ұнтақтар және басқа да жуғыш құралдар, ыдыс-аяқ жууға арналған препараттар, кір жуған кезде қосуға арналған хош иістендіргіш және жұмсартқыш заттар өндірісі.
Тазартқыш және жылтыратқыш құралдар: ауа тазартқыштар, жасанды балауыз, былғары бұйымдарды күтуге арналған құралдар, жиһазға және ағаш беттерге арналған полирольдар, шыны және металл беттерге арналған полирольдар, осыларға ұқсас құралдар себілген немесе сіңірілген сулықтарды қоса алғанда, тазартқыш пасталар мен ұнтақтар өндірісі

8

Кілемдер

Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі

1393

Кілемдерді, паластарды және төсеніштерді, едендік жабындарды қамтитын тоқыма төсемдер өндірісі.
Киіз төсемдер өндірісі

9

Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар

Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі

1392

Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан жасалған дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, туалет немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі.
Дайын жиһаздау заттарының өндірісі: перделер, шымылдықтар, төсек-орын жапқышы, ас үй сүлгілері, ыдыс жууға арналған шүберектер.
Медициналық маскалар өндірісі

Трикотаж кездемелер өндірісі

1391

Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі

10

Шаруашылық қажеттілікке арналған тұрмыстық тауарлар

Резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі

22191

Табиғи немесе синтетикалық резеңкеден, вулканизацияланбаған, вулканизацияланған резеңкеден немесе беріктігі жоғары резеңкеден жасалған өзге де өнімдерді: резеңке пластиналарды, табақтарды, жолақтарды, білікшелерді және т.б.; шиналарға, құбырлар мен шлангілерге арналған камераларды; резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белбеулерді; эластиктен жасалған киімдерді (тұтас, тігіссіз); аяқ киімге арналған резеңке ұлтанды және өзге де резеңке бөліктерді; резеңке жіптер мен бауларды; резеңке иірімжіптер мен маталарды; резеңке жиектерді, гарнитур мен баспаларды; резеңке үрлемелі резеңке матрастарды, үрлемелі шарларды қамтитын бұйымдарды шығару.
Резеңкеден жасалған щеткалар мен қылқаламдар өндірісі. Резеңке құбырлар өндірісі.
Қатты резеңкеден жасалған тарақтар, шашқа арналған қыстырғыштар, бигудилер және т.б. өндірісі.
Резеңкеден жасалған жөндеу материалдары өндірісі.
Резеңке негізгі материал ретінде пайдаланылатын резеңкеленген тоқыма маталар өндірісі.
Резеңкеден жасалған жүзуге арналған матрастар өндірісі.
Резеңкеден жасалған жүзу телпектерінің өндірісі.
Резеңкеден жасалған сүңгу костюмдерінің өндірісі

Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі

2222

Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі

Өзге де пластик бұйымдар өндірісі

2229

Жиһаз фурнитурасы, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтары, киім заттары (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтары, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

Қуыс шыны бұйымдарының өндірісі

2313

Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі.
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған стақан, фужер, рюмка, бокал, шыныаяқ, тұрмыстық заттар өндірісі

11

Жиһаз

Кеңсе және студия жиһазының өндірісі

3101

Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі.
Кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі.
Театрларға, кинотеатрларға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі.
Зертханалық орындықтар, басқа да зертханалық табуреттер мен өзге де отырғыштар өндірісі

Ас үй жиһазының өндірісі

3102

Ас үй жиһазының өндірісі

Басқа да жиһаз өндірісі

3109

Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі.
Бақшаға арналған орындықтар өндірісі.
Жатын бөлмеге, қонақ бөлмеге, бақшаға арналған жиһаз өндірісі.
Тігін машиналарына, теледидарларға арналған тумбалар өндірісі

12

Жиһаз өндірісіне арналған материалдар

Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі

1621

Желімделген фанера және өзге де бұйымдар өндірісі: жылтыратылған, боялған, жабылған, сіңірілген, жақсартылған және нығайтылған (қағаз немесе мата көмегімен).
Желімделген фанера, бір қатпарлы фанера және осыған ұқсас ламинатталған ағаш табақ бұйымдарының өндірісі.
Құрастырма тақтайлар мен өзге де табақ материалдарының өндірісі.
Тығыздығы орташа талшықты табақ материалдарының және өзге де талшықты материалдар өндірісі.
Сәндік материалдар өндірісі.
Желімделген ламинатталған ағаш бұйымдарының, ламинатталған бір қатпарлы фанера өндірісі

13

Матрастар

Матрастар өндірісі

3103

Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі.
Матрастарға арналған тұғырлар өндірісі

14

Тұрмыстық электроника аспаптарының өндірісі

Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі

2651

Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі.
Сұйықтық температурасын өлшеуге арналған шыны және биметалл термометрлер (медициналықты қоспағанда) өндірісі.
Тұрмыстық өлшеуіштер өндірісі (мысалы, су өлшегіш, газөлшегіш, электр энергиясын есептегіштер).
Су өлшеуіштер мен есептеу қондырғыларының өндірісі.
Қозғалыс детекторларының өндірісі

Медициналық-хирургиялық құралдар өндірісі

26.51.6

Зертханалық талдау құралдары (мысалы, қанды талдауды жүзеге асыруға арналған жабдықтар) өндірісі.
Зертханалық өлшеу аспаптарын, инкубаторларды және өлшеуге, тестілеуге және т. б. арналған өзге де түрлі зертханалық аспаптар өндірісі

Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар өндірісі

2660

Өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу, ғылыми және осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын альфа-, бета-, гаммасәулеленуге, рентгендік және өзге де радиациялық сәулеленуге негізделген жабдықтар өндірісі.
Томографтар өндірісі.
Магниттік-резонанстық бейнені алуға арналған жабдықтар өндірісі.
Медициналық ультрадыбыстық жабдықтар өндірісі. Электрокардиографтар өндірісі.
Электромедициналық эндоскопиялық жабдықтар өндірісі.
Медициналық лазерлік жабдықтар өндірісі.
Кардиостимуляторлар өндірісі.
Есту аппараттары өндірісі.
Тамақ өнімдері мен сүт өнімдерін сәулелендіріп өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі.
Өкпені жасанды желдету аппарат өндірісі.
Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге электр және электрондық жабдықтар өндірісі.
Виброакустикалық аппараттар, өкпені жасанды желдету аппараттары, медициналық білезіктер, пациент мониторлары, телекардиографтар өндірісі

Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі

2751

Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі

Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі

2720

Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі.
Бөлгіштер, корпустар, қақпақтар сияқты қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, электр аккумуляторларының өндірісі.
Қорғасын-қышқылды батареялар өндірісі.
Никель-кадмий батареяларының өндірісі.
Никель-металлогидридті қуат көзі батареяларының өндірісі.
Литий батареяларының өндірісі.
Құрғақ батареялар өндірісі.
Сұйық электролиті бар батареялар өндірісі

15

Жарықтандыру жабдығы

Электрмен жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

2740

Газразрядты, флуоресцентті, ультракүлгін, инфрақызыл және т.б. қыздыру шамдарының өндірісі. Жәндіктермен күресуге арналған электр шамдарының өндірісі.
Төбеге ілінетін жарықтандыру аспаптарының өндірісі.
Аспашамдар, шамшырақтар өндірісі.
Үстел шамдарының (оның ішінде жарықтандыру құралдарының) өндірісі.
Жаңа жылдық шыршаларға арналған электр гирляндаларының өндірісі.
Электр каминдер өндірісі.
Қол электр шамдарының өндірісі.
Шамдар өндірісі (мысалы, карбид, электрлік, газ, газолин, керосин).
Прожекторлар өндірісі.
Көшені жарықтандыру аспаптарының (бағдаршамдардан басқа) өндірісі.
Көлік құралдарына арналған жарықтандыру жабдықтарының (мысалы, автомобильдерге, ұшақтарға, кемелерге, қайықтарға арналған) өндірісі. Электрлік емес жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

16

Керамикалық тұрмыстық және сәндік бұйымдар

Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық- шаруашылық бұйымдар өндірісі

23411

Керамикалық асхана ыдыстары мен өзге де тұрмыстық немесе туалет бұйымдарының өндірісі.
Мүсіншелер және өзге де сәндік керамикалық бұйымдар өндірісі

3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

17

Құрылыс материалдары

Пластик құрылыс бұйымдарының өндірісі

2223

Пластик құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын күбіше сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі. Винил, линолеум сияқты майысқақ төсемдер өндірісі

Бастапқы қалыптағы пластмасса өндірісі

2016

Полипропилен мен полистирол өндірісі

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типография бояулары мен мастика өндірісі

2030

Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі. Дайын бояғыш заттар мен колерлер өндірісі.
Эмальдар, лактар және жағатын құрамдар мен сол сияқты препараттар өндірісі.
Мастика өндірісі.
Шпатлевка және сол сияқты үстіңгі беттерді тегістеуге арналған препараттар өндірісі.
Дайын бояу өндірісі.
Типографиялық бояу өндірісі.
Органикалық еріткіштер, бояу мен лактарды дайын еріткіштер өндірісі

Желім өндірісі

2052

Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі

Табақ шыныны қалыптау және өңдеу

2312

Күшейтілген немесе көп қатпарлы жалпақ шыны өндірісі. Айна өндірісі.
Шыныдан жасалған көп қатпарлы оқшаулағыш заттар өндірісі

Отқа төзімді бұйымдар өндірісі

2320

Отқа төзімді ерітінді, бетон және т.б. өндірісі.
Отқа төзімді қыш бұйымдар: кремний ұнтағынан жасалған жылу оқшаулағыш қыш бұйымдар; отқа төзімді кірпіш, блоктар мен еден жабындары және т.б.; реторт, тигель, муфель, форсунка, келтеқұбырлар, мүштіктер мен т.б. өндірісі.
Құрамында магнезит, доломит немесе хромит бар отқа төзімді бұйымдар өндірісі

Қыш жабындар мен плиталар өндірісі

2331

Отқа төзімді емес қыш бұйымдар немесе қабырға плиткаларының, мозаика және т.б. өндірісі.
Отқа төзімді емес қыш тротуар плиталары мен брусчаткалар өндірісі

Кірпіш, черепица және күйдірілген балшықтан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарының өндірісі

2332

Отқа төзімді емес құрылыс материалдарының: қыш плиткалар, черепица, мұржаның үстіндегі қалпақтар, құбырлар, оқшаулағыш материалдар және т.б. өндірісі.
Терракотадан еден плиткасын жасау

Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі

2361

Құрылыс мақсатында пайдалану үшін бетоннан, цементтен немесе жасанды тастан жасалған дайын бұйымдар өндірісі: еден жабындары, төсеуге арналған плиткалар, кірпіштер, плиталар, құбырлар, бағандар және т.б.
Құрылысқа немесе азаматтық құрылысқа арналған құрастырма темір-бетон және бетон конструкциялар өндірісі.
Бетоннан блоктар, панельдер жасау Силикат кірпіш өндірісі

Асбестоцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі

2365

Цементпен, гипспен немесе басқа да минералды байланыстырушы материалдармен аралас өсімдік шикізатынан (ағаш жүнінен, сабаннан, қамыстан, құрақтан) құрылыс материалдарының өндірісі.
Целлюлоза талшықтары бар асбест-цементтен және талшықты цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар: гофраланған табақтар (шифер), өзге де табақтар, панельдер, черепицалар, құбырлар, түтіктер, резервуарлар, кеспектер, жуғыштар, раковиналар, сауыттар, жиһаз, терезе қораптары және т.б. өндірісі

Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

2369

Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен немесе жасанды тастан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі: мүсіндер, фурнитуралар, барельефтер, вазалар, гүл құмыралары және т.б.

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

2370

Құрылыс мақсатында, зираттарда, автожолдарда, шатырларды жабу үшін және т.б. пайдалану үшін тасты кесу, қалыптау және өңдеу.
Тастан фурнитура жасау

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге бейметалл минералдық өнім өндірісі

2399

Минералды негіздегі оқшаулағыш материалдар: қож-мақта және ұқсас минералды мақта; қатпарлы вермикулит, қопсыған балшық және ұқсас оқшаулағыш жылу материалдары немесе дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісі

Жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

25112

Жол белгілері, жолға қоятын металл тосқауылдар, металл илегінен жасалған бұйымдар және т. б. сияқты жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

Алюминийден және алюминий қоспаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі

25113

Өнеркәсіптік металл конструкцияларының өндірісі (домна пештеріне, жабдықтарды көтеру мен орнатуға және т.б. арналған конструкциялар)

18

Есіктер мен терезелер

Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі

2512

Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпақтары мен қақпалар өндірісі

19

Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары

Әк және құрылыс гипсінің өндірісі

2352

Құрылыс гипсін (кальцийлендірілген гипс немесе кальций сульфаты) өндірісі.
Сылақ өндірісі.
1-сұрыпты әк өндірісі

Әктас және доломит ұнын өндіру

23522

Әк ұны, гипс

III. ӨЗГЕ

20

Химия

Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

1920

Мотор отыны, газолин, керосин және т.б. өндірісі.
Отын өндірісі: этан, пропан, бутан және т.б. сияқты жеңіл, орташа және ауыр жанғыш, тазартылған газ.
Мұнай қалдықтарынан өнім шығаруды қоса алғанда, жақпамайлар немесе жақпалар өндірісі.
Мұнай-химия өнеркәсібіне және жол салуға арналған өнімдер өндірісі.
Әртүрлі өнім түрлерінің өндірісі: уайт-спирит, вазелин, қатты парафин, петролатум және т.б.
Мұнай брикеттерінің өндірісі.
Шымтезекті агломерациялау және шымтезек брикеттерінің өндірісі.
Көмір брикеттерін агломерациялау және өндіру.
Лигнит брикеттерін агломерациялау және өндіру

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

2014

Илеу заттарының өндірісі.
Биоэтанол өндірісі.
Ациклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі.
Циклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі.
Бутил эфирлерінің өндірісі.
Амил эфирлерінің өндірісі.
Негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі: сірке қышқылын қоса алғанда, моно- және поликарбон қышқылдары; альдегидтерді, кетондарды, хинондарды және екі және одан да көп оттегі бар топтармен қосылыстарды қоса алғанда, құрамында оттегі бар функционалдық топтары бар өзге де қосылыстар; аминдерді қоса алғанда, синтетикалық глицерин, азот-функционалдық органикалық қосылыстар; сүректі айдау жолымен алынған өнімдерді қоса алғанда, өзге де органикалық қосылыстар (мысалы, ағаш көмірі).
Синтетикалық хош иісті өнімдер өндірісі.
Таскөмір шайырын айдау.
Дезинфекциялау құралдары мен антисептиктер өндірісі

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі

2015

Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарының, несепнәр, шикі мұнайдан алынған табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарының өндірісі. Өсімдіктерді өсіруге арналған топырақ өндірісі

Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі

2020

Инсектицидтер/жәндіктерге қарсы құралдар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі.
Өсімдіктердің өсуін реттейтін өнімдер өндірісі.
Дезинфекциялау құралдарының өндірісі (ауыл шаруашылығы мақсаттарына және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін).
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге агрохимиялық өнімдер өндірісі

Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі

2013

Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдарды қоспағанда).
Азот қышқылын қоспағанда, бейорганикалық қышқылдар өндірісі.
Аммонийден басқа, сілті, сақар және өзге де бейорганикалық заттар өндірісі.
Өзге де бейорганикалық қоспалар өндірісі.
Темір колчеданды күйдіру.
Тазартылған су өндірісі

Өнеркәсіптік газдар өндірісі

20.11

Медициналық мақсаттар үшін сұйытылған немесе сығылған бейорганикалық газдар: элементтік газдар, сұйық немесе сығылған ауа, хладагент булары, өнеркәсіптік газдар қоспалары, көмірқышқыл газы сияқты инертті газдар, қорғаныш газдары өндірісі

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11.0

Жинақтау орындарында, қоқыс контейнерлерінде, жылжымалы қоқыс контейнерлерінде, бактарда және т.б. ыдыстарда қауіпсіз тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды (яғни қоқыс қалдықтарын) және аралас реверстелетін материалдарды жинау.
Реверстелетін материалдарды жинау.
Қоғамдық орындардағы қоқыс жәшіктерінен қоқыс жинау.
Құрылыс қалдықтары мен шіріген қалдықтарды жинау.
Қылқалам және өзге де құрылыс қоқыстары сияқты құрылыс қоқыстарын жинау және шығару.
Тоқыма бұйымдарын шығарудан болатын қалдықтарды жинау.
Қауіпсіз қалдықтарға арналған қайта өңдеу орындарына қалдықтарды шығару жөніндегі қызмет

21

Қағаз және қағаз бұйымдары

Ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі

1711

Ағартылған, толық ағартылмаған және ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасын механикалық, химиялық (еритін немесе ерімейтін) немесе жартылай химиялық тәсілмен жасау.
Мақта целлюлоза өндірісі.
Сия мен баспаханалық бояуды алып тастау және макулатурадан ағаш массасы мен целлюлоза жасау

Гофраланған картон, қағаз және картон ыдысының өндірісі

1721

Гофраланған қағаз және картон өндірісі.
Гофраланған қағаздан немесе картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі.
Гофраланған картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі.
Қатты картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі.
Қағаз бен картоннан жасалған өзге де сыйымдылықтар өндірісі.
Қағаздан жасалған қаптар, сөмкелер және пакеттер өндірісі.
Файлдары бар офистік тіркелімдер және сол сияқты бұйымдар өндірісі

Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі

1722

Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану үшін целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар, дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі.
Тығыздау үшін тоқыма материалдарының және тығыздалатын гигиеналық сүлгілер, тампондар өндірісі

22

Металдан жасалған бұйымдар

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

25210

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

Металл бөшкелер мен ұқсас сыйымдылықтар өндіру

2591

Металл, оның ішінде алюминий шелектер, банкалар, бөшкелер, жәшіктер, қораптар және ұқсас сыйымдылықтар өндіру

Бекіту бұйымдарының өндірісі

2594

Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі. Бұранда кескіш станокта жасалатын бұйымдар өндірісі.
Бұрандамалар, бұрамалар, сомындар, муфталар және бұрандасы бар басқа өнімдер өндірісі

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі

2592

Асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған тамақ өнімдеріне арналған консерві банкалары, тубтар, қораптар, жәшіктер, оның ішінде бөшкелер, барабандар, банкалар, жәшіктер және басқа да сыйымдылықтар өндірісі.
Металл қақпақтарды және тығындауға арналған басқа да бұйымдар өндірісі

Суық қалыптау немесе бүктеу

2433

Уатқыштарда суықтай қалыптау процесінде немесе баспақта бүктеу әдісімен болаттан жасалған жалпақ илектелген бұйымдардан ашық секциялар жасау.
Суық әдіспен болаттан қалыпталған немесе бүктелген бұдырланған табақтар мен сэндвич-панельдер жасау

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі

2410

Темір құймалар, жылтыр шойыннан қалыптар мен құймалар, блоктар немесе өзге де бастапқы пішіндерді жасау.
Ферроқорытпа өндірісі.
Темір және құрамында темір бар өзге де кеуекті бұйымдарды тікелей қалпына келтіріп, құрамында темір бар бұйымдар жасау.
Электролиз жолымен немесе өзге де химиялық процестер нәтижесінде таза темір өндіру.
Түйіршіктелген темір және темір ұнтағын өндіру. Болат құймаларды немесе өзге де бастапқы пішіндерді өндіру.
Болаттан жасалған жартылай дайын бұйымдар өндірісі.
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген және суықтай илектелген жалпақ илектелген бұйымдар өндірісі. Болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар өндірісі.
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген қуыс бұйымдар өндірісі.
Пакеттелген болат табақтар мен дәнекерленген жіктері ашық бұйымдар өндірісі.
Болаттан жасалған теміржол материалдарының (құрастырмалы рельс) өндірісі

