ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына және "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан 295 454 825 мың теңге мөлшеріндегі сома:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге берілетін 282 323 682 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттерді мынадай іс-шараларды қаржыландыруға аудару үшін бөлінсін:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға – 191 536 948 мың теңге;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға – 90 786 734 мың теңге;
2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне су шаруашылығы нысандарын салу және (немесе) реконструкциялауға аудару үшін 8 166 000 мың теңге;
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қорғаныс нысандарын жөндеуге 4 965 143 мың теңге бөлінсін.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімі негізінде Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруға берілген 4 545 175 мың теңге сомасындағы қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.";
көрсетілген қаулыға 55-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 57-қосымшада:
мына:
"
Барлығы | 281 323 682 | 89 786 734 | 191 536 948 | |
8. | Қарағанды облысы | 12 667 000 | 6 051 054 | 6 615 946 |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Барлығы | 282 323 682 | 90 786 734 | 191 536 948 | |
8. | Қарағанды облысы | 13 667 000 | 7 051 054 | 6 615 946 |
"; |
көрсетілген қаулыға 59-қосымшада:
15-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
"
15-1 | Ұлттық бренд пен оны ілгерілету стратегиясын әзірлеу арқылы қоғамдық сананы жаңғырту |
1. Қазақстанның имиджін оң мазмұнмен толықтыруға, сондай-ақ елдің шетелде танымалдығын арттыруға бағытталған Қазақстанның жаңа ұлттық брендін (елдік лого, брендбук, бірыңғай түстік палитраның стандарттары, түпнұсқа қаріп және т. б.) әзірлеу. Жаңа визуалды бейне қазақ философиясының негізгі белгілері – ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға көмектесетін іргелі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бейнелейтін болады. | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі | "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ |
003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" | 480 190 |
". |
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының ремьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 374 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына 55-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резерв сомаларын бөлу
Әкімші | Атауы | Сомасы, мың теңге | ||
Бағдарлама | ||||
Кіші бағдарлама | ||||
217 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | 266 632 639 | ||
010 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi | 266 632 639 | ||
100 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві | 23 500 000 | ||
101 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi | 242 182 639 | ||
102 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві | 600 000 | ||
103 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерві | 350 000 |