"2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 374 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына және "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан 295 454 825 мың теңге мөлшеріндегі сома:

      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге берілетін 282 323 682 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттерді мынадай іс-шараларды қаржыландыруға аудару үшін бөлінсін:

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға – 191 536 948 мың теңге;

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға – 90 786 734 мың теңге;

      2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне су шаруашылығы нысандарын салу және (немесе) реконструкциялауға аудару үшін 8 166 000 мың теңге;

      3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қорғаныс нысандарын жөндеуге 4 965 143 мың теңге бөлінсін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімі негізінде Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруға берілген 4 545 175 мың теңге сомасындағы қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.";

      көрсетілген қаулыға 55-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулыға 57-қосымшада:

      мына:

      "


Барлығы

281 323 682

89 786 734

191 536 948

8.

Қарағанды облысы

12 667 000

6 051 054

6 615 946

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Барлығы

282 323 682

90 786 734

191 536 948

8.

Қарағанды облысы

13 667 000

7 051 054

6 615 946

  ";

      көрсетілген қаулыға 59-қосымшада:

      15-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:

      "

15-1

Ұлттық бренд пен оны ілгерілету стратегиясын әзірлеу арқылы қоғамдық сананы жаңғырту

1. Қазақстанның имиджін оң мазмұнмен толықтыруға, сондай-ақ елдің шетелде танымалдығын арттыруға бағытталған Қазақстанның жаңа ұлттық брендін (елдік лого, брендбук, бірыңғай түстік палитраның стандарттары, түпнұсқа қаріп және т. б.) әзірлеу. Жаңа визуалды бейне қазақ философиясының негізгі белгілері – ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға көмектесетін іргелі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бейнелейтін болады.
2. Ұлттық бірегейлікті күшейтуге, қазақстандықтардың ұлттың мәдени кодын сақтау идеясының төңірегінде бірігуіне, азаматтардың мақтанышы мен жауапкершілігін арттыруға, қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне, Қазақстанның сыртқы экономикалық және саяси мүдделерін ілгерілетуге ықпал ететін коммуникацияның барлық негізгі арналары бойынша Ұлттық брендті ілгерілету және танымал ету стратегиясын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу"
100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

480 190

  ".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
ремьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 19 маусымдағы
№ 374 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 қаулысына
55-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резерв сомаларын бөлу

Әкімші

Атауы

Сомасы, мың теңге


Бағдарлама



Кіші бағдарлама

217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

266 632 639


010


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi

266 632 639



100

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві

23 500 000



101

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi

242 182 639



102

Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві

600 000



103

Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерві

350 000