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтер өндірісі

2420

Ыстықтай илемдеу тәсілімен, ыстықтай сығымдаумен немесе ыстық сығымдау немесе ыстықтай илектелген шыбық, құймалар сияқты жартылай фабрикаттарды ыстықтай өндеуді немесе үздіксіз құюды қамтитын өзге де тәсілдермен одан әрі өңдеу үшін тұтас тартылған құбырлар мен көлденең және көлденең емес қималы құбырлар және көлденең қималы дайындамалар өндірісі.
Кейіннен көлденең қималы құбырларды суықтай илектеу немесе суықтай созу тәсілімен және тек көлденең емес қималы құбырларды және қуыс профильдерді суықтай созу тәсілімен өңдеу жолымен ыстықтай илектелген немесе ыстықтай сығымдалған дайындамалардан жасалған мөлшері белгіленген және белгіленбеген тұтас тартылған құбырлар өндірісі.
Тегіс ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдардан суық тәсілмен өндірілген, ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм астам немесе одан кем дәнекерлеу құбырларының өндірісі.
Үздіксіз құю немесе ыстықтай қалыптау тәсілімен және ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген және ыстықтай илектелген немесе суықтай илектелген, ұзына бойы дәнекерленген жолақтардан ыстықтай немесе суықтай қалыптаумен жасалған көлденең емес қималы сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем көлденең қималы дәнекерлеу құбырларының немесе суықтай илектелген жалпақ бұйымдар өндірісі. Сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем, илектелген, ыстықтай немесе суықтай қалыптау жолақтарынан жасалған және одан әрі суықтай илектеу тәсілімен немесе суықтай қалыптау тәсілімен көлденең емес қималы құбырлар түрінде өңдеу үшін ұзына бойы дәнекерленген дәнекерлеу құбырларының өндірісі.
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдарды өңдеу жолымен жалпақ болат фланецтер мен қамыттары бар фланецтер өндірісі.
Жікті дәнекерлеу үшін иінді келтеқұбыр сияқты гарнитура және қалыптау жолымен болаттан жасалған ыстықтай илектелген жіксіз құбырлар өндірісі. Бұрандалы құбырлар және болаттан жасалған өзге де құбырлар немесе гарнитура

23

Электр жабдықтар және электр өткізгіш өндірісі

Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі

2711

Электр моторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарын қоспағанда).
Таратушы электр трансформаторлар өндірісі. Аргонмен дәнекерлеу трансформаторларының өндірісі. Флюоресцирлеуші бареттерлер (яғни трансформаторлар) өндірісі.
Электр энергиясын таратуға арналған трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі.
Электр кернеуін беру және тарату реттегіштерінің өндірісі.
Күштік генераторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарына арналған аккумуляторлық батареяны зарядтауды қоспағанда).
Генераторлық агрегаттар өндірісі (генераторлық қондырғының беретін блогын қоспағанда).
Жүзбелі балық зауыттарындағы зәкірге арналған орау құрылғысы

Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі

27320

Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі

Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі

2712

Электр қоректендіргішті ажыратқыштар өндірісі.
Электр желісіне арналған желілік сүзгілер өндірісі (өндірістік-тарату тізбегі үшін).
Электр кернеуін таратуға арналған бақылау панельдерінің өндірісі.
Электр релесі өндірісі.
Электрлік тарату қалқандарына арналған кабель өндірісі.
Электр детонаторлар өндірісі.
Қуатты ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі.
Электр энергетикалық жүйеде ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі (іске қосу кнопкаларын, ажыратқыштарды, соленоидтарды, тумблерлерді қоспағанда).
Бастапқы энергия көздерінің өндірісі

Электродты өнім өндірісі

27901

Электродты масса

24

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

Өзге де крандар мен вентильдер өндірісі

2814

Реттеуші клапандар мен су жинау крандарын қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар мен вентильдер өндірісі.
Қолжуғыштардың крандары мен вентильдерінің өндірісі.
Ыстық суға арналған крандар мен вентильдер өндірісі

Гидравликалық жабдықтар өндірісі

2812

Гидравликалық және пневматикалық компоненттер өндірісі (гидравликалық моторларға арналған гидравликалық помпаларды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангілер мен гарнитураны қоса алғанда).
Пневматикалық жүйелерде пайдалану үшін сығылған ауаны тазалауға арналған пневматикалық жабдықтар өндірісі.
Гидравликалық жүйелер өндірісі.
Гидравликалық трансмиссиялық жабдықтар өндірісі.
Көлемді гидроберіліс аспаптарының өндірісі

Ауыл шаруашылығы машиналарын шығару

28302

Көгал шалғыларын қоса алғанда, шалғыларды шығару.
Өздігінен зарядталатын немесе автоматты түрде түсіретін ауыл шаруашылығы трейлерін немесе жартылай тіркемелерін шығару.
Топырақты дайындауға, тыңайтқыш себуге немесе енгізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын: соқаларды, тыңайтқыштар бөлгіштерді, себу агрегаттарын/сепкіштерді, тырмаларды және т.б. шығару.
Жинауға және жармалауға арналған техника: жинау машиналарын, астық бастырғыштарды, сұрыптағыштарды және т.б. шығару.
Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған бүрку техникасын шығару.
Жұмыртқаларды, жемістерді және т.б. тазалауға, сұрыптауға немесе өңдеуге арналған машиналар шығару

Көтергіш крандар өндірісі

28224

Лифт өндірісі

Сүзгілеу және тазалау жабдықтарының өндірісі

28292

ЛОС-Ем ыдыстары.
ЛОС-К жалпы мақсаттағы камералары.
ЛОС-П құм тұтқышы.
ЛОС-Н мұнай тұтқышы.
КНС кәріздік сорғы станциясы.
ЛОС-Био биологиялық тазарту қондырғысы

Автомобильдердің өзге де бөліктері мен керек-жарақтарының өндірісі

2932

Автомобильдердің әртүрлі бөліктері мен керек-жарақтарының: тежегіштер, беріліс қораптары, көпірлер, жүріс дөңгелектері, аспалы амортизаторлары, радиаторлар, сөндіргіштер, пайдаланылған газды шығаратын түтіктер, каталитикалық түрлендіргіштер, ілініс тораптары, руль дөңгелектері, руль колонкалары, рульдік механизмнің қораптары өндірісі.
Автомобиль шанақтарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтар: қауіпсіздік белдіктері мен жастықтар, есіктер, бамперлер өндірісі.
Автомобильдерге арналған орындықтар өндірісі

Автомобильдер мен басқа да моторлы көлік құралдарының өндірісі

2910

Өзге де автокөлік құралдары: өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналар өндірісі.
Автокөлік құралдарына арналған қозғалтқыштар өндірісі.
Автокөлік құралдарына арналған шасси өндірісі

25

Өзге де көлік құралдарының өндірісі

Теміржол локомотивтерінің және жылжымалы құрам өндірісі

3020

Теміржол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамдарға арналған мамандандырылған жиынтықтауыштар: біліктер, осьтер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға арналған жиынтықтауыштар; иінтіректер, муфталар және жалғастырушы құрылғылар, буферлер мен жиынтықтауыштар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтердің негіздерін; шанақтар және т.б. шығару.
Тау-кен өнеркәсібі үшін рельстік арбалар мен локомотивтер шығару.
Механикалық және электромеханикалық сигнал беру жабдықтарын, теміржол, трамвай, ішкі су жолдарында, автотрассаларда, тұрақтарда, ұшу алаңдарында және т.б. қауіпсіздікті бақылауға және қозғалысты басқаруға арналған жабдықтарды шығару.
Теміржол вагондарына арналған орындықтар шығару

26

Велосипедтер, арбалар

Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі

3092

Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі. Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі.
Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі.
Пластик велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі.
Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі. Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі.
Балалар арбасының өндірісі

27

Фармацевтика

Фармацевтикалық препараттар өндірісі

2120

Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысулар және т.б.; вакциналар; гомеопатиялық препараттарды қоса алғанда, әртүрлі дәрі-дәрмектер өндірісі.
Сыртқа қолдануға арналған химиялық контрацептивті өнімдер мен гормоналды контрацептивтер өндірісі.
Жүктілік тестілерін қоса алғанда, медициналық диагностикалық препараттар өндірісі.
Радиоактивті заттарды анықтауға арналған диагностикалық препараттар өндірісі.
Биологиялық фармацевтикалық препараттар өндірісі.
Мақта, дәке, дәке таңғыштар, бандаж және т.б. сияқты медициналық таңу материалдары өндірісі

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі

2110

Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицил және O-ацетилсалицил қышқылдары және т.б. өндіру үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі.
Қанды қайта өңдеу.
Химиялық таза қант жасау.
Жануарлар шикізатынан эндокринді препараттар жасау (бездерді қайта өңдеу және бездер мен т.б. экстрактілер жасау)

28

Басқа тауар позициялары

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, тығыздалған маталар өндірісі.
Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі.
Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі.
Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау.
Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, созылмалы киім өндірісі

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі.
Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі.
Гауһар өңдеу.
Бағалы металдардан және бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай асыл тастардан немесе бағалы металдар мен асыл немесе жартылай асыл тастардың немесе өзге де материалдардың қосындысынан жасалған құнды заттар жасау.
Бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау.
Бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван жабыны бар анодтар және т.б. жасау.
Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған бағалы металл білезіктер жасау. Металдан жасалған бағалы дербес және бағалы емес бұйымдарды нақыштау

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен дәке өндірісі.
Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі.
Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездерін, көпірлерді және т.б. өндіру.
Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі. Көз протездерін жасау.
Офтальмологиялық бұйымдар, көруді бейімдеуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер, катетерлер, канюля және т.б. өндірісі.
Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі.
Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі.
Зертханалық стерилизаторлар өндірісі.
Стоматологиялық құралдар өндірісі.
Медициналық термометрлер өндірісі.
Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі.
Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.
Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, орнатылған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі. Диализаторлар өндірісі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдер өндірісі

3299

Жеке қорғаныш құралдарының, респираторлар және т.б. өндірісі

29

Білім беру

Тұрғын үйдің басқа түрлерінде көрсетілетін қызметтер

5590

Студенттік және (немесе) мектеп жатақханаларын салу және реконструкциялау

Білім беру

85

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

Компьютерлік сауаттылықты оқыту бойынша көрсетілетін қызметтер, компьютерлік бағдарламалауды оқыту қызметтер

30

Туризм*

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

5510

Орналастыру орындарын (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты қонақ үйлер, мотельдер) салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

5520

Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.)

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

5530

Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар)

Аурухана ұйымдарының қызметі

8610

Санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері

4939

Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару

31

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86

Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау

32

Көлік және қоймалау**

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

52

Көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу

33

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

Тас көмірді байыту ***

05.10.3

Сапасын жақсарту, оны тасымалдау немесе сақтауды жеңілдету үшін тас көмірді жуу, ірілігі бойынша бөлу, ұсақтау, сығымдау және т. б.

Тұз өндіру

0893

Техникалық тұз

34

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

62

Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру, тестілеу және сүйемелдеу.
Ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер, коммерциялық ақпараттық жүйелерді жоспарлау және жобалау

35

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

Деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет, веб-порталдардың қызметі

63

Деректерді өңдеу саласында көрсетілетін қызметтер, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және соған байланысты көрсетілетін қызметтер

36

Электрондық өнеркәсіп

Электрондық элементтер мен платалар өндірісі

26.1

Көп қатпарлы баспа платаларының өндірісі

Компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндірісі

26.2

Дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, перифериялық жабдықтар өндірісі

Коммуникациялық жабдықтар өндірісі

26.3

Экономиканың түрлі салаларында заттар интернетінің (IoT) кешенді шешімдерін енгізу үшін телематикалық құрылғылар (M2M-құрылғылар) әзірлеу, телекоммуникациялық жабдықтар өндірісі

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптар өндірісі

26.5

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптар, күзет және өрт сигнализациясы жүйелерінің өндірісі

      * Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      ** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

      *** Үйінділерден алынған тас көмір.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
  "__________________"
  акционерлік қоғамына

Алдын ала кепілдік хат

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидаларының (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары)/Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінің (бұдан әрі – тетік) ___________ бағытын іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "_____________" жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ЖК/ЖШС/АҚ) "_____" __________ жобасы бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы өтінімін қарап, мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі "_______________" ЖК/ЖШС/АҚ "_______________" ___________ жобасы бойынша мынадай талаптармен кепілдік беруге әзір:

      1) кепілдік сомасы: __________________ (_________________________) теңге, бұл кредит сомасының _______ %-ын құрайды;

      2) кепілдік мерзімі __________________;

      3) кепілдік берудің өзге талаптары Кепілдік беру қағидалары/тетік шарттарына сәйкес жасалуға тиіс кепілдік шартымен реттеледі;

      *талаптарды кесте нысанында қосуға жол беріледі.

      Осы алдын ала кепілдік хаттың қолданылуы __________ дейінгі мерзімді құрайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі жоғарыда көрсетілген кепілдік беру талаптарын қайта қарауға және оларды толығымен немесе ішінара өзгертуге не жоюға құқылы, бұл жөнінде банк кепілдік шартына қол қойғанға дейін хабардар етіледі.

      Құрметпен,

      ___________ _____________ _____________________________________

      (лауазымы) (қолы) мөр орны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
6-қосымша

Кәсіпкердің жобасы бойынша банк* қаржы агенттігіне беретін құжаттардың тізбесі

      1. Жалпы құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Банктен құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылатын электрондық формат

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртабанымен куәландырылған түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

3

Банктен кредит алуға арналған өтінім

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепіл және заң басқармасының және тәуекелдерді басқару басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Соңғы есептік күнгі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды (бұдан әрі – ТМҚ) толық жазу, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Кәсіпкердің мөрімен расталған жыл басындағы және соңғы есептік күнгі жағдай бойынша (жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша берешектің туындау күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, ТМҚ-ны толық жазу) кәсіпкердің қаржылық құжаттары (заңды тұлғалар үшін)**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын толық жазу – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралған кезең үшін өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсете отырып, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы, соңғы 12 айдағы айналымдары, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болса) болуы туралы анықтамалар

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

11

Лицензиялар***, патенттер, квоталар және т.б. (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

уәкілетті орган лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылытиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

12

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары және т.б.;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (кредит құрылыс, реконструкциялау және т.с.с. салада пайдалану үшін берілген жағдайда) және т.б.;
3) жобаға өзінің қатысатынын растайтын құжаттар;
4) қаралатын жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

13

Бизнес-жоспар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылдар үшін қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

16

Банк қарызын, банк атынан кепіл және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасаған кезге қарай ұсынуы мүмкін)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      * Ұлттық жоба/тетік бойынша осы тізбені қаржылық лизинг шарттары бойынша лизингтік компаниялар да ұсынады.

      ** 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер бойынша.

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күнге 6 айдан аспауға тиіс.

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар*

      1. Кәсіпкер жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

2

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама***

уәкілетті орган жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) бар құжат

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме не түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Кәсіпкердің/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кәсіпкердің/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      2. Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама***

уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Уәкілетті органның бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа не банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Кредит алу туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және кәсіпкердің мөр бедерінің (бар болса) үлгілері бар құжат

банктің уәкілетті органының түпнұсқасымен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттінінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      Ескертпе:

      *** Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, лицензия туралы хабарлама бойынша мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" порталы арқылы алған кезде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігіліп, нөмірленеді не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолы қойылып, мөрімен/мөртабанымен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттамалар, есептемелер, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру мен ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің меншікті қаражатымен (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қоса қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру мерзімдерін қамтитын жоспары;

      2) веб-портал – интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      3) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде жасалатын, талаптары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы грант берілетін үшжақты келісім;

      4) жаңа бизнес-идея – осындай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (конкурс өткізу кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады). Жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі жаңа және (немесе) жетілдірілген тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды немесе басқа кәсіпорындардың практикасында іске асырылған және технологиялық алмасу (патенттелмеген лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын нарыққа әзірлеу және (немесе) енгізу болуға тиіс;

      5) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      6) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (сәйкестендіру) және оның жеке деректері мен баптауларына рұқсат беру үшін қажетті шот;

      7) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

      8) кворум – конкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының дауыс беру кезінде қатысуы;

      9) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      10) конкурстық комиссия – гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган;

      11) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      12) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      13) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық;

      14) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш;

      15) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      16) өңірлік үйлестіруші – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      17) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      18) үлестес компаниялар/тұлғалар – үлестес компаниялар/"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары:

      жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары);

      ірі акционері/ірі қатысушысы/өндірістік кооператив мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

      осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға;

      осы тармақшаның 3) және 4) абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар оған қатысты ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      осы тармақшаның 3), 4) және 5) абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары;

      19) халықтың әлеуметтiк осал топтары – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған азаматтар санаты;

      20) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі, өңірлік үйлестірушіге мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аз мерзімді құрайтын кәсіпкер (жасы ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің өңірлік үйлестірушіге жүгінген күнімен айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      21) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – өңірлік үйлестірушіге мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан кем мерзімді құрайтын кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      22) электрондық өтінімдер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      23) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

      4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет өңірлік үйлестірушілер арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.

      5. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттар беру мақсатында уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты өңірлік үйлестірушіге аударады.

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны (бұдан әрі – ұлттық жоба) іске асыру мақсатында 20 %-дан аспайтын бөлінетін қаражат халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге бағытталады.

      7. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді беруші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындайтын қатынастарға қолданылады.

      8. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары күшіне енген күні қолданыста болған және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген грант беру туралы шарттар қаржыландыруға жатады.

      9. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

2-тарау. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің тәртібі мен шарттары

1-параграф. Мемлекеттік гранттар беру шарттары

      10. Өз қызметін ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асыратын, Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 22-тармағына сәйкес осы конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      11. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге арналған қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:

      1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

      12. Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады:

      1) тауарлар шығаруға немесе қызметтер көрсетуге қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технология сатып алу;

      4) кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды.

      Бұл ретте, егер көрсетілген іске асыру мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал өткізілген болса және бизнес-жобаны іске қосу және кейіннен іске асыру үшін ұқсас/балама құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер грант қаражатын өтеуге міндетті.

      13. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:

      1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

      2) жалдау ақысының төлемі ретінде;

      3) үлестес компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);

      4) бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

      5) осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және прокаттауға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;

      6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға пайдалануға болмайды.

      Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (жеке тұлғадан автокөлік сатып алуға жол беріледі).

      14. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.

      15. Мына:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

      4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруын (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде 3-топтағы мүгедектерді қоспағанда);

      5) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

      6) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде);

      7) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелген және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.

      16. Конкурсты өткізу үшін облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімінің шешімімен гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрылады және оның құрамын бекітеді.

      Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

      17. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.

      Конкурстық комиссия құрамында 7 (жеті) адамнан кем емес жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, салалық сарапшылар, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құрылады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда, төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді. Комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      Конкурс комиссиясының отырысы кворум болған жағдайда заңды деп есептеледі. Конкурстық комиссияның шешімі, егер оған конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Мүдделер қақтығысы туындаған кезде конкурстық комиссияның отырысы кезеңінде конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасына бұл туралы өздеріне белгілі болған сәтте жазбаша нысанда хабарлайды.

      Конкурстық комиссия төрағасының мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оның өкілеттігі конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына өтеді.

      Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы және/немесе мүшесі өзіне қатысты мүдделер қақтығысы туындаған кәсіпкердің өтінімін қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      18. Өңірлік үйлестіруші конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады;

      2) жартыжылдық негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлерге гранттар түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын жария етуді қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты мәселелер бойынша, гранттар берудің шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;

      4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) хаттама қалыптастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлерді грант беру туралы хабардар етеді;

      7) грант беруден бас тартылған жағдайда хаттама қалыптастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жүктеліп алынған хаттаманы және грант беру туралы дәлелді бас тартуды жібереді.

      19. Өңірлік үйлестіруші гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

      20. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      21. Мемлекеттік гранттар алуға арналған өтінімді қарау мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім беру (конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімге қосымшаны міндетті түрде толтыра отырып) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базаларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы мәліметтерді растау;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған деректер базасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішіндегі 3-топтағы мүгедектікке жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болса);

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (-лерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішіндегі 3-топтағы мүгедектікті қоспағанда);

      7) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе "Автомобиль" деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда).

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

      22. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      2) Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);

      3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде 3-топтағы мүгедектікті қоспағанда);

      4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда);

      5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

      23. Кәсіпкер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама жөнінде мәліметтер, заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің қызмет түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ қызметтің тоқтатылғаны туралы мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар/жоқ болуы туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.

      24. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) кәсіпкерлердің, өңірлік үйлестірушінің, қаржы агенттігінің, уәкілетті органның (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуға тиіс;

      2) өңірлік үйлестіруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      Жеке кабинетте тіркелу үшін пайдаланушылар мына мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі мен ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізу уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жібереді.

      Өтінімді қалыптастыру және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 21-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қатенің болуы анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      Кәсіпкер ұлттық жобаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.

      25. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      26. Кәсіпкер толық емес құжаттар топтамасын ұсынған не анық емес деректерді немесе осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

      27. Өңірлік үйлестіруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;

      2) ақпараттық жүйе арқылы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, мемлекеттік гранттардың берілуінен үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының графиктерін қалыптастырады.

      График қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мқұлданған өтінімдер тізбесіне кірген барлық кәсіпкерлерге таныстырылымның күні, уақыты мен орны және кәсіпкерлердің жобалары бойынша дауыс беру туралы автоматтандырылған хабарлама жолданады;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған өтінімдерді және кәсіпкердің электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      28. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі.

      29. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасымен конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы таныстырады.

      30. Мемлекеттік грант беру тетігінің ашықтығы мақсатында өзінің бизнес-жобасын таныстыратын кәсіпкерді хабардар ете отырып, аудио немесе бейне жазба жүргізіледі.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдері қатыса алады.

      Конкурстық комиссияның отырысы барысында байқаушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын кәсіпкерлерге сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кәсіпкерлердің дербес деректеріне, кәсіпкерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауына, техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      31. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан мәлімделген жобаны қарауды;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балдар қою әдісімен дауыс беруді;

      3) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттардың берілуінен үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының конкурстық комиссияның әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелері және оның қорытынды шешімі көрсетілген хаттамасына қол қоюды жүзеге асырады.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде өңірлік үйлестіруші арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.

      32. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды;

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      Бұл ретте, бизнес-идеяның жаңашылдығы өлшемшартына:

      нақты елді мекенде немесе ауылдық округте бұрын өткізілмеген тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды;

      нақты елді мекенде немесе ауылдық округте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

      33. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, оған конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы және конкурстық комиссияның төрағасы ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде қаралған өтінімдерге сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервілеу жүргізіледі.

      34. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 9 (тоғыз) ай.

      35. Жобаны бағалау үшін оған балл беру осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

      36. Кәсіпкердің бір жобасы бойынша конкурстық комиссияның мүшесі беретін ең жоғары балл 40 (қырық) балды құрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлердің бизнес-жобалары бойынша ең жоғары балл сомасы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес 28 (жиырма сегіз) балды құрайды.

      37. Дауыс берудің қорытындысы бойынша конкурстық комиссияның мүшелері қойған балдар саны қосылып, конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады.

      38. Жоба конкурстық комиссияның дауыс берген мүшелерінің мүмкін болатын ең көп балдары қосындысының 70 %-ынан астамын жинаған жағдайда, жобаны конкурстық комиссия мақұлдаған болып есептеледі.

      39. Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      40. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, уәкілетті орган хаттаманы веб-портал арқылы тұрақты негізде, ал қаржы агенттігі мен кәсіпкер – хаттамаға қол қойылғаннан кейін ғана қарайды.

2-параграф. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

      41. Веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижелері бойынша өңірлік үйлестіруші:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі мемлекеттік грантты беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкермен, қаржы агенттігімен грант беру туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

      42. Мемлекеттік гранттарды мемлекет өңірлік үйлестірушілер арқылы мемлекеттік гранттар беруге арналған кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.

      43. Грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге оның есептік банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Грант қаражатын дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына аударуға болмайды.

      44. Грант беру туралы шартқа қосымша келісімдерді шарт тараптары веб-портал арқылы жасайды.

      45. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      46. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты сұрата алады, жобаны іске асыру орнына бару арқылы мониторингті жүзеге асырады.

      47. Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес бизнес-жобаларды орындау бойынша кәсіпкерлер қызметін мониторингтеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингтеу;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу жатады.

      48. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) веб-порталда грант алушылардың тізілімін жүргізеді;

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және өңірлік үйлестірушіге кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

      49. Қаржы агенттігі кәсіпкердің грант қаражатын нысаналы пайдаланбағанын не жобаның және/немесе кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру талаптарына және/немесе конкурстық комиссияның шешіміне және/немесе грант беру туралы шарт талаптарына сәйкес келмейтінін не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамағанын анықтаған кезде қаржы агенттігі өңірлік үйлестірушіні және конкурстық комиссияны веб-портал арқылы хабардар етеді.

      Қаржы агенттігі ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жою үшін қосымша уақыт беру не кәсіпкермен жасалған нысаналы грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдайды, осыдан кейін өзінің шешімі туралы өңірлік үйлестірушіні және қаржы агенттігін веб-портал арқылы хабардар етеді.

      50. Конкурстық комиссия кәсіпкермен жасалған грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, өңірлік үйлестіруші веб-порталда көрсетілген шартты бұзады және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтару жөніндегі іс-шаралар жүргізеді. Грант қаражатының бір бөлігінің нысаналы пайдаланылмауы анықталған жағдайда, конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша грант қаражатын грант қаражатының нысаналы пайдаланылмаған сомасына ғана қайтаруға жол беріледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөнінде консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланылатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: __________________________________

      электрондық пошта мекенжайы: ______________________________;

      байланыс телефоны _________________________________________

      Конкурстың нысанасы: 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

      Өтінімдерді ұсыну мерзімдері: 20__ жылғы "____" ____________ бастап 20__жылғы "__" ______ аралығында.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдануға жатпайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: _______________.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім

  _____________________
облысының (республикалық
маңызы бар қаланың,
астананың)
____________________________
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру (өз бизнесін құру) үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысатынымды мәлімдеймін.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ____________

      мекенжайы __________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі__________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы _______________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________

      ЖСН _______________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ______________________________________________________

      кім берді ____________________________________________________

      берілген күні ________________________________________________

      мекенжайы _________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі__________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ______________________________________________

      хабарлама күні _______________________________________________

      2. Шағын кәсіпкерлік субъектісінде екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: __________________________________________

      Банктің атауы: _______________________________________________

      БСК ________________________________________________________

      ЖСК _______________________________________________________

      БСН _______________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________

      3. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге ______________;

      оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с

Жыл

Сома, тг

Мақсаты
(бизнес-жобаның егжей-тегжейін ашумен)

1




2




      Мынаны:

      1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;

      2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерді тексеруіне жол берілетінімен;

      2) өңірлік үйлестірушінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтындығымен;

      4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға ұсынуға құқылы екенімен;

      5) өңірлік үйлестірушінің кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мемлекеттік грант ұсынылмаса да, өңірлік үйлестірушіде сақталатынымен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауына қабылдауымен, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) өңірлік үйлестірушінің нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынымен келісемін.

      Конкурстың шарттарымен және 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші 20 __ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Жаңа бизнес-идеяларды іске
асыру үшін мемлекеттік грант
беруге арналған конкурстық
іріктеуге қатысу үшін өтінімге
қосымша
Нысан

Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы ______________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы ________________________________;

      жобаны іске асыру орны ______________________________________;

      жобаны іске қосу күні _________________________________________;

      қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады) __________;

      өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы аудиториясы ________________________;

      жер учаскесінің және/немесе үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік) ________________________;

      учаскенің және/немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі (бар болса) ______;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (бар болса тізбелеу): __________________.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің қызметі туралы деректер:

      секциясы: ___________________________________________________;

      бөлімі: ______________________________________________________;

      тобы: _______________________________________________________;

      сыныбы: ____________________________________________________;

      кіші сыныбы: ________________________________________________.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау_________________________________;

      ұсынылатын өнім алуы мүмкін нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу _____;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер _______;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға әзірлігін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) _______________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) ___________________;

      жасалатын өнімнің бәсекелік артықшылықтары, техникалық-экономикалық сипаттамаларын аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау келтіріледі (аналогтармен салыстыра отырып, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог





      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкерлер саны______________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, машықтардың, дағдылардың немесе білімнің болуы) _______________________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелу мерзімі, ай ______________________________;

Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат



Грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

      5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының саны, адам


Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


      5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл бойынша сомасы

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл


Құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны, адам



-

-


Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге






Таза пайда, мың теңге






      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және толық табыс алмау ықтималдығы)



Маркетингтік (тауарды өткізу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен толық пайда алмау ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (.pdf форматында)

1

2

3

1

Кәсіпкердің ұлттық жоба шеңберінде курстарда қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжат (бар болса)


2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 % ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


      8. Қосымша мәліметтер:

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);

      2) сіздің пікіріңізше, бизнес-жобаның енгізуге әзірлігін сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) сіздің пікіріңізше, осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде сіздің нені басшылыққа алғаныңызды, бұл санның қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкестігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) сіздің пікіріңізше, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдылықтың, мереке күндерінің әсер етуіне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-қимылдарыңызды сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңашылдығын сипаттаңыз (бірегейлігі, қолданушылығы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы) (мүгедектер үшін қолданылмайды).

      9. Қосымша ақпарат:

      Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), көрсеткіштердің Excel форматындағы есебін қоса берілсін.

      Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістердің, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Кірістердің қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттардың берілуінен үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының графигі

Р/с

Кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаны іске асыру орны

Гранттың сұратылатын сомасы, теңге

Конкурстық комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты



















  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
5-қосымша

Кәсіпкердің жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды)

Балдар қосындысы

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

Балдар қосындысы

3.

Әзірлік дәрежесі

Балдар қосындысы

4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы

2 балл – жобаны іске асыру үшін талап етілетін меншікті инфрақұрылымның болуы;
1 балл – бизнес-жобада оны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымды құру көзделеді.

5.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды)

2 балл – 20 %-дан жоғары; 1 балл – 10 %-дан 20 %-ға дейін.

6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

7.

Жобаның экономикалық орындылығы

Балдар қосындысы

      1) Бизнес-жобаның жаңашылдығын бағалау

Бизнес-жоба жаңашылдығының өлшемшарттары

Балдар

Жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы)

2 балл – аналогтардың болмауы; 1 балл – аналогтары бар, алайда бизнес-жобаны іске асыру бағыты жаңа және өңір үшін перспективалы.

Жобада ұсынылатын шешімдердің жаңашылдығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегия құру, өнімнің материалы/өндіру тәсілі)

2 балл – сәйкес келеді; 1 балл – ішінара сәйкес келеді; 0 балл – сәйкес келмейді.

Жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы)

2 балл – жобада заманауи технологиялар қолданылады; 1 балл – бар; 0 балл – жоқ.

Өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы)

2 балл – бар; 0 балл – жоқ.

Бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде нарыққа өнімді немесе бизнес-процесті ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, жеке капиталды қаржыландыруға тарту перспективасы).

2 балл – сәйкес келеді; 1 балл – ішінара сәйкес келеді; 0 балл – сәйкес келмейді.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

      2) Бизнес-жобаның тиімділігін бағалау

Тиімділік өлшемшарттары

Балдар

Бизнес-жобаның өтелу мерзімі

2 балл – 3 жылдан аспайды; 1 балл – 3 жылдан асады; 0 балл – 7 жылдан асады.

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы)

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

Бір өнім берушіге не сатып алушылардың шағын тобына тәуелділік

Жоқ – 1 – 2 балл/Иә – 0 балл

Тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізу/қызметтер көрсету/жұмыстарды орындау/технологияларды/ франшизаларды/патентті және т.б. сатып алу шарттарының/келісімшарттарының болуы

2 балл – бар; 1 балл – жоқ.

Бизнес-жобаны іске асыру үшін мешікті үй-жайдың болуы

2 балл – бар; 1 балл – жалға алынатын үй-жай.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

      3) Бизнес-жобаның әзірлік деңгейін бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі

2 балл – қажеттілік пен өнімді нарыққа ілгерілету арналары бар; 1 балл – нарықтағы бәсекелестік тұрғысынан қажеттілік төмен, ілгерілету арналары тиімсіз; 0 балл – жоқ.

Білікті мамандар командасының болуы

2 балл – бар; 0 балл – жоқ.

Жобаларды іске асырудағы тәжірибенің болуы

2 балл – 3 жылдан асады; 1 балл – 3 жылға дейін.

Бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе).

2 балл – мүмкін; 1 балл – барынша аз инвестициялармен мүмкін; 0 балл – мүмкін емес.

Жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтауға меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу)

2 балл – жеткілікті, көрнекі салыстырмалы талдау бар; 1 балл – жоба қосымша қаражат тартуды талап етеді, бұл ретте бизнес-жобада тартудың әдістері мен көздері ашып көрсетіледі.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

      4) Жобаның экономикалық орындылығын бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Жұмыс орындарын құру

2 балл – жоба жұмыс орындарының жеткілікті санын құруды білдіреді; 1 балл – жұмыс орындарының мәлімделген санын құра алмау тәуекелі бар.

Бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы)

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттардың берілуінен үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ ХАТТАМАСЫ

      1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:

      өтінім нөмірі: _________________ өтінім берілген күн: ________________

      заңды тұлға үшін: атауы______ БСН_________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      дара кәсіпкер үшін: атауы_____ ЖСН _________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________

      2. Жоба туралы қысқаша мәліметтер:

      бизнес-жобаның атауы ____________________________

      бизнес-жобаны іске асыру орны _________________________________

      гранттың сұратылатын сомасы, теңге ______________________________

      3. Комиссия мүшелері:

      1) _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) …..

      3) …..

      Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:

      дауыс беруге барлығы _________________ комиссия мүшесі қатысты, оның ішінде:

      ___дауыс берді;___дауыс берген жоқ ("әдепкі бойынша" ең жоғары балл қабылданды).

      Комиссияның жобаны қарау нәтижелері:

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды)


2.

Бизнес-жобаның тиімділігі


3.

Әзірлік дәрежесі


4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы


5.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды)


6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары


7.

Жобаның экономикалық орындылығы



ЖИЫНЫ:


      Жоба бойынша балдардың ең жоғары ықтимал сомасы ________ балды құрайды.

      Мемлекеттік грант алу үшін өту балы (балдардың ең жоғары ықтимал қосындысының 70 %-ы): __________ балды құрайды.

      Комиссия шешімі: жоба ________ мың теңге сомасында мақұлданды/мақұлданбады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      1. ЭЦҚ деректері; ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.

      2. …..

      3. …..

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді әрі шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аяқталмаған құрылыс – тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда алу және басқа да пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;

      2) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілер құруға (салуға) не қолданыстағыларын реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттандыру объектілерін құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған және аяқталған сипатқа ие іс-шаралар жиынтығы;

      3) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингтеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға беру кезіне дейін жаңа объектілер құру (салу), қолданыстағыларын реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      4) бюджеттік процесс – мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингтеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;

      5) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, өңірлік үйлестірушінің, ӨҮК, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      6) жеке шот – өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалардың жиынтығы;

      7) жеке қаржыландыру жоспары – шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты;

      8) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;

      9) заманауи форматтағы сауда объектілері – тауарлардың бір мың және одан да көп атауы (бірліктері) бар мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек және сауда алаңының шаршы метріне сату өнімділігі жоғары, аумақ шекарасы шегіндегі автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуын көздейтін кемінде 500 шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектілері;

      10) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), коммуникациялар мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;

      11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      12) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      13) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау туралы мәліметтер қамтылған құжат;

      14) құрылыс жобасы – көлемді жоспарлау, конструктивті, технологиялық, инженерлік, табиғатты қорғау, экономикалық және өзге де шешімдер қамтылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыруға және жүргізуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулер (құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өз ресурстары таусылған объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады);

      15) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдар мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объект салуды жүзеге асыру үшін қажетті ақша;

      16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      17) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      18) нəтижелер көрсеткіштері – стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жиынтығы;

      19) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi – бекiтiлген жобаға және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталуын және объектiнiң пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;

      20) өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      21) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      22) өтінім – осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш;

      23) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      24) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      26) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындаумен пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелері қамтылатын құжат;

      27) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функцияларға, өкілеттіктерге және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу толығымен осы функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қызметіне, өкілеттіктеріне немесе қызметтер көрсетуіне байланысты болатын олардың көлемінің сандық сипаттамасы;

      28) түпкiлiктi нәтиже – мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;

      29) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      30) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтардың жобаларына өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

      4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу болып табылады.

      5. Шағын және орта кәсiпкерлік пен индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге көзделген қаражат белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарының негізінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттермен аударылады.

      7. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға жол беріледі.

      8. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді беруші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

2-тарау. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу тәртібі

1-параграф. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарттары

      9. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша қызметін экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз іске асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

      10. Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газды құрылғылар инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.

      11. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

      12. Инфрақұрылымды аумақтың шекарасына дейін және индустриялық аймақ ішінде жеткізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен қоса қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      13. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн теңгеден кем болмауға тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн теңгеден кем болмауға тиіс, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін 5 (бес) млрд теңгеден аспайтын сомадағы инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды), сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобаларды қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспауға тиіс.

      14. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауы үшін экспортқа бағдарлануды және импорт алмастыруды салалық бағалауды, сондай-ақ тиісті саланы дамытуға экономикалық әсерді қамтитын тиісті салалық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.

      15. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) млрд теңгеден кем болмауға тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 (екі) млрд теңгеден кем болмауға тиіс.

      16. Мынадай өлшемшарттарға сай келетін заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге жол беріледі:

      1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында – кемінде 3 (үш) мың шаршы метр сауда алаңы бар;

      2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.

      17. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына инфрақұрылым жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу өлшемшарттарына сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

      18. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру кезінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша қатысушыларға құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын береді.

      19. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-ынан аспауға тиіс.

      20. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Өткен қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген БИЖ-ді іске асыру үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қайтадан қаржыландыру жүзеге асырылмайды.

      22. Республикалық және жергілікті бюджеттерден құрылысқа (реконструкциялауға) жоба алдындағы (ТЭН) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.

      23. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК жұмыс органы болып табылады, ол:

      1) кезеңді негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және веб-портал арқылы ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну барысын жария етуді қамтамасыз етеді;

      2) кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды ұсыну шарттары мен тәртібі бойынша кәсіпкерлерге консультация береді.

      24. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.

2-параграф. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы

      25. Кәсіпкер инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі:

      1) бизнес-жоспар;

      2) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      26. Өңірлік үйлестіруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкердің жобасын осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін енгізеді;

      4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

      27. Кәсіпкер құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін анықтаған, сондай-ақ кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өңiрлiк үйлестiрушi кәсiпкерге мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы бар хабарлама жiбередi.

      28. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылуына қарай өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны кемінде 10 (он) адамды құрайды, оның кемінде 50 %-ы кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері болады.

      ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.

      29. ӨҮК өткізетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарау және талқылау;

      3) талқылаудың нәтижелері бойынша ӨҮК осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      30. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.

      31. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама жібереді. ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге уәжді жауап жолдайды.

      32. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін, ӨҮК хаттамасын БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жолдайды.

      33. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаражат бөлу қажеттілігі туралы бюджеттік өтінімді қалыптастырады және:

      1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 13, 15 және 16-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары және индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;

      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жеткізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      34. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік өтінімде қамтылған ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

      35. Бюджеттік өтінім келіп түскеннен кейін уәкілетті орган мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік процесс шеңберінде бюджеттік өтінімнің осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;

      2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілерінен БИЖ-ді іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды талап етеді;

      3) құжаттардың толық топтамасы бар БИЖ тізбесін қалыптастырады;

      4) шығыстар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жібереді;

      5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік комиссияның қарау қорытындысы және шешімі бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы хабарлайды.

      36. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептеу кезінде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың деректер базасы да пайдаланылады.

      Бюджеттік өтінім жасалуы және ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға міндетті;

      2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;

      3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру/жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобасын әзірлейді.

      37. Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қабылданады.

      38. Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қабылданады.

      39. Республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы шешімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттік сыныптамасына, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары әзірленеді.

      40. Кәсіпкерлік субъектілерінің объектілеріне және индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер аударуы арқылы жүзеге асырылады.

3-параграф. Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы

      41. Өңірлік үйлестіруші индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді.

      ӨҮК жоба осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда оң шешім шығарады.

      42. Өңірлік үйлестірушісі ӨҮК оң шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.

      43. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының шарттарға сәйкестігі тұрғысынан қорытынды жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.

      44. Өңірлік үйлестірушілер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.

      45. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, өтінім келіп түскен кезден бастап осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 1-параграфында регламенттелген тәртіппен индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларды қарайды.

4-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі

      46. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім беру субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

      47. Кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерлерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі.

      48. Кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы мынадай сканерленген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

      1) бизнес-жоспар;

      2) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      49. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, субъектінің санаты туралы хабарлама бойынша мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы айқындалады.

      50. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін кәсіпкерлердің ЭЦҚ-сы болуға тиіс;

      2) өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      51. Жеке кабинетте тіркелу үшін кәсіпкер мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде кәсіпкер бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      52. Кәсіпкердің өтінімді қалыптастыруы және тіркеуі жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 47-тармағы 3) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Өңірлік үйлестірушінің веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Өңірлік үйлестіруші өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      53. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды (бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады);

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      54. Кәсіпкер және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өңірлік үйлестіруші өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге уәжді бас тарту жібереді.

      55. Дауыс берудің аяқталу күні өңірлік үйлестіруші өтінімнің қабылданғанын растаған күннен бастап бесінші жұмыс күніне белгіленеді.

      Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде отырыс өткізбей жеке жүзеге асырады.

      56. ӨҮК конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына сәйкес веб-порталда мыналарды жүзеге асырады:

      1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобалары мен қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау;

      2) "келісемін" немесе "қарсымын" тармақтарын белгілеу әдісімен дауыс беру және жобаларды конкурсқа жіберу.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындайды.

      Кәсіпкердің жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кем дауыс берілген жағдайда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және өңірлік үйлестірушіге өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.

      57. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.

      58. Хаттамаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, ӨҮК құрамы қол қояды. ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін жоба бойынша кәсіпкердің құжаттамасы БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін өңірлік үйлестірушінің, кәсіпкердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      59. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары шеңберінде қатысушылардың жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу үшін одан әрі өзара іс-қимылы осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 3 және 4-тарауларында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      60. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін жібереді.

3-тарау. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізуді мониторингтеу

      61. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізуді мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларының негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың уәкілетті органы/әкімшісі жүзеге асырады.

      62. БИЖ-ді іске асыру мониторингі:

      1) БИЖ-ді іске асыру барысы туралы ақпарат жинауды;

      2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындауды;

      3) БИЖ бойынша қаржы қаражатының игерілген сомасы жөнінде ақпарат жинауды көздейді.

      63. Мониторинг қорытындысы есепті қаржы жылы ішінде БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарлы көлемдері мен қаржы қаражатының игерілген сомалары туралы ақпаратты қамтитын қағаз және электрондық жеткізгіштердегі есеп болып табылады.

      PDF форматындағы есептің сканерленген көшірмесін өңірлік үйлестіруші осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.

      64. Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын республикалық және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға, оның iшiнде электрондық порталға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) сәуірінен кешiктiрмей мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынады.

      Жиынтық ақпаратта:

      1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;

      2) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпарат қамтылады.

      65. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) сәуірінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне ұсынады.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-ді іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін ұсынады.

      Жиынтық ақпаратта:

      1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;

      2) аяқталған және өтпелі жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпарат;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, нақты орындалу, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.

      66. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді олардың тиісті бюджеттік бағдарламаларда белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.

      67. Мемлекеттiк аудиттiң нәтижелерi бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес нысаналы трансферттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік аудит нәтижелерi бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін 3 (үш) айдан кешiктiрмей осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мiндеттi түрде қайтарылуға тиiс.

      68. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендердi қоспағанда, республикалық/облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерiнiң тиiстi қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкін.

      69. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат берілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға тиіс.

      70. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған республикалық, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдығы есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 (бірінші) наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға тиіс.

      71. Мониторинг нәтижелері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жағдайда, БИЖ-ді іске асыруға жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу қайта жүзеге асырылмайды.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды жеткізу
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалдау мен лизингін көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды жеткізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтініш

      _______________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;

      дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорт деректері)

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің тұрғылықты жері)

      _______________________________________________________________

      (жобаны іске асыру орны)

      _______________________________________________________________

      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      _______________________________________________________________

      (банк деректемелері)

      _______________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      _______________________________________________________________

      (экономика саласын, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ЭҚЖЖ) көрсету

      _______________________________________________________________

      (ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)

      _______________________________________________________________

      жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)

      _______________________________________________________________

      қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражаты, қарыз қаражаты)

      _______________________________________________________________

      инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді. Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысты және ұлттық жоба шеңберіндегі Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды қоса береді.

      ______________________________________________________

      Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      20___жылғы "___" ___________ өтініштің № ____ "____" сағ. "____" мин.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің анық екендігін растаймын және ӨҮК мәліметтерін тексеруге қарсы емеспін. Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Барлық деректер, ақпарат және құжаттама төменде көрсетілген күнге анық болып табылады және толығымен шындыққа сәйкес келеді.

      2. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      3. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      4. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің анық емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Кәсіпкер осы арқылы мыналарға келісімін береді:

      1. Өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтiнiмде қамтылатын барлық мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар ұлттық жоба шеңберiнде жетiспейтiн өндірістiк (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшiн ғана берiлдi.

      3. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу бойынша мемлекеттік қолдауды ұсыну туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын.

      ________________________ ____________________________

      Басшы (дара кәсіпкер) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды жеткізу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін электрондық өтінім

      1. ___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) _____________________________________________________. (заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2. Ұсынылып отырған 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу туралы материалдарды қарастыруды сұраймын.

      3. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

      басшының ЖСН ________________________________________________

      мекенжайы ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ___________________________________________

      дара кәсіпкер үшін:

      атауы _________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді ______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабарланған күні ______________________________________________

      4. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: _____________________________________________

      Банктің атауы: __________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК___________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      5. Жоба туралы мәліметтер:

      жобаның атауы __________________________________________________

      жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________

      жобаны іске асыру орны __________________________________________

      қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _______________________________________________________

      қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________________

      инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі _____

      құрылыстың құны, мың теңге ______________________________________

      жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________

      салық салу жүйесі: _______________________________________________

      экономика саласын көрсету: _______________________________________

      ЭҚЖЖ:________________________________________________________

      жалдамалы жұмыскерлер саны _____________________________________

      6. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсерлік:

Р/с №

Жылдар

Факт

Болжам

ағымдағы жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

1

2

3

4

5

6

1

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам



-

-

2

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге





3

Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге





      7. Берілген құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf. форматында)

1

2

3

1

Бизнес-жоспар


2

Жобаның ТЭН-і


3

Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама


      Мыналарға:

      1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуі мүмкін екендігімен;

      2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екендігімен;

      3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанымен;

      4) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін екендігімен;

      5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға ұсынуға құқылы екендігімен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдайтынымен, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынымен келісемін.

      Конкурс шарттарымен және 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "___" _____ сағ. 00:00 қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші 20__ жылғы "___" __________ сағ. 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) сыртқы консультанттар (аға сеньорлар) – басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей кәсіпорындарда "Аға сеньорлар" құралының қатысушыларына консультация беру үшін тартылған шетелдік және/немесе отандық консультанттар;

      2) банк – ұлттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталы – "Бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі онлайн-платформа;

      4) бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымы, теле-радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз бұқаралық таратудың өзге де нысаны;

      5) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, өтініш берушінің, уәкілетті органның, қаржылық емес қолдау операторының) дербес веб-парақшасы;

      6) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушыны тану (аутентификаттау) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділік ұсыну үшін қажет пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін шот;

      7) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      8) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсіпкерлер палаталарының жанынан және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстардың кәсіпкерлер палатасы филиалдарының жанынан құрылған, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      9) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшесі (бұдан әрі – КҚКО бөлімшесі) – облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында кәсіпкерлер көп жиналатын жерлерде құрылған, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған жұмыс орны;

      10) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қолжетімділікті және иесі ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      11) консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания – белгілі бір мамандануда консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, сәтті іске асырылған жобаларды растаған және "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құралдарын іске асыруға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес біліктілік іріктеуінен өткен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер;

      12) кооперациялық жоба – іске асыру процесінде шетелдік әріптестермен кооперацияны жолға қоюға қол жеткізуге болатын қандай да бір белгіленген және әзірленген іс-қимылдар бағдарламалары арқылы мақсаттарды айқындаудың және оларға қол жеткізу жолдарының жоспары;

      13) қаржы агенттігі – ұлттық жоба шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыруды және мониторингтеуді, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынуды, сондай-ақ "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын мониторингтеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      14) кәсіпкерлер палатасының филиалы – моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанынан құрылған, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      15) қаржылық емес қолдау операторы – "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құрамдауышын қоспағанда, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      16) қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы – қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі, мұнда пайдаланушыларға электрондық форматта мемлекеттік қаржылық емес қолдау шаралары ұсынылады;

      17) қашықтықтан оқыту – "Мен – кәсіпкер" құралы шеңберінде қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында қашықтықтан танысу арқылы оқыту материалдарын зерделеу;

      18) құрал – ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылық емес қолдау шарасы;

      19) менеджер-консультант – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғалар мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық, ақпараттық және түсіндіру қызметтерін көрсету шеңберінде өтеулі қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойған жеке тұлға;

      20) микрокәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері;

      21) оқуды аяқтағаны туралы сертификат – оқудан өткенін растайтын құжат;

      22) оқыту модулі – кәсіптік құзыреттер алу мақсатында зерделенетін, жалпы оқыту бағдарламасының тәуелсіз, қисынды аяқталған буынын білдіретін белгілі бір ақпарат көлемі;

      23) онлайн-оқыту – компьютердің немесе интернетке қосылған басқа да құрылғының көмегімен білім беру ортасына толықтай енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілікті арттыруға мүмкіндік беретін білім мен дағды алу;

      24) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары – сервистік көрсетілетін қызметтер алуға, сондай-ақ тестілеуге арналған, техникалық жүйелерге біріктірілген техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақталған арнайы жабдықталған орындар (өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары КҚКО базасында құрылады);

      25) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы – ұлттық жоба шеңберінде қатысушыларды оқытуды жүзеге асыруға және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған, техникалық жүйелерге біріктірілген техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған, мамандардың дербес жұмысы үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындары кешені;

      26) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – (бұдан әрі – ӨКП) – қаржылық емес қолдау операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

      27) өтінім – ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;

      28) өтініш беруші – ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш берген тұлға;

      29) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      30) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдау ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      31) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      32) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – ХШҰ) – шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруда және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуда шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына жәрдемдесетін және/немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік коммерциялық ұйымдар, шетелдік жергілікті атқарушы органдар;

      33) шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      34) шетелдік салалық сарапшы – басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша кәсіпкерлерге консультация беру үшін тартылған, экономиканың белгілі бір саласында 20 (жиырма) және одан да көп жыл кәсіби тәжірибесі бар ірі компанияның басшысы немесе меншік иесі;

      35) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      36) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға арналған өтініш, онда ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады;

      37) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шаралары кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай құралдар бойынша мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсетуді көздейді:

      1) кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету:

      2) "Бизнес-насихат" құралы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;

      3) "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік қызметін тиімді жүргізуге оқыту;

      4) кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну;

      5) басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар);

      6) Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы;

      7) іскерлік байланыстарды кеңейту.

2-тарау. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

      4. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылатын ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер кешенін қамтиды.

      "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну моноқалалардағы, шағын қалалардағы облыстардың кәсіпкерлер палатасы филиалдарында және аудан орталықтарындағы КҚКО жүзеге асырылады, облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшін қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы.

      5. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын қаржыландыру "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасау арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер мыналарды қамтиды:

      мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру бағыты бойынша:

      1) ШОК субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары туралы хабардар ету;

      2) ұлттық жобалар шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша консультация;

      3) шарттардың, актілердің, шоттар-фактуралар мен жүкқұжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері бойынша консультация;

      4) бизнесті ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультация;

      өтініштерді сүйемелдеу бағыты бойынша:

      1) лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша сүйемелдеу;

      2) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыруға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинауда, оның ішінде кепіл мүлкін бағалауда сүйемелдеу;

      3) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландырылғаннан кейін құжаттар жинауда сүйемелдеу;

      4) құжаттарды жинауда сүйемелдеу және сатып алуға/конкурсқа/тендерге қатысу үшін, оның ішінде жер учаскесін алу үшін өтінімді ресімдеу;

      5) кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттарды дайындау;

      6) онлайн-кассалар мен бақылау-касса машиналарын тіркеуге және орнатуға құжаттарды дайындау;

      7) инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде құжаттар мен техникалық шарттарды алуда сүйемелдеу.

      7. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты жеке өзі қатысқан кезде ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну тетігі мыналарды қамтиды:

      1) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді алу үшін кәсіпкерлер палаталары филиалдарының КҚКО-на жүгінеді және кезектілік тәртібімен менеджер-консультанттан қызмет алады;

      2) көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен өзінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

      бар болған жағдайда ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама;

      қажет болған жағдайда нотариат растаған сенімхат (түпнұсқа);

      3) менеджер-консультант өтініш берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде толтырылатын "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде көрсетілетін қызметті алған кезінде Өтініш берушіні міндетті түрде фотоға түсіріп, қызметтер көрсетуге арналған сауалнама-өтінім ұсынады;

      4) өтініш беруші өз қалауы бойынша ақпаратты ауызша түрде де, жазбаша түрде де алады;

      5) өтініш берушінің қалауы бойынша менеджер-консультант шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) көрсетілетін қызметтер ұсынылғаннан кейін менеджер-консультант өтініш берушінің деректерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді;

      7) өтініш берушінің күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін қызметтерді тұрақты негізде шектеусіз алуға құқығы бар;

      8) көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қаржылық емес қолдау операторы құралды қаржыландыру шеңберінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті алған өтініш берушілер арасында телефонмен сұрау және/немесе sms-хабарламалар арқылы сұрау салу жолымен сапа аудитін жүргізеді.

      8. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету тетігі мыналарды қамтиды:

      1) өтініш беруші электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі;

      2) қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында тіркелгеннен кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қажетті консультацияны/көрсетілетін қызметті таңдайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде көрсетілетін қызметтерді алуға арналған электрондық сауалнама-өтінімді толтырады;

      3) өтініш беруші электрондық өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді:

      жеке куәлік;

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама (бар болған жағдайда);

      нотариат растаған сенімхат (қажет болған жағдайда);

      4) өтініш беруші екі факторлы аутентификаттау әдісімен және/немесе қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы жеке басын сәйкестендіруді жүргізу жолымен көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған электрондық өтінімге қол қояды;

      5) қаржылық емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім берілген сәтінен бастап 24 сағат ішінде менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелім тәртібімен бөлінеді;

      6) электрондық өтінім қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында бөлінгеннен кейін өтініш берушіге оның өтінімі жұмысқа алынғаны туралы электрондық поштаға немесе ұялы телефонға хабарлама жіберіледі;

      7) өтінімнің мәртебесі жөніндегі ақпарат қаржылық емес қолдау операторының веб-порталындағы өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі;

      8) қаржылық емес қолдау операторының менеджер-консультанты 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ұсынылған деректерді тексеруді жүргізеді (қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттар толық болмаған және/немесе сәйкес келмеген жағдайда менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді пысықтауға жібереді);

      9) электрондық өтінімді қарау нәтижесі қаржылық емес қолдау операторының веб-порталындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне хабарламамен, сондай-ақ өтінімнің мәртебесі көрсетіле отырып, қысқа мәтіндік хабарламаларды (бұдан әрі – sms-хабарлама) жіберу арқылы өтініш берушіге жіберіледі;

      10) өтініш беруші өзінің жеке кабинетінде қаржылық емес қолдау операторының менеджер-консультанты көрсеткен қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;

      11) ұсынылған қызметті көрсетуге қанағаттанбаған жағдайда өтініш беруші қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру немесе қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыстар бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың іс-әрекетіне шағым жасайды.

      9. Көрсетілетін қызметтерді толық емес және сапасыз ұсынғаны үшін менеджер-консультант қаржылық емес қолдау операторы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады.

      10. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді іске асыру шеңберінде қаржылық емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есепті жібереді.

      11. Қаржылық емес қолдау операторы өтініш берушілерге осы Қағидалар шеңберінде қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

3-тарау. "Бизнес-насихат" құралы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру

      12. "Бизнес-насихат" құралы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын халықтың басым бөлігіне түсіндіру мыналардан тұрады:

      1) ұлттық жоба шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      2) ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлердің табысты үлгілері мен табысты жобаларын танымал ету;

      3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы түсіндіру;

      4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттау;

      5) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      6) қызметін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің табысты үлгілерін танымал ету;

      7) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.

      13. "Бизнес-насихат" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      14. Ұлттық жоба шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мыналарды көздейді:

      1) мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін әзірлеу және оның таралымын көбейту;

      2) жарнаманы қолдана отырып, ақпараттық-білім беру анимациялық және бейнероликтерді шығару және БАҚ-та орналастыру.

      15.Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлердің табысты үлгілері мен табысты жобаларын танымал ету мыналарды көздейді:

      1) ұлттық жоба шеңберінде іске асырылған жобалардың табысты үлгілері бойынша баспасөз турларын ұйымдастыру;

      2) ұлттық жоба шеңберінде қатысушылар туралы деректі фильмдерді әзірлеу және оны өңірлік және республикалық телеарналарда орналастыру ("Табыс тарихы");

      3) БАҚ өкілдері арасында ұлттық жоба немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу.

      16. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы түсіндіру мыналарды көздейді:

      1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама мәселелеріне мамандандырылатын ұйымдарды тарта отырып дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және оларды қаржылық емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастыру;

      2) түсіндіру сипатындағы баспа өнімін әзірлеу.

      17. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау ұлттық жоба шеңберінде сарапшылардың, кәсіпкерлердің, шетелдік мамандардың қатысуымен телебағдарламалар сериясын ұйымдастыруды көздейді.

      18. Қызметін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің табысты үлгілерін танымал ету мыналарды көздейді:

      1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарында іске асырылған жобалардың табысты үлгілері бойынша баспасөз турларын ұйымдастыру;

      2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарында жұмыс істейтін табысты қазақстандық кәсіпкерлер туралы деректі фильмдер әзірлеу және оларды өңірлік және республикалық телеарналарда орналастыру ("Табыс тарихы");

      3) БАҚ өкілдері арасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу.

      19. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау сарапшылардың, кәсіпкерлердің, шетелдік мамандардың қатысуымен телебағдарламалар сериясын ұйымдастыруды көздейді.

4-тарау. "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік қызметті тиімді жүргізуге оқыту

      20. "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік қызметті тиімді жүргізуге оқыту" құралын (бұдан әрі – "Мен – кәсіпкер" құралы) моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында қаржылық емес қолдау операторы көрсетеді.

      21. "Мен – кәсіпкер" құралы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде ұсынылады.

      Оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға және/немесе ұлттық жоба шеңберінде жеңілдікті кредиттеуге үміткер болуға және қорландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын микроқаржы ұйымдарына микрокредит алу үшін жүгінуге, сондай-ақ одан әрі "Іскерлік байланыстар" құралына қатысуға құқық береді.

      22. "Мен – кәсіпкер" құралын іске асыруды қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін қаржылық емес қолдау операторы оқыту кестесін тапсырыс берушімен келіседі.

      23. Қаржылық емес қолдау операторы қаржылық емес қолдау операторының сайтында және/немесе БАҚ арқылы құралдың іске асырылу барысы туралы тоқсан сайын хабардар етеді. Оқыту процесінің басталғаны туралы хабарландыруды қаржылық емес қолдау операторы оқыту процесі басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын қаржылық емес қолдау операторының ресми сайтында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      24. "Мен – кәсіпкер" құралы шеңберінде оқытуға өтінімдерді қабылдау қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында өтінім беру арқылы оқыту процесінің басталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде электрондық нысанда көрсетіледі. Қатысушы тіркеледі және қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында жеке кабинет құрады, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құралды көрсетуге арналған электрондық сауалнама-өтінімді мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, толтырады:

      жеке басты куәландыратын құжат;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама не дара кәсіпкерге арналған хабарлама.

      25. Дәлелді бас тарту "Мен – кәсіпкер" құралына қатысуға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы құралды және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) көрсету үшін ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      26. "Мен – кәсіпкер" құралы оқыту тақырыбына байланысты 10 жұмыс күніне дейін қаржылық емес қолдаудың веб-порталында қашықтықтан оқыту арқылы жүзеге асырылады.

      27. Оқыту процесінде білім алушыларға базалық және практикалық цифрлық дағдылар бойынша білім беру модульдерін және қаржыландыру алуға арналған құжаттардың үлгілік нысандарын, салалар бойынша маркетингтік зерттеулердің есептерін, инновацияларды енгізу саласындағы тәжірибені, бизнес-жоспарларды және электрондық нысандағы оқыту бейнероликтерін қамтитын стандартты құжаттар топтамасын қоса алғанда, қажетті оқыту материалдары ұсынылады, сондай-ақ қаржылық емес қолдау операторының оқыту веб-порталына еркін қолжетімділік ұйымдастырылады.

      28. Оқыту процесінде әрбір оқыту бөлімінің нәтижелері бойынша қатысушының алған білімі мен дағдыларын айқындау үшін тестілеу жүргізіледі. Келесі бөлімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сұрақтардың жалпы санынан кемінде 80 пайыз оң жауап түрінде оң нәтиже алу қажет. Әрекеттер саны шектелмейді. Оқыту ұзақтығы қаржылық емес қолдау операторы белгілеген мерзімнен аспауға тиіс.

      Белгіленген мерзімде оқытудан өтпеген немесе ішінара өткен жағдайда осы курстың күші жойылады. Оқуды қайта бастау үшін өтініш беруші курсқа қолжетімділік алып, оны басынан бастауға тиіс.

      29. Қаржылық емес қолдау операторы тестілеу қорытындысы бойынша шекті мән кемінде 70 (жетпіс) пайызға жеткен кезде қашықтықтан оқытудан өткен тыңдаушыларға "Мен – кәсіпкер" құралы бойынша қағаз және/немесе электрондық нысанда курстардан өткені туралы сертификат береді. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 3 жыл.

      30. Құралды іске асыру шеңберінде, атап айтқанда, оқыту курстарын өткізу үшін мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін бизнес-жаттықтырушылар мен сарапшылар қатарынан жаттықтырушы-оқытушылар құрамы тартылады:

      1) білім беру бағдарламалары шеңберінде белгіленген тақырыптар бойынша оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып, бизнес-тренингтер өткізуде кемінде 3 жыл табысты тәжірибесі бар бизнесті құру және дамыту саласындағы мамандар (бизнес-жаттықтырушылар, бизнес-консультанттар);

      2) онлайн-семинарларда сөз сөйлеу тәжірибесі, кемінде 3 жыл кәсіпкерлерді оқыту және тәлімгерлік тәжірибесі бар жаттықтырушылар (жұмыс туралы оң пікірлердің болуы).

      Оқу барысында және оқу қорытындысы бойынша тыңдаушы алған білім сапасын және олардың қолданылуын мынадай өлшемшарттар бойынша 1-5 бес балдық шкаламен бағалайды, мұнда 1 – өте нашар, 5 – өте жақсы:

      1. Оқытуды ұйымдастырушылардың курстың мақсатты аудиториясын түсінуі.

      2. Курстың әдістемелік тұжырымдамасы және оқыту логикасы.

      3. Курстың білім беру ортасы.

      4. Білім беру мазмұнының сапасы.

      5. Практикалық сабақтардың сапасы.

      6. Оқу кезінде сүйемелдеу.

      Бағалау негізінде қаржылық емес қолдау операторы оқытудың тиімділігі туралы талдамалық есеп қалыптастырып, оны уәкілетті органға немесе тапсырыс берушіге ұсынады.

5-тарау. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну

      31. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну" құралы тиімділікті арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

      32. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      33. Сервистік қолдау ұсыну жергілікті жерлерде ШОК субъектісінің жеке қатысуымен облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы не электрондық түрде және/немесе КҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы, КҚКО бөлімшесі арқылы, ал моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстардың кәсіпкерлер палатасы филиалдарында КҚКО-да қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.

      34. Экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне сервистік қолдау шеңберінде мамандандырылған көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлері (бұдан әрі – сервистік көрсетілетін қызметтер) ұсынылады:

      1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты мыналарды қамтитын көрсетілетін қызметтер:

      салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама мәселелері бойынша консультациялар;

      бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультациялар;

      бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша консультациялар;

      "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;

      салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультациялар;

      бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет жөніндегі қосымша есептер жасау бойынша консультациялар;

      салықтық және статистикалық есептерді дайындау;

      бақылау-касса машиналары мен онлайн кассаларды тіркеу бойынша консультациялар;

      2) заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша қызметтер, оның ішінде:

      лицензиялар мен рұқсат құжаттарын олардың құқықтық қолдауымен алу бойынша консультация;

      кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау;

      шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу;

      азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар;

      мемлекеттік сатып алуға байланысты консультация;

      конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындау;

      сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану жөніндегі қызмет;

      3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу жөніндегі қызметтер, оның ішінде:

      кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша даму институттарында сүйемелдеу;

      екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу;

      4) мыналарды қамтитын маркетинг мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметтер:

      баға саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;

      банктерден кредит алу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеу бойынша консультациялар;

      банктерден кредит алу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеу;

      тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді жылжыту жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу бойынша консультациялар;

      бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар.

      35. Қаржылық емес қолдау операторы тоқсан сайын ШОК субъектілерін ұсынылатын сервистік көрсетілетін қызметтер, сервистік көрсетілетін қызметтердің басталуы мен көрсетілетін орны туралы БАҚ арқылы және/немесе қаржылық емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді.

      36. ШОК субъектілері бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа, кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша бекітілген сервистік көрсетілетін қызметтер шеңберінде тұрақты негізде кешенді сервистік қолдау алады, оны ШОК субъектілері күнтізбелік 1 (бір) жылда 1 (бір) рет қана алады.

      37. Кәсіпкердің жеке қатысуымен сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға мүдделі ШОК субъектілері КҚКО-ға және/немесе КҚКО бөлімшесіне жүгінеді және кезектілік тәртібімен менеджер-консультанттан қызмет алады;

      2) сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер ШОК субъектілері мынадай құжаттар түрлерін ұсынады:

      жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен оның электрондық көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама;

      қажет болған жағдайда нотариат растаған сенімхат (түпнұсқа);

      3) менеджер-консультант осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған сауалнама-өтінімге сәйкес ШОК субъектілеріне көрсетілетін қызметті алған кезінде өтініш берушіні міндетті түрде фотоға түсіріп, сервистік көрсетілетін қызметті ұсынады;

      4) ШОК субъектісі өз қалауы бойынша ақпаратты ауызша түрде де, жазбаша түрде де алады;

      5) менеджер-консультант ШОК субъектілерінің қалауы бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) тиісті сапада және толық көлемде қызмет көрсетілгеннен кейін менеджер-консультант пен ШОК субъектілері арасында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылады;

      7) ШОК субъектілеріне көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау үшін қаржылық емес қолдау операторы телефонмен сұрау және/немесе sms-хабарламалар арқылы сұрау салу жолымен сапа аудитін жүргізеді;

      8) көрсетілетін қызмет ұсынылғаннан кейін менеджер-консультант ШОК субъектілерінің деректерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді.

      38. Қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ШОК субъектілері сервистік көрсетілетін қызметті алу үшін қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі (қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында тіркелу кезінде ШОК субъектілері қажетті деректерді толтырады және қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында жеке кабинет құрады);

      2) ШОК субъектілері қажетті сервистік көрсетілетін қызметтерді таңдайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған электрондық сауалнама-өтінімді толтырады және осы Қағидалардың 37-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді;

      3) осы Қағидалар шеңберінде сервистік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған электрондық өтінімге екі факторлы аутентификаттау әдісімен және/немесе қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы жеке басын сәйкестендіруді жүргізу жолымен қол қойылады;

      4) қаржылық емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім берілген сәтінен бастап 24 сағат ішінде менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелім тәртібімен бөлінеді;

      5) электрондық өтінім менеджер-консультантқа бөлінгеннен кейін ШОК субъектілері электрондық поштаға немесе ұялы телефонға электрондық өтінімінің жұмысқа қабылданғаны туралы хабарлама алады;

      6) электрондық өтінімнің мәртебесі жөніндегі ақпарат қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында ШОК субъектісінің жеке кабинетінде көрсетіледі;

      7) қаржылық емес қолдау операторының менеджер-консультанты электрондық өтінімді жұмысқа алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 37-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізеді (ұсынылған құжаттар толық болмаған және/немесе сәйкес келмеген жағдайда менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, электрондық өтінімді пысықтауға жібереді);

      8) көрсетілетін қызметтерді толық емес және сапасыз ұсынғаны үшін менеджер-консультант қаржылық емес қолдау операторы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады;

      9) қаржылық емес қолдау операторының менеджер-консультанты сервистік қызмет көрсетеді және ШОК субъектісіне қызмет көрсету нәтижесін қаржылық емес қолдау операторының веб-порталындағы оның жеке кабинетіне жібереді (ШОК субъектісі электрондық өтінім мәртебесі көрсетілген sms-хабарламаны да алады);

      10) көрсетілген қызметтің нәтижелерін алғаннан кейін ШОК субъектілері екі факторлы аутентификаттау әдісімен және/немесе ЭЦҚ пайдалану арқылы жеке басын сәйкестендіруді жүргізу жолымен қаржылық емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетте осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісіне қол қою арқылы жұмыстардың орындалу фактісін растайды;

      11) ШОК субъектілері қаржылық емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетте менеджер-консультант көрсеткен сервистік көрсетілетін қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;

      12) ШОК субъектілері ұсынылған қызметті көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру немесе қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыстар бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың әрекеттеріне шағым жасайды.

      39. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде:

      1) қаржылық емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есепті жібереді;

      2) қаржылық емес қолдау операторы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың алғашқы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, құралдың іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсаттары үшін құралдың іске асырылуы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне жібереді;

      3) қаржы агенттігі "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну" құралының іске асырылу барысы туралы мониторингті жүзеге асырады. Қаржы агенттігінің мониторингтік тексеруді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынуға мониторинг жүргізу әдістемесінде келтірілген.

      40. Қаржылық емес қолдау операторы ШОК субъектілеріне сервистік қолдауды қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

      41. Қаржылық емес қолдау операторы сәуір айынан кешіктірмей, осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша ұзақтығы кемінде 2 (екі) минут оқыту бейнероликтерін әзірлейді және оны қаржылық емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастырады.

      42. Сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша оқыту бейнероликтерін әзірлеу және орналастыру құралды қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      43. Қаржылық емес қолдау операторы уәкілетті органға сервистік қызметтер тізбесі бойынша әзірленген және орналастырылған оқыту бейнероликтері бойынша есеп береді.

6-тарау. Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (аға сеньорлар)

      44. Қазақстан Республикасының аумағында "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (аға сеньорлар)" құралын (бұдан әрі – "Аға сеньорлар" құралы) шетелдік және/немесе отандық консультанттарды тарту арқылы, оның ішінде ХШҰ-ның жәрдемімен қаржылық емес қолдау операторы іске асырады.

      45. "Аға сеньорлар" құралының қатысушылары өз қызметін экономиканың барлық секторларында жүзеге асыратын ШОК субъектілері болып табылады.

      46. "Аға сеньорлар" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      47. Уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт жасалғанға дейін "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылық емес қолдау операторы көрсеткен қаржылық емес қолдау шараларын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      48. "Аға сеньорлар" құралы ШОК субъектісінің кәсіпорнына сыртқы консультантты тарту арқылы іске асырылады.

      49. "Аға сеньорлар" құралы бойынша сыртқы консультанттарды тарту мыналарды көздейді:

      1) кәсіпорынды дамытудың нақты проблемаларын диагностикалау және айқындау;

      2) шешімдер әзірлеу және нақты проблемаларды жою бойынша практикалық жұмыс;

      3) сыртқы консультанттың мамандануына сәйкес практикалық оқыту жүргізу (бұдан әрі – семинарлар).

      50. Сыртқы консультанттардың көлік шығыстары мен көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      51. Сыртқы консультанттардың тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруы және аударма қызметтері ШОК субъектісінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      52. "Аға сеньорлар" құралын іске асыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) қаржылық емес қолдау операторы аға сеньорлардың қызметін үйлестіретін ХШҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасады;

      2) қаржылық емес қолдау операторы ШОК субъектілерін құралды іске асыру шарттары туралы қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы және/немесе БАҚ арқылы хабардар етеді;

      3) ШОК субъектісі қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (аға сеньорлар)" құралын ұсынуға өтінім береді (ШОК субъектісі қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында тіркеуден өтеді, онда ШОК субъектісінің жеке кабинеті құрылады);

      4) қаржылық емес қолдау операторы қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы келіп түскен ШОК субъектісінің өтінімін электрондық түрде қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінімнің мәртебесі туралы ақпаратты жібереді (өтінім осы Қағидаларға 13-қосымшада жазылған шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қаржылық емес қолдау операторы 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге дәлелді бас тартуды қаржылық емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді не анықталған ескертулерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайтын мерзімді ұсынады);

      5) қаржылық емес қолдау операторы мақұлданған өтінімдер бойынша сыртқы консультанттарды тартуды, оның ішінде ХШҰ-ның жәрдемдесуімен тартуды қамтамасыз етеді;

      6) "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылық емес қолдау шарасын ұсыну мерзімі ШОК субъектісінің өтінімін мақұлдаған кезден бастап ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейінгі кезеңді қамтиды;

      7) сыртқы консультанттар өз миссиялары шеңберінде тікелей кәсіпорындарда консультация жүргізеді;

      8) ШОК субъектісінің кәсіпорнында сыртқы консультанттың болу мерзімі кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      53. "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылық емес қолдау шарасын алған ШОК субъектісі қаржылық емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша жартыжылдық негізде 2 (екі) жыл ішінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ШОК субъектісінің қызметі туралы мониторингтік есепті ұсынады.

      54. Қаржылық емес қолдау операторы ШОК субъектілеріне қаржы жылының он екі айы ішінде "Аға сеньорлар" құралын үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

7-тарау. Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы

      55. Еуропа Қайта Құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) сыртқы бизнес-консультанттарды тарту жолымен "Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" (бұдан әрі – ЕҚДБ бағдарламасы) құралын іске асырады.

      56. ЕҚДБ бағдарламасы төрт бағытта іске асырылады:

      1) кәсіпорынның өсуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу үшін кәсіпорынға консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компанияларды тарту;

      2) кәсіпорындардың өсуі мен дамуына көмек көрсету үшін шетелдік салалық сарапшыларды тарту;

      3) кәсіпкерлер үшін тақырыптық тренингтер, семинарлар, конференциялар және басқа да оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жолымен ШОК субъектілері үшін консультациялық көрсетілетін қызметтер нарықтарын дамыту және оларға сұранысты ынталандыру;

      4) жаттықтырушыларға арналған тренингтер сериясын өткізу арқылы жергілікті бизнес-консультанттардың құзыретін дамыту.

      57. ЕҚДБ бағдарламасын қаржыландыру уәкілетті орган мен ЕҚДБ арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      58. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарту жөніндегі шығыстарға ақы төлеу бірлесіп қаржыландыру қағидаты бойынша республикалық бюджет қаражаты және ШОК субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      59. ЕҚДБ консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компаниялар мен біліктілігі жоғары шетелдік сарапшыларды консультациялық жобаларды іске асыруға тарту арқылы ШОК субъектілеріне үздіксіз қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      60. ЕҚДБ бағдарламасының қатысушылары базалық және қосымша өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар болып табылады.

      Іріктеудің базалық өлшемшарттары:

      1) кәсіпорынның мөлшері – консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компаниялар тартылатын жобалар үшін 250 қызметкерге дейін және шетелдік салалық сарапшылар тартылатын жобалар үшін 500 қызметкерге дейін;

      2) меншік нысаны – шетелдік капиталдың қатысуы 49 %-дан аспайтын жеке кәсіпорын;

      3) қызмет саласы – экономиканың басым секторларындағы не моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеулерсіз қызмет;

      4) бизнесті жүргізудің табысты тәжірибесі – өтінім беру кезінде 2 (екі) жыл (арнайы бастамаларды қоспағанда);

      5) мыналарды:

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасын;

      кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      өткен толық екі жыл үшін және өтінім беру кезіндегі соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептердің көшірмелерін қамтитын ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға арналған өтінім беру құжаттамасының толық топтамасы.

      61. Қатысушыларды іріктеудің қосымша өлшемшарттары (осы өлшемшарттарға сәйкестікті ЕҚДБ-ның кәсіпорынды қарап-тексеру және диагностикалау жөніндегі стандартты рәсімдері орындалғаннан кейін ЕҚДБ-ның жергілікті мамандар тобы бағалайды):

      1) өміршеңдік – көзге көрінетін бәсекелес артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу үшін әлеует, табыстылық (жалпы оң пайда), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін жеткілікті қаржылық және операциялық ресурстардың болуы (ЕҚДБ банкроттыққа жуық жағдайда тұрған немесе толық қайта құрылымдауды талап ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді);

      2) басшылық тарапынан қарым-қатынас – ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниямен ынтымақтастыққа әзірлік;

      3) жоғары бедел/парасаттылық – кәсіпорын мен оның басшылығы сенімге және жоғары беделге ие болуға тиіс;

      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі – іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер алуға нақты қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі аз болған немесе осындай тәжірибесі болмаған кезде және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражат болмағанда алынатын қолдауды қолдану қабілеті;

      5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорынның дайын болуы және жобаны іске асырудың жалпы құнының 25-75 %-ын төлеуге мүмкіндігінің болуы.

      62. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарта отырып, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын ұйымдастыру және бірлесіп қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ЕҚДБ біліктілік алдындағы іріктеуді жүргізеді және ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға жауап беретін консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің деректер базасын жүргізеді;

      2) консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеу үшін өз біліктілігінің бар-жоғы тұрғысынан мынадай бағалаудан өтеді:

      а) жұмыс тәжірибесі – компания қызметінің сипаттамасы, оның мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шарттарынан үзінділер), егер бұл қолданылса, ең кемі алдыңғы екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, баланс), консультациялық көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша бөліністе, ақы төлеу мөлшерлемелерін көрсете отырып, компанияның/жеке консультанттың мамандануының сипаттамасы (адам-күндермен);

      б) клиентпен жұмыс істеу және ұсынымдар – клиент-компаниядан алынған консультациялық жобалар басшыларының пікірлері мен ұсынымдарын және байланыс деректерін қоса алғанда, соңғы 2 жылда іске асырылған жобалардың сипаттамасы (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);

      в) кадрлармен жасақталу – барлық консультанттармен әңгімелесу және олардың түйіндемелерін зерделеу;

      3) кәсіпорынның қажеттілігі айқындалғаннан кейін және жобаны орындау үшін белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге арналған техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға жауап беретін (консалтингтік компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұрау салу жүргізілуі мүмкін. Консультантты таңдауды кәсіпорынның өзі жүзеге асырады, консультанттарға бірінші жоба табысты іске асырылғанға дейін басқа жобаларды қатар орындауға тыйым салынады);

      4) қолдау көрсетілетін жобалар КҚКО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтыратын болады.

      63. ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:

      1) ЕҚДБ кәсіпорынды құралға қатысу өлшемшарттары мен өтінім беру топтамасына қойылатын талаптар туралы ақпаратты қоса алғанда, ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалық өтінімді дайындауда жәрдем көрсетеді;

      2) өтініш беруші ЕҚДБ-ға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕҚДБ бағдарламасының жәрдемімен қолдауға арналған өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын ұсынады:

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасы;

      құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      өткен толық екі жыл үшін және өтінім беру кезіндегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері;

      3) ЕҚДБ маманы кәсіпорынның өміршеңдігін, қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін кәсіпорынды қарап-тексеру және диагностикалау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін оның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау үшін кәсіпорынға шығады;

      4) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;

      5) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың деректер базасынан жобаны іске асыру үшін қолайлы консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда, халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;

      6) өтініш беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;

      7) кәсіпорын және консалтингтік компания ЕҚДБ келісетін және бекітетін техникалық тапсырманы бірлесіп әзірлейді;

      8) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқауды негізге ала отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру мөлшері жөнінде шешім қабылдайды;

      9) кәсіпорын және консалтингтік компания және/немесе сарапшы ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

      10) ЕҚДБ және кәсіпорын ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады;

      11) ЕҚДБ жобаның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      12) жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды таныстырылым өткізеді және бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді;

      13) кәсіпорын қатысу туралы шартқа және/немесе грант беру туралы келісімге сәйкес сарапшының және/немесе консалтингтік компанияның көрсетілетін қызметтеріне ақы төлейді;

      14) грант беру туралы келісім шеңберінде орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жобаның табысты аяқталғанын және кәсіпорынның консалтингтік компанияға жоба құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға белгіленген мөлшерде грант төлейді;

      15) жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ маманы бенефициар-кәсіпорын жұмысының тиімділігіне оның әсерін бағалау үшін жобаға келіп, қорытынды баға береді.

      64. ЕҚДБ жыл сайын есепті жылдан кейінгі 2 (екі) ай ішінде уәкілетті органға ЕҚДБ бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп береді.

8-тарау. Іскерлік байланыстар

      65. "Іскерлік байланыстар" құралы ХШҰ қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

      66. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, орташа жылдық кірісі кемінде 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіш болатын ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары құралға қатысушылар болып табылады.

      67. Мынадай құралдардың бірінің сертификаты болған кезде кәсіпкерлер "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары бола алады:

      1) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатын "Бизнес-мектеп" құралы;

      2) "ШОК топ-менеджментін оқыту" құралы;

      3) оқығаны туралы сертификаты болған жағдайда "Іскерлік байланыстар" құралының бірінші кезеңінің 2020 жылға дейін оқудан өткен бітірушілері;

      4) "Мен – кәсіпкер" құралы.

      68. "Іскерлік байланыстар" құралы шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және шетелдік әріптестермен мына:

      1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;

      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзара беру;

      3) франшиза сатып алу;

      4) бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыстар орнатуды көздейді.

      Тағылымдамадан өту форматын, сондай-ақ мерзімдерін қаржылық емес қолдау операторына хат жіберу арқылы қабылдаушы ел айқындайды.

      69. Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруды ХШҰ "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылардың қажеттіліктерін және қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейін ескере отырып көрсетеді.

      70. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қабылдаушы елдің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде, сондай-ақ қаржылық емес қолдау операторы мен ХШҰ арасындағы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

      71. "Іскерлік байланыстар" құралының іс-шараларын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасының негізінде уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ХШҰ-ның байланысты және байланысты емес гранттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      72. "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары көліктік шығыстарды және шетелдік тағылымдамаға ұшу пунктіне дейін Қазақстан Республикасының аумағында тұруды өздері төлейді.

      73. Уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылық емес қолдау операторы шеккен "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылық емес қолдау шараларын көрсетуге арналған шығыстарды уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      74. Қаржылық емес қолдау операторы тоқсан сайын "Іскерлік байланыстар" құралының әлеуетті қатысушыларын олардың құралға қатысу мүмкіндігі туралы БАҚ арқылы және/немесе қаржылық емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді.

      75. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылық емес қолдау шараларын алуға өтінім электрондық нысанда беріледі.

      76. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылық емес қолдау шараларын алуға электрондық нысанда өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші қаржылық емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға электрондық өтінімді, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық жоба шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберінде қатысушының жазбаша міндеттемесін толтырады;

      2) "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысушының электрондық өтінімі веб-портал арқылы тіркелгеннен кейін қаржылық емес қолдау операторының орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады;

      3) тіркелген электрондық өтінім қаржылық емес қолдау операторының орындаушысының қарауына жіберіледі;

      4) қаржылық емес қолдау операторы келіп түскен электрондық өтінімді 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      77. Қабылданған өтінімдер бойынша қаржылық емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, кооперациялық жобаларды қорғауды ұйымдастырады және қатысушылар әзірлеген үздік кооперациялық жобаларды іріктеуді жүргізеді. Өтініш берушіні іріктеу кезіндегі өлшемшарттар:

      шетелдік компаниялармен ынтымақтастық ниеті;

      басқарушының әлеуеті;

      шет тілін білу (шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде) болып табылады.

      Қатысушыны іріктеу кезіндегі басым өлшемшарттар мынадай құралдардың бірінің сертификатының бар-жоғы болып табылады:

      1) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатын "Бизнес-мектеп" құралы;

      2) "ШОК топ-менеджментін оқыту" құралы;

      3) оқығаны туралы сертификаты болған жағдайда "Іскерлік байланыстар" құралының бірінші кезеңінің 2020 жылға дейін оқудан өткен бітірушілері;

      4) "Мен – кәсіпкер" құралы.

      78. Үздік кооперациялық жобаларды айқындағаннан кейін қаржылық емес қолдау операторы шетелде бизнес-тағылымдамаға қатысу үшін іріктелген ШОК субъектілерінің тізімдерін уәкілетті органға жібереді.

      79. ХШҰ топтық бағдарламалардың күнтізбесін жасайды және қаржы жылының бірінші тоқсанында тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін әріптес-кәсіпорындарды іздеуді жүзеге асырады.

      80. Қаржылық емес қолдау операторы қатысушыларды шетелдік тағылымдамаға жібереді.

      81. Тағылымдама нәтижелері бойынша "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары алған білімін, тәжірибесін және технологияларын ескере отырып, Кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды.

      82. Шетелдегі бизнес-тағылымдаманың нәтижелері бойынша қатысушы Қазақстан Республикасына келген сәттен бастап 2 (екі) ай ішінде қаржылық емес қолдау операторына келісілген нысан бойынша (нысан қатысушыларды тағылымдамаға қабылдайтын елдің шарттарына сәйкес) бизнес-тағылымдаманың нәтижелері және өз бизнесін дамыту жөніндегі одан арғы жоспарлары туралы есептік ақпаратты ұсынады.

      83. Қаржылық емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, бизнес-тағылымдамадан өткеннен кейін бір жылдан соң ынтымақтастық орнатылған шетелдік әріптес-компанияның атауын көрсете отырып, "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушы ШОК субъектілерінің даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және уәкілетті органға жібереді.

      84. Бизнес-тағылымдамадан өткен сәттен бастап 2 (екі) жыл ішінде ШОК субъектісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша кәсіпорынның қызметі туралы мониторингтік есепті ұсынады және уәкілетті органға жібереді.

      85. Қаржылық емес қолдау операторы ШОК субъектілеріне қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде үздіксіз көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша



"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" қызметтерін көрсетуге арналған сауалнама-өтінім


 

      КК.АА.ЖЖЖЖ/СС.ММ.СС

1

Өтініш берілген күн


2

Өтініш берушінің Т.А.Ә


3

Өтініш беруші облысының атауы


4

Өтініш беруші қаласының/моноқаласының/
шағын қаласының/аудан орталығының атауы


5

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жынысы


6

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің туған күні


7

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жасы (өтініш берген сәтте)


8

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жас санаты


9

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің мүгедектігі


10

Көрсетілетін қызметке жүгінген ДК ЖСН/заңды тұлғаның БСН


11

ШОК субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны


12

ШОК субъектісінің атауы


13

Субъект санаты


14

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша саласы


15

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша кіші саласы


16

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның атауы


17

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның кіші түрінің атауы


18

Телефон (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның жұмыс/үй телефоны)


19

Ұялы телефон (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның)


20

E-mаil (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның)


21

Менеджер-консультанттың Т.А.Ә.


      * Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығы куәлігінің, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманың, уәкілетті адамға (қажет болған жағдайда) сенімхаттың көшірмесін қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын және "Атамекен" ҚР ҰКП-ға менің дербес деректерімді өңдеуге, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес фотоға түсіруге, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      * Мен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында телефон және/немесе SMS-сауалнама жүргізуге келісім беремін.

      Аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі

      Күні: 20 жылғы " " (қолы)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі (толтыру күні:күні, айы, жылы):

Облыс/ Қала

Елді мекен

Мәртебе (қала/аудан орталығы/ шағын қала/моноқала)

Клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Клиенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берілген күн (күні, айы, жылы)

Көрсетілетін қызмет түрінің атауы

Жынысы (ер/әйел)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























      кестенің жалғасы

Туған күні (күні, айы, жылы)

Мүгедектік

Жасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны/жеке тұлға

Саланың атауы (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/орта/ ірі)

Телефон (Жұмыс / ұялы)

E-mаil

Консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

10

11

12

13

14

15

16

17

18




























  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
3-қосымша
Нысан



Кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған сауалнама-өтінім

      КК.АА.ЖЖЖЖ/СС.ММ.СС

1

Өтініш берілген күн


2

Өтініш берушінің Т.А.Ә


3

Өтініш беруші облысының атауы


4

Өтініш беруші қаласының/моноқаласының/шағын қаласының/аудан орталығының атауы


5

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жынысы


6

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің туған күні


7

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жасы (өтініш берген сәтте)


8

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жас санаты


9

Көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің мүгедектігі


10

Көрсетілетін қызметке жүгінген ДК ЖСН/заңды тұлғаның БСН


11

ШОК субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны


12

ШОК субъектісінің атауы


13

Субъект санаты


14

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша саласы


15

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша кіші саласы


16

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның атауы


17

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның кіші түрінің атауы


18

Телефон (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның жұмыс/үй телефоны)


19

Ұялы телефон (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның)


20

E-mаil (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның)


21

Менеджер-консультанттың Т.А.Ә.


      Қандай қаржылық қолдау алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)

Кредиттер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау

Кредит алу үшін кепілдіктер беру

Гранттық қаржыландыру алу

Өзге

      Қандай қаржылық емес қолдауды алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысу бойынша консультация алу

Кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша оқыту

Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату

Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту

Өзіңіздікін көрсету ___

      * Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығы куәлігінің, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманың, уәкілетті адамға (қажет болған жағдайда) сенімхаттың көшірмесін қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын және "Атамекен" ҚР ҰКП-ға менің дербес деректерімді өңдеуге, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес фотоға түсіруге, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      * Мен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында телефон және/немесе SMS-сауалнама жүргізуге келісім беремін.

      Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Күні: 20 жылғы " " (қолы)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

№ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР АКТІСІ

      _____________________ (қызмет көрсету орны) 20 жылғы " "

      ____________ № ____ шарттың негізінде әрекет ететін ____________________________ (бұдан әрі – менеджер-консультант) бір тараптан және _____________ негізінде әрекет ететін __________ атынан ______________ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі "Клиент" деп аталады) екінші тараптан төмендегілер туралы осы актіні жасады:

      менеджер-консультант кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау бойынша мынадай қызметтерді көрсетті, ал клиент оларды алды:

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызмет түрі)

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін кіші қызмет түрі)

      Көрсетілетін қызметтер тегін ұсынылды.

      ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Орындаушы:

Тапсырыс беруші:

___________________________________
(менеджер-консультанттың
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Жеке сәйкестендіру нөмірі:
___________________________________
Мекенжайы: ________________________
Тел.: _______________________________
___________ ________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

___________________________________
(ұйымның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі:
___________________________________
Заңды мекенжайы: __________________
Тел.: ______________________________
___________ _______________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

"Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі

      Толтырылған күні: 20 жылғы " "

Облыс /қала

Елді мекен

Қызмет көрсету орны

Кәсіпорынның атауы

Клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы (ер/ әйел)

Туған күні (күні, айы, жылы)

Мүгедектік

Жасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала

Арнаулы көрсетілетін қызметтің атауы

Арнаулы көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен компанияның атауы және/немесе консультанттың Т.А.Ә.

Өтініш берген / көрсетілетін қызметтің басталған күні

Көрсетілетін қызметтің аяқталу күні/соңғы күні

Клиенттің жұм./ үй телефоны

Клиенттің ұялы телефоны

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21





















  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
6-қосымша

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынуға мониторинг жүргізу әдістемесі

      1. Қаржылық емес қолдау операторы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 34-тармағында көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну" құралын іске асырады.

      2. Сервистік қолдау ұсыну жергілікті жерлерде ШОК субъектісінің жеке қатысуымен облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы не электрондық түрде және/немесе КҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы, КҚКО бөлімшесі арқылы, ал моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстардың кәсіпкерлер палатасы филиалдарында КҚКО-да қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.

      3. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) сервистік қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын мониторингтеуді жүзеге асырады, оның дереккөзі осы әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат болып табылады. Сервистік қолдау жөніндегі ақпарат, көрсетілген қызметтердің шарттары мен актілерінің көшірмелері осы әдістеменің 14-тармағында көрсетілген параметрлер бойынша тексеріледі.

      4. Сервистік қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын мониторингтеу мыналарды көздейді:

      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау, онда мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеу қамтылған:

      өңірлер бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиент кәсіпорындар саны;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтер алу үшін жүгінген жағдайда осы клиенттің гендерлік тиесілігі бір рет есепке алынады);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтер алу үшін жүгінген жағдайда осы клиенттің жас санаты бір рет есепке алынады);

      өңірлер бөлінісінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бөлінісінде көрсетілген қызметтердің тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;

      қаржылық емес қолдау операторы офлайн және онлайн режимдерде көрсеткен қызметтер саны;

      2) қаржы агенттігі өңірлік филиал желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефонмен сауалнама жүргізу, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарының қажеттілігін талдау арқылы жүргізетін сервистік қолдаудың іске асырылу сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:

      алынған көрсетілетін қызметтер және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      алынған сервистік көрсетілетін қызметке және (немесе) консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алуға мүдделілігі.

      Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингтеу және/немесе ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде жүргізілетін телефонмен сұрау салуға арналған сұрақтар тізбесіне сәйкес есепті кезеңде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттердің жалпы санынан кемінде 5 % көлемінде телефон арқылы сауалнама жүргізу.

      5. Мониторинг жүргізу үшін мыналар дереккөздер болып табылады:

      қаржылық емес қолдау операторы және (немесе) өңірлік кәсіпкерлік палаталары (бұдан әрі – ӨКП) қаржы агенттігіне ұсынатын, электрондық excel форматында офлайн және онлайн режимдерде көрсетілген қызметтер бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат);

      қызметтер көрсетуді растайтын және қаржылық емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП қаржы агенттігіне электрондық түрде ұсынатын жасалған шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері (офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) мен көрсетілген қызметтер (онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) актілерінің көшірмелері.

      6. Қаржылық емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес ақпаратты ілеспе хатпен қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарына есепті тоқсаннан кейінгі алғашқы 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін, ал қорытынды ақпаратты есепті жылдың желтоқсанының алғашқы 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады. Бұл ретте қаржылық емес қолдау операторының және (немесе) ӨКП қолы қойылған қағаз жеткізгіштегі ілеспе хатта барлық ұсынылған құжаттар санамаланып, парақтар саны көрсетілуге тиіс.

      7. Қаржы агенттігі деректердің дұрыс енгізілмегенін және (немесе) ақпараттың сапасыз толтырылғанын анықтаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржылық емес қолдау операторына хабарлама-хат жібереді.

      Қаржылық емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпаратта осы Әдістеменің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген статистикалық көрсеткіштерді талдауға арналған деректердің бірінің болмауы сапасыз толтыру болып есептеледі.

      8. Қаржылық емес қолдау операторы ескертулердің күрделілігіне қарай хабарлама-хат түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде ескертулерді жойып, қаржы агенттігіне жібереді.

      9. Қаржы агенттігі қаржылық емес қолдау операторының осы Әдістеменің 7-тармағында көрсетілген мерзімді бұза отырып ұсынған деректерін енгізбей, есепті кезеңдегі сервистік қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің және/немесе ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің іске асырылуын мониторингтеу бойынша есеп (бұдан әрі – есеп) қалыптастырады. Есеп нысаны осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

      10. Қаржы агенттігі есепті қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынады. CD немесе DVD форматындағы дискілер және (немесе) USB-флеш-жинақтағыш электрондық тасығыш болып танылады. Есеп уәкілетті органға ресми хатпен ұсынылады және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.

      11. Қаржы агенттігі есепте қаржылық емес қолдау операторының осы Әдістеменің 7-тармағында көзделген ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтамаған жағдайларын көрсетеді.

      12. Қаржылық емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП электрондық түрде ұсынатын ақпаратты қаржы агенттігінің өңірлік филиалы мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      1) қаржылық емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпараттың осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкестігі;

      2) ақпаратта толтырылған деректердің толықтығы, оның ішінде облыс/қала, елді мекен, қызмет көрсету орны, атауы, клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, дара кәсіпкердің (бұдан әрі – ДК) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жынысы, туған күні, жасы, мүгедектігі, ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша сала, ЭҚЖЖ бойынша кіші сала, арнаулы көрсетілетін қызметтің атауы, арнаулы көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы, өтініш беру/көрсетілетін қызметтің басталу күні, көрсетілетін қызметтің аяқталу күні/соңғы күні, жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны, электрондық пошта (көрсетілгені дұрыс).

      Облыс/қала – сервистік қолдау көрсетілген облыстың немесе қаланың атауы көрсетіледі. Мысалы: Ақмола облысы немесе Нұр-Сұлтан қаласы.

      Елді мекен – КҚКО базасында сервистік қолдау көрсетілген жағдайда қызмет көрсетілген қала, кент немесе ауыл көрсетіледі. Мысалы: Павлодар қ., Заводской к. немесе Никольское а.

      Офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша қызмет көрсету орны ретінде базасында қызмет көрсетілген КҚКО, КҚКО бөлімшелері көрсетіледі, онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын басқару орталығы (бұдан әрі – ӨҚАБО) көрсетіледі.

      Клиент кәсіпорынның атауы – атынан клиент жүгінген компанияның толық атауы. Мысалы: ДК Бақытбек Омарғалиұлы Есенғазин немесе "London-EC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС).

      Клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі – сервистік қолдау алуға жүгінген компания өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі толық көрсетіледі. Мысалы: Ботагөз Алмасқызы Тұрсынбекова немесе Айса Әденов.

      ДК ЖСН/заңды тұлғаның БСН – дара кәсіпкердің 12 таңбалы жеке сәйкестендіру нөмірі немесе компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Мысалы: 830514301719 немесе 100164017356.

      Жынысы – сервистік қолдау алуға жүгінген клиенттің жынысы көрсетіледі. Мысалы: ер немесе әйел.

      Туған күні – клиенттің туған күні "күн.ай.жыл" форматында көрсетіледі. Мысалы: 25.09.1954.

      Жасы – бұл тармақ клиенттің туған күніне сәйкес есептеледі. Мысалы: егер клиенттің туған күні 01.01.1985 болса, өтініш берген кездегі жасы (01.01.2020 ж. жағдай бойынша) – 35.

      Мүгедектігі – сервистік қолдауға немесе ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жүгінген клиенттің мүгедектігі болған жағдайда мүгедектік тобы көрсетіледі; мүгедектігі болмаған жағдайда, оның жоқ екені көрсетіледі. Мысалы: 1-топ немесе жоқ.

      Ұйымдық-құқықтық нысаны – клиенттің кәсіпкер ретінде тіркелу нысаны. Мысалы: ДК (дара кәсіпкер) немесе ШҚ (шаруа қожалығы).

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетуге немесе ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты клиенттің осы санаттардың қайсысына жататыны көрсетілуге тиіс. Мысалы: шағын немесе орта.

      ЭҚЖЖ бойынша сала – кәсіпорындар қызметінің түрі ЭҚЖЖ-ге қатаң сәйкестікте көрсетіледі. Мысалы: көлік және қоймалау немесе өңдеу өнеркәсібі.

      ЭҚЖЖ бойынша кіші сала – кәсіпорын қызметінің кіші түрі экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне қатаң сәйкестікте көрсетіледі. Мысалы: құрлықтағы көлік және құбыр арқылы тасымалдау немесе қабырға блоктары өндірісі.

      Арнаулы көрсетілетін қызметтің атауы – Қағидаларда көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі.

      Арнаулы көрсетілетін қызметтің кіші түрі – Қағидаларда көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес кіші қызметтің атауы көрсетіледі.

      Өтініш беру/көрсетілетін қызметтің басталу күні – клиенттің сервистік қолдау алу үшін және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жүгінген күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсетілген жағдайда (мысалы, бизнес-жоспар әзірлеу) сервистік қолдау көрсетудің басталған күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметтің аяқталу күні/соңғы күні – көрсетілетін қызметтің аяқталу күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсетілген жағдайда (мысалы, бизнес-жоспар әзірлеу) сервистік қолдау көрсетудің аяқталатын күні көрсетіледі. Бұл ретте қызметтің аяқталған күнінен/соңғы күнінен бастап қызмет көрсетілген болып есептеледі.

      Жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны – клиенттің бір және (немесе) бірнеше телефон нөмірі көрсетіледі.

      Электрондық пошта болған жағдайда клиенттің электрондық поштасы көрсетіледі;

      3) қаржылық емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынатын көрсетілген қызметтердің шарттары мен актілерін (офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) қаржы агенттігі электрондық түрде мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      а) жасалған шарттар мен көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің дұрыс ресімделуі;

      б) шарттарда және көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген деректердің ақпаратта көрсетілген деректерге сәйкестігі, атап айтқанда, қызметтердің көрсетілу күні, көрсетілген қызметтер тізбесі;

      в) ақпаратта көрсетілген клиенттер санының шарттардың/актілердің санына сәйкестігі, сондай-ақ ақпаратта көрсетілетін қызметтер санының көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген қызметтер санына сәйкестігі;

      г) сервистік қолдау немесе ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыскер қолының, сондай-ақ офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша клиенттің қолы мен мөрінің (бар болса) болуы;

      д) шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің электрондық түрде ұсынылған көшірмелерінің сапасы;

      4) қаржылық емес қолдау және (немесе) ӨКП операторы электрондық түрде ұсынатын көрсетілген қызметтердің актілерін (онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) қаржы агенттігі мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      а) көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің дұрыс ресімделуі;

      б) көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген деректердің ақпаратта көрсетілген деректерге сәйкестігі, атап айтқанда, қызметтердің көрсетілу күні, көрсетілген қызметтер тізбесі;

      в) ақпаратта көрсетілген клиенттер санының актілер санына сәйкестігі, сондай-ақ ақпаратта көрсетілетін қызметтер санының көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген қызметтер санына сәйкестігі;

      г) сервистік қолдау көрсеткен қаржылық емес қолдау операторы жұмыскерінің қолын растайтын "Қол қойылды" деген жазудың болуы, сондай-ақ клиенттің қолын растайтын клиенттен "Қол қойылды" деген жазудың болуы;

      д) көрсетілген қызметтер актілерінің электрондық түрде ұсынылған көшірмелерінің сапасы.

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау ұсынуға
мониторинг жүргізу
әдістемесіне
1-қосымша
Нысан

Сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат

Облыс /республикалық маңызы бар қала және астана

Қызмет көрсетілген елді мекен (аумақтық бөлініс)

Қызмет көрсету орны

Клиент кәсіпорнының атауы

Клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі

ДК ЖСН/ ШОБ субъектілерінің БСН

Клиенттің жынысы

Клиенттің туған күні

Клиенттің жасы

Клиенттің мүгедектігі

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

      кестенің жалғасы

Клиент кәсіпорнының ЭҚЖЖ бойынша саласы

Клиент кәсіпорнының ЭҚЖЖ бойынша кіші саласы

Арнаулы көрсетілетін қызметтің атауы

Арнаулыкөрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен қаржылық емес қолдау операторы менеджерінің аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі

Өтініш берген / көрсетілетін қызметтің басталған күні

Көрсетілетін қызметтің аяқталу күні/соңғы күні

Клиенттің жұмыс телефоны

Клиенттің ұялы телефоны

Клиенттің электронды мекенжайы

      Ескертпе:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ДК – дара кәсіпкер;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ШОБ – шағын және орта бизнес;

      ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау ұсынуға
мониторинг жүргізу
әдістемесіне
2-қосымша
Нысан

Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингтеу шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы сауалнамаға арналған сұрақтар тізбесі

      1. Сіз _______ (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы/ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бөлімшесінің атауы) ____ күні консультация не көрсетілетін қызмет алдыңыз ба?

      2. Сіз көрсетілген қызметтің және (немесе) алынған консультацияның сапасын 5 балдық шкала бойынша қалай бағалайсыз? (1 – жаман, 5 – өте жақсы)

      3. Көрсетілетін қызметтің және (немесе) алынған консультацияның бизнесіңізге көмегі тиді ме?

      ☐ Жоқ, көмегі тиген жоқ

      ☐ Иә, ішінара көмегі тиді

      ☐ Иә, көмегі тиді.

      4. Сіз мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алуға мүдделісіз бе?

      ☐ Иә

      ☐ Жоқ

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау ұсынуға
мониторинг жүргізу
әдістемесіне
3-қосымша
Нысан

Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингтеу туралы есеп

      1. Кіріспе: "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну" құралын іске асыру туралы жалпы ақпарат.

      2. Статистикалық көрсеткіштерді талдау, онда мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеу қамтылған:

      өңірлер бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиент кәсіпорындар саны;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер алу үшін жүгінген жағдайда осы клиенттің гендерлік тиесілігі бір рет есепке алынады);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер алу үшін жүгінген жағдайда осы клиенттің гендерлік тиесілігі бір рет есепке алынады);

      өңірлер бөлінісінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бөлінісінде көрсетілген қызметтердің тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;

      қаржылық емес қолдау операторы офлайн режимде көрсеткен қызметтер саны;

      онлайн режимде көрсетілген қызметтер саны.

      3. Қаржы агенттігі өңірлік филиал желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефонмен сауалнама жүргізу, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарының қажеттілігін талдау арқылы жүргізетін сервистік қолдаудың немесе ақпараттық қамтамасыз етудің іске асырылу сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:

      алынған көрсетілетін қызметтер және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер шеңберінде алынған консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алуға мүдделілігі.

      4. Қорытынды: түйінді тұжырымдар мен ұсыныстар.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
7-қосымша
Нысан

"Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған ӨТІНІМ

Кәсіпорын туралы ақпарат

Кәсіпорынның толық атауы:


Тіркеу нөмірі:


Мекенжайы: факс:


Телефон: веб-сайт:


Электрондық пошта:


Басшының ресми лауазымы:


Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі:


Басшының жасы:


Басшының жынысы:


Жылдық айналым (еуро):


Құрылған жылы:


Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (бар болса):


Қызметкерлер: Қызметкерлердің жалпы саны:


Әйел жынысты қызметкерлер саны:


Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың атауы:


Кәсіпорынның сипаттамасы (тарихы, өнімі, көрсететін қызметтері, клиенттері, өндіріс көлемі және негізгі даму кезеңдері)


Кәсіпорынның даму тарихы (соңғы 5-10 жылда):


Дамудың маңызды кезеңдері (жекешелендіру, құрылымдық өзгерістер, салалық стандарттарды енгізу және басқалар):


Меншік иелерінің құрылымы (қатысу үлестерінің немесе акциялардың бөлінуі, %):


Жергілікті %


Шетелдік %


Жеке %


Әйелдер %


Қызмет түрлері және олардың кірістердегі үлесі:


Кредит беру (кәсіпорын алған/алуды жоспарлайтын кредиттер туралы ақпарат беруді өтінеміз):


Кредиттік ұйымның атауы


Жобаның жалпы сомасы


Алынған кредиттің жалпы сомасы


Кредиттік шартқа қол қойылған күн (күні, айы, жылы)


Жылдық пайыздық мөлшерлеме


Кредит алу мақсаты (инвестициялар, айналым капиталы, аралас)


Кредит қанша айға алынды


Сіз осы кредиттік ұйымнан бірінші рет кредит алып отырсыз ба? (Иә, Жоқ)


Жобаның сипаттамасы:


Жобаның көмегімен шешілуі болжанып отырған кәсіпорынның негізгі проблемаларын сипаттау:


Қажетті консультациялық көрсетілетін қызметтер:


Жоба нәтижесінде кәсіпорын қызметіндегі күтілетін өзгерістер


Тартылатын консультант (компанияның атауы, байланыс деректері, жауапты тұлғаның аты):


Жоба басталуының күтілетін күні:


Сіздің кәсіпорынның жобаны іске асыруға жауапты жұмыскері:


Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


Лауазымы:


Мекенжайы:


Телефоны:


Эл. поштасы:


Сіздің кәсіпорынның сыртқы консультанттарды тарту бойынша тәжірибесі бар ма? Егер болса, қысқаша ақпарат беруді өтінеміз:


Өтінім құжаттамасы топтамасына кіретін құжаттар тізбесі:


Өтінімнің толтырылған түпнұсқасы


Тіркеу сертификатының көшірмесі


Акциялардың бақылау пакетіне меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан немесе құрылтай шарттарынан үзінді)


Компанияның мөрімен расталған алдыңғы 2 (екі) жылға жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы, бухгалтерлік баланс)


  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
8-қосымша
Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға арналған ӨТІНІМ

      1. Өтініш беруші туралы ақпарат

Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі:


Туған күні:


Жынысы:

ер/әйел

Компанияның атауы:


Лауазымы:


Компанияның ағымдағы қызметі:


Компанияның жоспарланған қызметі:


Құрылған күні:


Компанияның мекенжайы:
Компанияның заңды мекенжайы:
Компанияның нақты мекенжайы (заңды мекенжайдан өзгеше болған жағдайда):

Облыс:

Қала (аудан көрсетілген елді мекен):

Пошта индексі:

Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны:

жеке кәсіпкер ___
жауапкершілігі шектеулі серіктестік ___ акционерлік қоғам ____
басқа______

Компанияның ресми сайты (егер болса):


Байланыс:

Ұялы телефон:

Электрондық пошта:
Телефон (факс):

      2. Тағылымдамаға қатысу мақсаты

Сіздің компанияңыздың Германиямен, сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастығының жоспарланған нысаны

Импорт ______Экспорт ______Дистрибуция______
Бірлескен кәсіпорын құру_______ Франчайзинг______ Лицензиялау_____ Көрме_________ Басқа:________________________________________

Сіз тағылымдамаға не үшін қатысқыңыз келеді (Германиямен, оның ішінде басқа елдермен экономикалық ынтымақтастыққа қатысты Сіздің кәсіпорныңыздың жоспарларын сипаттаңыз)


Бизнес-жоспарыңыздың қысқаша сипаттамасы:


      Өтінімге мынадай құжаттарды қоса беру қажет:

      1. Өмірдерек.

      2. Кооперациялық жоба.

      3. Жеке деректерді қорғау туралы өтініш.

      4. "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберіндегі қатысушының міндеттемесі.

      5. Сіздің компанияңыз туралы ақпарат немесе Power Point форматында таныстырылым бар буклет.

      6. Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімдердің, жабдықтардың және т.б. техникалық сипаттамасы.

      7. Неміс фирмаларының Сіздің ұсыныстарыңызға/өтініштеріңізге деген қызығушылығын растайтын хаттары.

      8. "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша шетелдік тағылымдамаға қатысуға үміткерлер үшін – соңғы 12 (он екі) айдағы салық төлеушінің кірістерін растау туралы мемлекеттік кірістер департаментінен анықтама.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
9-қосымша
Нысан
"Атамекен" Қазақстан
Республикасының ұлттық
кәсіпкерлер палатасы
басқарма төрағасының
орынбасары
____________________________
  аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі пошталық мекенжайы,
байланыс телефоны
____________________________
____________________________
____________________________

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберіндегі МІНДЕТТЕМЕ

      Мен ___________________________________________________

      (лауазымы, кәсіпорынның атауы)

      _______________________________________________________________

      (тағылымдамаға қатысушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, паспорт деректері)

      Мыналарды растаймын:

      1. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шарттарына сәйкес келемін.

      2. 2020 жылға дейін "Іскерлік байланыстар" құралы/"Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы/2020 жылы "Бизнес-мектеп" құралы/ "Мен – кәсіпкер" құралы бойынша оқудан өткенім туралы сертификатым бар.

      Мен:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тағылымдамаға ұшу пунктіне дейін көлік шығыстарын өз бетімше төлеуге;

      2) тағылымдама шеңберінде сабақтарды/іс-шараларды өткізіп алған жағдайда "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – "Атамекен" ҚР ҰКП) жазбаша түсініктеме және босатқанымның дәлелді себептері бар екенін растайтын құжаттарды ұсына отырып 1, қатыспау және/немесе бармау себептері туралы ақпарат беруге (телефон, телеграф, электрондық пошта арқылы немесе өзге де тәсілмен);

      3) дәлелді себептер бойынша бас тарту жағдайларын қоспағанда, тағылымдамаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты тағылымдаманы ұйымдастыруға жұмсалған соманы өтеуге;

      4) қайтып оралғаннан кейін тағылымдамаға қатысқанымды растайтын құжаттарды (отырғызу талондары, шекаралық бақылаудан өткені туралы белгілері бар паспорт беттерінің көшірмелері, шақырушы тараптың (халықаралық және шетелдік ұйымның) мөрі бар іссапар куәліктері) "Атамекен" ҚР ҰКП-ға ұсынуға;

      5) тағылымдама нәтижелері бойынша алынған білімді, тәжірибені және технологияларды ескере отырып, Кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындауға және оны Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде "Атамекен" ҚР ҰКП-ға жіберуге;

      6) "Атамекен" ҚР ҰКП-ның бірінші талабы бойынша "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыруға байланысты Кәсіпорынның даму жоспарының немесе өзге де іс-қимылдардың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      7) кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді мониторингтеу, жеке өзі үшін және кәсіпорын үшін тағылымдаманы бағалау мақсатында тағылымдамадан кейін өткізілетін семинарларға қатысуға;

      8) кешенді бағалау және оны жақсарту мүмкіндігі үшін шетелдік тағылымдамадан кейін кәсіпорынның дамуын, кәсіпорында және жеке өз басымда болып жатқан өзгерістерді қадағалау бойынша сауалнамаға қатысуға;

      9) тағылымдамадан өту кезінде туыстарымды, кәмелетке толмаған балаларымды өзіммен бірге алып жүрмеуге;

      10) "Атамекен" ҚР ҰКП ұсынатын логистиканы ұйымдастыру жөніндегі шарттарды қабылдауға;

      11) халықаралық шетелдік ұйым тарапынан тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты мәселелерге белсенді қатысуға міндеттенемін.

      Ескертпелер:

      1) тағылымдамаға одан әрі қатысудан бас тартудың дәлелді себептеріне мыналар жатады:

      а) емдеу мекемесінің тиісті құжаттарымен расталған, тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;

      b) тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін және құжатпен расталған отбасылық мән-жайлар (мысалы, ауру немесе жақын туысының қайтыс болуы);

      c) алдын ала, тағылымдамаға жіберілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын "Атамекен" ҚР ҰКП-ның тағылымдамаға қатысудың мүмкін еместігі туралы жазбаша хабарламасы;

      d) уәкілетті орган құжатпен растаған еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекетінің, яғни төтенше және осы жағдайлар кезінде еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери қимылдар және т.б.) салдары.

      2) кәсіпорын деп тағылымдамаға қатысушы шетелге шығу сәтінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектісі түсініледі.

      Міндеттеменің шарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен ГФР Экономика және энергетика министрлігі арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес көзделген.

      Тағылымдама елі өзгерген жағдайда міндеттеме шарттары өзгертіледі.

      "____" _____________ 20__ қолы: _______________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
10-қосымша
Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралы қатысушыларының қызметін кейіннен мониторингтеу нысаны

Р/с №

Компанияның атауы

Қатысушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Лауазымы

Қызметтің қысқаша сипаттамасы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы

Активтердің орташа жылдық құны, мың тг.

Компанияның орташа жылдық айналымы, мың тг.

Жұмыс орындарының саны, адам

Құралға қатысқанға дейін

Кейін

Құралға қатысқанға дейін

Кейін

Құралға қатысқанға дейін

Кейін













      кестенің жалғасы

Өткен жылға төленген салық көлемі, мың тг.

Құралға қатысу мақсаты

Тағылымдама елі

Шетелдік әріптес-компанияның атауы

Белгіленген ынтымақтастық түрі

Құралға қатысу нәтижесі

Ескертпе

Өңір









      Ескертпе: басқа да оң нәтижелер болған жағдайда ақпаратты "Ескертпе" бағанында көрсету қажет.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
11-қосымша
Нысан

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      *Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
12-қосымша
Нысан
Кімнен_____________________
________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының Т.А.Ә.)

Өтініш

      Мен ______________________________________________________

      (толық Т.А.Ә. көрсету)

      өзімді "Мен – кәсіпкер" құралы шеңберінде оқыту бойынша тыңдаушылар қатарына қосуды сұраймын.

      Мен ұсынған төмендегі деректердің анықтығын растаймын.

      1. Туған күні: □ □ □ □□ □ □ □

      2. ЖСН: □□□□□□□□□□□□

      3. Жынысы: әйел □ ер □

      4. Мүгедектік: жоқ □ иә □ мүгедектік тобы □

      5. Ұйымдық-құқықтық нысаны:

      жеке тұлға □ ДК □ ШҚ □ ЖШС □ басқа □

      6. Заңды тұлғаның атауы (егер ДК, ШҚ, ЖШС және т. б. болса)

      _______________________________________________________________

      7. Заңды тұлға қызметінің қысқаша сипаттамасы

      _______________________________________________________________

      8. Пошта мекенжайы: пошта индексі ________________

      облысы ____________________ қаласы _______________ ауданы _________________________ кент/ауыл ______________ көше және/немесе шағын аудан ______________________ үй № __ пәтер №___

      9. Байланыс телефондары:

      Үй (___) ________________________ (елді мекеннің коды көрсетіледі)

      Жұмыс (___) _______________________ (елді мекеннің коды көрсетіледі)

      Ұялы (___) ___________(ұялы байланыс операторының коды көрсетіледі)

      10. Электрондық мекенжайы (e-mаil:) __________________________

      11. Оқу курсын қай тілде тыңдағыңыз келеді:

      қазақша □ орысша □

      Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың не дара кәсіпкерге арналған хабарламаның көшірмесін қоса беремін.

      Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын және "Атамекен" ҚР ҰКП-ға менің дербес деректерімді өңдеуге, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес фотоға түсіруге, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Мен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында жүргізілетін телефон және/немесе SMS-сауалнама жүргізуге келісім беремін.

      Толтырылған күні: 202 __ жылғы "____" ________________.

      Қолы_______________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
13-қосымша
Нысан

"Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (аға сеньорлар)" құралын ұсынуға арналған ӨТІНІМ

      Барлық бағанды толтыру міндетті

1. Сыртқы консультанттарды тарту:
□ Отандық □ Шетелдік
1.1. Егер "Шетелдік" болса:
□ Халықаралық шетелдік ұйымдардың көмегімен сыртқы шетелдік консультантты тарту
□ Өтініш берушінің ұсынымы бойынша сыртқы шетелдік консультантты тарту

2. Компанияның атауы:
2.1 Кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

3.1. Құрылған күні:

3.2. Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны:

күні

айы

жылы

□ дара кәсіпкер

□ жауапкершілігі шектеулі серіктестік

□ акционерлік қоғам

□ басқа

4.1. Кәсіпкерлік субъектісінің заңды мекенжайы:

4.2. Облыс:

4.3. Қала (аудан көрсетілген елді мекен):

4.4. Кәсіпкерлік субъектісінің нақты мекенжайы (заңды мекенжайынан ерекшеленген жағдайда):

4.5. Пошта индексі:

5. Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі:
5.1 Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі:

6. Компанияның атынан жауапты тұлға:
6.1. Жауапты тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі:

6.2. Басшының жынысы: □ ер □ әйел

6.3. Басшының туған күні:

6.4. Лауазымы:

6.5. Ұялы телефон:

6.6. Телефон (факс):

6.7. Электрондық пошта:

7.1. Компания қызметінің негізгі саласы (экономика саласы): _______________________________________________

7.2. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша код

7.3. Шығарылатын өнімнің (көрсетілетін қызметтердің) атауы: _______________________________________________


8. Штаттағы жұмыскерлердің саны:

9. Өткен жылғы орташа жылдық кіріс (мың теңге):

10.1. Сараптамалық көмек талап етілетін сала:

□ менеджментті ұйымдастыру
□ өндірістік процесті ұйымдастыру
□ жұмыс техникасын пайдалану
□ персоналдың біліктілігін арттыру

□ қаржы саласындағы көрсетілетін қызметтер
□ өнім сапасын бақылау
□ өнімді өткізу және маркетинг
□ басқа: ______________________________

10.2. Сұратылатын сараптамалық көмектің толық сипаттамасы:
_______________________________________________

11. Сараптамалық миссияның мақсаты:

12. Күтілетін нәтижелер:

13. Сарапшының қалаған кәсіби біліктілігі (білімі, қызмет саласы, жұмыс тәжірибесі, ерекше дағдылары):

14. Сараптамалық миссияға қатысты ақпарат:

15.1. Миссияның басталуының қалаған күні (айы, жылы):

15.4. Миссияны жүзеге асыру орны:

15.5. Сарапшы қамтамасыз етілетін тұрғын үй түрі:
___________________________________________

15.2. Күтілетін ұзақтығы:


15.6. Сарапшыға ұсынылатын көлік түрі:

15.3. Аудармашыны ұсыну дайындығы:


16. Сіздің компанияңызда шет тілдерін білетін жауапты жұмыскер бар ма?
Иә жоқ (дөңгелетіп сызу)
Егер сіз "Иә" деп жауап берсеңіз, онда тиісті тілді (тілдерді) және меңгеру деңгейін нақтылаңыз:

17. Компанияны дамытудың/жаңғыртудың қоса берілген бизнес (стратегиялық) жоспары болған жағдайда белгілеңіз
□ Иә □ Жоқ
Егер сіз "Иә" деп жауап берсеңіз, онда тиісті құжатты тіркеңіз

1. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларымен танысқан және келіскен жағдайда белгілеңіз □

19. Мәліметтер мен қоса берілген құжаттардың анықтығын растаймын □

      Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________

      Өтініш берушінің лауазымы________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы __________________

      Өтінішті алған күні: 20___ жылғы "____" _______

      Өтінішті қабылдаған жұмыскердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________

      Өтінішті қабылдаған жұмыскердің лауазымы ___________________________________

      Өтінішті қабылдаған жұмыскердің қолы _____________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен оның электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

      2) кәсіпкерлік субъектісін тіркеу туралы анықтама (кәсіпорынды қайта тіркеу және тарату үшін) және нотариат куәландырған сенімхат (қажет болған жағдайда) (түпнұсқа және көшірме);

      3) салық төлеушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірістерін растау туралы мемлекеттік кірістер департаментінен анықтама;

      4) жұмыс орнынан ескіру мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын анықтаманың көшірмесі;

      5) бизнесті кеңейту және жаңғырту жөніндегі көрсеткіштерді, оқытудан өткеннен кейін құрылған жаңа жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді, салық аударымдарының серпіні туралы мәліметтерді, мониторинг барысында сұратылуы мүмкін өзге де мәліметтерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мониторинг немесе іске асырумен байланысты өзге де іс-қимылдар жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді беру туралы жазбаша міндеттеме;

      6) компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану үшін жауапты орындаушы өтінімге қол қойған жағдайда өтініш берушіге сенімхат;

      7) компанияны дамытудың/жаңғыртудың бизнес (стратегиялық) жоспары (бар болса).

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
14-қосымша
Нысан

"Аға сеньорлар" құралының іске асырылуын мониторингтеу бойынша есеп (қатысушылар кәсіпорындарының даму жоспарларын іске асыру)

Компанияның атауы

Қатысушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Лауазымы

Қызметтің қысқаша сипаттамасы

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы

Компанияның орташа жылдық кірісі, мың тг

Жобаға қатысқанға дейін

Кейін

















      Кестенің жалғасы

Жұмыс орындарының саны, адам

Өткен жылға төленген салық көлемі, мың тг

Сараптамалық комиссияның мақсаты

Шетелдік әріптес ұйымның атауы

Ынтымақтастықты орнату бойынша ақпарат

Жобаға қатысу нәтижесі

Ескертпе

Өңір

Жобаға қатысқанға дейін

Кейін



















      Ескертпе: басқа да оң нәтижелер болған жағдайда ақпаратты "Ескертпе" бағанында көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

      2) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясындағы қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

      3) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдары мен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      4) АХҚО қор биржасының облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеуі шеңберіндегі нормативтік құжат;

      5) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, Қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      6) АХҚО қор биржасының тіркеушісі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қызметі бағалы қағаздар тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге негізделетін жеке компания;

      7) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      8) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      9) банк-төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      10) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қолда бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      11) "жасыл" облигация – "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылып, АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      12) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      13) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;

      14) кәсіпкер – өз қызметін осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар түрінде қаржы құралдарын шығаратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      15) кепілдік – қаржы агенттігінің облигацияларды ұстаушылар алдындағы кәсіпкердің орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін облигациялар бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес кепілдік сомасы шегінде жауап беру міндеттемесі;

      16) кепілдік берілген облигациялар – эмитент шығарған және қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қаржы агенттігі кепілдік сомасы шегінде облигациялар бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес орналастырылған облигациялардың номиналды құны сомасының бір бөлігін төлеу бойынша кәсіпкердің міндеттемелерін орындауды жүзеге асыратын облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар;

      17) қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен толық немесе ішінара, үшінші тұлғалар кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

      18) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      19) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      20) қаржылық консультант – эмитентке жасалған шартқа сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым;

      21) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын, сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етудi осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, тiкелей жүргiзу арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      22) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасындағы және/немесе АХҚО қор биржасындағы бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына қосу, оларға қосу және оларда болуы үшін қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;

      23) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      24) облигациялар бойынша кепілдік беру шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, облигацияларды ұстаушылардың өкілі және эмитент арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген орналастырылған облигациялардың номиналды құны сомасының бір бөлігін төлеуге кепілдік береді.

      Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;

      25) облигациялар шығарылымының проспектісі – эмитент, оның қаржылық жайғдайы, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналысы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      26) облигацияларды орналастыру – облигацияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату;

      27) облигацияларды өтеу – орналастырылған облигацияларды эмитенттiң облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен облигацияның сыйақысы мен номиналды құнын төлеу жолымен (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      28) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналыста болуы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы;

      29) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      30) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      31) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияны орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуге тиіс, облигациялар шығарылымының проспектісінде белгілеген пайызбен көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі;

      32) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      33) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      34) эмитент – облигациялар шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер;

      35) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылатын және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын мемлекеттік қолдау алуға өтініш;

      36) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар.

      4. Эмитенттердің облигациялары бойынша, оның ішінде АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, "жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      5. Қаржы агенттігі кепілдігінің құнын уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді және кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде сома жобаларға кейін кепілдік беру үшін пайдаланылады.

      Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік шарттарының қолданысы тоқтатылуы есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.

      6. Облигациялар бойынша кепілдік беру үшін көзделген қаражатты ұлттық жоба бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Ұлттық жоба бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен облигациялар бойынша кепілдік беру үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші ұлттық жоба шеңберінде олардың арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Облигациялар бойынша кепілдік беру нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттен ұлттық жоба шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және пайдаланылмаған қаражат ұлттық жоба/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру тәртібі

1-параграф. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыру үшін облигациялар шығару мен орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына қатысушылар бола алады.

      9. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес "жасыл" облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер де қатысушылар бола алады.

      10. Мыналар осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына қатысулар бола алмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын және дәрілік зат ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаны іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      3) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, қаржы агенттігінің уәкілетті органы өтінімді қарау сәтінде ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар.

2-параграф. Кепілдік беру шарттары

      11. Орналастырылған облигацияларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған "жасыл" облигацияларға кепілдік беру эмитенттің орналастырылған облигациялардың, оның ішінде "жасыл" облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      12. Орналастырылған облигацияларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған "жасыл" облигацияларға кепілдік беру жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      13. Эмитенттің кепілдік беру жүзеге асырылатын облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялары шығарылымының жиынтық номиналды құны бір эмитентке 5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Кепілдік мөлшері облигациялар шығарылымы көлемінің 50 %-ынан жоғары болмауға, бірақ бір эмитентке 2,5 млрд теңгеден аспауға тиіс, бұл ретте эмитент облигациялар (кепілдік) бойынша құны облигациялар шығарылымы көлемінің кемінде 50 %-ы мөлшерінде қамтамасыз етуді ұсынады.

      14. Орналастырылған облигацияларға кепілдік беру, олар бойынша облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды сатып алу;

      2) айналым қаражатын толықтыру болып табылатындығы көрсетілген облигацияларды қоспағанда, жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін және осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигацияларды қоса алғандағы облигациялар бойынша жүзеге асырылады:

      15. Кепілдік беру салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға міндетті ұлғайтуды көздейтін жобалар бойынша жүзеге асырылады.

      Кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түсетін кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін немесе төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғаюын немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің 10 %-ға ұлғаюын да растайды.

      16. Орналастырылған облигацияларға кепілдік беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, шығарылым проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және/немесе қазіргі бар "жасыл" жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылады деп көрсетілген "жасыл" облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      17. Орналастырылған облигацияларға кепілдік беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының және (немесе) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      18. Эмитент сатып алғандарын қоспағанда, орналастырылған облигациялардың, оның ішінде "жасыл" облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігі кепілдік беруге жатады.

      19. Орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігіне кепілдік беру жүзеге асырылатын облигациялар шығарылымы проспектісіне кепілдік берудің бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайлардан басқа, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша мүмкін болады.

      20. Облигациялар/"жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру мерзімді ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылға дейінгі мерзімі құрайды, бірақ облигациялардың айналыс мерзімінен аспайды.

      21. Орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігіне кепілдік беру облигациялар шығарылымы проспектісінде сыйақы төлеу кезеңділігі жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күн есебінен жылына екі реттен артық болмайтыны белгіленген облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      22. Эмитенттің кепілдік берілген облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ескеріледі. Кепілдік берілген облигациялармен мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі тиісті уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.

      23. Кепілдік берілген облигацияларды ұстаушылардың өкілін таңдауды эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және/немесе брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арасынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушының өкілі эмитенттің үлестес тұлғасы болмауға тиіс және облигацияларды шығару жөніндегі андерайтер бола алмайды.

3-параграф. Қатысушылардың өзара іс-қимылы

      24. Кепілдік алу үшін эмитент қаржы консультантымен бірлесіп мынадай кезеңдерден өтеді:

      1) қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының алдын ала қорытындысын алу. Алдын ала қорытынды алу үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

      өтінішті және құжаттар топтамасын, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасын қор биржасына және/немесе АХҚО қор биржасына беру;

      эмитентті және оның бағалы қағаздарын қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының өлшемшарттарына/талаптарына сәйкестігін тексеру;

      2) қаржы агенттігіне кепілдік алуға өтініш беру (оның ішінде Egov немесе Damu-online арқылы өтініш беруге болады);

      3) шығарылым проспектісін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда тіркеу және/немесе АХҚО қор биржасының тіркеуі;

      4) қор биржасына және/немесе АХҚК қор биржасына листингке өтінішті және құжаттардың толық топтамасын беру.

      25. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі облигацияларды ұстаушылар өкілінің ішкі құжатында белгіленген рәсімге сәйкес эмитенттің қамтамасыз етуінің кепілдік құнын бағалауды дербес жүргізеді.

      26. Кепілдік беруге өтініш беру үшін эмитентке осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасына қосымша қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының эмитенттің және оның бағалы қағаздарының листингтік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытындысы;

      2) облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасы;

      3) қаржы агенттігіне өтінім берген күнге салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

      4) 50 %-дан кем емес өтімді кепілдің болуын растау үшін бағалау компаниясының қорытындысы.

      Көрсетілген, оның ішінде осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшада көрсетілген құжаттар қаржы агентіне Egov немесе Damu-online қосымшалары арқылы онлайн ұсынылуы мүмкін.

      27. Қаржы агенттігі құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитенттен/қаржы консультантынан келіп түскен құжаттарды және эмитенттен түскен өтініштерді осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды эмитентке пысықтау үшін қайтарады. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қаржы агенттігі эмитентке жою үшін ескертулерді және (немесе) жетіспейтін құжаттарды, ақпаратты ұсынуға сұрау салуды құжаттар топтамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте, қаржы агенттігі үшін құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады;

      2) облигациялар шығарылымы проспектісі жобасының нысаналы мақсатын осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) толық құжаттар пакетін қоса бере отырып, қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      28. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында кепілдік беру үшін бюджет қаражаты болған кезде қарайды.

      29. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі эмитентке/қаржы консультантына, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, қор биржасына/АХҚО қор биржасына қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімімен хат жібереді.

      Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатта салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санының сақталу/ұлғаю немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе еңбекақы төлеу қоры көлемдерінің ұлғаю немесе бюджетке төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10 %-ға өсу мәндері көрсетіледі.

      30. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      31. Қаржы агенттігінен алдын ала кепілдік хатты алғаннан кейін эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өтеді – тек қор биржасы үшін қолданылады;

      2) қор биржасында және/немесе АХҚО қор биржасында листинг рәсімінен өтеді, облигацияларды қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ішкі қағидаларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орналастыруды жүзеге асырады.

      32. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі тиісті органның және/немесе АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының және/немесе АХҚО қор биржасының тіркелген облигациялар шығарылымының проспектісін;

      2) қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының эмитенттің облигацияларын биржаның ресми тізіміне (листингке) енгізу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі арасында төлем агентінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасу туралы хабарламаны;

      4) орталық депозитарийдің және/немесе АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

      33. Эмитент осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 32-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі, облигацияларды ұстаушылардың өкілі және эмитент арасында облигациялар бойынша кепілдік беру шарты жасалады.

      Облигациялар бойынша кепілдік беру үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда тиісті уәкілетті органнан/ өңірлік үйлестірушіден кепілдік беру шартына қол қойылмайды.

      34. Эмитент облигациялар бойынша кепілдік беру шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарийге және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына және/немесе АХҚО қор биржасына міндетті түрде облигациялар кепілдігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді қамтитын облигациялар бойынша кепілдік беру шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

4-параграф. Облигациялар бойынша кепілдік беру шартының тоқтатылуы

      35. Эмитенттің жобасына кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      36. Қаржы агенттігі эмитенттің жобасына кепілдік беру шартын тоқтату/жою туралы шешімді мынадай фактілер анықталған кезде, олар анықталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған кезде қаржы агенттігі кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған сомаға барабар төмендету туралы шешім қабылдайды;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      4) эмитенттің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуі бойынша міндеттемелерін орындамауы.

      37. Эмитенттің нысаналы пайдаланылмағаны анықталған облигациялары бойынша облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау фактісін растайтын құжаттарды ұсынады. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты жойылады.

      Кәсіпкер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санының сақталу/ұлғаю немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаю немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсу көрсеткіштеріне қол жеткізбеген жағдайда, кепілдік шартының күші жойылмайды.

      38. Қаржы агенттігі осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 36-тармағында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беруді тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигацияларды ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді және эмитентті хабардар етеді.

      39. Эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жабу үшін мерзім беріледі. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігін эмитенттің пайда болған мерзімі өткен берешегі туралы хабардар етеді.

      40. Эмитентке кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хаттармен эмитентке, облигациялар ұстаушылардың өкіліне және орталық депозитарийге және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне кепілдік беру шартын бұзу күні және бұзу себебі көрсетілетін кепілдік беру шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді.

      41. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты мынадай жағдайда бұзылды деп танылады:

      1) эмитенттің облигацияларды толық өтеуі;

      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді сот шешімі бойынша жарамсыз деп тану;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның және/немесе АХҚО қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигациялар шығарылымының күшін жою;

      4) қаржы агенттігінің кепілдік беруді тоқтату туралы шешім қабылдауы;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша облигациялар бойынша кепілдік беру шартын бұзу;

      6) облигациялар бойынша кепілдік беру шартының қолданылу мерзімінің аяқталуы.

      42. Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда эмитент қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

5-параграф. Эмитенттің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі

      43. Кәсіпкер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісім;

      3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім;

      4) эмитенттің және оның бағалы қағаздарының листингтік талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының алдын ала қорытындысы бар электрондық көшірме (сканерленген көшірме);

      5) кепілдік сомасының есептемесі бар облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасы.

      Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.

      Кәсіпкер бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызмет түріне лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) бойынша мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректерді алу техникалық жағынан мүмкін болмаған немесе деректер анық болмаған жағдайларда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      44. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кәсіпкерге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      45. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі, биржа және облигацияларды ұстаушылардың өкілі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігі мониторингті кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      46. Қаржы агенттігінің функциялары:

      1) орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі және/немесе АХҚО қор биржасының тіркеушісі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған эмитенттің облигациялық қарызды нысаналы пайдалануын мониторингтеу;

      2) орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректер негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын мониторингтеу;

      4) жобаның және/немесе эмитенттің кепілдік беру рәсімдері мен шарттары бөлігінде осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкестігін мониторингтеу.

      47. Облигацияларды ұстаушылар өкілінің функциялары:

      1) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы проспектіде белгіленген міндеттемелерді орындауын бақылау;

      2) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылау;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жай-күйін бақылау;

      4) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасасу;

      5) эмитенттің қаржылық жай-күйін мониторингтеу және оның корпоративтік оқиғаларын талдау;

      6) эмитенттің проспектіде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алынғандарын шегергенде) облигацияларының елу және одан да көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа талап қою арқылы шаралар қолдану;

      7) облигациялар ұстаушыларды және қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда санамаланған тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы тоқсанына кемінде бір рет хабардар ету;

      8) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша қаржы агенттігінің сұрау салуына сәйкес тоқсан сайынғы негізде жобаның қаржылық мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне тоқсанына бір реттен артық емес ұсыну.

      48. Қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының функциялары:

      1) эмитент құжаттарының толық пакетін листингке, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасын тексеруді жүргізеді;

      2) "жасыл" облигацияларды қоса алғанда, эмитенттің облигацияларын қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы алдын ала қорытынды береді;

      3) қажет болған жағдайда эмитенттің және оның бағалы қағаздарының қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының өлшемшарттарына/ талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      49. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен мониторинг нысанасына қатысты, оның ішінде салық құпиясын құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жергілікті жерге барып жобаның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      "Жасыл" облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатының нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарында:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкес келу (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлікте) көзделген жағдайларда, провайдерлердің тәуелсіз бағалауының негізінде эмитенттің белгіленетін "жасыл" жоба бойынша мәлімделген осы шекті өлшемшарттарға қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

      50. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін облигацияларды ұстаушылардың өкілі эмитенттен мониторинг нысанасына жататын, оның ішінде салық және коммерциялық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты жергілікті жерге бару құқығымен сұратады.

      51. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі өз іс-әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және/немесе АХҚО актілеріне сәйкес қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының уәкілетті органын хабардар етеді.

      52. Қаржы агенттігі облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау, осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының және/немесе кепілдік шартының талаптарын бұзу, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру талаптарын орындамау фактілері анықталған кезде кепілдіктің күшін жояды.

      53. Бекітілген нысанға сәйкес эмитент жобасының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жібереді.

      54. Эмитент жобаларының іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей қаржы агенттігі тиісті хатта облигацияларды ұстаушылардың өкіліне жіберген нысан бойынша жазбаша түрде ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жібереді.

      55. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органға және/немесе АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органына өз қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылар өкілі акцияларының 10 %-ынан астамына қатысты меншік құқықтарының біржолғы сатылуы немесе өзге де біржолғы ауысуы және/немесе иелену және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалдауды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
2-қосымша

Кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы агенттігіне ұсынылатын құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Эмитенттен/эмитент өкілінен құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылған электрондық формат

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

эмитент/эмитент өкілі қол қойған және эмитенттің/эмитент өкілінің мөрімен расталған түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

3

Қор биржасы үшін облигациялар шығаруға өтінім

көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

4

Қор биржасының алдын ала қорытындысы

түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Эмитенттің соңғы есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, таратып жазылған кредиторлық және дебиторлық берешек, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) таратып жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)*

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

6

Кәсіпкердің мөрімен расталған (заңды тұлғалар үшін)* эмитенттің жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша кредиторлық және таратып жазылған дебиторлық берешек, негізгі құралдардың, ТМҚ-ның таратып жазылуы)

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есеп баптарының таратылып жазылуы – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құны, кезең шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, қаралатын кезең үшін ақшалай және заттай мәндегі өткізілген өнімнің көлемі*

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша қызмет көрсететін банктен несие берешегінің болуы (болмауы) туралы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары туралы анықтама (№ 2 картотека)

банк нысаны бойынша түпнұсқа (түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме күнтізбелік 30 күнге дейін жол беріледі)/ ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (банктерден басқа кредиттер болған кезде)

түпнұсқа (түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме күнтізбелік 30 күнге дейін жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттар туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

11

Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.б. (өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты жұмсалатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

12

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары және т.б.;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (кредит құрылыс, реконструкциялау және т.с.с саласында пайдалану үшін берілген жағдайда) және т.б.;
3) жобаға жеке қатысқанын растайтын құжаттар;
4) қаралатын жоба бойынша шешім қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық нұсқа

13

Бизнес-жоспар

түпнұсқа немесе түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылдар үшін қолданыстағы және қолданылып болған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер болған кезде)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

16

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасасатын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасасу кезіне қарай ұсынуы мүмкін)/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      * 500 млн теңгеден асатын кредиттер бойынша.

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күнге 6 айдан аспауға тиіс.

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

      1. Эмитент жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

2

Жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы хабарлама**

уәкілетті орган жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) бар құжат

түпнұсқа не түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме /ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

4

Кәсіпкердің/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Кәсіпкердің/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      2. Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама**

уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Уәкілетті органның бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа немесе түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

6

Қор биржасы уәкілетті органының шешімі

қор биржасы бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және кәсіпкердің мөрі бедерінің (бар болса) үлгілері бар құжат

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

8

Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттінінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      Ескертпе:

      ** Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, лицензия туралы хабарлама бойынша мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" порталы арқылы алған кезде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігіліп, нөмірленеді не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолы қойылып, мөрімен/мөртабанымен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысына
10-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысы.

      2. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 944 қаулысы.

      3. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы.

      4. "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамын "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 546 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.

      5. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 225 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 491 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 736 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.